Гипербола (ұлғайту, грекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты).
Литота (кішірейті, грекше litotes – қарапайым, қораш).
Фигура (айшықтау, латынша figura – келбет, бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Арнау – адамның, яки ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа
арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Ахмет Байтұрсынов үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша
аударғысы келген нәрсенә не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды,
ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Түрлері: жай қайталау, еспе қайталау, анафора, эпифора. Антитеза (шендестіру, грекше antithesis – қарама-қарсылық) – бір-біріне
кереғар өқбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түрі-түсі әр бөлек
нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың,
ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару,
елестету.
Градация (асқақтату, латынша gradation – бірден-бірге күшейе беру) –
алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан
соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
Инверсия (сөз орнын ауыстыру, латынша inversion – орын өзгерту,
төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі
грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер
құру.
Эллипсис (грекше ellipsis – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде
немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай
тастап кету.
Егіздеу (параллелизм, грекше parallelos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай
нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.