Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет32/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

 
Әдебиеттер тізімі 
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология нагіздері.- Алматы.2005 
2. Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы: Рауан, 1993.-112б. 
3.  Сабирова  Ж.Н.  Мағжан  Жұмабаевтың  психологиялық  көзқарастары.-Атырау, 
2008.-125б. 
Резюме 
В  этой  статье  анализируется  работа  М.Жумабаева  «Педагогика»,  которая 
посвящена  основным  проблемам  общей  психологии,    в  частности  в  ней 
раскрывается  основные  цели  и  задачи  поэтапного  умственного  развития  и  их 
использования его в воспитательном процессе. 
 
Summary 
 In  that  article  are  analysed    the  work    M.  Zhumabayev    «Pedagogics»  where 
dedicated  the  main  problems  of  whole  psychology,  in  particular  its  exposed  the  main 
aims and tasks of stages of intellectual  development and using it in educational process. 
 
 
ӘОК 37.01 (574) 
Г.А. Мұсабекова  
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Арқалық қаласы 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН  ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҰСТАЗДЫҢ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ 
КӘСІБИ – ТҰЛҒАЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫ 
 
Аңдатпа 
              
Автор мақалада қазіргі педагогика ғылымында белсенді зерттелуде болып 
жүрген  мұғалімді компетенттік бағытқа қаруландыру мәселесін қарастырады. Соның 
ішінде  дарынды  балалармен  жұмыс  жасайтын  мұғалімнің  тірек  педагогикалық 
компетенциялары  жиынтығын  сипаттайды.  Дарынды  оқушыларға  қатысты 
мұғалімнің  тәртібі  оқу  үдерісі  мен  атқаратын  қызметі  аясындағы  талаптарды 
анықтайды. 
Негізгі сөздержеке тұлға, компетенттік бағыт, дүниетанымдық, құндылық кәсіби 
білікті, кәсіби ұстаным, дарындылық, құзырлық. 
 
Ұстаздың  жеке  тұлға  ретіндегі  қасиеттері  –  кез-келген  оқу  үдерісінің  басты 
әрі  жетекші  факторы,  аталған  белгінің  дарынды  балалармен  жұмыс  істейтін 
мұғалімге  де  тікелей  қатысы  бар.  Ұстаздық  қызмет  тиімділігінің  негізіне  оның 
дүниетанымдық  көзқарастары  мен  наным-сенімінің  жүйесі  қаланған,  бұл  жүйеге 
басқа  адамдарға  қатысты  көзқарасы,  алға  қойған  мақсаттары  мен  міндеттері,  өз 
бетінше  дұрыс  шешім  қабылдауы  жатады  [1].  Осы  белгілердің  өзгелермен  қарым-
қатынас барысында айқын байқалатынын атап өткеніміз жөн.  
Осы  орайда  қазіргі  педагогика  ғылымында  белсенді  зерттелуде  болып 
жүрген  мәселе  -  мұғалімді  компетенттік  бағытқа  қаруландыру  мәселесі  [2,  290]. 
Еліміздің  білім  беру  саласында  педагогтардың  біліктіліктерін  арттыру  мақсатымен 
жаңашыл түрде ұйымдастырылған ұлттық орталықтар ашылып жатыр. Біз дарынды 
балалармен  жұмыс  жасайтын  мұғалімнің  тірек  педагогикалық  компетенциялары 
жиынтығын былай сипаттаймыз: 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

277
 ~ 
 
-құндылық-мағыналы  компетенттігі  (дүниетанымы,  құндылық  бағдары, 
қоршаған  органы  түсінуі,  шешімдерді  іріктеп  таңдап  алуы,  өз  кәсіби  және  өмірлік 
бағытын  құруы,субъект  -  субъектілік  өзара  қатынас  орнатуы,  өз  шығармашылық 
деңгейін қамтамасыз етуі); 
-әлеуметтік-ұйымдастырушылық 
компетенттігі 
(адамның 
азаматтық-
қоғамдық  қызмет  тәжірибесі,  кәсіби  жағынан  өз-өзіне  канағаттануы,  әдептілігі, 
инновациялық ойлау қабілеттілігі, кәсіби дайындылығы, эмоциялық тұрақтылығы); 
-пәндік компетенттігі (функционалдық сауаттылығы, таным ақпараттарға ие 
болу, стандарттық шешімдерді қабылдау, зерттеу міндеттерді қоя білу); 

қарым-қатынас  жасау  компетенттігі  (адамдармен  өзара  қатынас 
орната білу, ұжым және топпен жұмыс істеуі, педагогикалык қарым-қатынас жасау 
техникасы, диалог кұра білуі, басқа адамдарды түсінуі); 
-  ақпараттық-зерттеушілік  компетенттігі  (  қазіргі  білім  беру  жүйесінің  тұтас 
ақпараттық  ортасын  жетік  түсінуі,  ақпараттық  сауаттылығы,  ақпараттық 
технологиялардың мүмкіншілігін білуі және қолдануы, ақпаратты өңдеу амалдарын 
білуі, ақпараттық ізденіс жасау тәсілдерімен таныс болуы); 
- жалпы мәдениеттілік компетенттігі (өмір сүру стилі, қарым-қатынас стилі,өнерлігі, 
мінез-құлқы, өз-өзін мәдениетті білімді адам есебінде қамтамасыз етуі); 
-  өз-өзінтану  компетенттігі  (  дене,  рухани  және  интеллектуалдық  өздігінен  дамуы. 
үздіксіз  дамуы,  өз-өзін талдауы, исихологиялық  сауаттылыгы,  кәсіби  ойлауы, тұтас 
көзқарасы, рациональдық - логикалық ой-пікірі, педагогикалық кызметін болжауы); 
-  кәсіби-манызды  қасиеттерінің  жиынтығы  (шығармашылық  ойлауы,  интуиция 
белгісі,  көркемдік  сезімдері,  өнерлік  шеберлік,  вербальды  қатынас,  есте  сактау 
қабілеттілігі) [3]. 
Бүгінгі  таңда  дарынды  балаларды  оқытуда  өзекті  мәселелердің  бірі 
жекелеген бағдарламалар  бойынша  оқыту  болып  табылады.  Осыған  орай  дарынды 
балалармен  жұмыс  істейтін  мұғалімдердің  арнайы  дайындықтан  өту  қажеттілігі 
туындап  отыр.  Ой  -  өрісі  жоғарғы  деңгейге  ие  шәкірт  ең  алдымен  «өз»  ұстазына 
зәру болатыны, әрине заңды құбылыс.  
Даярлығы  төмен  мұғалімдер  дарынды  балаларды  оқушылардың  арасынан 
бірден  ажыратып  тани  алмайды,  олардың  ерекшеліктерін  ескермей,  мәселелеріне 
немқұрайлы қарайды. Кей жағдайда даярлығы төмен мұғалімдер айрықша қабілетті 
балаға  дұшпанша  қарап,  оларға  берілетін  тапсырмалардың  сапалық  деңгейін 
көтерудің орнына санын көбейтумен ғана шектеледі.  
Бірқатар  зерттеуші  ғалымдардың  пікіріне  сүйенсек,  сыныптағы  дарынды 
оқушыларға  қатысты  мұғалімнің  тәртібі оқу үдерісі мен атқаратын  қызметі  аясында 
төмендегі талаптарға сай болуы қажет: 
- ол дарынды балаға лайықталған жекелеген икемді бағдарлама құрастырады; 
-  сыныпта жайлы және жағымды ахуал қалыптастырады; 
-  оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді; 
-  білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолданады; 
-  тұлғаға құрметпен қарайды; 
-  оқушының өзін өзі оң бағалауына ықпал жасайды; 
-  баланың шығармашылық ізденісін құптап, мадақтап отырады; 
-  оқушының ойлау қабілетінің ілгерілеуін ынталандырады; 
- баланың бойындағы жеке қабілетін атап көрсетіп, лайықты бағасын береді. 
Әрине,  аталған    құзырлықтары  дамыған  дарынды  балалардың  алдындағы 
беделді  ұстаз,  ол  -  өз  пәнін  жетік  меңгерген  және  оған  жан-тәнімен  берілген 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

278
 ~ 
 
мұғалім.  Сонымен  қатар  оның  бойынан  кез-келген  дарынды  оқушымен  тіл  табыса 
алуға қажетті қасиеттері табылуы шарт.  
Ұстаздың кәсіби-тұлғалық даярлығын жетілдіруге көмек көрсететін үш тәсілді 
ұсынуды жөн санадық: 
-  тренингтер көмегімен өзін өзі тануға, басқаларды тануға қол жеткізу; 
-  дарындылықтың  қалыптасуы,  дамуы  және  түрлі  ерекшеліктері  туралы 
ақпарат беру; 
-  оқу  үдерісі  нәтижесінің  тиімділігіне  қол  жеткізуге  бағытталған  жекелеген 
бағдарлама құрастыру. 
Дарынды  балалармен  жұмыс  істеу  үшін  арнайы  даярлықтан  өткен 
мұғалімдер  мен  жай  мұғалімдердің  әдістемелік  техникасы  шамамен  біртектес  деп 
айтуға  болады.  Көзге  ұрып  тұрған  айырмашылық  белсенділікті  арттыру  түрлеріне 
бөлінетін уақытты әр басқа реттеуге байланысты болып отыр. Дарынды балалармен 
жұмыс істейтін ұстаздар азырақ сөйлейді, азырақ ақпарат береді, қиын сұрақтардың 
жауабын  табуды,  күрделі  есептерді  шешуді  оқушыға  жүктейді.  Олар  көбірек  сұрақ 
қойып, азырақ түсіндіреді. Сұрақты қою техникасына қатысты өзгешеліктер де анық 
байқалады. Дарынды  оқушылардың  мұғалімдері  көбінесе  ашық  сұрақтар  қояды  да, 
оларды талқылауға көмектеседі, сөйтіп қосымша жауап іздестіруді талап етеді.  
Ұстаздардың  көпшілігі  сынып  оқушылары  берген  әр  жауапты  жан-жақты 
талдауға  тырысады,  ал  дарынды  балалардың  мұғалімі  көп  жағдайда  өздерін 
психотерапевт  ретінде  ұстап,  әрбір  айтылған  сөзге  назар  аудара  бермейді. 
Оқушының жауабын мұқият әрі зор қызығушылықпен көңіл қойып тыңдайды, алайда 
жауапты  қабылдағанына  қарамастан,  оны  талдамайды  және  қорытынды  бағасын 
шығармайды.  Мұндай  тәсіл  оқушылардың  өзара  іс-әрекетін  арттырып,  мұғалімге 
тәуелді болмауын қамтамасыз етеді.  
Сонымен,  дарынды  балалармен  жұмыс  істегенде,  ең  алдымен,  педагогтың 
кәсіби - тұлғалық біліктілігі бірінші кезекте тұрады.  
Дарынды  балалармен жұмыс  істеу  мақсатында  ұстаздың  кәсіби  біліктілігінің 
тірек көрсеткіштері төмендегідей болу керек деп ойлаймыз: 
-  педагогтың  жалпы  кәсіби  даярлығы  –  пән  бойынша  білімі,  психологиялық 
және педагогикалық білімі, әдістемелік білімі, әдеттері және дағдылары; 
-   педагогтың негізгі кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттері. 
Дарынды  балалармен  жұмыс  істейтін  ұстаздың  кәсіби  біліктілігінің  арнайы 
құрамдас бөлігі: 
а) 
психологиялық-педагогикалық 
білімі, 
дағдылары 
дарындылықтың 
психологиясы  мен  педагогикасын  белсенді  меңгеруінің  нәтижесі  болып  табылады 
(дарындылық,  оның  түрлері  туралы  білімі,  психологиялық  негіздері  туралы  білімі; 
көрсеткіштері  мен  қағидаларын  анықтауы;  дарынды  балалардың  психологиялық 
ерекшеліктерін,  жас  ерекшеліктеріне  сай  жеке  басының  дамуы  туралы  білуі; 
дарынды  балалармен  жұмыс  істейтін  маманның  кәсіби  біліктілігінің  ерекшеліктері 
туралы  білімі;  дарынды  балалармен  жұмыс  істеу  бағыттары  мен  нысандары 
жөніндегі  білімі;  дарындылықты  анықтау  әдістерін құрастырып,  оларды  тәжірибеде 
қолдануы;  оқушы  дарындылығының  түрлері  мен  белгілерін  ескеруі;  олардың  саны 
мен оқыту жағдайларын ескеруі; дарынды балаларға, олардың ата-аналарына, өзге 
де отбасы мүшелеріне психологиялық және педагогикалық кеңес беру мүмкіншілігі);  
ә) кәсіби-тұлғалық ұстанымы төмендегі міндеттерді орындауға жол ашады: 
-  дарынды  балаларды  оқытудың  дәстүрлі  тәсілін  жүзеге  асыру  ғана  емес, 
дарындылық белсенділігін әрі қарай дамыту; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

279
 ~ 
 
-  оқу  үдерісін  басқару  мен  бақылау  ғана  емес,  оқушыларға  білім  алу 
еркіндігін беру; 
б)    педагогтың  кәсіби  маңызы  бар  тұлғалық  қасиеті:  танымдық  және  ішкі 
кәсіби ынтасын жоғары деңгейде жеткізуі; бақылаудың ішкі мазмұнын ашуы, өзін өзі 
әділ бағалауы; жеке тұлға ретінде ұдайы дамуға ұмтылуы және т.б. Атап көрсетілген 
қасиеттер жүйелі түрде іске қосылады да, «оқушы үшін өмір сүргісі келетін» тамаша 
педагогты қалыптастырады.  
Ұстаздың дарынды оқушылармен табысты жұмыс істеу шарттары мыналар: 
1. Ұстаздар ұжымының әр мүшесі осы жұмыстың маңыздылығын түсінуі және 
осыған  орай  оқушылардың  білім  алуына оң  көзқарас  қалыптастыру мәселесіне  жіті 
көңіл бөлуі. 
2.  Дарынды  оқушылармен  жұмыс  істеудің  әдістемелік  жүйесі  мен  пәндік 
жүйесін құруы және үнемі жетілдіріп отыруы. 
3.    Мектеп  басшылығы  мен  ұжымның  дарынды  балалармен  жұмыс  істеу 
жүйесінің іске асырылуын басым бағыт екенін мойындауы. 
4. Дарынды балалармен жұмыс істеуге бірінші кезекте мына қасиеттерге ие  
мұғалімдерді тарту: 
-  дарынды  балалардың  тәлімгері  оқушы  үшін  сынды  көтере  алатын,  өзімен 
салыстырғанда  білімді,  қабілетті  мамандармен  бірлесе  қызмет  атқарудан 
жүрексінбейтін  тұлға.  Мұғалімнің  дарынды  балалармен  жұмыс  істеуі  олардың 
қабілетін дамытуға бағытталып, көмек беріп, қолдау көрсетумен сипатталады; 
-  мұғалім  өз  біліктілігіне  және  туындайтын  мәселелерді  шеше  алатынына 
сенеді.  Ол  қабылдаған  шешімдері  үшін  жауап  беруге  әзір,  сонымен  қатар  өзін 
сенімді адам ретінде сезінеді, тартымды табысты екеніне көз жеткізеді; 
-  маңайындағы  адамдарды    мәселелерін  өз  бетінше  шешуге  қабілетті  деп 
санайды,  олардың  ізгі  ниетіне  сенім  білдіреді,  олардың  бойында  құрметтеуге, 
бағалауға, қорғауға лайық адалдық бар деп есептейді; 
-  мұғалім  ой-өрісін  жетілдіруге  ұмтылады,  білімін  толықтыру  үшін  шын 
ниетімен құлшына жұмыс істейді, басқалардан үйренуге дайын, білімін жетілдірумен 
айналысады, өз бетінше ізденеді.  
5.  Дарынды  балалардың  оқуын  және  психологиялық  жүктемесін  жеңілдету 
мақсатында оқу – тәрбие үдерісін жетілдіруге қатысты үнемі жұмыс істейді.  
Балалардың  дарындылығы  ең  алдымен  қызметтегі  атаулы  жетістік 
нәтижелері  мен  күш  -  қуат  негізіндегі,  жоғары  психофизикалық  белсенділігі  мен 
мақсаткерлігін  жүзеге  асырушы  ретіндегі  интегралдық  тұлғалық  сиппата  түсіну 
керек  .Осындай  түсінік  заманауи  психологиялық  және  педагогикалық  дарындылық 
теориясында  басым  пікір  болып  табылады.(Дж.Рензулли,А  .Маслоу,  С  Рубинштейн, 
Н.Лейтес,  А.  Матюшкин  және  т.б.)  Ал  тәжірибеде  осындай  санаттағы  дарынды 
балалардың  әлеуетін  ашу  үшін,  ең  алдымен  олардың  шығармашылық  шешімдерін 
қолдап,  талап  ете  білетін,  құзыретті,  білікті  мұғалімдер  қажет  деген  ой 
туындайды.Мұғалімдердің  әрдайым  және  әркез тек  инновациялық  белсенділігі  ғана 
кажет емес қой. 
  Қорыта 
айтқанда, 
дарынды 
балалармен 
жұмыстың 
мағынасы  мен  мәні  күннен-күнге  ұстаздар  тарапынан  жоғарыда  айтылған  тірек 
педагогикалық компетенциялары мен үлкен жауапкершілікті талап етеді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Артюшина  Н.  Организация  работы  по  развитию  одаренности  в  школе 
повышенного уровня обучения // Одаренный ребенок. – 2008.- № 6. - С.50-53 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

280
 ~ 
 
2.  Гостев  А.  Инновационная  образовательно-профессиональная  среда  как  фактор 
внедрения современных технологий обучения. - Екатеринбург, 2008. – 290 с. 
3. Зимняя И. Ключевые компетенции – новая парадигма результатов образования // 
Высшее образование сегодня. – 2003. - № 5. – С.34-42 
4.  Қазақстандағы  дарындылық  мәселесіне  қатысты  инновациялық  – педагогикалық 
іс-әрекет // Редакциясын басқарғандар А.Самұратова, Б.Сатова. – Астана, 2003. 
5. 
Қазақстан 
Республикасының 
үздіксіз 
педагогикалық 
білім 
беру 
Тұжырымдамасындағы жаңа формация педагогы. - Астана, 2006. 
6.  Новиков  А.  Интеграция  базового  профессионального  образования                // 
Педагогика. – 1996. - № 3. – С.3-10 
7.  Республикалық  тұжырымдама:  Қазақстандағы  дарынды  балаларды  анықтау.  - 
Алматы, 1996. 
 
Резюме 
 
Автор  в  статье  рассматривает  одну  из  актуальных  проблем  современной 
педагогической  мысли  –  вооружение  учителя,  работающего  с  одаренными  детьми, 
определенными  компетенциями.  Выделены  базовые  компетенции,  определены 
требования к позиции и деятельности учителя с одаренными детьми. 
 
Summary 
 The  author  considers  one  of  the  most  urgent  problems  of  modern  educational 
thought  –  arming  of  teachers  working  with  gifted  children,  certain  competences. 
Identified  basic  competencies,  define  requirements  for  the  position  and  activities  of 
teachers with gifted children.  
 
 
УДК 796.012.572 
С.С. Жубанов, Ғ.Т. Салменова  
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемелекеттік университеті 
 
ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ  МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
          
Спорт – салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесіндегі маңызды құрал, бос 
уақыт пен  демалысты  ұйымдастыру,  физикалық және  рухани  күштерді  дамыту  мен 
қайта қалпына келтіру. 
          Негізгі сөздер: ұлттық спорт, тарихы, көкпар тарту, аударыспақ. 
 
Мемлекетіміздің  бәсекеге  қабілеттілігіне  қол  жеткізуде  біздің  спортшыларға 
айрықша  көңіл  бөлінуде.  Қазақстанның  үлкен  мүмкіндіктерге  ие  ел  ретінде 
мойындалуы  спортшыларымыздың  халықаралық  аренадағы  жоғары  нәтижелерімен 
де тығыз байланысты. 
-  Тәуелсіздік  жылдары  ішінде  еліміздің  туризм  және  спорт  саласында  кәдімгідей 
өрлеу  байқалады.  Біздің  бұл  салалардағы  соңғы  кездері  қол  жеткізген 
жетістіктеріміз    айқын  дәлел.  Ендігі  жерде  еліміз  бәсекеге  барынша  қабілетті  50 
елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Бұл міндеттің орындалуында 
Мемлекет  басшысының  бастамасымен  құрылған  біздің  спорт  және  туризм 
министірлігі  де      маңызды  рөл  атқарады.  Елбасы  министрліктің  алдына  туризмнің 
инфрақұрылымын  құру  және  спортты  дамыту  бойынша  кең  ауқымды  шараларды 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

281
 ~ 
 
жүзеге асыруды қамтамасыз етуде маңызды міндет қойып отыр. Президент жүргізіп 
жатқан  тиімді  сыртқы  саясаттың  арқасында  «Қазақстан»  атты  брэнд  бүкіл  әлемге 
таныла бастады. Еліміздің көптеген ықпалдастық бастамалары Қазақстанды әлемдік 
қауымдастықтың  мойындауына  мүмкіндік  ашты.  Біздің  мемлекеттегі  саяси  және 
экономикалық тұрақтылық қазақстандық туризмнің және ұлттық спорттың орнықты 
дамуының негізгі кілті болып табылады. Қазіргі таңда елбасы Қазақстан спортының 
дамуы  үшін  үкіметтің  алдағы  бес  жылдың  ішінде  республика  бойынша 
инфрақұрылымы нысандарының құрылысын салу бойынша кең ауқымды шараларды 
жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндет қойып отыр.  
      Біздің елімізде  дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысуға 
тарту үшін ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Спорт және 
дене  тәрбиесі  жөніндегі  агенттіктің  мәліметі  бойынша  Республикада  ұлттық  спорт 
түрлерімен  208  мыңға  жуық  адам  айналысады. Қазақстанда  ұлттық  спорт  түрлерін 
дамытуға  27  млн.теңге  бөлінді.  2011жылмен  салыстырғанда  ұлттық  спортты 
дамытуға  бөлініп  отырған  қаражат  3  млн.теңгеге  өскен.Қазіргі  таңда  20  дан  астам 
спорт  түрлерінен  357  ұлттық  спорт  бөлімдері  жұмыс  жасауда.  Осы  бөлімдерде 
республика  бойынша  1049  жаттықтырушы  еңбек  етуде.  Ұлттық  спорт  түрлерін 
танымал  ету  мақсатында  елімізде  жыл  сайын  100-ден  астам  жарыстар 
ұйымдастырылады.  Солардың  ішінде  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  спорт 
түрлерінен  III-фестивалін  ұйымдастырып  өткізу  үшін  18  млн.теңге  бөлініп  отыр. 
Көкпардан,  тоғызқұмалақ  пен  аударыспақтан,  сонымен  қатар,  ат  спортының 
түрлерінен  республика  чемпионаттары  тұрақты  түрде  өткізіліп  тұрады.  Алматыда 
қаласында  қазақша  күрестен  әлем  чемпионаты  өтті,  оған  әлемнің  қырық  елінен 
өкілдер  қатысты. Қазақстан  Үкіметі  болашақта  да  ұлттық  спорт түрлерін  дамытуға, 
олар  бойынша  жарыстар  ұйымдастырып  отыруға  айрықша  көңіл  бөледі  деп 
ойлаймыз.    Ұлттық  спорт  түрлерін  дамытуға  Республика  бойынша  бөлінген  жалпы 
қаржы  көлемі  2011  жылы  1,2  млрд.теңге  болса,  ағымдағы  жылы  1,3  млрд.теңгені 
құрады. 
         Қазақ  халқының  ұлттық  спортының    дамуы мен  қалыптасуына  көз  жүгіртетін 
болсақ  «қазақ  он  үш  жасында  отау  иесі»  деген  әлеуметтендірушілік  нормалары 
ұрпақтарымыздың  тәні  мен  рухының  ерте  жетілуінің  дәйектемесін  айғақтайды. 
Сонымен  қатар  қоғамдағы  әлеуметтік  статус  иелері  де  ортақ  жауапкершіліктерге 
мойынсұнған.  Мәселен,  жаугершілік  замандағы  хандар  мен  бектердің  ұрысқа 
аттануы, жол бастауы мен тікелей жекпе-жек сайыстар сахнасына шығарылуы т.б. 
Халқымыздағы  тұрмыс-тіршіліктің  модустары:  олардың  дене  қимылының 
тездігі  мен  шапшаңдығы,  төзімділігі  мен  батылдығы  т.б.  спортқа  қажетті 
қозғалғыштықты (динамизмді) ерікті-еріксіз түрде қалыптастырғандығын атап өтуге 
болады.    
Осындай  дене  қимылы  мен  жігерлі  рухтың  қалыптасуын  зерделеуші 
ғалымдарымыз атап өткендей, қазақ халқы аң аулау кезінде оларды бір орталыққа 
қарай топтастырып, орап қоршай отыра, «ора», «ора» деп айқайлап, содан орысша 
«ура»  деген  ұран  пайда  болған. 
(Темирханов.Д.  Кочевое  общество:  генезис, 
развитие,  упадок.-Алматы:  Наука,  1984.-153  с).    Немесе  ұлттық  дүниетанымды 
зерделеуші Әуезхан Қодардың: «...Сондықтан көшпелінің өмірі тек күрестен тұрады. 
Ал ол күресте жеңілмеу үшін «отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын» қайсар 
өжет,  айлакер,  көреген  тұлғаларды  қалыптастыруына  тура  келді»,-деп  анықтаған 
тұжырымдары  да  осының  айғағы   
(Қодар  Ә.  Қанағат  қағанаты:  Өлеңдер  мен 
ойтолғаулар жинағы. Алматы: Шабыт, 1994.-111 бет (б.58).  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

282
 ~ 
 
 Халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі осы қозғалғыштық (динамизм) пен қуатылықты 
номадолог  ғалымдарымыз  да  атап  өтеді:  «Көшпелінің  рухы  таза,  аңғал,  жауынгер, 
өзгермелі жағдайға бейім, ұдайы қозғалысты сүйетін болғандықтан оның рухындағы 
осы қасиеттер арқылы көшпелі мәдениетке, қауымға өте күшті динамизм дарыған»  
Спорт  өнерінің  де  негізгі  бастауларын  этнодәстүрлермен  салыстырып 
көрсету  орынды деп айта аламыз.  
Ұлттық дүниетанымды зерделеуші ғалым О.Аманғалиев атап өткендей, футбол 
–  көкпар,  биллярд  –  асық  ойынына  ұқсастырылып  көшірілген  (проекцияланған).  
«Көкпар»  сөзінің  шығу  төркіні  –  «көк  бөрі».  Даладағы  қасқырлардың  лақ,  қозы 
тәрізді жемтікке таласы «табиғи хайуанаттардың» шынайы ойын алаңы. Сәйкесінше 
түркілік  көкпар  ойыны  да  осы  бейнені  бақылап,  оны  өзіне  көшіруден  туындаған 
деген жоба ұсынылады.  
Ал  спорт  мәселесімен  айналысушы  Төтенайдың  Базарбегінің  айтуынша  
«Жаяу көкпар» деген ұлттық ойынның мазмұнында межеге жеткізген топ жеңімпаз 
болып  шығады. 
(Төтенайдың  Базарбегі.  Бастауыш  мектептегі  дене  тәрбиесі 
(Мұғалімдерге арналған көмекші құрал).-Алматы: Рауан, 1994.-63 бет (б.39)).Ол әрі 
қарай «Түйілген орамал» атты ойынды сараптай келе: «..Бұл ойын қазіргі баскетбол 
ойынына  ұқсас...Осы  кезде  ойнаушылар  жан-жаққа  бытырап  кетеді.  Ал  ойын 
жүргізуші  қолында  түйілген  орамалы  бар  ойыншыны  қуалайды.  Ол  ойыншы  ойын 
жүргізуші  жете  бергенде,  қолындағы  орамалды  басқа  ойыншыға  лақтырады, 
орамалды қағып алған ойыншы орамалды екінші балаға лақтырады...» 
(Төтенайдың 
Базарбегі.  Бастауыш  мектептегі  дене  тәрбиесі  (Мұғалімдерге  арналған  көмекші 
құрал).-Алматы:  Рауан,  1994.-63  бет  (б.43)),-деп  қазіргі  спортқа  қатысты  тарихи-
аналогиялық оңтайлы идея ұсынады. 
Яғни,  қазіргі  ат  спорттарының  түрлері  қазақ  халқының  байырғы  заманнан 
бергі  сақталып  келе  жатқан  тіршілік  ету  дәстүрлері  мен  тұрмысындағы  сәт  сайын 
қайталанатын  тұрмыс  қалпы  болып  табылады.  Бірақ  алғашында  олар  өмірмәнділік 
талаптар  мен  ғұмыр  кешу  қағидаларынан  пайда  болған.  Мәселен,  ат  жарыс  елге 
қуанышты  хабарды  алғаш  болып  жеткізу  үшін  жарыса  түскен  бірнеше 
шабармандардың  бір  бағытқа  ұмтылуынан  туған  болуы  ықтимал,  сәйкесінше, 
қайғылы хабар мен жаудың нышанын сездіру үшін асыққан топтар да болуы мүмкін. 
Ал  ат  шабыс  спортында  бұлардың  өмірмәнділік  мағынасы  түсіріліп,  формасы  ғана 
сақталып, ойын түріне тасымалданған.  
Ал  «қыз  қуу»  спортының  генезисі  байырғы  жаугершілік  замандағы  жаудың 
аруларының  қолға  түскісі  келмей,  қашуы  мен  оны  қуып  жету  мақсатындағы  қос 
бәсекеден туған болуы ықтимал. Бірақ жаудың қызын қуу процесінде де, «қыз қуу» 
ойынында да өмірмәнділік астар, яғни, жұптарымен табысу болып табылатын ортақ 
мотив жұмылдырылған.  
Сонымен  қатар  «аударыспақ»  деп  аталатын  ат  спортының түрі жаугершілік 
замандағы шынайы күрескерліктен тура сәйкестендіріліп алынған. Осы тұжырымдар 
спорттың  тарихи  негіздерінің  ұлттық  ойындарға  қарай  ойыса  түсетіндігін 
айғақтайды. Шындығында, қазақ халқының ұлттық ойындары қазіргі заманғы спорт 
қызметін атқарған, әрі өмірмәнділік талаптардан туындаған.  Яғни, ұлттық спорттық 
ойындар  мен  қазіргі  дене  тәрбиесі  көбіне  тура  сәйкестенетін  шарттардан 
құралатындығы  шындық.  Сондықтан  кейбір  педагог  ғалымдарымыз  ұлттық 
ойындарды  дене  тәрбиесіне  орайластырып  пайдалануды  да  арнайы  мақсат  етеді 
(Сағындықов  Е.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  мұғалімдеріне  арналған 
әдістемелік құрал.-Алматы; Рауан, 1993.-76 бет (б.30-51))  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

283
 ~ 
 
Дегенмен,  бұл  модернизацияланған  көріністің  тарихи-обьективті  себептері 
байырғы  заманнан-ақ  қалыптасқан  үрдіс.  Қазақ  халқы  ресми  емес  түрде  болсын,  
ұрпақтарының  тәнінің  шынығуына  аса  маңыз  беріп,  осындай  спорттық  ойындарға 
айрықша мән берген. Бұл ұрпақтарға арналған ойындармен қоса оның ересектерге 
арналған түрлері де тұтас ұлттық спорт құрылымының негіздерін құрағаны шындық. 
Мәселен, жанұялық-сүйіспеншілік қатынастарға құрылған ұлттық спорттық ойындар: 
қыз  қуу,  алтыбақан,  ақсүйек  т.б.  өмірмәнділік  талаптардан,  әлеуметтік  нормалар 
мен шарттардан, ұлттық дүниетанымға сәйкес  ділден тұратын «шынайы ойын» мен 
«спорттық ойынның» бірлігінен құралады.  Оларда таңдалған жұптардың рухани ой-
өрісімен  қатар,  физиологиялық  жетілгендігі  мен  тәндік  икемділігі  де  қатаң 
сыналады.  Тән  жетілгендік  кейде  бастапқы  орынға  да  шығарылған,  нәтижесі  – 
өмірлік жұбын таңдау алаңында жеңіп шығумен тәмамдалған. Яғни, спорттық жетілу 
мен  қозғалғыштық  та  басты  өмірмәнділік  талапқа  айналған.  Себебі,  тәндік  жетілу 
түркі  халықтарының  жаугершілік  дәстүріндегі  басты  норма,  адам  ресурсын 
дайындайтын 
түркі 
даласы 
өнімінің 
сапасы, 
байырғы 
қазақ 
азаматын 
қалыптастырудың басты шарты ретінде бағамдалады.  
Ұлттық  ойындардың  тәрбиелі  қырларына  аса  мән  берген  ойшылдарымыз 
оны  шартты  түрде  үш  түрге  бөледі:  Ойын-сауық,  тұрмыс-салт  ойындары  («тоғыз 
аяқ,  тоғыз  табақ»,  «тоқым  қағар»,  «бастаңғы»,  «шалма»,  «сиқырлы  таяқ», 
«алтыбақан»);  Дене  шынықтыру,  спорт  ойындары  («ақ  серек,  көк  серек», 
«айгөлек»,  «соқыр  теке»,  «жаяу  жарыс»,  «арқан  тарту»,  «теңге  ілу»,  «қазақша 
күрес»,  «арқан  тартыс»,  «бәйге»,  «қыз  қуу»);  Оймен  байланысты  ойындар 
(«дойбы», 
«тоғызқұмалақ», 
«санамақ») 
(Джанабаева 
Р.А. 
Қазақ 
халық 
педагогикасындағы 
патриоттық-ерлік 
тәрбиесінің 
ғылыми 
негіздері. 
Пед. 
Ғыл.док.дисс.автореф.  ҚР,  Алматы,  2006.-42  бет  (б.25)).  Сондай-ақ  оны:  еңбек 
тұрмыстық  ойындар,  дене  шынықтыру  туристік  спорт  ойындары,  ойлану  арқылы 
орындалатын ойындар деп те бөліп қарастырған зертеушілеріміз: «ұлттық ойындар 
дегеніміз – әрбір ұлттың алдыңғы аға ұрпақтарынан кейінгі жас ұрпақтарға жеткен 
ақыл-ойының,  іс-әрекеттерінің,  қоғамдық  санасының,  әлеуметтік  өмір  сүру 
тәжірибесінің  тәрбиелік  мәні  бар  құралдары,  -  деп  анықтасақ,  ал  ойын  деп 
отырғанымыз  –  адамзаттың  дене,  ой,  ес,  қиялын  шынықтырып  жаттықтырушы, 
арман-мұраттарын  қанағаттандырушы  өмір  серігі» 
(Омаров  Қ.М.  Оқушылардың 
туристік 
іс-әрекеттерінде 
қазақ 
ұлттық 
ойындарын 
пайдалану. 
Пед.ғыл.канд.дисс.автореф.  ҚР,  Алматы,  2005.-24  бет  (б.  12,18)),-деп  анықтама 
береді. 
Демек, бұндай дефинициялар ұлттық ойындардың спорттық сипатын ашатын 
болса,  сәйкесінше,  спорттың  ұлттық  ойындар  арқылы  бағамдалатын  этникалық 
қырын дәйектеуге болады.  
Спортшы  белгілі  бір  этнос  субьектісі.  Яғни,      кез-келген  спорт  аренасындағы 
спортшы  тұлға  –  белгілі  бір  ұлттық  биологиялық-физиологиялық  шарттары  бар 
немесе  мемлекеттік  қоғамның  жалқы  өкілі.  Ол,  әсіресе,  ұлттық  мемлекеттердің 
саяси-әлеуметтік  даму  бағдарларынан,  рухани-мәдени  өрлеу  дәстүрлерінен  айқын 
көрініс  табады.  Мәселен,  әлемдік  аренадағы  спортшы  жеңісі  жеке  «Менге»  ғана 
қатысты  емес,  ол  тұтас  ұлт  пен  мемлекеттің  ішкі  рухани-рухтық  қуат  көздерінің 
ашылуының,  әлемге  әйгілеуінің  көпқырлы  тұтастығының  айқын  компоненті  болып 
табылады.  Мәселен,  қазақ  спортшыларының  әлемге  танылған  бокс,  күрес  тәрізді 
спорт  түрлері  –  тарихи-мәдени  алғышарттары  бұрыннан-ақ  қалыптасқан 
этнодәстүрлердің  заңды жалғастығы.  Сондықтан ол  спортшы  өзінің   мүддесін     ұлт 
мүддесіне көшіреді. Сәйкесінше, ұлттық рух жеке тұлғаға психологиялық энергиялық 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

284
 ~ 
 
қуат көздерін тасымалдайды. Сондықтан спортшы – тек этнос субьектісі ғана емес, 
тұтас ұлттық намыс пен ұлттық рухтың ерікті-еріксіз түрде жауапкершілігін жүктеген 
жалқы өкілі.  
Ұлттық  спорт мәселесіне  қатысты  қыры  сәйкесінше,  спорттағы  ұлттық  идея 
көрінісі  мен  спорттың  ұлттық  идеяны  қалыптастырушылық  қызметіне  қарай 
ойысады.  Демек,  біз  ұлттық  идеяның  спортқа  қатынасы  мен  оны  қалыптастыру 
тетіктерін, байыптап алуымыз қажет. Ол үшін алдымен ұлттық идея түсінігін спортқа 
қатысты негізде ашып көрсетуді қолға аламыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет