Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі11,53 Mb.
#6088
1   2   3

А.КЕНжЕБАЕВА,

қытайтану кафедрасының доценті;

Таңнұр ЕСБОЛАТ, 

 2-курс магистранты

Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын 

қарқынды жүргізу университетіміздің алға қойған басты бағыттарының біріне 

айналып келе жатыр. 

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс 

кафедрасы жапонтану бөлімінің 

оқытушылары тек Алматы қаласының 

мектептерімен шектелмей, Жапонияның 

Халықаралық байланыстар қорының 

қаржыландыруымен өткен оқу жылында 

Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларының 

мектептерінде болып келсе, жақында 

жапон тілі оқытушылары Ниномия 

Такаши, Самал Боранқұлова, Мәдина 

Шадаева, Ақмарал Токкариналар Орал 

қаласының төрт мектебінде, атап айтар 

болсақ, Назарбаев зияткерлік мектебі, 

Сейфуллин атындағы №11 дарынды 

балаларға арналған мамандандырылған 

облыстық қазақ мектеп-интернат кешені, 

Батыс Қазақстан облыстық дарынды 

балаларға арналған мамандандырылған 

мектеп-интернаты, №40 қазақ орта 

мектебінің 10-11 сынып оқушыларына 

Тарих, археология және этнология 

факультеті «Мұрағаттану, құжаттар 

жүргізу және құжаттамалық 

қамтамасыз ету» мамандығының 

2-курс студенттері «Ұлттық 

мұрағат қоры және мұрағаттар 

туралы» N 326-I ҚР Заңының 

қабылданған күніне орай ҚР 

Президенті Мұрағатының ұжымы 

ұйымдастырған «Архивисты и 

архивы Казахстана. ХХ и ХХІ вв.» 

[1] атты құжаттар мен материалдар 

жинағының тұсаукесеріне қатысып 

қайтты.

Жалпы, құрастырушылар бірінші кезекте 

Республикадағы мұрағат саласының пайда 

болғанынан бастап 1990 жылдарға дейінгі 

мұрағат басшылары жайында мәліметтер 

беруге тырысқан. Мұнда, сонымен бірге, әр 

жылдары түрлі басылымдарда жарық көрген 

сұхбаттар, өмірбаяндар, естеліктер және 

мұрағат ісінің қалыптасуы мен проблемалары 

жайлы мақалалар да орын алған. 

Мұрағат ардагерлерінің айтқан ойынан, 

тілегінен жас мұрағатшылардың алары 

мол болғанын айту керек. Жинақтың 

ғылымға, мұрағат өміріне және мұрағатшы 

тағдырына әсерін айта келе ардагерлер 

жастарды Отанын, ұлтын, мұрағатты, 

мұрағат мамандығын сыйлауға, жақсы көруге 

шақырды. 

Мұрағат ісіне, оның өткені мен ертеңіне 

байланысты жиынға қатысу, мұрағат ісі 

ардагерлерінің сөзін, кеңесін тыңдау 

және осы іс-шараға байланысты мұрағат 

қызметкерлері дайындаған құжаттық 

көрмені, Қазақстан Республикасы 

Президентінің Мұрағаты жарыққа 

шығарған кітаптардың көрмесін көру негізгі 

мақсатымыз болатын. Шынында, мұрағат 

ұйымдастырған жаңа жинақ тұсаукесерінен 

болашақ мамандар үлкен әсермен оралды.  

Ш.Т. БУЛГАУОВ,

дүниежүзі тарихы, тарихнама және 

деректану кафедрасының оқытушысы 

Қазақстан Республикасының 

Болон декларациясына қосылуы 

білім мен ғылымның ұлтаралық 

қатынастары жолында маңызды 

қадам болғаны анық. Бұл 

қадам жоғары білім алаңында 

салыстырмалы жүйені қабылдау 

арқылы еуропалық білімге 

қолжетерлік жағдай жасауға, 

білім сапасын дамытып, 

білім алушылар мен оқытушы 

профессорлар құрамының 

мобильдік деңгейін арттыруға 

мүмкіншілік туғызады.

Болон үдерісінің шешімі бойынша 

білім беру саласындағы қызметкерлердің 

алдына бірқатар мәселелер, соның ішінде 

қазіргі жан-жақты дамыған қоғамның 

шығармашыл тұлғасын қалыптастыру 

міндеті қойылып отыр.

ҚР Білім беруді дамытудың 2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасында XXI ғасырда өркениетті 

дамушы елдер мен бәсекелестік арқылы 

ел экономикасын дамытуда бүгінгі 

қоғам жастарының біліктілігі мен 

білім деңгейлері сай болуы айтылған. 

Осыған байланысты қазіргі таңда 

Қазақстан Республикасында жоғары оқу 

орындарындағы білім беру саласына басты 

назар аударылуда.

Қоғамның экономикалық, техникалық, 

мәдени тұрғыдан дамуында білім 

беру жүйесінің алар орны жоғары. 

Мемлекетіміздің білімділік деңгейі 

ғана халқымыздың лайықты бейнесін 

және әлемдік қауымдастықтағы орнын 

қамтамасыз етеді, еліміздегі әрбір адамның 

және халықтың әлемдегі статусын 

анықтайды. Қазіргі кезде білім беру 

саласында негізгі бағыттардың бірі ретінде 

кәсіби жоғары деңгейде даярланған, 

шығармашылық қабілеті дамыған, алдына 

қойылған мәселелерді тез әрі сапалы түрде 

шеше алатын жаңа типті оқытушы тұлғасын 

жасау орын алады. Осындай талаптарды 

орындай алатын болашақ оқытушыларды 

даярлау өзекті мәселелердің бірі болып 

отыр. Сондықтан қазіргі күнге дейін 

жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа 

әдістері мен тәсілдері, оқыту құралдары, 

оқытудың жаңа технологиялары зерттеліп 

келеді. Қазіргі қоғам жағдайында болашақ 

мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу 

орнының оқытушысы ғылыми ақпаратты 

жеткізуші ғана емес, сонымен қатар 

танымдық әрекетті ұйымдастырушы 

болуы тиіс. Сондықтан оқу үрдісінің 

қарқынын күшейту және сапасын арттыру 

қажеттігі туындайды. 

Білімді ақпараттандыру  – бұл оқу 

қызметін, оқу нәтижелерін бақылау мен 

өлшеуді, оқудан тыс қызмет пен тәрбиелеу 

үдерістерін, ғылыми-зерттеу қызметін 

және ғылыми әдістемелік қызметті, сол 

сияқты ұйымдастыру-басқару қызметін 

ақпараттандыру болып табылады. Бүгінде 

ақпараттық технологиялар Қазақстанда 

қоғамның зияткерлік қабілеттерінің 

үдерісінде, оның білім беру жүйесі мен 

мәдениетінің дамуында ерекше маңызды 

болып табылады.

М.Қ. АСЕМБАЕВА,

 жылуфизика және техникалық физика 

кафедрасының доценті м.а.  

кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша арнайы 

іс-шара өткізіп қайтты. 

Аталмыш іс-шараның мақсаты – 

аймақтағы мектептердің жоғары сынып 

оқушыларына Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ Шығыстану факультетінде 

оқытылатын мамандықтар мен жапон тілі 

және Жапонияға қатысты мамандықтарды 

таныстыру, сондай-ақ Жапония, жапон 

тілі мен мәдениеті, Жапонияға оқуға бару 

мүмкіндіктері жайлы мағлұмат беру болып 

табылады.

Оның барысында жапон елі, тілі, 

мәдениеті бойынша танымдық ойын 

ойнатылып, Шығыстану факультеті мен 

Қиыр Шығыс кафедрасын таныстыратын 

арнайы презентация, бейнероликтер 

көрсетілді. 

Мәдина ШАДАЕВА,

Қиыр Шығыс кафедрасының 

аға оқытушысы


7

№1 (1595) 5 қаңтар 2016 жыл

ж е з   қ о ң ы р а у



Стартовала 44-ая традиционная спартакиада «Здоровье» среди 

профессорско-преподавательского состава, сотрудников и докторантов университета

ҚазҰУ-менің таңдауым



Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы 

әлем елдерінің арасында қарқынды 

дамып келе жатқан мемлекеттердің 

қатарында. Мемлекетіміздің осындай 

толағай жетістіктерге жетуіне өзінің үлкен 

үлесін қосып, еліміздің мәртебесін өсірер 

жалынды жастарға тәрбие беріп отырған 

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 

бірі әрі бірегейі – әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университеті.  Тек сапалы білім мен 

саналы тәрбие беріп қана қоймай, мәдениет 

пен өнерді, салауатты өмір мен спортты 

ұштастырып, жастарға үлкен мүмкіндік 

жасап отырған, Қазақстан жоғары мектебінің 

қара шаңырағы атанған ұлттық университет 

әлем елдерінің дүниежүзілік білім беру 

деңгейінің алдыңғы сабындағы жоғары оқу 

орындары қатарында, олармен терезесі тең. 

ҚазҰУ түлектерінің ішінде тек елімізге 

ғана емес, басқа алыс-жақын шетелдерге 

де кеңінен танымал атақты академик 

ғалым-профессорлармен қатар халық 

қалаулылары, депутаттар, қаламы қарымды 

ақын-жазушылар, әнімен жанды тербеген 

әнші-сазгерлер, көк байрағымызды халықаралық додаларда желбіреткен спорт 

шеберлері және басқа да біліктілігі басым мамандар бар. 

Біздің университетте білімін шыңдап жатқан шетелдік талапкерлер де аз емес. 

Оқу орны жанынан ашылған әр саладағы ғылыми-зерттеу институттары да еліміздің 

қарышты дамуына, ел экономикасына сүбелі үлес қосатын орталықтар ретінде танылып 

отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «ҚазҰУ – Қазақстандағы білім беру 



жүйесінің озық үлгісі, қайталанбас іргетасы» деп баға беруі – әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің теңдесі жоқ білім ордасы екенінің тағы бір дәлелі. 

Талай талапкердің қол жетпес арманына айналған ҚазҰУ әлі де қарыштай бермек. 80 

жылдан астам тарихы бар, мәртебесі биік оқу ордасын әлі талай жетістіктер мен жарқын 

болашақ күтіп тұрғаны сөзсіз. 

Бұл, әрине, біздің, Қазақстан Республикасының өрелі де білімді, талабы мен таланты 

ұштасқан жастарының қолында!

Бахтыбай УМБЕТБАЕВ,

«Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – менің бала күннен армандаған 

оқу орным. Осы университеттің студенті атанғаным мен үшін өмірімдегі ең үлкен 

қуаныш болды. Еліміздегі еңселі білім ордасы, талай тарланын өсірген киелі қара 

шаңырақта білім алудың өзі неткен бақыт! Грант иегерлері арасынан өз есімім мен 

өзім түскен осы білім ордасын көргенімде менен бақытты адам болмағандай көрінді.

Осылайша бір-ақ сәтте арманым ақиқатқа айналды. Сол арман мені өзім қалаған, 

өзім келемін деп мақсат қойған алып қала – Алматыға алып келді! Тәуелсіз елімнің 

мәдени ордасының келбеті мені қашаннан да таңғалдыратын. Таза ауа, зеңгір көк, 

аспанмен таласқан зәулім таулар бұлардың барлығы дәл менің арманымдағыдай! Ал, 

ҚазҰУ қалашығы! Менің қалашығым! Бұл керемет мекенде өтіп жатқан әрбір күнім – 

мен үшін өмірімдегі ең бір тамаша кезеңдердің бірі. Мұндай қалашықта өмір сүру кез 

келген студенттің арманы болар.

ҚазҰУ қалашығы – ізгіліктің мекені. Мұнда студенттің сапалы білім алуы үшін барлық 

жағдай жасалған. Бай кітапхана, тек біздің университетте бар «Керемет» студенттерге 

қызмет көрсету орталығы, интернет орталығы, тамақтандыру комбинаты, кең стадион, 

кез келген спорт түріне арналған арнайы залдар, қысқасы адам жанына керектінің бәрі 

табылатын, өз саясына барша адамзатты сыйдыратындай көрінетін, жылуға толы, көкке 

оранған тамаша қалашық! Мен өз университетімді мақтан тұтамын!



Шаһризада ОТАРБАЙ, 

тарих, археология және этнология факультетінің 1-курс студенті  

Досжан Балабекұлы (фото)

Студенттер – болашағымыз, Отанымыздың үкілеген үміті.

Ал ұстаздар – өмірін  сол жастарға білім беруге арнаған жандар. 

Студенттеріміздің жақсы оқып, биіктерден көрінуі – біз үшін үлкен 

қуаныш. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп дана 

халқымыз айтқандай, талантты студенттерді жетілдіру – ұстаздардың 

борышы.  Студенттерге ағылшын, неміс тілдерін үйрететін шетел тілі 

кафедрасы оқытушыларының ұстанған қағидасы да осындай.  

Студенттердің қабілеттерін 

сәулелендіріп, бар өнерлерін сыртқа 

шығару үшін шетел тілі кафедрасы 

ұстаздары оларға «Айналаңды 

нұрландыр», «100 кітап», «Салауатты 

өмір салты» атты  мазмұнды жобалар 

аясында көптеген шаралар өткізуде. 

Нәтижесінде студенттер өздерінің 

алғырлығы мен еңбекқорлығының  

арқасында неміс, ағылшын тілдерін 

жақсы меңгеріп, бұл тілдерге деген 

қызығушылықтарын көрсетуде.  

Түрлі шығармаларды ағылшын, 

неміс тілінен өз ана тіліне аударып, 

сол тілді үйренгендерін көрсетуде. 

Сондай талапты студенттердің бірі 

– физика-техникалық факультетінің 

ядролық физика мамандығының  

1-курс студенті Сая Тұрсынәлінің 

еңбегін назарларыңызға ұсынғым 

келеді. Ол неміс ақындары –Г. Гейне, 

И.В. Гетенің шығармаларын аударды.

Heinrich Heine 

Im wunderschönen monat maI

Im wunderschönen Monat Mai,          

Als alle Knospen sprangen,  

Da ist in meinem Herzen

Die Liebe aufgegangen.

Im wunderschönen Monat Mai,

Als alle Vögel sangen,

Da hab ich ihr gestanden

Mein Sehnen und Verlangen.

ӘДЕМІСІң МАУСЫМ АЛДЫ МАЙ 

АЙЫ!

Әдемісің маусым алды май айы,

Бүршік жарып, ағаш көктеп барады.

Жан пендесін ғашық етіп өзіне,

Жүрегіңе махаббат отын жағады. 

Әдемісің маусым алды май айы,

Әсем әнге құстар салып барады. 

Тыңдап әнін жүректерің жылынар, 

Армандарың орындалған сияқты.

J.W.Goethe

Gefunden 

Ich ging im Walde 

So für mich hin 

Und nichts zu suchen 

Das war mein Sinn.

Im Schatten sah ich 

Ein Blümchen stehn,

Wie Sterne leuchtend,

Wie Auglein schon.

Ich wolt’ es brechen

Da sagt’ es fein:

Sol lich zum Welken      

Gebrochen sein.            

Ich grub’s mit allen

Den Würzlein aus,

Zum Garten trug ich’s

Am hübschen Haus.          

Und pflanz’ es wieder

Am stillen Ort;

Nun zweigt e simmer

und  blüht so fort.                   

ТАПТЫМ

Ну орманның ішінде жалғыз жарым

Терең ойға шомылып келе жаттым.

Әсемдігі соншалық жұлдызға ұқсас,

Көлеңкеден бір шоқ гүл көріп қалдым.

Әсемдігін көрген сайын көз толып,

Алып кетпек болдым үйге үзіп ап.

Шыбын жан гүл екеш гүлде де бар,

Маған қарап төкті жасын мұң шағып.

 «Көркіме тамсанғаның жақсы болар,

Бірақ та солдыруың бұрыс болар.

Мен дағы өмір сүріп үздіксіз

Жасай берсем осы жерде дұрыс болар?!»

Мен ойладым шынымен қателестім,

Үзіп алып өмірін өшірермін.

Одан дағы қопарып тамырымен

Гүл бақшаға апарып  өсірермін.

Әсем гүлдер арасына апарып,

Егіп қойдым тамырымен қопарып.

Сұлулығын өшірмесін деп оны

Дейін қойып, баптап жүрдім суарып.

К.А. жИРЕНШИНА,

шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы


8

№1 (1595) 5 қаңтар 2016 жыл

Бағасы келiсiм бойынша.

Таралымы 1000 дана

Тапсырыс №2

 жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакцияның 

көзқарасын бiлдiрмейдi.

 редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш 

компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

 «қазақ университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп 

басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

 жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты.



ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Әл-Фараби атындағы 

қазақ ұлттық 

университетiнiң 

ректораты

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор м.а.: 



Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

жауапты хатшы –



 Дариға АМАНКЕЛДИЕВА

тілшілер: 



Айкерім КАМАЛДИНОВА, Елдана ТОҚБАЙ

дизайнер – 



Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Фототілші –



Марат ЖҮНІСБЕКОВ

Корректорлар: 



Гүлмира БЕКБЕРДИЕВА, Әйгерім ИМАНҒАЛИЕВА

МЕКЕНЖАЙЫ:

050040, алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, 

ректорат, 11-қабат, №1104 бөлме.

Байланыс телефоны:

377-33-30, iшкi: 11-94, 

тiкелей: 377-31-48.

Газет 1994 жылдың 7 ақпанында қазақстан республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнде 

тiркелiп, № 1242 куәлігi берiлген 

соңғы Бет

Электронды мекенжай:



kazuniver-gazeti@mail.ru

Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп, 

беттелдi. “Бизнес-Информ“ баспаханасында  басылды

Тел:.2-93-09-09



В КазНУ есть замечательная  

традиция: в рамках акции 

100 книг преподаватели 

организовывают различные 

образовательные мероприятия, 

направленные на умственное 

развитие личности. 

На кафедре педагогики и 

образовательного менеджмента 

факультета философии и политологии 

функционируют «Школа кураторов» 

(руководитель А. К. Мынбаева) и «Школа 

молодого ученого» (Ш. Т. Таубаева), 

которые разрабатывают и внедряют 

педагогический опыт не только в 

период зимних и летних каникул, но и 

образовательные мероприятия в течение 

всего года для всех желающих. Мотивация, 

желание изменяться, учиться, идти в 

ногу со временем напрямую связаны с 

процессом реализации инновационного 

 

подхода  в образовании. Мастерство 



педагога зависит от методической 

подпитки, современной психолого-

педагогической литературы и опыта. 

В прошлом году в Издательском доме 

КазНУ было издано учебно-методическое 

пособие «Инновационные формы учебно-

воспитательного процесса в вузе» (автор 

З. М. Садвакасова), которое по итогам 

Всероссийского конкурса учебно-

методических изданий по педагогическому 

образованию «Формирование 

новой экосистемы педагогического 

образования» получило диплом II степени 

в номинации «Высшее образование». 

В рамках этой книги и акции 100 книг 

были обучены не только магистранты 

КазНУ по дисциплине «Педагогика», 

но и педагоги по всей республике. Так, 

кафедра педагогики и образовательного 

менеджмента организовывает и обучает 

инновационным формам и методам 

в образовательном процессе:   на 

факультете журналистики КазНУ 

организован республиканский семинар 

«Инновационные формы и методы 

преподавания дисциплин в школе»; на 

базе ФАО «НЦПК Өрлеу» РИПКСО 

проведен воркшоп «Инновационные 

формы преподавания дисциплин в 

школе» для слушателей курсов в рамках 

сотрудничества казахстанской школы 

РИПКСО и КазНУ; в Республиканском 

учебно-оздоровительном центре 

«Балдаурен» (г. Щучинск) организованы 

тьюторские площадки для учителей 

Казахстана «Инновационные формы 

проведения мероприятий в  учебно-

воспитательном процессе школы»;  на 

базе школы им. К. Байсеитовой в период 

осенних каникул был проведен мастер-

класс «Инновационные формы в учебно-

воспитательном процессе в школе» в 

рамках республиканского семинара 

 

учителей музыкальных школ «Подходы 



и перспективы развития музыкального 

образования в современной школе». 

Таким образом, подтверждается, 

что КазНУ является лидером по 

внедрению инновационных подходов 

в педагогической деятельности в 

стране. И шаги конкурентоспособности 

 

выпускников напрямую связаны  с 



внедрением инновационных подходов в 

преподавании в вузе. Огромное значение 

в реализации инновационных подходов 

имеют подготовленность педагогических 

кадров и навыки педагогического 

мастерства. 



З. М. САДВАКАСОВА,

к.п.н., доцент кафедры педагогики 

и образовательного менеджмента

Қоғамдағы жетімдік – бұл ХХІ 

ғасыр мәселесі. Онымен күресу 

керек. Қазақстандағы ерекше 

жоба – «Ана үйі» қоғамдық 

қоры осы көзқарасты берік 

ұстанады. Қиын жағдайға түскен 

жас аналарға көмек беретін 

қордың жұмысына қолдау 

білдіру мақсатында «Айналаңды 

нұрландыр» жобасы аясында 

филология және әлем тілдері 

факультеті шетел филологиясы 

және аударма ісі кафедрасының 

оқытушылары мен студенттері 

бірқатар қайырымдылық 

шараларын ұйымдастырды.

 Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 

«Ана үйі» жобасының 17 қалада 27 

орталығы жұмыс атқаруда. Жоба 

бүгінгі таңда 1037 балалы анаға көмек 

көрсеткен. Бұл жобаның мақсаты – 

жас аналарға өмірдің қиын сәттерінде 

моральды және қаржылай көмек көрсету. 

Ұйымдастырушылардың 

айтуынша,  

аналарға тұрақты өмір сүру үшін тағы да бір 

мүмкіндік беру керек, осылайша балалар 

толыққанды отбасылы болуына мүмкіндік 

пайда болады. Психологтардың көмегімен 

көптеген аналар отбасыларымен қарым-

қатынасын қайта орнатқан. 2014 жылы 

«Ана үйі» жобасы Қазақстанда ең мықты 

қоғамдық жоба ретінде танылды. 

Студенттерді осындай қоғамдық 

шараларға тартудағы мақсат – олардың ел 

тағдырына деген жеке жауапкершілігін, 

белсенді азаматтық ұстанымдарын 

қалыптастыру әрі шыңдау, оларды өзін-өзі 

басқару шараларына бағыттау бойынша 

ұйымдастыру қабілеттерін арттыру, топтық 

бірлікті сезінуге үйрету болып табылады. 

Шетел филологиясы және аударма ісі 

кафедрасы оқытушылары – А. Аушахман, 

Э. Бектұрова, А.Алимбаевалардың 

ұйымдастыруымен өткізілген шара 

нәтижесінде  студенттер аналар үйіне 

классикалық әдебиет және балаларға 

арналған әдебиеттер, ойыншықтар, жас 

балалардың шығармашылығын дамытуға 

арналған құрал-жабдықтар сыйға тартты. 

Сондай-ақ кафедра ұжымы 

аталмыш қорға тұрақты түрде көмек 

көрсетуді жоспарлауда. Студенттерді 

интеллектуалды тұрғыдан жан-жақты 

мәдени тұлға ретінде дамытуда, олардың 

бойына жалпы адами құндылықтарды 

сіңіруде, күрделі жағдайларды шешуге 

бейімдеуде мұндай шараларды өткізудің 

маңызы зор деп білеміз. 



А.Т. АУШАХМАН, 

шетел филологиясы және аударма ісі 

кафедрасының оқытушысы

Қазақ елі ерте заманнан жетімі мен жесірін жылатпаған. Халқымыз 

бала саны мен тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Қазіргі заманда 

дүние жүзінде 2 млрд-тан астам бала бар. Өкінішке қарай, барлық 

елдерде көптеген балалар отбасынан тыс өмір сүруде. Осы орайда 

балалардың жабырқаған көңілін көтеру, қолдау білдіру мақсатында 

жуырда ҚазҰУ колледжінің оқытушылары мен білім алушылары 

бірігіп, Алматы қаласындағы «Үміт» балалар үйіне  барып қайтты. 

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 

республикамызда 75000 жетім бала 

бар екен. Жетім қалған балалардың 

негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік 

қорғау органдарының мекемелерінде 

тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде 

бала, бірінші кезекте, ата-анасының 

қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи 

дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр 

психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін.

Соңғы жылдары Қазақстанда жетiм 

балаларды асырап алуға ниет етушiлер 

көбейiп отыр. Былтыр қайырымды жандар 

3712 жетiм баланы өз отбасыларының 

тәрбиесiне алып, мейiрiм-шапағаттарына 

бөлептi. Қараушысынан айрылған 

жетiм балаларды асырап алу саны да 

жыл санап артуда. Осыдан екi жыл 

бұрын қазақстандықтар 2773 баланы, ал 

оның алдыңғы жылдары 3044 баланы 

өз отбасыларына алыпты. Мұның өзi өз 

iшiмiзде бала асырап алу жақсы үрдiске 

айналып келе жатқанын көрсетедi.

Қайырымдылық шара барысында 

жаңа жыл мерекесіне орай балаларға 

арнап концерт қойылып, арнайы 

сыйлықтар тапсырылды. Бүлдіршіндерге 

көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ойындар 

ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – білім 

алушыларды адамгершілік, мейірімділік, 

ізгілік, ізеттілік қасиеттеріне баулу. Әрбір 

адам баласы дүниеге жетім болу үшін 

келмейді. Сондықтан да қатыгездікке жол 

бермей, рухымыз биік, адамгершілігіміз 

жоғары болсын!



А.А. ЕГЕУБАЕВ,

 колледж оқытушысы; 

А.К. ОМАРОВА,

колледж директорының орынбасары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет