Негізгі сөздер: иудаизм, буддизм, респонденттер, гидтар,макроаймақ.
XX ғасырда, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, туризм
индустриясы қарқынды дамыды, транспорт және байланыс жүйесі мейлінше
жетілдірілді. Осы кезде адамдардың да өздерінің діни әулие орындарына баруға
үлкен мүмкіндіктері туды. Сонымен қатар басқа елдердің халықтарының рухани
жетістіктеріне араласу ниеті туды, олар бір бірінің дінінің мәнін түсінгісі келді.
Адамзаттың соңғы он жылдықта өмірінің барлық жағы қарқынды өзгеріске
ұшырауымен байланысты діндерде де белгілі бір қиындықтар туды. Діни мақсаттағы
туризм географиясының нақты белгіленген шектеулері бар, ол мынадай негізгі
діндердің болуымен байланысты: христиандық, мұсылмандық, иудаизм, буддизм.
Басқа кішігірім діни бағыттардың топтары туристік ағымның көп бөлігін құрамайды.
Діни бағыттағы саяхаттар ежелде басталды. Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим
құдайлары
өз
тұрғындарын
ұлы
орындауға
баруға
мәжбүрлеген.
Ерте
ортағасырларда діни себептеғі миграция ерекше бір жаңа белгілерге ие болды. Осы
кезде қажылық формасы Крестілер жорықтары кеңінен таралды. Олар
мұсылмандарға қарсы бағытта жүргізілді. Жорықтарға кедей батырлар мен
саудагерлер барған. Әлемде қажылықтың 11 макроаймағы бөлінеді: [1].
1. Христиандық Еуропа
2. Христиандық басымдылығымен және көптеген діндерімен Солтүстік Америка
3. Христиандық басымдылығымен және жергілікті дәстүрлі діндерімен Латын
Америкасы
4. Ислам дінінің басымдылығымен Солтүстік Африка
5. Ислам, христиан және дәстүрлі діндер басымдылығымен Батыс және Шығыc
Африка
6. Христиан, иудаизм бағыттары және ислам басымдылығымен Батыc Азия
7. Оңтүстік Азияда иудаизм, буддизм таралған және христиан, джайнизм,
сикхизм, ислам орталықтары
8. Ислам, христиан, иудаизм діндерімен және буддизм басымдылығымен
Оңтүстік Шығыс Азия
9. Буддизм, конфуций, синтоизм басымдылығымен Шығыс Азия
10. Буддизм басымдылығымен негізінде ламаизм бағытымен Орталық Азия
11. Ислам басымдылығымен Орта Азия
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
170
~
Әрбір
аймақ
қажылық
орталықтармен
танымал.Олар
сенушілердің
халықаралық туристік ағымын қабылдайды және көбіне діни мамандануды,
әкімшілік,кәсіптік, мәдени, туристік орталықтар қызметтерін біріктіреді. Діни
(қажылық) туризм қазіргі уақытта жақсы танымал.Оның бірнеше түрі бар:
1. Қажылық (қасиетті жерлерге саяхат)
2. Танымдық саяхат (діни ескерткіштермен, дін тарихымен танысу)
3. Ғылыми саяхат (дін сұрақтарымен айналысатын тарихшылардың, басқа
мамандардың саяхаттары).
Бұнда діни тақырыптағы экскурсиялық туризм туралы айтылады. Бұл
мақсатта сапарға шығатындарды монастырлерге, храмдарға, мұражайларға,
ескерткіштерге, көрмелерге бару бағытындағы экскурсиялар қызықтырады. Діни
тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамытуға байланысты төмендегідей мақсатттар
қойылады: Экскурсиялық туризмді дамыту үшін мүмкіндіктерді зерттеу. Діни
туристер, бірінші орында қажылар саяхатқа өздері өмір сүретін үйреншікті
жағдайлардағы діни іс әрекеттен артығырақ бірнәрсе жасау қажеттілігіне
байланысты шығады. Ал, адамдардың діни әулие орындарға сапарға шығуы да әр
түрлі себептермен туындайды: сиынып жалбарынуға, жеке басының мәселелерін
шешуге, құндылықтар жүйесін иемденуге, рухани бағытын бекіту, елдің мәдени
мұрасымен танысу. Туристердің сапарларға шығуы төмендегідей формада жүзеге
асады:
жеке немесе топтық ;
турфималардың
немесе
діни
ұйымдардың
қатысуымен
ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған түрлері;
әр түрлі қонақ үйде және басқ жерде орналасу түрлері;
өз елі ішінде немесе шетелде қысқа мерзімге немесе ұзақ мерзімге
шығу түрлері т.с.с. [2].
Ұйымдастырылған туризмнің нағыз кең тараған формасы – бұл туристік -
экскурсиялық мекемелер ұйымдастырылған маршуттар бойынша сапарға шығу.
Жасы, кәсіби мамандығы, тілек–талабы, қоғамдық жағдайы әрқилы адамдар жыл
сайын жақын және алыс туристік сапарларға да шығып отырады. Қазіргі кезеңде
туристік маршруттың белгілі бір классификациясы қалыптасты. Ең алдымен олар
ұйымдастыру ерекшелігіне қарай: діни туризм, жоспарланған және жоспарланбаған
болады. Кейбір туристер жоспарланған турларды қалайды. Мұндай турлардың
қалыптасқан немесе ұйымдастырылатын тур жоспары болады.Ұйымдастырылмаған
турларды туристер туристік фирмалардың көмегіне жүгінбейді. Олар турды өздері
жоспарлап, өздері жүзеге асырады. Саяхатқа қатысушылар санына қарай турлар
жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке турға қатысушы адамның саны 1-5адам,
топтықта 6 адам және онда да көп болуы мүмкін.Ұзақтығына қарай сапарлар:
біркүндік, екікүндік, көпкүндік болады. Біркүндік сапарлар ұзақтығына қарай: 3
сағаттан аз уақыт, 3-5сағат, 6-8сағат, 9-11 сағат, 12сағат. Саяхатшылар жас
ерекшелігіне байланысты: балалар, олар көбіне ата-аналарымен саяхаттайды;
жастар (15-24 жас); орта жастағы жастар; экономикалық белсенді адамдар (25-44
жас); орта жастағы экономикалық белсенді адамдар (45-64 жас аралығы);
зейнеткерлер (58-63жастан) болып бөлінеді .
Діни тақырыптағы экскурсиялық туризм әртүрлі жастағы саяхатшыларды
қызықтыруы мүмкін. Құрылуына қарай туристік маршруттар сызықты, айналмалы,
радиалды болып бөлінеді. Сызықты маршрут бір пункттен басталып, екіншісінде
аяқталады, ең аз дегенде екі, көбіне бірнеше туристік шаруашылықтарды
(пункттерді) басып өтеді. Сызықты маршруттың міндетті шарты туристердің
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
171
~
бастапқы пунктісіне келуінің және ақырғы пункттен кетуінің ыңғайлы қалыптасуы.
Айналмалы маршрутта бірнеше туристік базадан өтеді, бірақ оның бастапқы және
ақырғы пункті біреу. Радиалды маршруттың ерекшелігі мынада - туристер барлық
уақытта бір базада тұрады, осы жерден жаяу, автобуспен немесе теплоходпен
сапарға шығады және базаның жақын айналасындағы экскурсияға шығады. Барлық
туристік маршруттарды қозғалыс тәсіліне қарай төмендегіше бөлуге болады. Бір
жағдайда ол транспорттың, автобустың, поездың, теплоходтың, ұшақтың көмегімен
атқарылады, ал екінші бір жағдайда туристер жаяу жүреді немесе шаңғыны,
қайықты пайдаланады, барлық жағынан өздерін өзі қамтамасыз етіп, палаткаларда
түнеп шығады.Қозғалыс тәсілі бірнеше жағдайға, сапардың ұзақтығына, маршруттың
алыс жақындығына,табиғат жағдайына байланысты болады. [3].
Туристік маршруттар табиғат және климат жағдайларына, материалдық
базаның жағдайына, сондай–ақ туристердің қажет етуіне қарай жыл бойғы және
маусымдық болып бөлінеді. Кейбір жағдайда маршрут жыл бойы жұмыс істейді,
бірақ оның жұмысының бағыты жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Туристік
саяхат – белсенді демалудың ең жақсы түрлерінің бірі, туған елімізді білу, тану және
тәрбие беру формасы. Дегенмен, туристік маршруттың әрқайсысының өзіндік дара
қайталанбас ерекшеліктері болады, бұлар ең алдымен бір тақырыпқа, табиғи және
климаттық факторларға,тағы сол сияқтыларға тәуелді өте сирек кездесетін
экскурсиялық обьектілердің болуына байланысты. Кез–келген маршруттың
тартымдылығы 3 факторларға байланысты:
1. демалу мүмкіндігіне;
2. экскурсияның мазмұнына;
3. экскурсияның бағдарламасына;
Экскурсиялық мекемелер туристер үшін экскурсия ұйымдастырады.
Жоспарлы экскурсияның құны туристік жолдама құнына кіреді.Туристердің қалауы
бойынша олардың өздері қаржысы есебінен қосымша экскурсия ұйымдастырыуы
мүмкін. Оның басты маңызы мынада:
діни туризм арқылы халықаралық инвестицияның тартылуын қамтамасыз
етеді;
шетел валютасының ел қазынасына түсуіне мүмкіндік береді;
халықты жұмыспен қамтамасыз ету жүзеге асырылады;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамытады;
экспорттың дамуына оң әсерін тигізеді;
әлеуметтік – саяси жағдайға оң әсер етеді;
Діни туристерді қызықтыру обьектілері әулие орындар және діни орталықтар
болып табылады. Мұндай сапарлар жылдың бірмезгілінде болатын мейрамдармен,
фестивальдармен түсіндіріледі. Халықаралық сапарларда туристерге кеден,
валюталық, визалық және т.б. тексерулерден өтуге тура келеді. Діни туризм ұғымын
қызмет түрін ұсыну және туристердің қажеттілігін қанағаттандыратын, әдеттегі
ортадан тыс жерде, әулие орындарға және діни орталықтарға бағытталған
шаруашылық түрі деп түсіну керек [4].
Діни туризмнің бірнеше формасы бар. Олар: қажылық, діни тақырыптағы
экскурсиялық турлар, мамандандырылған турларда қажылар мен экскурсанттар
бірігеді. Халықаралық статистика мәліметі бойынша әр жыл сайын 200 млн-нан
артық адам қажылыққа барады. Соның ішінде 150млн. христиан, 20-3О млн.
индуистер, 40 млн. буддистер, мұсылмандар, синтоистер және т.б. Сенушілер әулие
орындарына жан дүниесін тыныштату үмітінде, ауыр сырқаттан арылу, жан дүниесі
жақын адамдармен бірлікті сезінуге, тағзым етуге барады. Олар сапарға кесілген
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
172
~
жазаны орындауға, жоғарғы күштерге иемденген игіліктер үшін немесе өмірлерін
мәнді ететін діни–сенімге алғысын білдіру үшін барады. Қажылыққа бейім топтар
діни тақырыптағы экскурсиялық туризмнен құралады. Оның мақсаты мәдениет пен
салт-дәстүрін тану және т.с.с. Мұндай сапарлар әдетте сенушілердің саяхаттауы
сияқты ұзақ емес, жылдың кез-келген мезгілінде ұйымдастырылады және діни
мейрамдарға қатысы жоқ, балалармен ересектерге арналған. Маршруты бойынша
олар діни әулиелер орнын және бұрынғының архитектуралық ескерткіштерін көруге
барады, ол жаны таза ақсүйек адамдарға рухани дәстүрлерге араласуға мүмкіндік
туғызады.
Соңғы жылдары Қазақстанды діни туризм және қажылық турларды
ұйымдастыратын туристік фирмалардың қалыптасуы байқалады. Кейінгі жылдары
республикамыздағы әулие орындарға қажылыққа баратын туристер және де жақын
шетелге діни -танымдық мақсатта барушылар саны көбеюде.
Статистика мәліметтері бойынша Қазақстанда айрықша таралған мынандай
діни бағыттарды айтуға болады, олар; христиан (православтық және католиктік),
ислам және иудаизм. Ертеректе (2007 – 2009 жылдары) зерттеулер бойынша
респонденттер, әсіресе шетелдік туристер рекреациялық туризмнен кейін
мәдениетін зерттеп білу туризмін екінші орынға қоятынын көрсетті. Бұл Қазақстанда
туризмнің жоғарыда айтылған түрін қалыптастыру және дамыту қажеттілігін тағы да
дәлелдейді. Діни ескерткіштер, тарихи және мәдени орындар (мешіттер, соборлар,
діни мұражайлар, діни орталықтар т.с.с.) бұлар әрқашанда туристер баратын
туристік обьектілер болып саналады. Өкінішке орай, бүгінгі күнгі аймақтың туристік
нарығында осындай ерекше турөніммен жұмыс жасайтын, өңделген маршруты бар,
арнайы дайындалған гидтары т.с.с.бар турфирмалар өте аз. Сондықтан да бұл
әлеуметтік -экономикалық зерттеу бағытын әлі нашар зерттелген және сөзсіз өзекті
мәеле деп есептейміз. Бұл жерде сонымен қатар таза экономикалық зерттеудің
аспектілері қорында рухани – адамгершілік бағыт байқалады.
Жеке зерттеу нәтижесінен, арнайы әдебиеттерді зерттеу, статистикалық
мәліметтерді талдай отырып,төмендегідей қорытындыға келуге болады:
көп ғасыр бұрынғы кезеңдегідей бүгінгі күні де діни саяхаттаудың басты
себептерінің бірі болып табылады;
ұйымдастыру және діни-экскурсиялық туризмнің табысты функциялануы
үшін кең көлемде зерттеулер жүргізілу; [5]
Қазақстан базасында діни туризмді, соның ішінде діни тақырыптағы
экcкурсиялық туризмді дамытуға болатын орындар көп;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
173
~
Ө.И. Исенов
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай қаласы
АЗАТТЫҚ ТУЫН КӨТЕРГЕН – ТАБЫН ТІЛЕНШІ ТАРХАН
«Бұрынғы жаугершілік заманда халық тән есебінде болған да,
батырлар жан есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы
әңгіме – халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме. Батырлары қандай
болса, халықтың рухы да сондай».
Ахмет Байтұрсынұлы
Аңдатпа
Макалада автор Сырым батыр Датұлымен оның жауынгер жолдасы Тіленші
батырдың тархандық лауазымдарына қатысты ұлт-азаттығы жолындағы күрестерінің
қызметін қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихына қатысты басқа қырынан
қарастырады.
Дәстүрлі дала демократиясына негізделген қазақ қоғамының саяси өмірінде
көрнекті рөл атқарған әлеуметтік категорияның бірі – батырлар. Қазақ қоғамындағы
батырлар институтының қалыптасуы, генезисі сонау ежелгі замандардан бастау
алады.
Қазақ қоғамындағы батырлар институты көне түркі заманында
қалыптасқандығы туралы ойымызды: – Білге, Күлтегін, Тоныкөктің өз заманындағы
қызметтерімен нақтылауға болады. Мысалы, Білге – мемлекет басшысы, қолбасшы,
Күлтегін – батыр, Тоныкөк – әрі батыр, әрі шешен, әрі данагөй. Бұл қасиеттің
барлығы қазақ хандары, билері, батырларының бойларынан табылатын. Қазақ
мемлекеттігі сынға түскен ХVІІІ-ХІХ ғғ. жаугершілік заманның жағдайында белгілі
батыр тұлғалар ерен ерлігімен тарих сағынасына шығып, батырлар институтын
құрады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді
дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін
ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан да халқы мен
елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай
қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде
өмір сүрсе де, дәйім жұртының нағыз азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай
кезеңінде болсын олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген» [1]
дегені ұлт қайраткерлерінің еліне қорған бола білген азаматтық жауапкершілігінің
үлгісін атадан балаға жалғастырған ұрпақтар сабақтастығының озық өнегесін
сақтауды сезіндіргені.
Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір ер адам сарбаз болып есептелді. Елге
жаудан қауіп төнген уақытта әрқайсысы атымен және қару-жарағымен келіп,
жорыққа шығуға немесе жау бетін қайтаруға дайын тұруыға міндетті болды.
Ерлігімен көзге түскен қатардағы жауынгер әлеуметтік сатыда бір табан жоғары
көтеріліп, қазақ қоғамында маңызды рөл атқарған батырларсословиесінің қатарына
қосылып отырды. Қай заманда да елін, жерін жаудан қорғаған батырлар қоғамда
шешуші рөль атқарды. Солардың бірі – Сырым батырдың жауынгер серігі Тіленші
батыр Бөкенбайұлы. Тіленші батырдың әкесі Бөкенбай Қарабатырұлыда қазақ-
жоңғар соғысында аты шыққан батырбасы атағына ие болған батыр екендігі
тарихымыздан мәлім [2].
Сырым тарханның қоғамдық-саяси және қайраткерлік қызметтерін ғалым
М.Вяткиннің кешенді зерттеген монографиясынан көруге болады [3]. Бұл Сырым
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
174
~
тарханның қоғамдық-саяси қызметі туралы бірден-бір басты еңбек. Сонымен қатар,
Сырым тарханның тұлғалық тарихын тәуелсіз елдің тарихы жағдайында зерделеп,
жарияланбаған тың тарихи мұрағаттық деректермен толықтырған профессор
Ә.Мұқтардың докторлық монографиясы бар [4]. Біз, баяндамамызда Сырым батыр
Датұлымен оның жауынгер жолдасы Тіленші батырдың тархандық лауазымдарына
қатысты ұлт-азаттығы жолындағы күрестерінің қызметін қазақ қоғамындағы
тархандар институты тарихына қатысты басқа қырынан қарастырмақпыз.
ХVІІІ ғ. екінші жартысында қазақ даласындағы патша үкіметінің отаршылдық
саясатынан туындаған саяси жағдай Сырым тархан бастаған ұлт-азаттығы
көтерілісіне ұласқан болатын [3].
Кіші жүз жерінде Сырым Датұлы, Қара батыр, Атағозы Айтқұлұлы және
Қайрақ, беріш руының жасақтарын басқарған старшындар – Иіқара Итемгенұлы,
Қара Шоток және Құрбанбай, кердері руын – Жолан батыр, алаша руларын –
Баймұрат басқарған. 1774 жылдың күзінде патша үкіметінің әскерімен мен
Жағалбайлы рулары (деректе жағалбайлы батырларының есімдері аталмайды –
Ө.И.) жасақтарының жеке қақтығыстары Орынбор және Жайық қалашықтарында
болды. Негізінен әскери қимылдар Сахарный және Гурьев қалашығына қарай
оңтүстік бағытта жүрген. Қазақ жасақтары сондай-ақ, Орынбордан Ор және Самар
Орск пен Сақмар дистанциясына дейін созылып жатқан Красногорск әскери бекініс
линиясына белсенді қозғалыс қимылдарын жасады. Қазақ жасақтарына басшылық
жасағандар: Байбақты руларының басында старшындар – Еселбайұлы Айдар батыр,
Сырым тархан, өзге руларды – Жолбарыс Өміртайұлы, жеке қазақ жасақтарының
басында татар – Асан Мұстаев, Бұлатай Смайловтар тұрған [5, с. 102]. Қазақ
жасақтарымен бірге соның ішінде Асан Мұстаев, Бұлатай Смайловтардың қатысуы
патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өзге ұлттардың да өкілдері Сардар
тархан бастаған көтерілісті қолдап қана қоймай, сарбаздар жасақтарына басшылық
жасап, белсене араласқан мұсылман халықтарының отаршылдыққа қарсы бас
көтерудегі бірліктерін көрсетеді.
Кіші ордадағы дәстүрлі билік хандық институттың дағдарысы тарихына
қатысты белгілі ғалым Н.Бекмаханованың:«Патша үкіметінің шенеуніктері Нұралы
ханды биліктен алып тастауға қорықты, тәуекел ете алмады, сондықтан XVIII
ғасырдың 80 жылдарына дейін хандықты қолдады. Сырым батыр бастаған
қозғалыстан кейін ғана хандықты жоюға шешім қабылдады. Кіші жүзде 1783 жылы
губернатор О.Игельстром ұсынған қазақтың дәстүрлі билігіне жасаған реформасы
Қазақстандағы патша үкіметінің заңдарын қазақ қоғамына енгізу шараларының ең
алғашқы бастамасы болды» [5, с.185], деген, автордың пікірі патша үкіметінің
дәстүрлі хандық билікті жоюдағы әрекеттерін жүзеге асыра алмауларына басты
кедергі халық рухы батырлар институты болғандығын дәлелдейді. Деректерге
сүйенсек, 1784 жылы Орск және Верхнеозерскокі бекіністерінің Шекара
комендантының Табын және Шекті руларыныың Барақ, Жаншұры, Тіленші, Оразбай,
Доса және т.б. батырлар бастаған 1800 сарбаздан құралған жасақтарының шабулы
туралы хабарлаған [6, с. 272].
Сол жылы қараша айының 26 күні Сырым батыр бастаған көп адамнан
құралған жасақтардың Сағыз өзенінің бойына жиналып көтеріліске дайындалып
жатқандары туралы Айшуқ сұлтан Орынбор әкімшілігіне хабар жеткізген. Мұнан
кейін, Орынбар бекінісінің бастығына Сырым батыр мен табын Барақ және Тіленші
батырлар Сағыз өзенінің бойына 1000 адам жасақтарымен жиналып, орыс жеріне
шапқыншылық жасауға дайындалуда, осындай ел ішіндегі толқуларға байланысты
Нұралы хан ұлысымен Жайық өзенінің бойына қарай көшіп кеткені туралы хабар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
175
~
алған, Шекара бекіністерінің коменданты мен Айшуақ сұлтанның мәліметтерінің
растығына көзі жеткен Орынбор бастығы қазақ даласындағы халық көтерілісі
Нұралы ханға ғана емес, қауіп патша үкіметіне де төніп тұр – деп, Петерборға
хабарлап патша әкімшілігінен шекара бойындағы бекіністердің қорғаныс жағдайын
күшейту үшін әскерилерді жіберуге рұқсат сұрайды. Орынбор бастығына шекара
бойындағы күзеттті күшейту үшін, Орал қаласынан және төменгі форпостылардан
900 адамнан құралған атты казак әскерилерін жинап шекара бекіністеріне жібереуге
Орынбор бастығына рұқсат беріледі [6, с. 272].
Шекара бойындағы күзеттің күшейтілгеніне қарамастан, 1775 жылғы наурыз
айында табын Тіленші батыр бастаған 200 адамнан құралған жасақ орыстың
хуторларына шабул жасап, Рубеженск форпостысы маңынан 10 орыс адамын
тұтқынға алып, хуторлардың
бар малдарын айдап
әкетеді. Казак-орыс
әскерилерімен болған қанды шайқаста Тіленші батыр 19 сарбазынан айырылады.
Батыр жасақтары орыс жерінен көп олжамен кері оралады. Олардың артынан қуған
казак әскерилері аттарының болдырғандықтарынан жете алмай, кері қайтады [6, с.
272]. Тіленші батыр бастаған көтерілісшілер орыстардың 1445 жылқысын, 757 бас
мүйізді ірі қара малын және төрт жүз алпыс мыңға бағаланатын әртүрлі мүліктерін
алып кеткендіктері туралы мәлімет тіркелген [6, с. 272].
Тіленші батыр бастаған көтерілістің сипатына қатысты: «Күрделі сипат алған
бұл оқиға орыс патша үкіметінің қазақ ордасында аса ірі толқулардың басталғанына
көздерін жеткізді» [6, с. 272]. деген баға береді. Қазақ жасақтарының қанды
жорықтарынан кейін, патша үкіметі қазақ даласына көтерілісшілерді басу үшін,
әскер жіберуге шешім қабылдайды. Деректерден, Сырым, Тіленші т.б. батыр,
тархандардың патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүзеге асыруда тегеурінді
күш болып, отаршылдардың қазақ даласына ішкерілеп енулеріне мықты кедергі күш
болғандығын көреміз.
Орал әскери кеңесінің есебі бойынша, 1785 жылдың басында Барақ батыр
2000 сарбазымен, Тіленші батыр 1500 адамымен Сырым батыр жасағына қосылып,
патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қарулы күресте күш біріктіргендері
туралы айтылады [7, с. 28].
Cырым батырдың жасағымен күш біріктірген Тіленші батыр сарбаздары
казак-орыстардың екі хуторын талқандап еркекрері мен әйелдерін тұтқындап
әкетеді. Мұнан кейін Сырым мен жетірулық батырлар Тіленші мен Барақ батырлар
жүзге жуық сарбаздарынан тұратын жасақтарымен Антонов форпосына шабул
жасап, тұтқынға адам алмай, орыстардың малдарын ғана олжалап кері қайтады [8,
с. 110-111].
Осы тұста қазақ қоғамының дәстүрлі билік жүйесін қолдан жасаған дағдарыс
арқылы жою туралы үкімет шаралары хақында мұрағаттанушы Р.Сариеваның
еңбегінде: «1786 жылы О.А.Игельстром Кіші жүзге қараған Кіші орда көлемінде
билер шешімін жойып, Ресейлік жазалау органын құрады. Бұл зұлымдық саясаттың
бетін бүркеу үшін Байұлы, Әлімұлы, мен Жетірудың әрқайсысынан бір-бір өкіл
енгізді. Бірақ бұл саясат үлкен қарсылыққа ұшырады. Соған қарамастан 1789 жылы
О.А.Игельстром Кіші орданы 6 бөлікке бөлді. Ондағы ойын губернатор ІІ
Екатеринаға 27 қараша 1785 жылы: «Кіші орданы бұлай бөлшектеу, әрине, Сіздің
императорлық мәртебеңізге өте пайдалы», – деп мәлімдегендігі айтылады [9, 206
б.]. Бұл деректер патша әкімшіліктерінің «бөліп ал да, билей бер» саясатына қол
жеткізуге жоспарлы кіріскендерін дәлелдейді. Бұл – бір. Екіншіден, дәстүрлі қазақ
мемлекеттігін жоюдың түрлі жолдарын қарастырып әкімшілік реформалар енгізді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
176
~
Ізденістер нәтижесінде патша үкіметі хандықты жоюдың өздеріне сөз
келмейтін саяси амалдарына көшкен. Мәселен, 1786 жылдың 3 маусымында
патшайым II Екатеринаға хат жолдап, Нұралы ханды биліктен алыстату үшін,
Ресейге шақыртып алып, сонда оны мәңгіге жібермей ұстап қалу жоспарларын іске
асыруларына рұқсат сұрайды. Патшайым келісімін алған олар, Нұралы ханға
Орынборға нөкерлерімен келуіне арнайы шақырту жібереді. Орынборға келген
Нұралы хан Әбілқайырұлын нөкерлерімен Уфаға аттандырады. Нұралы ханның
Уфада қалдырылуының себебін, патша үкіметінің шенеуніктері хан өмірінің
қауіпсіздігі үшін жасалып жатқандығын тілге тиек еткен. Мұнан кейін
О.А.Игельстром халықтың еркін білдіретін Сырым батырмен ғана байланыс жасап,
сұлтандарды биліктен ығыстыру арқылы сұлтандар мен ру басылары би-батырларды
бір-біріне наразы етіп айдап салу саясатын ұстанады.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік саяси құрылым жүйесіндегі батырлар
институтын патша үкіметі дәстүрлі мемлекеттік билік хандық институтты жоюға
пайдаланудың түрлі жолдарын өздерінше іздестіре бастаған болатын. Оның бір
мысалы, 1787 жылдың 19 қарашасында Кіші жүзде бас старшындық қызметке жеті
адамды бекітеді. Олар – Әлімұлы руынан: Сарытай би, Қаракөбек би Құшайбиұлы
(Қосбайұлы), Мұратбек Айбашұлы. Байұлы руынан: Сырым Датұлы, Қаратау би
Ғұмырыұзақұлы. Жеті рудан: батырлар – Тіленші Бөкенбайұлы, Жанболат
Қарабанұлы [10, с.100]. Бас старшындыққа тағайындалғандардың әрқайсысына
жылына 100 рубль күміс ақша мен жалақы және үш шертпек нандық астық беруге
және Кіші жүздің старшындары мен сұлтандарын бас старшындарға бағынуы туралы
жоғарыдан үкімет бұйрығын түсірді [10, с. 100]. Осы бұйрықпен қатар, Сырым
Датұлы мен Бөкенбай Тіленшіұлына бас старшындық атағымен бірге ұрпақтарына
мұраға кететін тархан атағын беріп, Ресей патшайымының қолы қойылып патша
сарайының мөрі соғылған тархандық грамотаны қоса тапсырады [3, с. 230]. Патша
үкіметі біріншіден, қара халықтың өкілінен шыққан бас старшындар арқылы дәстүрлі
қазақ қоғамының билігіне патша әкімшілігінің тікелей араласуын жүзеге асыруды
көздеді. Екіншіден, билікті бас старшындар қолына беру арқылы «ақсүйек» хан-
сұлтандар билігін шектеу болатын.
Бас старшындарға жүктелген міндеттерінен көретініміз, біріншіден,
старшындар Ордада тәртіп пен тыныштықтың сақталуына жауапты болды.
Екіншіден, бас старшындар генерал-губернатордың, шекаралық экспедицияның
және расправаның жіберген барлық жарлық нұсқауларын орындап отыруға жауапты
етті. Үшіншіден, қарапайым старшындардың қызметтеріне бақылау жасау мен
расправалардың жұмысын қадағалап, бақылауға тиіс болды [3, с. 230]. Сонымен
біріншіден, рубасы билерімен белгілі батырларына бас старшын атағын беру арқылы
қазақ қоғамының дәстүрлі билік өкілдерін патша үкіметіне қызмет етуге тартуды
және жергілікті жердегі патша үкіметінің сенімді шенеуніктеріне айналдыруды
көздеді. Екіншіден, Ордадағы тыныштықты бас сатршындардың бақылауы арқылы
жүзеге асыру болатын. Үшіншіден, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы
наразылық білдіретін белгілі батыр-билерге бас старшын атағын беру арқылы
оларды өз жақтарына тарту үшін мансап атақ дәреже беріп, патша үкіметінің
отарлық саясатының жүзеге асуына қарсылығын болдырмаудың алдын алумен бірге
отарлық сананы сіңіру саясаты жатқан болатын.
Осы кезде патша үкіметінің бас старшындық лауазымнан басқа Сырым
Датұлы мен Тіленші Бөкенбайұлына ұрпағына кететін тархандық атағын берулерінің
саясатына келсек: қазақ қоғамындағы сұлтандар институтының дағдарысын қолдан
жасау мақсатында, өздері ХҮІІІ ғ. 40 жылдарынан бастап дәстүрлі қазақ қоғамына
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
177
~
енгізген тархандар институтын одан әрі дамыта түсті. Бұл-бір. Екінші, тархандардың
әлеуметтік статусын көтеру арқылы ақ сүйек өкілдері сұлтандардың дәрежесін қара
сүйек өкілдері тархандармен теңестіру еді. Үшінші, қазақ қоғамындағы дәстүрлі
хандық биліктің мұрагерлерінің өкілдері сұлтандарға дворянин атағын беру арқылы,
сұлтандар институтын мүлдем жою болатын. Белгілі би-батырларға бас старшындық
мансап және тархандық грамота беріп, жалақы тағайындап патша үкіметіне
қызметке тарта бастады. Патша үкіметінің қазақ қоғамының дәстүрлі әлеметтік
институттар жүйесіне енгізген старшындық және тархандық институттар дәстүрлі
қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік институттарының құрылым жүйесіне Ресей патша
үкіметі тарапынан енгізілген әлеуметтік институттарының бірінші үзбе жүйесі болды.
Қазақ қоғамында старшындар институты өкілдерінің қолдарында рулық ішкі билік
басшылығы болды. Олар ауылдың көшпелі ұжымына басшылық жасады. Себебі, ауыл
адамдарына старшындар жақын болды. Патша үкіметі тархан старшындар қолдауына
хан-сұлтандардың да сүйенуіне мәжбүр болатын саяси билік құрылымын жоспарлы
түрде қолдан жасады.
Мәселен, О.А.Игельстром өзінің ІІ Екатеринаға берген хабарламасында:
Ордада бодандық міндеттерін адал атқаратын күшті адамдарды өз жақтарына тарту
үшін, қаражат беру қажеттігін, сондай-ақ, бұл қойылған бас старшындар өздері
күткен
қызметтерін
көрсетіп
болғанша,
жалования
берілетінін,
ал
бас
старшындардың қызметі қажет болмай қалған күнде олардың қызметінен бас
тартып, қаржыландыруды тоқтататын жоспарын күні бұрын жеткізді [9, с. 98-99].
Губернатор Игельстромның бұл жоспарында тархандар туралы ештеңе
айтылмайды. Осыған қарағанда, патша үкіметі Тіленші Бөкенбайұлы мен Сырым
Датұлына тархандық атақты бас сатаршындық атақпен қоса берулерінің өзіндік
саяси себебі барын аңғарамыз. Сырым мен Тіленші тархандардың тұлғалық
қабылеттері мен халық арасындағы беделдерімен патша үкіметінің ұзақ уақытқа
дейін санасуларына тура келетіндіктерін білгендіктен тархан атағын қоса бергендігі
күмән туғызбайды. Патша үкіметі тархандық грамотаны елдің ең танымал
тұлғаларына беру арқылы ел ішіндегі олардың беделдерін пайдалануды көздеген
[11, 130-135 бб.]. Тархандар тек өздеріне қарасты ауылдарға ғана жауапты
болмады. Мысалы, 1788 жылы Сегізбай тархан Көлбекұлы, Сыпыра Қарабатырұлы,
Көккөз, Тұрымбет билер бастаған ақсақалдар ордадағы барлық мәселеде кеңес
беріп отыратын ақсақалдар билігі кеңесінің алқасын құраған [10, с. 117]. Көзге
түскен тұлғаларды патша үкіметі өздеріне тарта білумен қатар, бұқара халықты да
алдарқатуды назарларында ұстады. Мәселен, 1789 жылы наурыз айында Кіші
жүздегі Жетірулықтарға арнайы патшайым II Екатерина атынан Петербордан алғыс
грамотасын жіберген. Грамотада: «...Жетірулықтар, бодандық адал қызметтеріңіз
және тыныштықты сақтап отырғандарыңыз біздің көңіл бөліп алғысымызды
білдіруімізге лайықты», – делінген [12, с. 132]. Мұнда патша үкіметі біріншіден,
алғыс грамоталары арқылы халықты алдарқатып, отаршылдық саясаттарына қарсы
көтерілістерді болдырмаудың алдын алудағы саяси айлалары болатын Ешіншіден,
патша үкіметінің саясатына наразылығы туған жағдайда жетірудың жұртына деген
«ақ патшаның» алғыс сеніміне лайықты болуға тыныштық сақтауға шақырған
үндеуі, деп білуге болады. Өйткені патша үкіметі Тіленші тархан, Барақ, т.б.
жетірулық батырлардың басшылығымен халық жасағының патша үкіметі
отаршылдық саясатына қарсы көтерілгенін әлі де ұмытпаған болатын [6, с. 272].
Мәселен 1792 жылы Ералы хан жанында тек қана белгілі билерден Сыпыра
тархан, табындар Бармақ, Досы, Барақ, байбақты Рысалы, Қойсары, Ерсары, сұлтан
Жантөре, кете Өтен және табын Жиеншөре болған. Патша әкімшілігі қазақтың игі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
178
~
жақсыларын өзара араздастыру үшін оларға жеке-жеке хат жазып, арнайы молда
жіберіп үгіттеген. Мәселен генерал-губернатор Тілеп Қойбайұлы, Бөдене
Байтілеуұлына, Сыпыра тарханға, Тіленші тархан Бөкенбайұлына, Елекбай
Құдайбергенұлы, Қаракөбек тархан Қосбайұлына, Басықараларға хат жазып патша
рақымын ұсынып, арандатушылықпен айналысқан [4, 170-171 бб.]. Тархандар
патша үкіметінің қулық әрекетін түсінген. Мұндай арандатушылық әрекеттерінен
ештеңе шығара алмағандарымен қоймай, Тіленші тарханның медреседе оқып
жатқан екінші ұлын қыс мезгілінде үйінен оқытуға келіскен молда екеуін
Орынбордан келе жатқан беттерінде полковник шеніндегі Орал атаманы Д.Донсков
себепсіз, үш ай қамақта ұстап барып жіберген. Келеңсіз жағдайларды бастан
кешкен Тіленшінің ұлы ауыр науқасқа шалдығып, үйіне жетіп қайтыс болған.
Мұнымен қоймай, атаман Д.Донсков жіберген әскерлер диқаншы қазақтардың
ауылын тонап, 18 адам ерлер мен әйелдерді өлтіріп, екі адамды өздерімен бірге
күштеп алып кеткен. Олардың дүние мүліктері мен малдарын зорлықпен тартып
әкеткен. Екі қазақ тұтқыны Уральской защитеде қаза болады [10, с. 150-151].
Осындай келеңсіз оқиғалардың арты кісі өліміне апарып соқтырған. Ашынған
Тіленші тархан Шерғазы сұлтанға патшайым атына ашық хат жаздырып 1794
жылдың 4 қаңтарында шағым түсіреді. Онда орыс-казактар мен башқұрт
старшындары тарапынан жасалған жүгенсіздік пен озбыр барымталарын баяндай
отырып, ұрлық пен шекара барымтасын тоқтатуда патша әкімшілігі өзіне бағынышты
халыққа тәртіп берулерін сұрап, 184 адам қол қойған талаптарын тапсырады [10,
с.168]. Қазақ тархандары мен би-батырлары елде тыныштық сақтауда бейбіт
тұрмысты қалайтындарын баяндап жеткізіп, үкіметтен әділдік күтті. Талаптары
орындалмаған соң, қарулы көтеріліске шықты.
Ал 1797 жылы Сырым тархан бастаған Хан Кеңесіне беделді Әлімұлдарынан
Қаракөбек, және Жетірудан Тіленші тархандар бар мыңға жуық би, батырлардың
еріп келуі [7, с. 40.]. Олардың ұлт азаттығы жолындағы күрес мұратына аяғына
дейін адал болып, ынтымақ бірлікті сақтай білгендерін дәлелдей түседі.
Сырым тарханның артында он екі ата Байұлдары тұрса, әлімұлдарының
беделді батыры Қаракөбек пен жетірудың беделді батырлары Барақ, Тіленші т.б.
батырлар өздерінің сарбаздарымен Сырым тарханның туының астына жиналып,
азаттық үшін күресте ерекше қайрат қылды.
Ресей патша отаршыларына қарсы соғысқан, Сырым тархан Датұлының
жорықтас жолдасы Тіленші Бөкенбайұлы 1800 жылы ұлт азаттығы үшін күрестегі
қарулы қанды қақтығыста қаза болады [13, 5 б.].
Сонымен
ойымызды
түйіндей
келе
айтпағымыз,
жалпы
XVIII-XIX
ғасырлардағы қазақ қоғамындағы батырлар институтын тархандар институтына
ауыстыру арқылы батырлар институтының рухтық құндылықтарын жойып, қазақ
батырларының санасына отарлық сананы енгізуді мақсат тұтқан патша үкіметінің
үміті ақталмады. Батырлық рух сақталып, ұрпақтан ұрпақа ұласып сабақтасып
отырды. Бұл- бір;
Екіншіден, ХVIII-ХIX ғғ. батырлық дәстүрді атадан балаға жалғаған Сырым
мен Тіленші батырлардың ұрпақтары – Жоламан Тіленшіұлы мен Жүсіп Сырымұлы
тархандар қолдарына қару алып, азаттық жолындағы күрестің ұрпақтар
сабақтастығын дәстүрге айналдырып, патша үкіметіне қарсы соғыс жариялады [14].
Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы батырбасы Бөкенбай Қарабатырұлының
ұрпақтары әкелі-балалы батыр тархандар ұлт азаттығын мұрат еткен әке жолын
өнеге тұтып, азаттық жолындағы соғыста құрбан болды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
179
~
Үшіншіден, батыр тархандар әулетінің қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі ұрпақ
үшін, жерін халқын сүюде елжандылық пен ұлтжандылық сананы қалыптастыруда
өнеге боларлық тағылымы мол тарихы ғасырдан ғасырға жалғаса береді [15].
Достарыңызбен бөлісу: |