философиялық терминдерге ортақ, бірізді баламалар тауып та жатты.
Мәселен,
«менталитет» деген ұғым діл деп айтылса,
разум - зерде, рассудок- пайым деген кейіпте
қолданысын таба бастады. Осындай терминологиялық база нығайту мақсатын
алға қойған ғылыми тұрғыдағы әрекеттер мемлекеттік тілдің еліміздегі қолдану аясын
біршама кеңейтуге, оның мағыналық, ұғымдық жағынан алғанда лингвистикалық қауқарын
тереңдетуге, күшейтуге барынша игілікті ықпалын тигізеді деген ойдамыз.
Жалпы философияның өзі қазіргі заманда біршама өзгерістерге ұшырап, руханилық
мәселесін жоғары көтеруге бағдар ұстануда. Ол дегеніңіз адамдарды өзара түсінісуге,
толеранттық санаға қарай шақыру болып табылады. Қазіргі заманның
негізгі қайшылығы –
қоғамдағы шынайы өзара түсіністіктің жоқтығы, адамдар арасындағы әлеуметтік
қашықтықтың үлғая түсуі болып табылады. Оның себебі адами руханилықтың социумда
өрбімей, өзімшілдіктің тереңдеп кетуінде. Өкінішке орай, нарықтың дамуы бұл процестерді
одан сайын күрделендіре түседі. Ал қазіргі заманда осы өзара түсіністіктер мен
төзімділіктер сипаты ислам мен христиан діндерін уағыздаушылар
арасында орнықпай
заманымызға түнектей болып отырған терроризм мен экстремизм коріністерінен толық
құтыла алмаймыз. Сондықтан ұлтаралық келісім мен конфессияаралық келісімді
орнықтыруға ұмтылу, солардың теориялық жолдарын іздеу қазіргі заман философиясы
ғылымының негізі болып табылады. Бұрынғы кейіптегі жалаң рационалдыққа сүйенген
философиядан гөрі адами мәселелерді тереңірек ашып көрсететін,
рухани болмыстың
қырсырын анықтайтын жаңа формадағы, гуманистік негіздегі теорияның студенттер мен
магистранттарға дәрістелгенін қалаймын. Еліміздің болашағы да осындай кейіптегі
мәдениетті, философияны, саяси бағдарларды дамытуда деп білемін. Жалпы еліміздің ішкі
бірлігін нығайту идеясын тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық дамуының көшбасшы бағдары
етіп алатын уақыт та келген іспетті. Бүгінгі күні Шығыс пен Батыстың өзара жақындасуы
Еуразия құрлығы мемлекеттерінің көп деңгейлі интеграциясы аса қажеттілікке айналуда.
Тәуелсіздік дәуіріндегі өзара түсінісу философиясының әртүрлі қырлары
христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттың арасындағы теңсіздік болашақта аса зор
күйреуге, бүкіл планетамыздың жойылуына апарып соғуы мүмкін. Еуразиялық идеяны
адамның дүниеге арнаулы қатынас түріндегі мәдени-философиялық
доктрина ретінде
жүзеге асыру – осы теңсіздікті жеңудің басты жолы, адам тіршілігінің әртүрлі тараптарын
үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. Қазіргі кезде еуразиялық мұраттың кең де терең
мәнге ие болуы да сондықтан. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанда
қалыптасқан гуманизм, төзімділік, ынтымақтастық, этносаралық
және дінаралық рухани
келісім, тұрақтылық, сенім, халықтың демократиялық әдет-ғұрпы, сөз бостандығы сияқты
құндылықтар әлемдік дағдарыстан нығайып барып шығудың негізі болып табылады.
Еркін ойлайтын ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі білім беру мекемелері мен
университтердің тікелей міндеті. Оны арнаулы пәндерді оқыту, ауыз әдебиеті мен
фольклор, музыка мен өнер, пікірталас пен диалог арқылы қалыптастыруға әбден болады.
Қайшылық пен қиыншылықты байқау және дер кезінде шешу өнерін игеру оқушының еркін
диалектикалық ойлау қабілетін қалыптастырады және ондай
ойлау қабілеті бар жастар
күрделі мәселелерді шешіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
Қазіргі уақытта, философтардың мыңдаған жылдарды қамтитын тәжірибесіне
қарамастан, философияның негізгі сұрағы әлі де өзінің шешімін тапқан жоқ. Тіпті соңғы
кезде өзінің маңыздылығын жоғалта бастады десек те болады.
Ясперс, Хайдеггер, Камю, тағы да басқа философтар болашақта философияның негізгі
сұрағы ретінде экзистенциалдық мәселелерді қарастыруға болады деген болжам ұсынды.
Мұның негізі бар.
Жаһандану дәуірінің адамы үшін әлемді игеру, өмір сүрудің мәні мен мағынасы,
рухани әлемді игеру, таңдау еркіндігі, қоғам мен тұлға қарым – қатынасы мәселері маңызды
екені даусыз нәрсе.
Достарыңызбен бөлісу: