Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет40/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Ойқорытынды (ой тұжырымы, тұжырым) деп екі немесе 
бірнеше пікірлерден (алғышарттардан) жаңа пікір шығаратын ойлау 
формасын – логикалық тәсілді айтады. Мысалы: 1) егер адам ауырса – 
ол жұмысқа келе алмайды (бірінші алғышарт); 2) Сәрсен ауырып 
қалды (екінші алғышарт); 3) Демек, Сәрсен жұмысқа келе алмайды 
(қорытынды).
69


Осы мысал көрсеткендей (мұндай мысалдарды қаптап келтіруге 
болады), қорытынды, яғни жаңа пікір алғышарттардан қажетті түрде 
туып отыр, өйткені бұл шын, реалды дүниедегі себеп пен салдар 
байланыстарының көрінісі. Басқаша айтқанда, ойдың байланысы 
шындық дүниенің заттары мен құбылыстарының арасындағы 
объективтік байланыстың идеалдық бейнесі. Ойқорытындының 
формуласы, схемасы: М – Р (1-алғышарт); S – М (2-алғышарт); S – Р 
(қорытынды).
Ойқорытындының негізгі екі формасы бар: индукциялық 
ойқорытынды және дедукциялық ойқорытынды. Бір сөзбен айтқанда, 
олар индукция және дедукция деп аталады. Индукция (Ф.Бэкон 
негіздеді) ойлаудың жеке фактілерден немесе жалпылылығы кем 
пікірлерден жалпы қорытынды шығарудың логикалық тәсілі 
(қысқаша: жалқыдан (жекеден) – жалпыға), ал дедукция (Р.Декарт) 
бұған керісінше, жалпы алғышарттан жекеше немесе жалпылылығы 
кем қорытынды шығарудың логикалық тәсілі (қысқаша: жалпыдан – 
жалқыға).
Таным теориясының тарихында кейбір философтар 
индукцияның маңызын асыра бағаласа, енді біреулер дедукцияны 
бірінші орынға қояды. Шындығында, ғылыми дүниетану процесінде 
бұл екеуі диалектикалық бірлікте қолданылады.
Ақиқат проблемасы
Таным процесінде білім тек қана алынып (табылып) қойылмайды, 
сонымен бірге бағаланады. Білімді әртүрлі тұрғыдан бағалауға 
болады: пайдалылығы, маңыздылығы, қолданылмалылығы және т.с.с. 
Бұл жерде басты проблема – білімді оның ақиқаттығы немесе 
жалғандығы (өтіріктігі) тұрғысынан бағалау. Ақиқат туралы 
мәселе–таным теориясының орталық мәселесі. Гегель былай деп 
жазған: «Ақиқат деген ұлы сөз және одан да гөрі ұлы іс. Егер адамның 
рухы және жаны әлі сау болса, онда осы сөздің дыбыстарын естігенде 
кеудесі жоғары көтерілуі керек».
Ақиқаттың әртүрлі концепциялары бар.
70




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет