Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41

Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев  Н.Ə. Қазақстанның  əлеуметтік  жаңартылуы: Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына
қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан, 10 шілде, 2012. № 97 (28456)-6-7б.
2. Н. Назарбаев – этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімінің  қазақстандық  үлгісінің
негізін қалаушы / Жалпы ред.басқ. Ж.Ə.Əлиев.- А., 2006.-  б.163 – 182.
3. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.-А., 2010.-б.95-100.
4. Арын Р.С. Қазақ этносының əлеуметтік- саяси  мəртебесінің дамуы.- Павлодар, 2008.- б. 68-
119.
5.  Сұлтанов    Б.Қ.  Қазақстан  қоғамы  дамуының  өзекті  мəселелері:  мақалалар  жинағы.-  А.:  ҚР
Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010.- 164 б.
ТƏУЕЛСІЗДІК ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Тұржан О.І.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, Астана қ.
Əлемде тек қана бір ұлттан тұратын мемлекет жоқ. Өйткені адамзат талай ғасырлардан
бері  ұлы  қозғалыс  үстінде. Қозғалыс  адам  баласына  дамудың  жаңа  қырларын  тану  үшін,
табиғаттың  түрлі  құбылыстарын  зерттеп  біліп, соған  сəйкес  өмір  сүру  тəсілдерін  үйрену
үшін  қажет.  Дегенмен,  бұл  қозғалыстардың  өзі  хаосты  болып  кетпеуі  үшін  əр  мемлекет
өзіндік  заңдық-нормалар  қабылдап,  əр  ұлт  пен  ұлыстың  тек  құқықтық  жағдайын
қалыптастыруға мндднлі əрі міндетті болады.
«Қоғам  дегеніміз – өнеге  көрсетушілер  мен  өнеге  алушылардың  арасындағы  жанды
ынтымақтастық» деген  тұжырым  айтқан  ойшыл  Хосе  Ортега-и-Гассеттің  сөзінің  түп-
төркінінде  демократтық-құқықтық  қоғамның  үлгісі  жатыр [1. 66].  Кез  келген  құқықтық
қоғамның ең басты идеясы – тəуелсіздік жəне жеке тұлғаның сол қоғамдағы орыны туралы
идея. Ал  сол  Тəуелсіздік  туралы  ой  адам  баласына  қай  кезде  келді  екен  дейтін  болсақ, ол
шамасы, алғашқы қауымдық құрылыс аяқталып, құлдық дəуір басталып кеткен кезде келген
болар. Өйткені  сол  кезеңнің  ойшылы  Марк  Тулий  Цицерон «Біз  тəуелсіз  болуымыз  үшін
заңның  құлына  айналумыз  керек» деген  ғұламалық  идея  айтыпты. Мұндай  идея  өз
замандастарын таңқалдырған да болар. Өйткені – бұл құл иеленушілік дəуір еді. Бұл дəуірде
құл  иеленушінің  өзінің  біреуге  немесе  бір  нəрсеге  құл  болуы  ақылға  сыйымсыз  болатын.
Бірақ  ол  кезде  бұл  тек  құл  иеленушінің ғана ақылына сыйымсыз болды. Ақылына  сыйғыза
алғандар  қоғамды  ілгері  алып  жүруге  ұмтылып, жаңа  идеялар  ұсынды. Сол  идеялардың
ішіндегі ең маңыздысы – жеке тұлға мəселесі еді.
Əрине, жеке тұлғаның қоғамдағы орынын белгілеп, мемлекеттің толық құқылы азаматы
ретіндегі мəртебесінің мойындалуына дейін адамзат тағы да талай дəуірді бастан кешіруіне
тура  келді.  Өйткені  адамның  құқықтық  санасының  қалыптасуы  бір  күнде  жүзеге  аса
қалмайтынын тарихы та көрсеткен, психологтар да дəлелдеген. Оның үстіне алғашқы рулық
қоғамдастықтан кейін келген, одан əлдеқайда дамыған қоғамда тек руластарымен ғана емес,
басқа ұлт, басқа халық өкілдерімен де бірігіп өмір сүруіне тура келді.

194
Ғасырлар бойы қалыптасып қалған құлдық жəне рулық-тайпалық сана өз бетінше өмір
сүруге  көп  жағдайда  қабілетсіз  болып  шығады. Алдымен  жеке  тұлғаның  қоғамда  өзінің
пассивті  элемент  еместігін, керісінше, қоғамның  аса  белсенді  мүшесі  екендігін  мойындауы
керек. Осылайша  мойындау  деңгейінен  асқаннан  кейін  ғана  ол  басқаларға  да, өзіне  де
жаңаша  көзбен  қарай  бастайды.Сол  жаңаша  көзқарастар  бірін бірі жетелеп, біріне  бірі  күш
беріп  заманаларды  жаңартумен  болады.Заманаларды  жаңарту  жолында  адам  баласы  небір
бейнетті жолда адасты да, қырылды, жойылды, сосын қайта гүлдеді. Дəуірлер өз бойын жаңа
идеялар арқылы тазартып отырды. Сөйтіп адамзаттың белгілі бір заңдылықтарға бағынғанда
ғана нағыз қоғам құра алатындықтарына көзі жетті.
Зерттеушілердің  айтуынша  адамныңосындай  өзіндік  қауымдастық  құрып, алғашқы
қоғамдық  қатынастарға  түсе  бастағанына 1,5 миллиондай  жыл  өтіпті. Осы  жылдар  ішінде
жүріп  өткен  жолдың  жинақтап  берген  тəжірибесі  кейінгілердің  құқықтық  нормаларды
қалыптастыруына  негіз  болды.Сондай  кезде  британдық  əлеуметтанушы  Г.Спенсер
«Жұрттың  бəрі еркіндік алмайынша, жеке  бір адамның еркіндікте  өмір сүруі мүмкін емес»
деген ой тастады. Ал тағы бір ойшыл «тəуелсіздікке деген жалпыхалықтық немқұрайдылық
басым  болса, бұл  нағыз  еркіндікке  қауіп  төндіреді» деген  ойды  айтыпты. Сондатəуелсіздік
алған  жұртшылық  қандай  ретпен  өмір  сүруі  керек?Қазақ  халқы  бұл  тұрғыда  нағыз  тума
демократтық  қасиетке  ие  екендігін  көрсетті. Сонау  Ю.Скайлер  деген  саяхатшының 1873
жылдар шамасында қазақ даласына келген кезде жазған күнделігінде мынадай жазу бар екен:
«Қырғыздар (қазақтар – О.Т.) басқа  азиаттық  халықтарға  қарағанда  бейне  бір  бала
мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақын танысқаннан кейін оларды құрметтемеуге,
жақсы көрмеуге ешқандай шараң қалмайды. Орта Азияда  тұрған барлық адамдар қырғыздар
(қазақтар – О.Т.) басқа  тайпалардан  жоғары  тұр  деген  пікір  айтады»[2. 19]. Тəуелсіздік
алысымен басқа ұлттарға достық қолын созған еліміздің бүгінгі дамуының түпкі тамырында
сол Ю.Скайлер айтқан қасиеттер жатыр.
Құлдық дəуірдің адамның мойнына артар жүгі ауыр. Бірақ тəуелсіздіктің жүгі де жеңіл
емес. Өйткені  тəуелсіздік  дегеніміз –ұлы  жауапкершілік.Ұлы  жауапкершілікті  қалайша
жүзеге  асыру  керек?Оған  ең  алдымен  сол  мемлекеттің  негізін  қалаушы  жергілікті  ұлт
өкілдері жауапты болатыны түсінікті.
Тереңірек  ойлап  қарағандар  үшін  адам – табиғаттың  туындысы. Ал  табиғаттың  қай
туындысының  да  жарық  дүниеге  жаратылып, сосын  бірте-бірте  дамып  жəне  əрі  қарай
тіршілік  етуінің  өзі  ішкі  конституциялық  реттіліктер  арқылы  жүзеге  асырылып
отыратындығы  белгілі. Мысалы, қыс  пен  жаз  қатар  келмейді  немесе  өсімдік  көктегенде
алдымен тамыр жайып, жапырақтары мен гүлдері содан соң пайда болады. Бұл – табиғаттың
өзіндік  конституциясы. Адамның  дене  бітімі  де  жаратылыстың  конституциясы  бойынша
өзіндік реттіліктермен орналасып, ішкі зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Сол орналасуы
арқылы  адам  кішкентай  сəби  шағынан  ересек  адам  дəрежесіне  дейін  өседі. Əлеуметтік
қоғамды  да  дəл  осындай  тұтас  организм  деп  қарастыратын  болсақ, сол  организмінің
құрамдас  бөліктерінің  арасында  осындай  реттіліктер  орнықпаса, қоғам  кез  келген  жерде
сүрініп, даму тежелер еді. Осындай кезеңде адамға ең бірінші көмекке келетін құжат – Ата
Заң. Ағылшын 
ойшылы, конституциялық 
демократияның 
базалық 
идеяларын
қалыптастырушылардың бірі Джон Локктың тұжырымы бойынша «Заң жоқ жерде, еркіндік
те жоқ».
Қазақ  халқының  ежелден  еркіндікті  аңсай  отырып, оның  негізін  де  ерте  кезден  қалай
бастағандығын оның ұлттық салт-дəстүріндегі ұстанымдардан көре аламыз. Ал оның құжат
жүзіндегі  дəлелдерінің  бірі – 17-ғасырдаөмір  сүрген  Тəуке  ханның «Жеті  Жарғысы». Оған
дейін “Қасым  ханның  қасқа  жолы” мен “Есім  ханның  ескі  жолы” болған  еді. Тəуке  хан
соларды  жетілдіріп, жаңа  заң  жүйесін  жасақтады. «Жеті  жарғыға  сүйенген  қазақ  билері  ел
ішіндегі  дау-жанжалдар  мен  саяси  маңызы  бар  мəселелерді  тиімді  шеше  алды. Жаңа  заң
жүйесі  қазақ  халқының  өмірлік  мəселелерін  барлық  жағынан  қамтыды, соның  нəтижесінде
Тəуке  ханның  билік  еткен  тұсы  Қазақ  хандығының  барынша  күшейіп, дəуірлеген  кезі
болды»[3].

195
Кез  келген  жеке  тұлғаныңтəуелсіздік  алған  күннен  бастап, енді  қандай  міндетті
мойыныма  алуым  керек  немесе  қандай  мақсат  көздеуім  керек  немесе  не  істеуім  керек
дегендей  ойлардың қоршауында  қалары сөзсіз. «Ойыма  не  келсе, соны істеймін  бе?» деген
пиғылдың  да  жетіп  келері  сөзсіз. Осындай  да  еркіндік  ала  тұрып, адам  өзінің  шексіз  еркін
емес  екендігін  де  санасынан  өткізуі  маңызды. «Өмірінің  мəні  болатын  нəрсесінің  бəрін
жоғалтқан адам ғана шексіз еркіндікте қалады» дейді Ремарк ойшыл. Демек, адамға керегі –
шексіз  еркіндік  емес, белгілі  бір  реттіліктерге  бағынатын, қоғамның  əр  мүшесінің
мақсаттары мен міндеттеріайқындалған орта. Ондай ортаны мүмкін ететін – Ата Заң. Ата Заң
– құқықтың негізгі қайнар  көзі. Ата Заңда  күллі құқық  жүйесінің бастаулары  шоғырланады
жəне оныңталаптарын қатаң сақтау – баршаның ең басты парызы болып табылады.Ежелден
заң  жолымен  жүріп, ел  ішіндегі  бірлік  пен  тəртіптілікті  сақтауды  ұлы  мұрат  еткен  қазақ
халқының бүгінгі кезеңінде де демократтық ұстаным тəуелсіздіктің тірегі болып келеді.
2008 жылғы 20 қазанда  Қазақстан  Республикасының «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы
туралы» Заңына  қол  қойылды. Бұл  Ассамблеяның  құрылуы  Кеңес  Одағы  тарап  кеткен  соң
біздің  елімізде  өмір  сүріп  жатқан  кіші-гірім  ұлттар  мен  ұлыстардың  алаң  көңілін
орнықтырған жағдай ретінде бағаланды. Ал мұндай Заңның қабылдануы демократтық жолға
түскен  жас  мемлекеттің  ірге  тасының  берік  болуына  ықпал  етуші  құжат  ретінде  маңызды
екендігіне дау жоқ.
Бұл  Заң  Қазақстанда  тұрып  жатқан  əрбір  ұлт  пен  ұлыстың  өкілі  бəріміз  болып  жеңіп
алған тəуелсіздіктің тағдырына жəне ұлтаралық татулықтың баянды болуына жауаптылығын
заңдастырған аса құнды құжат болды. «Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі
принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының
мəртебесін  заң  деңгейінде  бекітті. Этносаралық  қатынастар  субъектілерінің  жұмысының
елімізде 
жүргізіліп 
келе 
жатқан 
саяси 
бағытпен 
үндес 
жаңа 
жүйесін
қалыптастырды.Қазақстан  халқы  Ассамблеясы – бірегей  əлеуметтік  институт  ретінде  өмір
сүріп, бүгінгі таңдағы мемлекеттік мəселелерді шешуде маңызды рөл атқарып отырғандығы
да соның көрініс болса керек» [3].
ҚР  Конституциясының 1-бабында «Қазақстан  Республикасы  өзiн  демократиялық,
зайырлы, құқықтық  жəне  əлеуметтiк  мемлекет  ретiнде  орнықтырады, оның  ең  қымбат
қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген.
Жəне «Республика  қызметiнiң  түбегейлi принциптерi: қоғамдық  татулық  пен  саяси
тұрақтылық; бүкiл  халықтың  игiлiгiн  көздейтiн  экономикалық  даму; қазақстандық
патриотизм; мемлекет  өмiрiнiң  аса  маңызды  мəселелерiн  демократиялық  əдiстермен, оның
iшiнде  республикалық  референдумда  немесе  Парламентте  дауыс  беру  арқылы  шешу» деп
жалғасады  осы  бап[4]. Осындай  құқық  беретін  Ата  Заңның  жолымен  жүргенде  ғана  кез
келген  халық, оның  ішіндегі  жеке  тұлғаөзін  ерікті  сезіне  алады. Ал  ерікті  адам  қоғамдық
ойдың озық болуына да ықпал етеді. Адам бойындағы ерекше қабілеттілік, дарындылық, ой
тереңдігі оның бостандығының арқасында ғана қанатын кеңге жая алады. М.Цветаева «Қанат
– оны  қағып  ұша  алсаң  ғана  қанат, ал  ұша  алмасаң, арқаңдағы  ауыр  жүк  қана» дейді.
Ақынның  осы  ойын  өмірге  қатысты  айтар  болсақ,  өмір  –  еркіндікте  болса  ғана  өмір,
еркіндігің жоқ болса, мойныңа асып қойған ауыр жүк қана. Ата Заң – осы жүгіңді көтерісетін
жəне оның мəн-мағынасын арттырып, бақытты, адами тіршілігіңді қамтамасыз етіп тұратын
қасиетті қағидаттар жиынтығы.
Біз  Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  көп  ұзамай  өзіміздің  Ата  Заңымызды  жарияладық.
Мұндағы  негізгі  идея  қазақстандықтардың  достық, бауырластық  қарым-қатынасын
орнықтырып, ежелден  келе  жатқан  гумандық  дəстүрімізді  сақтап  қалуға  негізделді  жəне
негізгі міндеттер де айқындалған. Сол міндеттердің ішіндегі ең қасиеттісі – отан сүйгіштікті
қалыптастыру, оған адал болу. Тағы бір аса маңызды міндет – əрбір Қазақстан азаматының
орта  білім  алуға  міндеттілігі.  Білім  алуға  міндетті  болудың  арғы  жағында  біздің
мемлекетіміздің  əрбір  азаматының  саналы  да  ойлы, кең  дүниеге  көзі  ашық, жақсы  мен
жаманды 
салмақтай 
білетін, ұлы 
бəсекелестіктер 
дəуірінде 
қиындықтардан
қаймықпайтындай   болып қалыптасуына мүмкіндік жасау қағидасы жатыр. Шығыстың ұлы

196
математигі  А.Х. ас-Самарқанди«Білім  дегеніміз  əрі  қуат-күш, əрі  сұлулық» деп  тұжырым
айтқан  екен. Демек  біздің  əрқайсымыздың  біліміміз  мемлекетіміздің  қуатты  болуына
қосылатын  үлес  болмақ. Ата  Заңға  сүйене отырып, тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  ең
алдымен  саяси  саладағы  басты  міндетіміз – Қазақ  елінің  саяси  қуаттылығын  арттыру
қажеттілігін  қолға  алдық,демократияны  орнықтырып, меншік  қатынастарын  реформалап,
нарықтық  экономикаға  өтуді  жеделдетіп, халықтың  əлеуметтік  жағдайын  жақсартуға
кірісудің, əлемдік  қауымдастыққа  кірігіп, дамыған  мемлекеттермен  тең  дəрежеде  тұра
алатын жағдайға жету жолының – осының бəрінің өзіндік ауыр жолынан өттік.
Біздің  халқымыз – бостандық  жолындағы  талай  күрестерде  өзінің  ерлік  рухын
түсірмеген  халық. Сол  ерлік  рухының  бұдан  əрі  қарай  да  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып,
Отанымыздың  іргесінің  нығая  түсуіне  ықпал  ету  қажеттігі  де  Ата  Заңымызда  атап
көрсетілген.  Ал  бұл  мақсатты  жүзеге  асыруда  халықтың  бірлігінің    аса  маңызды  рөл
атқаратындығы түсінікті. Сондықтан да біздің Конституциямыздың3-бабында «Мемлекеттiк
билiктiң  бiрден-бiр  бастауы – халық» делінген[4]. Халықтың  тұтастығы, өзара  сыйластық,
басқа  мемлекеттермен  достық  қарым-қатынас  орната  алу, экономиканың  дамуы, жоғары
мəдениеттілікке  қол  жеткізу  –  осының  бəрі  де  тек  қана  халықтың  ауызбіршілігі  арқылы
жүзеге асырылады.
Біз қазір əрбір азаматтың құқықтық санасы жоғары сауаттылықпен қалыптасқан, əркім
өзінің  жауапкершілігін  терең  сезінетін  қоғам  құрдық  жəне  оны  əрі  қарай  дамыту
үстіндеміз.Өз  құқығымызды  жақсы  білу  арқылы  қоғамдық  тəртіп  пен  əлеуметтік  қарым-
қатынастарда  Ата  Заңның  қағидаттарының  сақталуын  əрқайсымыз  қатаң  қадағалайтын
жауапкершілікті де мойнымызға алдық.
Соның  арқасында  Қазақстан  əлем таныған  бейбіт  сүйгіш  ел  ретінде танылып үлгерді.
Жаһандық  мəселелерді  қарастырған, халықаралық  деңгейдегі  аса  маңызды  құжаттар
қабылданған  талай алқалы жиындардың біздің Астанамыздың  төрінде өткендігіне  əлем куə
болды.
G-Global_жобасын_ұсынды._Бұл_жоба_бүгінгі_таңда_көп_қырлы_əлемді'>Астана  форумы  аясында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан
Назарбаев  жаңа G-Global жобасын  ұсынды. Бұл жоба бүгінгі таңда көп қырлы  əлемді
біріктіруші  идеялардың  біріне  айналуда. Жобаға  жаһандық  қауымдастықтың
саясаткерлері, экономистері мен сарапшылары дереу үн қосты. Ресей экономистері мен
сарапшылары  бүгінгідей  ауыр  дағдарыс  жағдайында  əлемдік  экономиканың  кез  келген
ойыншысы  еркін  қатыса  алатын  жаңа G-Global  форматына  сенім  зор  екендігін
білдіруде.Өйткені бұл «бүгінгі таңдағы ең өзекті деген: инновациялық дамудың, ядролық
жəне  экологиялық  қауіпсіздіктің, этносаралық  жəне  дінаралық  толеранттылықтың, гео-
саясаттың  жəне  басқа  да  толғақты  мəселелерді  əлемдік  деңгейге  шығып  талқылау  алаңы».
Осы жобаны біздің мемлекеттің əлемді жаңа экономикалық жəне əлеуметтік даму сатысына
көтеру  жолында  кеңесуге  шақыру  идеясы  жəне  сол  арқылы  адамзаттың  ой-санасын
соғысқұмарлықтан алып қашу идеясы деп те пайымдай аламыз.
Қай  мемлекеттің  болсын  басшысының  сөзіне  əлемдік  сарапшылардың  құлақ
түруі – бұл сол мемлекеттің халықаралық деңгейдегі əлеуетін де мойындайтындықтың
белгісі болып саналды.
«Тарихтың бізге бұйыртқан сыйына жеңіл-желпі қарауға болмас. Уақыт дегеніңіз
жүрдек, маңдай  тіреген  мың  сан  сұраққа  əрі  дəл, əрі  жылдам  жауап  беру  қажет. Сол
сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы ұлттық пəтуа бірлік болса керек» деп Елбасымыз
айтқандай [5. 55]. Əлем мойындап отырған біз сияқты мемлекеттің келешегі – ұлттық
татулық пен өзара түсінісушілікте.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
  1.Ой-қазына антологиясы. ХХ ғасыр.  «Аударма» баспасы, Астана, 2004. 539 бет.
  2.К.Есмағамбетов. Қазақтар шетел əдебиетінде. «Атамұра» баспасы, Алматы, 1994. 223 бет.
 3.http://kk.wikipedia.org/wiki
  4.Қазақстан Республикасының Конституциясы. http://www.parlam.kz/
  5. Назарбаев Н. Ə. Тарих толқынында. - Алматы: «Атамұра» баспа үйі, 2003. –  265 бет.

197
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 20 ЖЫЛ
Умбетова С.
Қызылорда медицина колледжінің оқытушысы, қ. Қызылорда
Адамзат  ұрпағының  тағдыры  қилы  болғанымен, жүріп  келе  жатқан  даңғылы  жалғыз.
Сонау  ескі  дүниеден  бүгінгі  дəуірімізге  дейінгі  аралықта  адамзат  баласы  барлық  басынан
кешірген  аламан-сүргіндердің  астарында  жалғыз  ғана  сыр  жатыр. Ол  дүние  дидарындағы
барлық ұлттар мен ұлыс атаулының азаттығы жолындағы қастерлі күресі, ерлік істері. Осы
қасиетті    сапарда  бар  қиындықты  жеңіп,  байрағымыз  көкке  желбіреп,  қабырғалы  мемлекет
болып қалыптастық. [1, 568-б. ]
1995 жылы 1 наурызда іргесін көтерген Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл.
Осы  жылдар  ішінде  Ассамблея  қарқынды  дамып, елеулі  өзгерістерді  бастан  кешірді.
Ассамблеяның  арқасында  Қазақстан  сан  ұлт  пен  ұлыстардың  басын  қосып, біріктіріп,
тыныштық  пен  бейбітшілікте  өмір  сүріп, бір  жеңнен  қол, бір  жағадан  бас  шығарып  отыр.
Қазіргі таңда Ассамблея құрамында 394 мүше бар. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің жағдайын жасауда. Əр жыл
сайын  Қазақстан  этностарының  тілдерінде  бірнеше  жаңа  кітаптар  жарық  көрді. 15 тілде
газет-журналдар,  8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарамалар  шығады. Сонымен
қатар  білім  беру  жүйесінде  өзбек, тəжік, украин  тілдерінде  жүргізілетін 88 мектеп  бар,
елімізде  корей, өзбек, неміс, ұйғыр, орыс  театрлары  жұмыс  істейді. Барлық  аймақтарда
Достық  үйлері  өз  жұмысын  тиімді  атқарып  келеді. Елбасының  тапсырмасымен  Астана
қаласында-Бейбітшілік  жəне  келісім  сарайы  салынды. Бұл  сарайда  Қазақстан  халқы
Ассамблеясының сессиялары,  əлемдік дəстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс- шаралар
өтеді. [2, 4-б. ].
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  бүкілəлемде  Қазақстанның  этносаралық  қатынастар
саласында жүргізілген саясатының табысқа толы екендігін паш етіп келеді. Қазақстан халқы
Ассамблеясына  əлемнің  алып  елдері, ірі  державаларынан  келген  шетелдік  сарапшылар,
ғалымдар, журналистер  мен  дипломаттар  түрлі  кездесулер  өткізіп, қазақстандық  үлгіні
мойындап қана қоймай, ең таңдаулы жоба ретінде зерттеп, зерделеуге жəне оны өз елдерінде
қолдануға ынталы екендігін айтып жатады. Қазақстан халқы Ассамблеясы БҰҰ-ның  жұмыс
принциптерімен  толық  сəйкес  келеді  деп  те  айтылған. Қазақстандағы  қоғамдық  келісім
үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар күн санап артып
келеді. [3, 5-б. ].
Жалпы  алғанда, Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  негізгі  міндеттері  тағдыр
тауқыметін  көріп, қазақ  жеріне  қоныс  аударған  ұлт  өкілдеріне  қамқор  болып, достық
қатынаста  болып, біртұтас  өмір  сүруін  қамтамасыз  ету, олардың  құқығын  қорғап, біртұтас
қоғам құру.
Бірегей мемлекет құрып, 130- дан астам ұлт өкілін біріктіріп, бір ту астында өмір сүріп
жатқанымыз  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  салиқалы  саясатының  арқасы.
«Қазақстан-бір ел, бір  халық, бір  болашақ. Сондықтан  Ассамблея жылының  басты  идеясы-
«Менің  елім-мəңгілік  ел!»- дейді  мемлекет  басшысы  өз  құттықтауында. Сондықтан
Ассамблеяның  басты  ұраны -Ел  бірлігі. «Бақ  қайда  барасың? Бірлігі  жарасқан  елге
барамын!», «Бірлік  бар  жерде, тірлік  бар», Береке  басы –тірлікте» деген  қазақ  даналары.
Түптеп келгенде Тəуелсіздіктің ақ таңы атқан кезден бері жеткен əрбір жетістіктердің, асқан
əрбір асулардың өзегінде-ел тыныштығы мен тұрақтылығы, бейбітшілік пен бірлік жатқаны
ақиқат. [4, 6-б. ].
  Елбасы  еліне  сенеді,  елі  Елбасына  сенеді. Жас  ұрпақ, біздер  де  ертеңімізді
Елбасымызбен, оның  нұсқаған  басым  бағдары  арқылы  елестете  аламыз. Еліміз  ауыр  да
сынағы мол  жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең- жарқын жылдар болмақ.

198
Қорытындылай  келе, өз  ойымды  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  сөзімен
аяқтамақпын: «Алдымызда  асу  белдер  бар, ұлт  жолында  ұйтқи  соғар  желдер  бар. Бел  де
талар, жел де беттен қағар. Бəріне төзу керек, жас ұрпақ!».
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік: Əлеуметтану  жəне  саясаттану  бойынша / Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 568 б.
2.Ана тілі газеті //2015 жыл.  № 6. 4-бет.
3. Егемен Қазақстан газеті //2015 жыл.  №37 5-бет.
4. Егемен Қазақстан газеті //2015 жыл.  №38 6-бет.
МƏҢГІЛІК КЕЛІСІМ МƏДЕНИЕТІ –
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
Умирзакова Н.К.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ аға оқытушысы, Қаратау қ.
Қазақстанда  жаһандану  жағдайындағы  этникалық  қақтығыстар, діндер  арасындағы
келіспеушіліктер, аймақтық  даулар  түріндегі  қатерлер  кезінде  бейбітшілік  пен  келісімді
сақтау  ерекше  маңызды.  Халықтың  тұтастығын  сақтау  –  мемлекет  өзінің  даму  жолында
алдына қойған мақсатына жетуінің басты факторы болып табылады. Қазақстан – мекендеген
жері  мен  тарихи  тағдыры  ортақ  этностардан  құралған  унитаралы  мемлекет. Оларды  ортақ
құрылымның аясына  біріктірудің  сара  жолы – Қазақстан  халқы  Ассамблеясын құру болды.
Қазақстан  халқы тəуелсіздік алғалы бері осы қағидатты  желбіретіп  жоғары көтеріп  келеді.
Ассамблея  дербес  қоғамдық  институт  болып  құрылғанына  да 20 жыл  толды. Ресми  түрде
2015 жыл  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылы  деп  жарияланды. Асамблеяның  басты
мақсаты: Қазақстандағы барлық  этностардың  рухани тұрғыда  қайта  жанғыруы  мен дамуын
қамтамасыз  ету; өркениеттік  жəне  демократиялық  ұстанымдарға, мемлекеттік  ұлттық
саясатта  барлық  этностардың  мүддесіне  деген  құрметке  негізделген  ұлтаралық  қатынас
мəдениетін  қалыптастыру  болатындығы  айқындалды. Ассамблея  жылы  қатардағы  көп
мерейтойлардың  бірі  емес. Себебі, елдегі  бейбітшілік  пен  келісімді, тұрақтылық  пен
татулықты  сақтап, дамытудың  бірегей  тетігіне  айналған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы
еліміздің өшпес құндылығы – Тəуелсіздікке тірек болған Ел бірлігінің ең басты тұтқасы.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият  жəне  келісім  мəдениеті-
мемелкеттік этносаясатты жүзеге асырудың негізі. Көпұлтты Қазақстан халқының қоғамдық
келісімі  Қазақстан  өмірінің  өзегіне  айналуы  тиіс. Қазақ  халқының  кең  де  дархан  пейілін
еліміздегі  қай  ұлттың  өкілі  болсын  ағынан  жарыла  мақтан  ете  айтып  беретіні  айдан  анық.
Кезінде тағдыр тəлкегімен Қазақстан жеріне көшіп келіп,  бір үзім нанымен бөлісіп, жылуын
сыйлаған  кешегі  ата-бабаларымыздың  өнегесін  енді  бүгінгі  жас  буын  жалғастыруы  тиіс.
«Қазақстан-2050» стратегиясында  осы  жайттармен  қатар  мемлекеттік  тілді  меңгеру,
ұлтаралық келісім жəне де дамудың сыры тек бірлікте екені де айтылды.
1995 жылдың 1 наурызында  тəуелсіз  еліміздің  тарихында «Қазақстан  халқының
Ассамблеясы» атты  жаңа  институт  пайда  болды. Бұл  бірегей  институт  еліміздегі  барлық
этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен
ел  дамуының  мақсатына  айтулы  үлес  қосып  келеді. Ассамблея  қызметінің  арқасында
Қазақстанда  этностық  немесе  діни  ерекшелігіне  қарамастан  əрбір  азаматтың
Конституциямен  кепілдік  берілген  азаматтық  құқықтары  мен  еркіндігі  толығымен
қолданылатын  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімнің  айрықша  үлгісі  қалыптасты.
Егемендігімізді алған кезден бастап бұл ел үшін оңай болмады. Мемлекетімізді аяғынан тік
тұрғызу  үшін  қыруар  күш  қажет  болды. Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  жаңа  мемлекеттің
алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат еткені де белгілі. Бірақ бұл мақсатқа бірліксіз,
рухани  келісімсіз,  ынтымақсыз  қол  жеткізу  мүмкін  еместігін  басынан  айқындап  алды.

199
Экономикалық  дамумен  қатар  еліміздегі  татулықтың  тамырын  тереңдету  керектігін
тəуелсіздік алғаннан бері халыққа түсіндірумен келеді Мемлекет басшысы. Бастаманың мəн-
маңызын ұғынған еліміздің барлық облысы идеяны іліп əкетті.
ХХІ  ғасырдың  ең  басты  заңы – татулық. Татулық  пен  тыныштық  арқылы  экономика
өседі, халықтың  əл-ауқаты  күшейеді, бейбітшілік  орнайды. Келісім, экономика  мен  саясат
қауіпсіздігі  –  өмір  заңы.  Біз  келісім  мəдениетін  дəстүр  ретінде  ұрпаққа  мұра  етуге  тиіспіз.
Келісім  мəдениеті  мəңгілік  болу  керек. Ал  шараға  қатысушылар  ассамблеяның  санаулы
жылдар  ішіндегі  жетістіктерін  жіпке  тізіп,  барша  ұлт  пен  ұлысқа  өз  лебіздерін  білдірді.
Өзінің  ана  тілін, сонымен  қоса, мемлекеттік  тілді  меңгерген  жалынды  жастар  келешекте
жақындық  пен  теңдіктің  тетігіне  айналмақ. Əр  облыстардың  жергілікті  ерекшеліктері
ескеріле  келе, Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  дамытудың 2020 жылға  дейінгі
тұжырымдамасы бекіді. Ұлтаралық келісімді нығайтуды көздейтін кез келген шара қоғамда
жылы қабылданады. Қазіргі таңда əлемнің қаншама елінде тұрақсыздық белең алуда. Бейбіт
тұрғындар  жапа  шегіп  жатыр. Осындай  оқиғаларды  сөз  еткенде, ылғи  Қазақстанның
ұстанымының  түп-төркінін  терең  ұғынады. Қысқасы, бейбітшілік  пен  келісімнен  асқан
дүниенің  жоқтығын  түсінеді. Бұл  асыл  қазына  болмаса, ешбір  істің  алға  баспайтынына
көптің көзі жетуде. Ассамблея осылайша елдің басын біріктіруші күш екенін көрсетті. Бірлік
бар жерде тірлік болатынын дəлелдеді.
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  алғашқы  құрылтайында  Елбасы  жаңа  институттың
қоғамдағы рөлі мен жұмысының басты контурларын сол кезде-ақ: «Осыдан бастап қоғамдық
мəселелердің  барлық  қырлары  бойынша, əсіресе, ұлттық  саясатта  мемлекеттік  актілер
Ассамблеяның  пікірлерін  ескеріп  жəне  оның  тікелей  қатысуымен  қабылдануға  тиіс. Ол
актілердің  əрқайсысы  еліміздегі  барлық  этностардың  мүдделеріне  қайшы  келмеуі
қадағаланып, сараптан өткізілуі керек», деп қолмен қойғандай нақтылап берді. Бұл кейіннен
идеологиялық  тренд  ретінде  орнығып,  əлемге  «бейбітшілік  пен  қоғамдық  келісімнің
Назарбаев  моделі» деген  атпен  белгілі  болған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  алғашқы
қадамы  еді.  Ассамблеяның  тарихы  –  соңғы  жиырма  жылдағы  Қазақстан  тарихы.  Тиісінше,
дербес институт ретінде Ассамблеяның жүрген жолы, оның жеткен жетістіктері мен шыққан
биіктері еліміздің даму даңғылындағы айтулы оқиғалармен тығыз астасып жатыр. Өткен 20
жылда  Қазақстан  қоғамының  ішкі  ықпалдасуының, қоғамдық  келісім  мен  ел  бірлігін
нығайтудың біртұтас мемлекеттік жəне қоғамдық жүйесі толығымен қалыптасты. Қазақстан
халқы  Ассамблеясы  мемлекеттің  этностық  саясатын  қоғамдық  келісім  саясаты  деңгейіне
көтерген  бүкілхалықтық  институтқа  айналды. Этносаралық  қатынастарды  реттеудің  толық
заңнамалық  базасы  құрылды. Ассамблеяға  конституциялық  орган  мəртебесі  берілді.
«Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы» Заң  қабылданып, Ассамблеяның  құрылымы  мен
қызметінің, еліміздің  қоғамдық-саяси  жүйесінде  алатын  орны  мен  рөлінің  нормативтік-
құқықтық  реттелуі  заңнамалық  негізде  қамтамасыз  етілді. Ассамблеяның  негізгі
стратегиялық  жəне  бағдарламалық  құжаттары  өмірге  келді. Ел  ішінде  мұқият  талқыланып,
Елбасы мақұлдаған «Ел бірлігі доктринасы» бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудың
«бір  ел  –  бір  тағдыр»,  «тегі  басқа  –  теңдігі  бір»,  «ұлт  рухының  дамуы»  сияқты  басты
қағидаларын айқындап берді.
Қазақстанда 820 этномəдени  бірлестік  жұмыс  істейді. Ассамблея  мен  этномəдени
бірлестіктердің активі 67 мыңнан астам адамды қамтиды. Елбасының тапсырмасы бойынша
аймақтық  əкімдіктердің  жанынан  ақылдастық-кеңестік  орган  ретінде  құрылған  Қоғамдық
келісім  кеңестері  Ассамблеяның  Елбасы  айқындап  берген жалпыхалықтық институт  мəрте-
бесін  айшықтай  түседі. Себебі, ауыл, аудандардағы  əртүрлі  ұйымдардың  басын  бір  арнаға
тоғыстыратын, қоғамда  туындайтын  негізгі  сауалдардың  барлығымен  айналысатын  осы
кеңестер. Бүгінде  еліміздің  барлық  аймақтарында  түрлі  деңгейдегі 1035 қоғамдық  келісім
кеңесі  табысты  жұмыс  істеуде. Ассамблеяның  жанынан  құрылған  Отбасында  толеранттық
тəрбие  беру  жөніндегі  Аналар  кеңесі  еліміздің  ең  басты  құндылықтары – татулық  пен
тұрақтылықты ұрпақ жадына сіңірудің тиімді тетігі ретінде өз жұмысын бастады. Қазақстан
халқы Ассамблеясының қызметі мен мемлекеттік Ел бірлігі саясатын насихаттау тұрғысынан

200
жүйелі  ақпараттық  жұмыс  жолға  қойылды. Ассамблея  қабырғасында  еліміздегі  маңызды
оқиғалар  мен  іс-шараларға  байланысты 40-тан  астам  медиажоспар  жасалып, жүзеге  асы-
рылды
Этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  үлгісін  шет
мемлекеттерге  насихаттау  жөніндегі  жұмыстар  халықаралық  ынтымақтастық  саласында
жалғасын табуда. Еуропадағы Қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымында, Біріккен Ұлттар
Ұйымында  жасалған  бейбітшіліктің  Қазақстандық  моделінің  арнайы  беташарлары
халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Қазақстан  халқы  Асамблеясы ан  алуан  этностарды  азаматтық тұрғыда топтастырудың
қуатты  құралдарының  біріне  айналды. Жалпы  алғанда, өз  қызметінің  алғашқы  күндерінен
бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мəдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі
үлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мəдениетінің фестивальдері, татарлар мен
башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты,
т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дəстүрлі түрде
өткізіліп отырады.
          
Ассамблеяның  белсенді  қызметінің  нəтижесінде  Қазақстандағы  этностардың
мəдени  өмірі  жандана  бастады. Өйткені  Ассамблея  этникалық  топтар  арасындағы
ұйымдастыру  жұмыстарының  орталығына  айналды. Ассамблея  органдарына  мемлекеттік
мəртебе берілуіне байланысты этномəдени орталықтардың мəселелері жедел шешімін тауып,
кейбір  өзекті  мəселелер  бойынша  үкімет  деңгейіндегі  шешімдер  қабылданады. Ассамблея
Кеңесінің  шешімімен  этномəдени  орталықтарға  қаржылай  жəне  ұйымдастыру  жұмыстары
бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері
əрбір облыстарда ашылды.
Бүгінгі  күні  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  еліміздегі  əрбір  этностың  мүддесін
қорғайтын  қоғамдық  бірлестік. Ассамблея  көпұлтты  Қазақстан  халқын  топтастырушы
институт  ретінде  қалыптасып  болды  деп  есептеуге  толық  негіз  бар. Ассамблея  Қазақстан
азаматтарын  отансүйгіштік  рухта  тəрбиелеуге, халықтар  арасындағы  достық  пен  бірлікті
нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.
Ассамблеяның ең  жоғарғы органы Қазақстан халқы  Ассамблеясының  сессиясы болып
табылады. Ал  Ассамблея  Кеңесі  заң  жобаларын  сараптамадан  өткізу, мемлекеттік  тіл  мен
еліміздегі  барлық  халықтардың  тілін  жəне  мəдениетін  дамыту, жастардың  бойында
қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-пен тығыз байланыс орнату, халықаралық
байланыстар  жүргізу,  əрбір  этностың  мəдени  дамуына  ықпал  ету  сияқты,  өзге  де
жұмыстарды жүзеге асырады
Ассамблеяның  алдына  қойған  басты  ұраны - Ел  бірлігі, Ел  ынтымақтығы  жəне
Мəңгілік Ел болуы! Ал бірлік болмайтын жерде береке де, тірлік те  болмайтыны бесенеден
белгілі, бұл  жайында бабалардан  қалған  даналық  ой, асыл сөздер  де жеткілікті. «Бақ  қайда
барасың? Бірлігі жарасқан  елге барамын!» деген  бабаларымыздан  қалған  дана  сөз  бар емес
пе. Түптеп  келгенде, Тəуелсіздік  жылдарынан  беріге  қарай  жеткен  əрбір  жетістіктің, асқан
əрбір асудың өзегінде - елдегі тыныштық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен бірлік жатқаны да
шындық. Егемендігіміздің  ең  алғашқы  қиын  қыстау  жылдары  Елбасы  Н. Назарбаевтың
бастамасымен  құрылған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өзінің  мəңгілік  екендігін  танытып
қана  қойған  жоқ, қазіргі  таңда  одан  əрі  өрлеу  үстінде. Ендеше  еліміздің  тұрақтылығы  мен
татулығына, бейбітшілігі мен бірлігіне қызмет ететін Ассамблея сияқты айрықша институтқа
бір жылымызды арнау қуанарлық іс. Тіпті бұл жыл дəл осы тұрғыдан алғанда тарихи жылға
айналуы  да  əбден  анық. Себебі  мəңгіліктің  табыстылықтың, ынтымақтастықтың,
татулықтың, тұтастықтың  кілті – бірлікте  екенін  əр  қазақстандық  өз  жүрегімен  сезеді.
Сондықтан  да, Ассамблея  жылының - бейбітшілік, рухани  келісім  мəдениетінің  негізгі
жылы екендігіне еш күмəн келтірмейміз.
Қазақстан  халқының  Ассамблеясы – Қазақстанның  ерекше  дамыған  саяси
жаңалығының  шешуі  болып  табылады. Қазақстан  елі  көпұлтты  елдің  татулығының, басқа
елдерге  қарағанда  тұрақты  дамуының  үлгісі. Сенім, дəстүр, толеранттық – дамыған

201
көпұлтты  еліміздің  негізгі  қағидалары  болып  есептелінеді.  Осы  құндылықтар
тұрақтылығымыздың, модернизацияланудың жəне  дамуымыздың негізін қалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет