22
ақындарша терең мағынада түсінгендігін, өз өнерін теориялық жағынан
ойланып, меңгеріп алғандығын көрсетеді.
Өмірі сұлулыққа бөлініп, Көкшенің мұнартқан тауларында, орманды
сайларында, мөлдіреген әдемі көлдерінде ерке өскен Арқаның асқақ әншісі
Ақанды халық еркелетіп «сері» деп кеткен Оның өмірі шын мағынасында сұлу
ертегідей, адам ойын өзіне еріксіз тартатын, шытырман, ғажайып өмір болған.
Ақан серінің махаббат, сұлулық бейне мергендік, серілік-салт, сұлу әйел,
достық жырларында жазған өлеңдері қазақтық лирикалы поэзиясының бір
шұрайлы саласын береді. Сонымен қатар Ақанның серілік өмірімен
байланысты шығарған көптеген өлең- жырлары, сұлу әндері әндері сері
жігіттердің, ел жастарының аса сүйіп айтатын өлең әндерәне айналып кетеді.
(«Сұлу қызға», «Торыны талға байлап мінген қандай», «Ақ көйлек», «Ақ иық
пен ақ түлкі», «Гауһар жақұт», т.б.)
Ақан « Ақ көйлек» дейтін өлеңінің бірінде ғашық жарының сипатын шебер
суреттейді: «Ертегін ақ көйлектің алтындаған
Ажарын ақ жаңбырдай жалтылдаған
Сексен қыз серуенге шықса – дағы,
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған
Қамалап қанша дұспан келсе-дағы
Қалқажан айтар сөзін тартынбаған
Болғанда сен аққу құс көлде жүрген
Лашын құс не болады талпынбаған,
Көз салып жалаң қызға не қылайын,
Кигіздей уқаланып қарпылмаған...»
«Сексен қыз» ішінде болсаң да сен бәрінен артық ойындағы сұлу аққуын,
сүйкімді қоңыр қазым деп шын махаббат сырын білдіреді. Міне бұл
өлеңдердегі Ақанның шеберлігі тек ғашықтықтан туған ішкі сезімді сұлу
сипаттауда ғана емес, мұнда Ақан серінің үлкен ақынтық өнері ерекше көзге
түседі. Сонымен қатар Ақан өз заманның жауыздық дүние, балық,мансап, дәлет
адамды аздырады, адастырады, әділдік, туралы іздеген адам бұл дүниеден
қайғылы болып өтеді, деп өз өмірінен әсер береді:
«Дүние адастырар қуғаннан соң
Шырмайды қол-аяғын буғаннан соң,
Дүние аз көпшілік фани жалған
Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар,
Әр адам өз әлінше базарлайды».
Жынды есінен танды деп байлардың, күншіл жуандардың өсек қылған адамы
ұлы сезімді жан иесі Ақан міне осындай зор мағыналы, саналы терең ойлы
өлеңдер жазды. Сөйтіп Ақан жалғыз серілік, махаббат, сұлулық, жегіттік
өңірдің жыршысы немесе қайғы-зардың жыршысы ғана емес, ол сонымен бірге
әлеуметтік өмірдің жыршысы. Бұл жағынан Ақан зор заман ағымдарының
мотивін береді.
Достарыңызбен бөлісу: