З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет16/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Майлықожа Сұлтанқожаұлы. 1835-1898 жылдар аралығында өмір 
сүрген. 1835 жылы Шымкент облысы, Қызылқұм ауданында туған. Қазіргі 
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Қожатоғай ауылы. Жасынан ауыл 
мектебінен ескіше хат танып, өз бетімен білім алған, қазақ поэзиясының 
дәстүрін меңгерген. Шығыс әдебиетімен жақсы таныс болған. Кейін оның 
кейбір үлгілерін қазақ тілінде де жырлаған. Өлең өнеріне жетік, нақыл-ақыл 
сөздерге шебер, шешен саналған. Өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. 
Айтысқа да түскен. Көптеген арнау, толғаулар шығарған. 
Майлықожаның қалдырған әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай 
төрт тақырыпқа бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Жолдас болсаң жақсымен», 
Жақсы адам қартайса», «Құлақ салған халайық»); арнау өлеңдер 
(«Тұрлыбекке», «Ахмет төреге», т.б.); дастан, мысалдар («Қасқыр», «Үш 
жігіт», «Топынама», «Аңқау мен қу»); айтыстар (Құлыншақ, Гүлжаным, Мәделі 
қожа, Күдері қожа, Сүйінбай). 
Майлықожаның бес өлеңін тұнғыш рет 1883 жылы Я.Лютин құрастырып, 
Ташкентте бастырған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинаққа енді. Одан кейін 
Оспанұлының зерттеуі арқылы біраз шығармалары баспа бетін көрді. 1973 
жылы «Нақылдар» жинағы шықты. Ол шығармаларында Қоқан хандығына 
қарсы күрескен елдердің, аштық жылдарындағы қазақ халқының күйзелісін, 
еңбекке, елге шексіз сүйіспеншілігін жырлайды. Майлықожа ақын 
жыраулықпен қоса ауыз әдебиеті үлгілерін жазып жинаумен де шұғылданған. 
Ақын шығармалары «Үш ғасыр жырлайды»(1904), «Бес ғасыр жырлайды» 
(1985)», Ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1973) атты 
жинағында жарияланды. 
Құлыншақ Кемелұлы. 1840 жылы қазіргі Шымкент облысы, Созақ 
ауданы, Жартөбе ауылында туған. Ақын өз бетімен ізденіп, ескіше сауатын 
ашады. Шығыстың қиса-хиқаяларын, классикалық әдебиетін көп оқыды. Өз 
жанынан өлең шығарып, терме, жыр айтады. «Көлбайға», «Дүйсенбі датқаға», 
«Құдды мініп, құланды құрықтап жүр» дейтін толғауларында ел билеген 
пысықтардың зұлымдықтарын бетіне басады, жүгенсіз іс -әрекеттеріне 
наразылық білдіреді, үстем топқа қарсы күреске ел бастаған батырларды 
дәріптейді. Сөз өнерінің құдіреті, ақындар дәстүрінің жалғасуы «Шырын 
шекер» дастанында, «Оңдыбайға», «Майлыға», «Мәделіге» т.б. өлеңдерінде 
көрінеді. Құлыншақ сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, 
Тама Берекет, Молда Мұса, т.б. ақындармен айтысқан. «Алпамыс» эпосының 
көркем, толық нұсқасын айтқан. Жамбыл Жабаев Құлыншақтың ақындық 
шеберлігін жоғары бағалаған. 
Айтысқан ақынына мін таққыш, табан асты сөз тапқыш Құлыншақ халық 
ішінде беделді болған. Оның шешендігіне, шыншылдығына ел риза болып 
ардақтаған. Әсіресе, заманындағы билікті қолына ұстап, өз дегенін істеп, еш 
нәрседен шіміркенбейтін қара пейіл үстемдерді, сараң байларды өлтіре әжуалап 
отырған. Сондай-ақ әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеріп, адамгершілік 


40 
ақылдар айтқан. Мәселен, «Дүниеде не ғаріп» толғауында ақын табиғи 
құбылыстарды адам өмірімен ұштастыра термелеп, терең ой қозғайды. 
Енесі жүдеп нашарлап, 
Ертелеп туған тыл ғарып. 
Әуеден жауын кем болып, 
От шықпай қалса, жер ғарып. 
Басшысы нашар жалығып,
Ынтымақ кетсе , ел ғаріп, 
Көк ала жылқы болмасы, 
Бетегелі бел ғаріп. 
Қаз үйрегі болмаса, 
Айдынды шалқар көл ғаріп. 
Қатарынан кем тартып, 
Қуаты қашқан ер ғаріп. 
Суырып салма өнеріне жетік, ділмар ақынның өзінің өмірі туралы 
толғаулары да тартылды. Нағыз жүлдегер жүйріктерге суырылып озып шыққан 
өрен саңлақтың өзін танытады. Өзінің бар өмірін, бойындағы бар қасиетін 
халыққа ғана арнаған ақынның тағдырға өнер шашуды мақсат етуі-оның 
азаматтық мұратының куәсі дерлік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет