Абсолюттік ақиқат (дұрысырағы, объективтік шындықтағы
абсолюттілігі) – заттар мен құбылыстар туралы толық, жан-жақты
қамтылған, жеткілікті білім. Бұл мәңгілік деп аталатын ақиқаттар.,
нәрселердің жеке жақтары туралы білімдер (мысалы, «Жер шар тәрізді»,
«Ертіс Обь өзеніне құяды», «құстардың тұмсығы бар» және т.б.).
Салыстырмалы ақиқат
(дұрысырағы, объективтік
шындықтағы салыстырмалылық) әлдебір ақиқатты білімнің
өзгергіштігін (құбылмалығын), оның тереңдеуін, практика мен
танымның дамуына қарай анықтауды білдіреді. Бұл ретте ескі
ақиқаттар не жаңалармен ауыстырылады (мысалы, классикалық
механика кванттық механикамен ауысты), не жоққа шығарылып
адасуларға айналады (мысалы, мәңгілік двигательдің барлығы туралы
ақиқат, жылу тегі (теплород, флогистон) туралы ұғым және т.с.с.).
Ақиқаттың салыстырмалылығы оның толық еместігінде,
шарттылығында, болжалдылығында, аяқталмағандығында, яғни
шындық негізінен дұрыс, бірақ толық емес мөлшерде, тек белгілі бір
деңгейде бейнеленеді.
Ақиқат – анық және толық емес білімнен анығырақ және
толығырақ білімге жүретін процесс. Бұл процесс – абсолюттік ақиқатқа
салыстырмалы ақиқаттар арқылы қозғалыс. Әрбір салыстырмалы
ақиқатта анық білімнің элементтері бар. Сонымен бірге объективтік
ақиқатқа қозғалыс (жету) жолында ақиқат адасу, қателесу, иллюзия,
фантазиямен қатар жүреді; салыстырмалы өзгерілетін, болжалды білім –
тұрақтаған, анық, абсолюттік біліммен қатар жүреді.
Өз кезінде Гегель абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат қашан да болса
нақтылы деп әділ ерекше көңіл аударған. Оның мағынасы – кез келген
ақиқатты білім өзінің мазмұны мен қолданылуында орынның, уақыттың
берілген шарттарымен және көп басқа ерекше жағдайлармен анықталады.
Абстрактілі, тиянақсыз ақиқат жоқ, ақиқат әрқашан нақты.
Жалпы алғанда, объективтік, абсолюттік, салыстырмалы және
нақты ақиқаттар – бұлар ақиқаттың әртүрлі сорттары емес, сол сияқты
жеке болатын шындықтар деп ойламау керек (ол қате).
Ақиқат біреу.
Әрбір объективтік шындықта салыстырмалылық кезең (момент), қала
берді абсолюттік кезең де бар.
Біздің танымымыз (біліміміз,
Достарыңызбен бөлісу: