БАЛДӘУРЕН-
тынысы
«Ән жырымның арқауы – Тәуелсіздік!»
патриоттық әндер байқауы
Музыка өнерінің анағұрлым кең
тараған түрі ән болып табылады. Ол -
ел тарихының ғана емес, белгілі бір
тұлғалардың өмір тарихының да
куәгері әрі қатысушысы. Ән халықтың
жаны ғана емес, оның өмірінің шындық
айнасына айналған ақиқат. Бүгінгі күні
де
патриоттық
әндердің
ролі
бұрынғыдай,
өз
маңыздылығын
жоғалтқан жоқ. Патриоттық әндер
үлкен күшке ие. Ол адамның рухын
оятып, ерлікке жетелейді, жүрегіне
елжандылық сезімін - Отанға деген
сүйіспеншілік сезімін құяды.
Патриоттық әндер кеші жастарға
өздерінің кіші отанының тарихына
үңілуге, мәдениеті мен дәстүрлерін
тануға көмектесті. Жас жеткіншектер Отанға қызмет етуге дайын
екендерін танытты. Ұйымдастырушы-ұстаздар балалармен бірге іс-
шараға мұқият дайындалды: әннің мәтінін жаттады, атрибуттарды, киім
формасын өз қолдарымен жасады, сахнаға соны тәсілмен шығуды
үйренді. Кеш бойына мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды. Залда отырған
ересектер мен балалар да орындаушыларға қосылып шырқады. Әр ән
орындалған, әр отряд өнер көрсеткен сайын ду қол шапалақтап,
көрермендер ризашылық сезімдерін білдіріп жатты!
Достарыңызбен бөлісу: