БАЛДӘУРЕН-
тынысы
«
Baldauren Got Talent
» мега-
жобасы
Бала дүниеге шыр етіп келген
сәттен оның неге икемді, неге
қызығатыны көп ұзамай ақ белгілі
болады. Қазақта жақсы сөз бар «Тума
талант иесі» - деген. Осы сөзден талант
баланың бойына ата-анасының генінен
берілетінін байқалады. Орталыққа
келген
балалардың
бәрінің
дерлік
өзіндік ерекше таланттары, қоғамдық өмірге
белсене араласатын өнерлі, табиғатынан
дарынды, сұлу, сымбатты, шығармашыл
болады.
Оқушылардың
шағармашылығын
дамытып,
талантты
балаларды
анықтау
мақсатында «Baldauren Got Talent» мега-
жобасы 3 кезең бойынша өткізілді. Балалар
өздерінің жеке талантына байланысты түрлі
шығармашылық байқауларға қатысты. 1 кезең
бойынша оқушылар іріктеуден өтті. 2 кезең
жүйріктер анықталды. 3 кезең бойынша
жүзден-жүйрік болғандар анықталып, жүлделі І-ІІ-ІІІ орындарға ие
болды.
БАЛДӘУРЕН-
тынысы
«Тапқыр достар» танымдық ойын
Ойын – бұл бала үшін ой
иелігінен өткен құбылыс, бала
өз еркімен ойынға қатысып,
жаңа тәжірибе алмасып, одан
алған білімі оның жеке байлығы
болады, сондықтан оны басқа
жағдайларда қолдана алады.
Алған тәжірибесі балаға өз
ойында қолдануға мүмкіншілік
беріп, оның шығармашылық
ұсынысын
дамытады.
Зияткерлік,
танымдық,
интелектуалдық
ойындарды
ұйымдастыру арқылы балалардың білімдерін одан әрі толықтырып, дұрыс
бағыт бағдар беріледі. Орталықта көптеген танымдық, зияткерлік ойындар
ұйымдастырылып отырады.
Ауысымның орта беліне келе патриоттық пен елжандылыққа елітер
ауысым тақырыбына сай негізгі іс-шаралардың бірі «Тапқыр достар»
зияткерлік сайысы болып өтті. Бала бойына ел мен жерге деген махаббат пен
жанашырлықты дәріптей отырып, жылдамдыққа, мектеп қабырғасында жүріп
алған білімдерін таныта келе жеңіске деген құштарлығын, табандылығын тағы
да сынға салды. Сайысты қорытындылай келе, ең алғыр, ең білімді балалар
марапатталды.
|