93
ҚОСЫМШАЛАР
Әдеби терминдер сөздігі
Эпитет (айқындау) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын
анықтайтын суретті сөз.
Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа
затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.
Троп (құбылту, грекше tropos – иін, иірім) – сөздерді тура
мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп,
перделеп таныту, ойды өзгертіп, өңін айналдырып айту.
Метафора (ауыстыру, грекше
metaphora-көшіру) – сөз мәнін өңдендіре
өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра
түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп,
суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын
тереңдетіп, әсерін күшейту.
Кейіптеу (орысша - олицетворение, грекше -
prosopopeia) – жансыз
табиғат құбылысын тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу.
Аллегория (пернелеу, грекше
allegoria – пернелеп айту) – жай ұғым
қалпында тұрған дерексіз нәрселердің көзге көрінер деректі нәрсеге
ауыстырылуы.
Символ (астарлау, грекше
symbolon – шартты белгі) – бір нәрсені не
құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа
құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай,
тартымды тұспалмен түсіндіру.
Метонимия (алмастыру, грекше
metenymia – қайтадан атау) – өзара
шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен
шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Синекдоха (мегзеу, грекше
synecdoche – арақатысын ашу) – бүтіннің
орнына бөлшекті немесе керісінше, жалының орнына жалқыны немесе
керісінше қолдану.