20
Қорыта айтарымыз – Жаяу Мұса музыкалық творчество жағынан аса бай,
жан-жақты адам болды. Ол бір жағынан Біржан, Ақан дәстүрінде шығарма,
екінші жағынан қала музыкасының рухында әндер шығарды. Оның кейбір
әндерінің аяғында сырнай безілдедіп, марш ырғағында құйқылжытып, дауыс
қоспағанның өзінде, аспаптық жағдайында да әсерлі қайырмалар, аяқтаулар,
музыкалық тоқетер қорытындылар беруі творчествосын әсерлемесе, қазақтың
музыкалық тілін байыта түспесе, басқа ешбір жаққа бұрған емес.
Жаяу Мұса тек өнер қайраткері емес, үлкен күрескер, алған бетінен
қайтпаған адам.
«Жаяу Мұса- қазақтың белгілі әншісі, өлең шығаратын ақын, ...., Баянауыл
ауданы, Павладар уезі, Семейпалат губерниясынікі. Осы кезде тірі болу керек,
бірақ қартайған. «Жаяу» атанған себебі - өзінің өнерін жаюда ауыл арасында
жаяу жүрген, ол оның өзі аттан түспейтін, ат қадірлейтін қазақ үшін үлкен
кемшілік. Солай бола тұрсада оның аты халыққа тез жайылып бай қазақтар да
құрметті қонағындай қарсы алды. Жамбасовтың сөзіне қарағанда, Мұса -
көңілді қарт, қазақ ақындарының әдетін қумай, көбіне домбырада емес татар
әншілері сияқты скрипкада ойнаған. Оның жеңіл, ойсыз, басқаша айтқанда
көңіл көтеретін мелодиялары бірыңғай екі ширектік өлшеуге сыйып отырады,
солай аяғына дейін өзгермей, «гатараға лайықты» сүйемел кереккендей және
биге шақырып тұрғандай болады. Біразды көрген Мұсаға мазырканың
ырғағыда белгілі болса керек» - дейді А.Затаевич, өзінің «1000 әнге» жазған
түсінік сөзінде.
Достарыңызбен бөлісу: