Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет2/41
Дата16.02.2023
өлшемі1,48 Mb.
#68513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Бай әке, кедей әке

Кіріспе
Мектеп баланы əлемнің нақтылы жағдайларында өмір сүруге
дайындай ма?
"Жақсы оқы, жоғары бағалар ал, сонда ғана сен үлкен жалақылы
жəне көптеген жеңілдіктері бар жұмыс табасың"- деуші еді менің əке-
шешем.
Олардың
негізгі
мақсаты,
бізге
апамыз
екеуімізге,
университеттік білім беріп, келешекте табысты болуымыздың
мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету болатын.
1976 жылы мен бухгалтерлік іс бойынша мамандық алып шықтым
(Флорида университетін қызыл дипломмен аяқтадым) ата-анамның
арманы орындалды.


Олардың "Үлкен жоспарларына сəйкес" мені бір ірі бухгалтерлік
фирма жұмысқа алды. Сөйтіп, менің алдымда қызмет басқышымен
жоғары көтерілу жолдары жəне зейнетке ертерек шығу мүмкіншілігі
тұрды.
Менің жұбайым Майклдың да өмірі маған ұқсас болатын. Біз,
екеуімізде табыстары қарапайым, еңбекке аса құрметпен қарайтын
отбасыларында өстік. Майкл да кызыл диплом алды, бірақ екі рет
алдымен инженерлік, содан кейін заңгерлік. Оған Вашингтонда
құқықтық патентпен айналысатын беделді заңгерлік фирмада жұмыс
атқару ұсынылды.
Оның келешегі айқын жəне ашық тəрізді, бəрімізде ол қызмет
бабында үлкен лауазым мен үлкен мансапқа жетеді деген нық сенімде
болатынбыз. Шындығында, біз екеуімізде айтарлықтай мансапқа ие
болдық, бірақ соңында барлығы да, мүлдем біз күткендей болмай
шықты.
Əр түрлі себептермен, біз жұмыс орындарымызды бірнеше рет
ауыстырдық, енді фирма келешекте бізге үлкен зейнетақы төлемейтін
болады. Біздің зейнетақы корымыз тек қана өзіміздің жеке
салымымыздың мөлшері бойынша өсетін болады.
Майкл екеуіміздің жанұямыз тамаша, үш сүйкімді балаларымыз
бар. Қазір осы кітапты жазып отырған уақытта екеуі колледжде
оқиды, ал үшіншісі жоғарғы класс оқушысы. Балаларымыз үлкен білім
алып шығу үшін көп қаржы жұмсадық.
1996-жылдың бір күнінде ұлдарымның біреуі мектептен өте
ренішті оралды. Ол оқудан шаршаған, бұның барлығы оны тойдырған
сияқты. "Келешекте ешқандай да маған қажетті жоқ сабақтарды оқуға
мен уақытымды неге босқа өткізуге тиіспін?"-деді ол ренішті түрде.
Мен көп ойланбастан:
-Егерде сенің бағаларың жаман болса, сені колледжге
қабылдамайды ғой,- дедім.
-Онда мені қабылдай ма, əлде қабылдамай ма, мен бəрібір бай
боламын деп,қарсылық білдірді.
Егерде сен колледжді бітірмесең, онда сен жақсы жұмыс таба
алмайсың, дедім мен сəл қорқынышпен. Ал жұмыссыз сен қалай
байыйсың?
Бұл жөнінде кашанғы қайта-қайта айта беруге болады?- деді ұлым
кекесінді күлкімен басын шайқап. Менің айтқан аналық ақылым, оның
тарапынан ешқандай қолдау таппады. Дегенмен, ұлым өзінің
еркіндігіне қарамастан, əрқашан кішіпейіл жəне сүйкімді бала
болатын.
-Мама,- деді ол. Енді оны таңдауға менің кезегім келді. Сен
уақыттан қалыс қалып қойып отырсың! Жан-жағыңа қарашы, ен үлкен
байлар біліміне байланысты бай болмайды. Майкл Джордана мен
Мадоннаға қарашы. Тіпті Билл Гейтс, Гарвард университетін


аяқтамаса да "Майкрософт" негізін құрып, жасы қырыққа толмаса да
қазір Америкадағы ең бай адам. Ал бір бейсболшы оған "ақылы кем"
деген айдар тағылса да жылына төрт миллионнан астам табыс табады.
Біз көпке дейін үнсіз қалдық. Сонда менің түсінгенім: мен ұлыма,
баяғыда өз əке-шешемнен естіген ақылымды айтумен болған екенмін.
Бізді коршаған əлем өзгерген,бірақ ой-өрісіміз, бірер кеңестеріміз
ескілікті деңгейде өзгеріссіз қалған.
Біздің балаларымыздан басқа, жақсы оқу, жоғарғы баға алу-
табыс кепілдігі емес екенін, ешкімде байқамайтын тəрізді.
-Мама -деді əрі қарай ұлым, мен сендер сияқты жұмыс істегім
келмейді. Сендер жақсы табыс табасыңдар жəне біз жақсы үйде
тұрамыз. Егерде, сенің айтқаныңды тыңдасам, онда менде сендер
сияқты өмір сүруім керек, себебі: үлкен салықтарды төлеп отыру
үшін, əрдайым көп жəне одан да көп жұмыс істеуім қажет, ең соңында
қарызға белшемнен батамын. Біздің дəуірімізде тұрақты жұмыс
болмайды.Жұмыстан босату мен қысқартудың не екенін мен білемін.
Соңғы кезде университет бітірушілер, сенің кезіңдегіден жалақыны
кем алатындығын тағы білем. Мысалы, дəрігерлер. Олар бұрынғыдай
көп табыс таба алмайды. Мемлекет немесе компания зейнетақысына
сенімділікпен қарауға болмайтындығын да білемін Маған осындай
көптеген күрделі сұрақтардың барлығына жаңа жауаптар қажет.
Расында оныкі шындық еді. Оған жаңа жауаптар қажет болса, маған да
сондай қажет еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет