Первый пленум Казахстанского отраслевого профсоюза энергетиков в новом об�единенном составе состоялся на прошлой неделе



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі15,44 Mb.
#6056
1   2   3   4

Жанәлі КӨБЕЕВ,

«Ауыл шаруашылығы 

қызметкерлерінің салалық 

кәсіптік одағы» қоғамдық 

бірлестігі Жамбыл облысы 

филиалының төрағасы

Меркі, Жамбыл, Жуалы, Қордай 

аудандарында жақсы жұмыс 

істеуде. Тек Тұрар Рысқұлов ау-

данында ғана жұмыс аяқтан ақсап 

тұр. Құрамымызға аудандар дағы 

ветеринарлық-коммуналдық мем-

лекеттік кәсіпорындардың барлығы 

дерлік кірді. Жалпы, еліміз бойынша 

республикалық орталық комитеттің 

құрамына әзірге тек 5 облыс қана еніп 

отыр. Біз солардың қатарындамыз.

Біз үшін басты міндеттердің 

бірі – кәсіподақ мүшелерінің 

құқығын қорғау. Осыған байланыс-

ты ағымдағы жылы Мойынқұм 

ауданының «Көктерек» орман 

және жануарлар дүниесін қорғау 

мемлекеттік мекемесінің заңсыз 

ақша төленді деген арызын сотқа 

беріп, соттан ақшаны өндіртіп беруге 

шешім қабылдаттық. Ендігі жерде 

кәсіподақ мүшелерінің қатарын 

көбейте отырып, ұйымымыз 

арқылы жұмыстан шығару немесе 

қысқарту болмаса айлық табысты 

қысқарту сынды мәселелер бойын-

ша сұрақтардың оң шешім табуына 

септесуді көздеп отырмыз.

Сонымен қатар ел болып 

атап өтілетін мерекелерден тыс 

қалмаймыз. Бүгінде әулиеаталықтар 

к ө п т е н   б е р і   а с ы ғ а   к ү т к е н 

жалпыхалықтық мейрам – қазақ 



ИЕСІН ТАПҚАН МАРАПАТ

Бір адам бар: еңбегі әйгіленіп, 

бәйгіленген,  ел  құрметіне  ерте 

бөленген. Оның әр табысы сарапқа 

түсіп, салмақталып отырылады. 

Орден­медальдары да көп...

Бір  адам  бар:  әйгіленіп, 

бәйгіленген, таразыға түскен еңбек 

көрсеткіші  жоқ.  Тек  өз  міндетін 

тиянақты атқарып жүре береді, ол 

биікке де шықпайды, күйікке де 

қалмайды. Әуел бастағы сапалы 

әрі  қарапайым  еңбегімен  мен 

мұндалап  өз­өзіне  үкі  тақпай, 

шаруаның  торысындай  бүлкек 

желісімен­ақ  ұлы  істің  үлескері 

болып өмір кешеді. Ол бойындағы 

асыл қасиет, күш­қуатын, өмірден 

тірнектеп  жиғанын  ортаға, 

адамдарға шым­шымдап таратып, 

әншейін көзге болжана бермейтін 

абзал, әмісе адал еңбегін сыпайы 

ғана сый етеді баршаға. Иә, ондай 

адамның еңбегін проценттен гөрі 

жүрекпен, сезіммен өлшей аласың.

Бірінші адам туралы көп жазы-

лып жүр.

Біз  ендігі  сөзді  екінші  адамға 

арнамақпыз...

Иә, осыдан жарты ғасыр бұрын 

қазақтың көрнекті қаламгері, белгілі 

жазушы Оралхан Бөкей осылай де-

ген еді. Оның сол тұста айтқан осын-

дай ой-пайымдауы бүгінгі күні де өз 

құндылығын жойған жоқ. Асылы жой-

майды да. Өйткені, арада қаншама ғасыр 

өтсе де жердегі бар әсемдіктің көзі Күн 

болып, ал бар жақсылықтың бастауы – 

Еңбек болып қала береді.

Сейсекүл апайдың жасы бүгінде 

73-те. Бұл былай қараған адамға «аса-

рын асап, жасарын жасап» қойған 

жан есебінде жылы үйде тып-тыныш 

отыратын жанның жасы. Алайда біздің 

Сейсекүл апай ондайлардың қатарынан 

емес. Ол бетке түсер әжімді жүрекке 

жолатпаған адам.

Қарап тұрсақ, ол 54 жылдық еңбек 

өтілінің 25 жылын кәсіподақ ісіне 

арнапты. 1990 жылдан бастап Меркі 

ауданының Жамбыл атындағы кол-

хозында кәсіподақ ұйымын бес жыл 

бойы басқарса, соңғы жиырма жылдың 

бедерінде, қазіргі уақытқа шейін Меркі 

аудандық ауылшаруашылық кәсіподақ 

комитетін басқарып келеді екен. Мұның 

бәрі бүгінде тек айтуға ғана оңай де-

ректер. Ал, осынау 25 жылдың ішінде 

қоғамда қаншама өзгерістердің орын 

алғандығы, сол өзгерістермен бірге ел 

ішіне өре жеткен қиыншылықтардың да 

қаншама көп болғандығы, соны басынан 

кешірген жанға ғана аян, шамасы.

Егемендіктің елең-алаң шағында ел 

қиыншылықты көп көрді. Сол тұстары 

далалықтар түгілі қалалақтардың да-

ладан отын теріп, ауласында қазан 

көтергендігін көзіміз көрген. Жоспарлы 

экономикаға бейімделген қоғамдық 

қатынастан, жаңа тұрпатты нарықтық 

қоғамдық қатынасқа көшу халыққа 

оңай тимеді. Шаруашылықтар мен жер 

иеліктері жаппай жекешелендіруге 

ұшырады. Жекешеленген шаруалар 

жерін жыртарға техника таппай, оны 

тапса, жұмысшыларына берер айлық 

ақыны таппай, күйзелді. Кезінде 

қауымдасып қана күнін көріп келген 

жұрт, не істерлерін білмей дағдарып, 

абдырап қалды. Мәдениет пен білім 

ошақтары істеп тұрған қалыпты 

жұмысынан айырылып, ондағы 

еңбекшілер жан бағу үшін ала дорба-

ны асынуға мәжбүр болды. Мұндай 

қиыншылық кәсіподақ ұйымдарының 

басынан да айналып өтпеді. Өйтпеген 

де ше, еңбекші қауымның арқасында 

ұйып отырған ұйымдардың ынтымақ, 

бірлігіне жекешелендіру іс-шарасының 

салдары отқа тиген дауылдай болды 

емес пе?!

Мұны Сейсекүл апай да жоққа 

шығармайды. «Өткен ғасырдың 90-

шы жылдары қиын-қыстау кездерді 

бастан кешірдік. Шаруа қожалықтарына 

бөлінген елдің жер пайын беру немесе 

айлығын тауып беру істерінде артыс-тар-

тыстар көп орын алды. Біз осыған халіміз 

жеткенше көмектесуге тырыстық. Ең 

бастысы облысымыздағы басқа аудан-

дарда ауыл шаруашылық кәсіподақ 

комитеттері жабылып жатқанда, тек 

біздің комитет қана қалыпты жұмыс 

істеп тұрды. Қиыншылықтарды жеңе 

жүріп, жетілдік. Қазіргі жағдайымыз 

жаман емес. Басшылығымда ірі-ірі 

шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар 

баршылық. Елмен бірге жұмыс істеуге 

әбден қалыптасқан жанмын. Сондықтан 

жасым 73-ке келсе де әлі күнге 

кәсіподақты айналшықтап кете алмай 

жүрмін. Соңғы күндері денсаулығым 

да сыр бере бастағандай. Өткенде 

жүрегім ауырып, ота жасаттым. Ендігі 

қалған шаруаның бәрін тәжірибесі мол, 

халықтың тілін таба білетін бір адамға 

тапсырсам деймін», – дейді Сейсекүл 

Ахметқызы бізден ештемесін жасыр-

мастан.

Медицина саласында – 19, білім сала-



сында – 10 жылдай қажырлы еңбек етіп, 

бүгінде қартайғанына қарамастан үлкен 

бір ұйымды алға сүйреп жүрген жанның 

еңбекке, бейнетке толы ғұмыр жолы 

өзгелерге үлгі боларлықтай. Жуыр-

да өткен еңбекшілердің төл мерекесі 

Еңбек күнінде «Ауыл шаруашылығы 

қызметкерлерінің салалық кәсіптік 

одағы» қоғамдық бірлестігінің Жам-

был облыстық филиалы өзінің екі 

қызметкерін «Еңбек ардагері» деген 

төсбелгімен марапаттауды ұйғарыпты. 

Сондай атаққа лайықты екі жанның 

бірі – біздің Сейсекүл апай екендігін 

естігенде, бұған біз де қуандық. Ендеше, 

«марапат өз иесін тапты» деген сөз 

осындайда айтылса керек...

Талғат ТАЛАПҰЛЫ,

Жамбыл облысы


WWW.FPRK.KZ

10

РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПРОФСОЮЗНАЯ ГАЗЕТА

ӨНЕГЕ


№39

 (1150)  09/10/2015 

/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Ұстаздық еткен

 

«Ұстаз деген ұлағатты 

атау ды естігенде, күні 

бүгінге дейін өзімді 

шәкірттей сезінемін» де­

ген екен өнер қайраткері 

Серке Қожамқұлов зама­

нында. Сол айтқандай, 

самайына түскен әр тал 

ақ шашы үшін шәкірті есті 

болса, тек алғысын ала­

тын қасиетті де қастерлі 

мамандық иелеріне, төл 

мерекелері – Ұстаздар 

күні қарсаңында, 

Қазақстандық білім және 

ғылым қызметкерлері 

кәсіподағы Астана 

төрінде тамаша бір 

мерейлі кеш сыйлады.

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге 

арнаған еңбек ардагерлері мен ұстаздық 

мамандықты атадан балаға мирас етіп 

келе жатқан еңбек әулеттері және жас 

мұғалімдердің бір ортаға тоғысуы көрген 

көзді сүйсіндіргендей еді. Солардың бірі, 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, 

Бөржар ауылынан арнайы ат басын бұрған 

Ысқақовтар әулеті туралы сөз қозғамау жөн 

болмас. Бүгінде 9 баладан 34 немере, 10 шөбере 

сүйіп отырған әулеттің үлкені Әбдіқайым 

Ысқақ 81 жасты алқымдап қалған екен. Ол 

Ұлы Отан соғысының ардагері, 1940 жылы өз 

ауылының кішкентай тұрғындарына мектеп 

тұрғызған әкесі Сұлтанның 45 жыл бойы 

ұстаздық еткен ғибратты жолын әрі қарай 

жалғастырып, ұрпақ сабақтастығына айнал-

дыруды мақсат еткен. Сөйтіп, Алматының 

педагогикалық институтын үздік тәмамдап, 

1959 жылы әкесі із қалдырған киелі шаңырақта 

химия және биология пәндерінің мұғалімі 

ретінде алғашқы еңбек жолын бастайды. 

Оқушыларға сапалы білім берудегі шеберлігі 

мен асқан белсенділігі ардақты ұстазды тек 

биік баспалдақтармен өрлеуге жетелейді. 

Яғни, 30 жыл мектеп басқарып, білім беру 

саласының үздігі атанған Әбдіқайым Ысқақ 

облыс пен ауданның құрметті азаматы ата-

нып қана қоймай, ұстаздық ұлы жолды бала-

лары мен немерелерінің жалғастырып келе 

жатқанын – еткен еңбегінің басты жемісіне 

балайды. Әсіресе, Ысқақовтар тегін күллі қазақ 

еліне танымал еткен белгілі қоғам қайраткері, 

ақын, сазгер және 1995-1999 жылдары ҚР 

Парламенті Мәжілісінде депутат болған, 

«Халықтың көші-қоны туралы» тұңғыш 

қазақ тілінде шыққан заңның авторы Әкім 

Ысқақтай ұл тәрбиелегені ардагер ұстаз үшін 

үлкен мәртебе. Ал, адамдық пен адалдықтың 

тәрбиесін жоғары дәріптейтін текті әулеттің 

бүгінгі жастарға қашанда үлгі болатыны сөзсіз. 

«Қыз да өсті өзіңе ұқсаймын деп, Ұл да өсті 

өзіңе ұқсаймын деп. Мен де қиын жолыңды 

таңдап алдым, Бұл күнде өзіңе тек ұқсаймын 

деп», – дегендей, қаны орыс болғанымен, 

жүрегі қазақ деп соққан және қазақ тілі 

мен әдебиеті пәнінен 27 жыл сабақ берген 

ардақты ұстаз, суырып салма ақын Надежда 

Лушникова ұстаздық жолды таңдауға бірден-

бір себепші болған алғашқы ұстазы марқұм 

Күлтай Досымбековаға деген шексіз алғысын 

осы бір жыр жолдарымен жеткізеді. Балалығы 

сұрапыл соғыспен қым-қуыт шақта өткен 

Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың 

басы қосылғанда төрден орын алатын – 

ұстаздар» екенінің жанды дәлелі ретінде 

жас та болса, ұстаздық мерейі үстем Нүркен 

Пернебаевты ерекше атап өтуге болады. 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы 

тірек мектебінде биология пәнінен сабақ 

беретін жас ұстаздың еңбек жолы бүгінде 

небәрі екі жылды құрағанымен, студент 

кезінде екі мәрте «Зерттеуші биолог» 

номинациясын иеленген Нүркен бүгінде 

шәкірттерін халықаралық деңгейде өткен 

олимпиадаларға дайындап, мектеп абыройын 

асқақтатуға айрықша үлесін қосқан азамат. 

Ал, тарих пәнінен талай жылдық еңбек 

өтілі бар Нүркеннің анасы оның ұстаздық 

жолды таңдауына тікелей себепші болғаны 

да назар аудартады. Сондықтан, жалынды 

рухтың екпінімен өзі сияқты жастарға үлгі 

болып, әсіресе ауылдағы бозбала мен бой-

жеткендермен бірге болашақтың мықты 

іргесін қалыптастыруға өз үлесін қосуды 

Нүркен Пернебаев басты мақсаттарының 

қатарына жатқызады. Тек қана шәкірт 

тәрбиелеп қоймай, ғылым жолын қатар алып, 

кәсіподақтың да белсенді мүшесі ретінде өзін 

және айналасындағыларды жан-жақты болуға 

шақыратын азаматпен мойынқұмдықтар тек 

қана мақтанады, марқаяды. Ал, бұл ретте оған 

жол сілтеп, мүмкіндік беретін аға буын мен 

басшылыққа деген оның көңілі риясыз. 

Мінекей, ұстаздың жүрген жері береке, 

қашанда нұр мен шуаққа толы. Білім беру 

жолындағы ұстаздардың қалдырған ізі 

мәңгілік екені даусыз...



Ұлжан ШОРАЕВА

бүгінгі ел мақтанышы Жамбыл Жабаев, Мұхтар 

Әуезов, Бауыржан Момышұлы сынды алаштың 

арда азаматтарының ақ батасымен сусындап 

өссе, бүгінде ұлт зиялыларынан алған өнегелі 

тәрбиесін өскелең ұрпаққа терең дәріптеп 

келетіні көңілге тек мақтаныш ұялатады. 

Тіпті, сабағынан үштік баға алуға ұялып, ал-

дын еш уақыт кесіп өтпейтін шәкірттерінің 

өзі ұстаз абыройын айқындай түспек. Биыл 

75 жастың асуына шыққан Надежда Лушни-

кова қазақша тәрбиелеп-өсірген 4 перзентінің 

ана ізімен ұстаздық жолда аянбай еңбек етіп 

жүргенін бақыт санайды. Әсіресе, Қарлығаш 

есімді аруына өзінің ақындық қасиеті дарып, 

қос тарапты теңдей бағындырып жүргені 

«Надеждалардың» шуағы мәңгі жарқырай 

түсетініне дәлел болмақ, 

Павлодар облысы Ақсу қаласынынан 

келген Ізбасар Үсенов өмірінің 52 жылын 

мектеп қабырғасында өткеріп, тіршілігін 

ұстаздық қызметпен сабақтастырған. 

Оның ішінде, 38 жыл бойы Ақсудағы Юрий 

Гагарин атындағы орта мектепті басқарып, 

талай шәкірттің қанатын қатайтып, өмірден 

өз орындарын табуына себепші болған аптал 

азамат. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға 

шоқыттырмай өсірген алты перзентінің 

төртеуі әке жолын қуып, бүгінде өз ортасында 

біліктілігімен дараланып келе жатқан құрметті 

ұстаздар. Тіпті, немересі де мұғалім атануға 

дайындалып, жоғары оқу орнында білім алуда. 

Кезінде Семей педагогикалық институтын 

математика факультеті бойынша тәмамдаған 

зейнеткер ұстаз балалардың көрікті мінезі мен 

жарқын тілектерінен көңілінің әлі күнге дейін 

құлпыра түсетінін алға тартады. Бүгінде 73 

жасты еңсерген ардагер мұғалім өз саласын ең 

құрметті мамандыққа балап, қиын да қызығы көп 

жолды нағыз жүректілер таңдайтынын айтады. 

Ардагер ұстаздардың қатары мұнымен 

шектелмейді. Бүгінде асқаралы алпысты артқа 

тастаған Гүлия Тобықбаеваның 42 жылдық 

еңбек жолы тек қана жарқын сәттерге толы 

деуге болады. Себебі, салауатты өмір сал-

тын өскелең ұрпаққа үйрету ісі оның сүйікті 

мамандығына айналған. Яғни, ШҚО Күршім 

ауданы, Бурабай ауылында туып-өскен бала 

Гүлияның ергежейлілер қойған гимнастикалық 

қимылдардан алған әсері оны денешынықтыру 

пәнінің ұстазы атануға алып келеді. Спорт десе 

ішкен асын жерге қоятын жан бүгінде қызметіне 

деген адалдығы үшін көптеген марапаттарға 

ие. Бір қызығы, Гүлия Тобықбаева спортпен 

қатар, кәсіби деңгейде ән шырқауды екінші 

шығармашылық мамандығына ұластырған. 

Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Семей 

педагогикалық коледжінде ұстаздық ететін 

еңбек ардагерін ұжымдастары мақтан етеді. 

жалықпас...



Ысқақовтар әулеті

WWW.FPRK.KZ

11

РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПРОФСОЮЗНАЯ ГАЗЕТА

ҚҰРМЕТ


 

/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////    

№39

 (1150) 09/10/2015



Қазан айының 1­і халықаралық Қарттар күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ 

Семей жол бөлімшесі филиалында ардагерлер құрметіне арналған сал­

танатты шара өтті.

Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы 1 қазан «Қарттар 

күні» мерекесіне орай, аймақтағы кәсіподақтар қозғалысының 

ардагерлерін құттықтап, қарияларға құрмет көрсетті. 

Қазыналы қарияларын құттықтаған бөлімше 

басшысы Марлен Көкірекбаев олардың 

күні кеше еліміздегі бірден бір өзекті сала 

темір жол қызметін өркендетуге қосқан 

ерен еңбектерін атап өтті. Өз кезегінде 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  президенті 

жанындағы Консультативтік кеңес мүшесі, 

Семей жол бөлімшесі бойынша ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітов, 

«Қазақстан республикасының теміржолшылар 

кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей 

өңірі бойынша өкілі Алик Тұрсыновтар да сөз 

алып, ізгі лебіздерін білдірді.

Аға буын өкілдеріне арналып ақ дастархан 

жайылып, тілектер тиегі ағытылды. Ұзақ 

жылдар бойы темір жол бойында тер төккен 

қариялар өткен күндер жайлы естеліктерінен 

сыр шертіп, ашық-жарқын райда әңгіме 

өрбітті. Еңбек ардагері, қарт теміржолшы 

Нәсіпбай Ерғасенов жүрек жарды лебізін 

өзінің арнау өлеңімен жеткізіп, әріптестерінің 

құрметіне бөленді. 

Бүгінде Семей жол бөлімшесі бойынша 

2000-нан аса ардагер бар. Оның ішінде 21 

адам Ұлы Отан соғысының ардагері санатында. 

Қарт теміржолшылардың арасында қоғамдық 

өмірде белсенділік танытып жүргендері 

де жетерлік. Теміржол мекемелері сала 

ардагерлерін үнемі назардан тыс қалдырмайды, 

тіпті тораптық жиындарға да шақырады. Бұл 

жайында сөз еткен Қырықбай Әлсейітұлы 

абыз ақсақалдар атынан осындай іргелі шараға 

бастамашы болған Семей жол бөлімшесінің 

басшысы Марлен Кәрімұлына алғыстарын 

білдіріп, ақ баталарын жолдады. 



Ерлан ҒАЗЕЗ, 

Семей

Қәсіподақтар қозғалысында білімдері 

мен біліктілік-тәжірибелерін жұмсап, 

әрбір еңбек адамының игілігі мен 

мүдделері үшін тынбай қоғамдық қызмет 

атқарған кәсіподақ ардагерлерінің 

үйлеріне барып, ерекше алғыстарын 

білдіріп, дендеріне саулық тіледі. Еңбектің 

зейнетін көріп отырған шақта ұрпаққа 

игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың 

үлгісін танытқан ардагерлерге мерекелік 

сый-сияпаттар жасалды. Ал, абыз арда-

герлер өз кезегінде өкшелерін басқан 

осындай өрелі, өнегелі жастары бар да 

еліміздің болашағы жарқын болатынына 

сенім білдіріп, ризашылықтарын білдіріп, 

жүрекжарды тілектерін жеткізді. 

Қызылорда

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – АЛПЫСТА

Семей вагон пайдалану депосының басшылығы мен кәсіподақ ұйымы Жаңасемей ТКБ вагон 

қараушысы Дәулет Берікқазыұлын 60 жас мерейлі мерекесімен құттықтап, сый­сияпат жасады.

Жастайынан болат жолдың бойында, 

саланың тірлігін, көзімен көріп, сана-

сына сіңіріп өскен өреннің осы кәсіпті 

таңдауы да заңдылық еді. Балалық арманның 

жетегімен 1974 жылы Семейдегі темір жол 

училищесін, вагон қараушы мамандығы 

бойын ша  бітіріп, қолына куәлік алды. Өзі 

туып өскен Жарма станциясына дипломды 

маман болып оралды. Бойындағы кәсіби 

маман ретіндегі куәліктің «буымен», 

қолға ұзын сапты балға ұстап, тоқылдатып 

вагондарды тексеріп тап-таза жүремін де-

ген ойының күл-талқаны шықты. Жаңадан 

келген жас маманды білгеніңді үйретесің 

деп, өздері «Дядя Саша» атап кеткен егде 

тартқан орыс ағасының қасына қосып берді. 

Қара май толтырылған ыдысты қол арбаға 

тиеп алып, күні кешке дейін ұстазының 

соңына еріп, жол бойын жағалап, букс 

тораптарын майлап, үйге ұшып-жығылып 

қап-қара май болып жететін. Намысқа ты-

рысып шыдады, соның арқасында тәлімгер 

ағасынан көп нәрсені үйренді, бұрын 

білмеген талай затқа көзі қанықты. 

Содан бері Дәулет Қаулановтың барлық 

– өмірі, еңбек жолы тек темір жолымен 

байланыс ты. Білімі мен білігін қатар 

ұштастыра жүріп, саналы ғұмырының 40 

жылын сүйікті ісіне арнаған жан, жинақтаған 

өмірлік тәжірибесінің арқасында кәсібінің 

қыр-сырын бойына терең сіңіре білді, өзі де 

тәлімгер-ұстаз атанды. 

– Алпыстың асқарына шығып отырған Дәулет 

аға Семей өңірінде вагон шаруашылығын 

жетік білетін, осы саланың өсіп-өркендеуіне 

өзіндік үлес қосқан бірден-бір тәжірибелі 

маман, өз кәсібінің майталманы. Оның еңбек 

жолы, өз кәсібіне шынайы берілгендігі мен 

әрбір іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын 

еңбексүйгіштік, ізденімпаздық қасиеттері жас 

мамандарға үлгі-өнеге, – дейді депо басшысы 

Әсет Қалибекұлы. 

Мерейлі жас иесінің темір жол саласында 

еткен еңбегі, төккен тері зая кеткен жоқ, 

қылған қызметі еленіп бірнеше рет басшылық 

тарапынан мақтау қағаздармен марапатталып, 

бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Ескерткіш сыйлықты тарту еткен кәсіподақ 

төрағасы Ертай Тұрсынханұлы: «Алпыс – 

тал түс. Адам ғұмырының тағы бір асуын 

асып, артына айшықты із, айтарлықтай іс 

қалдырған адамның баға жетпес бақыты да, 

мәуелі мәртебесі де адал еңбек. Оны Дәулет 

ағаның жүрген жолынан, өткерген өмірінен 

айқын байқауға болады», – деді. Дәулет 

Берікқазыұлы, өз кезегінде елеп-ескеріп 

мерейлі мерекемен құттықтап келген депо ди-

ректорына, кәсіподақ ұйымына, әріптестеріне 

шын көңілімен ризашылығын білдіріп, алғысын 

айтты. 

Ерлан ҚАРАМЫРЗА

ҚАРТТАРЫМ 

АМАН-САУ ÆҮРШІ...

ІЗÃІЛІК ШАРАПАТЫ


12

КАЛЕЙДОСКОП



РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПРОФСОЮЗНАЯ ГАЗЕТА

№39


 (1150)  09/10/2015 

/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////



WWW.FPRK.KZ

Издатель:

ТОО «Профмедиа Астана»

Редактор:

Гүлнұр ҚОЖАХМЕТОВА



Дежурный редактор:

Ұлжан ШОРАЕВА



Адрес редакции:

010000, Казахстан, г. Астана, 

пр. Абая, 38,

Телефон редакции:

8 (7172) 20-21-16, 20-21-15,  

E-mail: gazeta@fprk.kz

Газета набрана и сверстана

в комьпютерном центре 

редакции.

Отпечатана в типографии

ТОО «Издательство-БМ»,

г. Астана, ул. Жубанова, 24/1.

Печать офсетная.

Заказ: 00057

Тираж: 4678  экз.

Газета выходит

еженедельно

Подписной индекс 65349

Регистрационное свидетельство

№ 14610-Г от 07.11.2014 г.

выдано Агенством РК

по связи и информации.

Мнение авторов публикаций не

обязательно отражает точу зрения

редакции. Любое воспроизведение

статей и иллюстраций возможно

только со ссылкой на газету

Ответственность

за рекламу и объявления

несут рекламодатели.

Жаңа футбол алаңы бар

Почитая традиции трудовых династий

Кәсіподақ  ұйымының  пәрменімен  бүгінде  Семей  жол  бөлімшесінде  спорттық  шаралар 

ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген. Нәтижесінде денешынықтыруға, бұқаралық спортқа ден 

қоюшы теміржолшылар қатары артып келеді.

С е м е й   ө ң і р і н д е г і   Д е г е л е ң 

с т а н ц и я с ы н ы ң   с п о р т с ү й е р 

теміржолшылары үшін елеулі жаңалық 

орын алды. Ендігі аралықта олардың өз 

футбол алаңдары бар. Анығырақ айтсақ, 

сала мамандарына арналып, станция ба-

сынан көп функционалды корт салынды. 

Ескерерлігі сол, бұл жаңа нысанды облыс 

әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына 

сай, Курчатов қалалық әкімдігі Семей 

теміржолының 100 жылдығына орай 

теміржолшыларға сый жасау мақсатында 

екі ай мерзім ішінде салып шықты. Облыс 

пен қала басшылығы осылайша ерекше 

тарту жасады. Жаңа алаң дегелеңдік 

теміржолшылардың игілігіне берілді. 

Көп функционалды корттың ашы-

луында лента қию рәсімін жергілікті 

қария, байырғы вагон шаруашылығының 

ардагері, Құрметті теміржолшы Әскербек 

Молбаев пен Семей жол бөлімшесінің 

басшысы Марлен Көкірекбаев және 

Курчатов қаласының әкімі Нұрбол 

Нұрғалиевтар қиды.

– Бүгінде Ұлттық компания тарапы-

нан спорттық шараларды ұйымдастыру 

мен Елбасының міндеттемесіне сай 

бұқаралық спорт түрлерін дамытуға 

ерекше ден қойылуда. Бүгінгі ашылған 

жаңа алаң осы бағыттағы атқарылып 

жатқан жұмыстардың бір көрінісі. 

Алдағы уақытта да спортты серік етуші 

жастарымыздың түрлі сайыстардағы 

жетістіктері арта берері анық,– деп өз 

ойын білдірді салалық кәсіподақ ұйымы 

орталық кеңесінің Семей жол бөлімшесі 

бойынша өкілі Алик Досанов.

Бөлімше директоры Марлен Кәрімұлы 

алдағы уақытта аталмыш корттың маңайы 

теміржолшылардың күшімен абаттан-

дырылатынын жеткізді. Бүгінгі күннің 

өзінде алаң сыртына 20 түп қайың мен 

осынша шырша көшеттері отырғызылды. 

Күтіп-баптау станция қызметкерлерінің 

жауапкершілігінде болмақ. Аталмыш сал-

танатты шараның соңы Деңгелең стан-

циясы теміржолшыларынан құралған 

үш команданың жолдастық кездесуімен 

жалғасты.  



Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

В торжественной обстановке предсе-

дателем Профцентра Досыбаем Шерим-

куловым вручены награды Федерации 

профсоюзов Республики Казахстан 

«Кәсіподақтартарға сіңірген еңбегі 

үшін» Аскарову Мынжасару и Сариеву 

Базылжану, а также почетные грамоты 

Наурызбаевой Айнаш, Нурсеитовой 

Галине, Султанбек Раушан. 

В рамках мероприятий, посвященных 

Дню Труда, проведена ежегодная проф-

союзная спартакиада по мини-футболу и 

волейболу, в которой приняло участие 

более 100 человек. 

– Проведение подобных мероприятий, 

несомненно, приводит к сплочению 

коллектива, укрепляет корпоративный 

дух предприятия и коллектива, - уверены 

организаторы. 



Профцентр ЮКО

Совет молодежи рудо­

управления «Казмарга­

нец» филиала АО «ТНК 

«Казхром» подвел итоги 

конкурса рисунков «День 

труда – глазами  детей», в 

котором приняли участие  

дети сотрудников.

Подобный творческий конкурс  в рамках празднования  

Дня  труда здесь проводится  впервые. Организовал его Совет  

молодежи рудоуправления.  В своих работах  юные художники  

старательно изобразили всё, что связано с Днем труда. Кто-то  

себя, семью, трудящихся и даже ... цветочки, что свидетельству-

ет об их бесконечной фантазии.

– Каждый рисунок был выполнен исходя из возраста 

участника. И каждый интересен по своему.  Поэтому мы не 

стали делить работы по местам. Ознакомившись и оценив все 

работы, жюри приняло решение признать победителями – 

всех.  В итоге все 10 участников получили свои заслуженные 

призы – отметила Нурлыгуль Абсатова, председатель Совета 

молодежи рудоуправления «Казмарганец». 

Не менее  интересен отзыв его участников о празднике 

труда. К примеру пятилетняя Ясмин Урицкая рассказала, что  

День труда – это когда все трудятся. Например, когда мы дома 

делали ремонт это и был День труда для всей семьи!  

На вручении призов председатель профсоюзного комитета 

рудоуправления «Казмарганец» Хабдулмажит Шахманов 

отметил,  что самая главная цель – привлечь  детей к этому 

конкурсу,  достигнута.  И поблагодарил всех его участников   за 

активность, пожелав им расти здоровыми, сильными, умными 

и достойными детьми своей страны. 



Караганды

Ð

è



ñ

ó

þ



ò

 

ä



å

ò

è



Пропаганда рабочих про­

фессий, укрепление много­

летних традиций трудовых 

династий, повышение ста­

туса человека труда – вот 

три главных задачи, пос­

тавленные во главу угла 

профсоюзным активом 

Южно­Казахстанской об­

ласти. На прошлой неделе в 

регионе прошел областной 

форум, посвященный празд­

нику Дня Труда, на котором 

чествовали ветеранов труда, 

представителей трудовых 

династий, молодых успеш­

ных предпринимателей, 

внесших весомый вклад в 

развитие и укрепление эко­

номики области.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет