КеЙБіР ҚыздаР
Түңгі клуб мүсәпірлер мекені,
Шыбыштар бар аңсап жүрген текені.
Өткізсе егер әрбір кешін сол жерде –
Бұзылған қыз айдан анық екені.
Жақсы қыздар жоламайды ол жерге,
Уақыт жоқ шашатұғын бекерге.
Анасынан үлгі алып жүретін
Мен жандарды балаймын шын шекерге.
Түніменен ойнақ салып жүретін,
Әрбір затқа еш орынсыз күлетін.
Тілі ащы тікенектей қыздар бар
Ер алдында жөнсіз сөйлей беретін.
ЖеТіМ БаЛа
Жақсыларды жадырай жағаларсың,
Жүрегіңнің шырағын жаға аларсың.
Жетім бала өмірін баяндайын,
Беу ағайын, оқысан, бағаларсын!
Өмірінін әр күні тозақ болған,
Көрінгенге көзкүйік, мазақ болған.,
Босағасын әркімнің аттауменен,
Қызық емес, көргені азап болған!
Өмір деген алма кезек емес пе еді?
Ол жігіт бағындырды белестерді,
Ебін тауып Құдай берген ақылымен,
Жеңе білді толассыз күрестерді!
Желтоқсанның бір күнгі ызғарында,
Нан іздеп жүрген кезі түн жарымда,
Ақша толы дорбаны тауып алып,
Кедей бала, бай болды қасқағымда!
Үй алып, киім киді шыттай болып,
Шыға келді шыр бітіп, сыптай болып.
Жолдастары көбейді осыдан соң,
Жағдайы да түзелді нықтай қонып.
Достарыннан көмегін аямады,
Ешқашан да арамдық ойламады.
Өз қамдарын ойлаған жолдастары
Қиын сәтте оған кеп паналады.
Зымыраумен көп уақыт ауып қалды ,
Бір күні жетім бала аурып қалды.
Емделуге жұмсады бар қаржысын,
Кеселінен, бірақ та, сауықпады.
Бұрынғыдай достары сабылмады,
Керек десе еске алып сағынбады.
Күн шыққанда жанынан шықпайтұғын,
Арам достар бұлтты күн табылмады.
Алда тұрса ақылдан арамдығың,
Өлшенбейді байлықпен адамдығың.
Бір-біріне қол созар жандар қайда?
Өзгеріп кеткен бе шын заман бүгін?
ЖіГіТ
Жар іздеймін байымай тұрған кезде,
Ақша барда қыз келер бірден лезде.
Ей, бауырым, әлпеште қарындасты-
Қадірлі боп қасыңда жүрген кезде.
Жар іздейік қыз деген атқа лайық,
Ей, жігіттер, нәпсіге алданбайық.
Некесіз сызат салып аруларға-
Бір түндік ләззәт іздеп қамданбайық.
Жар іздейік көркі сай ақылына,
Құлақ салар бабалар нақылына.
Қырық үйден тыйым салса өз-өзіне,
Ондай қыздар лайық ғасырына.
Қыз
Жар іздеймін әлпештер алақанға,
Шүкір етер әр атқан ала таңға.
Жұмыстан соң үйіне асығып кеп-
Алғыс айтар жайылған дастарханға.
Жар іздейік үлгілі балаларға,
Шын қамқоршы ата мен аналарға..
Ішіп алып есікті теуіп кірер
Тап болмайық арамза алаларға.
Жар іздейік ер деген атқа лайық,
Елі сүйген ерекше баққа лайық.
Еліктемей келімсек кейбіреуге,
Сұлтанына жігіттің тап болайық.
ҰМыТПасПын
Ұмытпаспын сол уақытты,сол сәтті,
Біз кездескен алғаш мәрте сол бақты.
Бір көргеннен мүмкін екен ұнату-
Қатал тағдыр, бірақ, бізді қоспапты...
Ұмытпаспын, қалай енді ұмытам?
Сезімімді қалай мәңгі суытам?
Мен сүйгенмен, сен сүймедін, қалқатай,
Енді қалай жүрегімді жылытам?
Ұмытпаспын,бағынбайды жүрек тым,
Күннен күнге бара жатыр жүдеп тым.
«Қалайықшы дос боп» деген сөзіңмен
Кеудемдегі қасіретті үдеттің.
Басқа жерге, басқа отауға қонсаң да,
Құшып-сүйіп, өзгеге жар болсаң да,
Ұмытпаспын! Ұмытпаспын ешқашан,
Төсек тартып, О дүниелік болсам да!
сұлтан саЙЛау
АТУ1 курс студенті
Көктемнің алғашқы айы жыр сүйер қауым үшін
жақсы жаңалықтар мен жақсы кештерге толы бол-
ды. Наурыздың 27-ші жұлдызында Қазақстанның Жа-
зушылар Одағында 1955 жылы 24 наурызда дүние
есігін ашқан, Республикалық жыр мүшәйраларының
жеңімпазы, белгілі ақын Болат Үсенбаевтың 60 жасқа
толуына орай « Тәңір – жыр, саған табынам» атты ән –
жыр кеші болып өтті.
1980 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу
Мемлекеттік университетін бітірген Болат Үсенбаев
ағамыз Ресейден алған білімін Қазақстанда кеңінен пай-
даланып, біздің Қазақ әдебиетімізге өзінің ерен еңбегін
сіңірді. Өзімізге белгілі «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті»,
«Жас қазақ», газеттерінде қызмет атқарып, «Ақжелкен»,
«Балдырған» журналдарында басшылық қызметте бол-
ды. Қазіргі таңда Болат ағамыздың «Жеңеше», «Жүзік»,
«Таңғы шық» атты үш кітабы жарық көрген.
Кеш «Алаш» сыйлығының лауреаттары Әбубәкір
Хайран, Байболат Ноғайбай, Серікжан Қазиев, Мағира
Қожахметова, «Дарын» ҚЖО орынбасары Әлімжан
Есімов сынды қазақ элиталарының қатысуымен өтті.
Алғашқы сөзді Жазушылар Одағы Басқармасы
төрағасының бірінші орынбасары- Ғалым Жайлыбай
құттықтап, ақынның иығына қазақы шапан жапты.
Кештің көркін кіргізуге Қангелді Сағатбекұлының
бастауымен жаңадан құрылған «Қазсақ» этно-тобы да
өз үлесін қосып, өздерінің әсем күйлерімен көрермен
қауымды баурап алды.
Өздерінің әсем әндерінәнші-сазгер Ержан Белғазиев,
Болат Құсайынұлы арнады. Сондай-ақ, ҚызМемПУ
қыздары Болат Үсенбаевтың өлеңдерінен үзінді оқыды.
Осы айтулы кештің куәгері болып Алматы
Технологиялық Университетінің «Жас журналистер»
«Жас Журналистер»
клубы барып, тамашалап қайтқан болатын. Студенттер
поэзия әлемінен сусындап, ақынның өмір және ақындық
жолынан мол хабардар болып қайтты.
Кеш Ауған соғысы ардагерлер төрағасы Байдәулет
Дәркенбаев Болат Үсенбаевты «Сауап» медалімен мара-
паттап, диплом ұсынуымен аяқталды.
Жазушылар Одағында өткізілетін айтулы жыр
кештеріне жиі барып тұратын «Жас журналистер»
клубының осы жолы да алған әсері ерекше.
Балжан НҰҒЫМАРОВА,
«Жас журналистер» клубының мүшесі
ЖЫр кеШІнде
УЧАСТНИКИ
ОЛИМПИАДЫ
По утвержденному графику Министерства обра-
зования и науки Республики Казахстан 17 и 18 марта
2015 года проведен II этап VI Республиканской межву-
зовской предметной олимпиады среди студентов специ-
альности 5В073200 «Стандартизация, сертификация и
метрология (по отраслям)», состоявшейся в Караган-
динском Государственном Техническом университете.
В олимпиаде участвовали студенты 3 курса. По
итогам конкурса наши студенты заняли второе ме-
сто (Байнимет Дамира, Ермек Молдир, Ахметова Ак-
марал). Также за хорошую организацию и подготовку
студентов на высоком уровне руководством АТУ объяв-
лена благодарность студентам кафедры «Безопасность
и качество пищевых продуктов».
Cтуденты АТУ приняли участие в предметной
олимпиаде в Карагандинском Государственном
Техническом университете
8
Ағылшын физигі, математигі, астрономы, философы,
алхимигі және теологы, корольдік қоғамның мүшесі Исаак
Ньютон Лордтар палатасының мүшесі еді. Көп жыл бойы
ол жиналыстардан қалмады. Бірақ, ешқашан онда ләм-мим
деп ауыз ашпапты. Бірде ол өзіне сөз беруін өтініпті.
Жиналысқа қатысушылардың бәрі «ғалым не
айтар екен?» деп, үн-түнсіз қалыпты. Зал тым-тырыс.
Орнынан көтерілген Ньютон: «Мырзалар! Терезелерді
жылдам жабуды өтінемін. Әйтпесе, менің ауырып
қалуым мүмкін...» депті. Бүл ұлы ғалымның Лордтар
палатасында алғашқы және соңғы сөйлеген сөзі екен.
* * *
Ал, Лев Толстой қалжыңды жақсы керіпті. Бірде
жас қаламгерлермен кездесуінде олардың жалқау
екенін беттеріне басыпты. Алайда, жас қаламгерлер өз
кезегінде «біз жазамыз, бірақ бізді еш басылым басқысы
келмейді» деп реніш айтыпты. Жастардың сөзіне
күмән келтірген жазушы оларды тексеру ниетімен бір
Ұлы адамдар өмірінен
танымал журналдың бас редакторына барыпты. Бірақ,
редактор Лев Толстойды танымай: «Сіздің жасыңызда
жазу-сызумен айналысудың не қажеті бар? Уақытыңыз
өтіп кеткен. Айтпақшы, сіздің жазғандарыңыздың ішінен
баспа бетіне шыққандары бар ма?” деп сұрапты. “Иә, -деп
жауап беріпті Толстой, - “Анна Каренина”, “Соғыс және
бейбітшілік” деген романдарым жарық керді”.
* * *
Орыстың белгілі ақыны Михаил Юрьевич Лермонтов
өз ортасында мінез-құлқының нашарлығымен белгілі
болыпты. Ол - дөрекі, шатақ мінезді адам екен және
тамақ ішкенде тойғанын білмепті. Түскі асқа бізге барған
жолдастарын ұмытып, олаға түк қалдырмай, тамақты
сыпырып үйіріп жалғыз өзі жеп қояды екен.
* * *
Француз драматургы Жан Расин атын атап, түсiн
түстемесе де, өле-өлгенше бiр дәрiгердi әрдайым жолда-
стары арасында келеке етiп отырады екен.
– Қатты ауырып, кеңес алуға бiр дәрiгерге бардым. Ол
менi әбден тыңдап алған соң: “Ет жемеңiз, шарап iшпеңiз,
ештеңе оқымаңыз, бiр орында көп отыра бермеңiз. Ең ба-
стысы, ештеңеге ашуланбаңыз, көңiл-күйiңiз көтерiңкi
Қ.с. ҚҰЛаЖанОВ - редакция алқасының
төрағасы, аТу президенті, академик
Редакция алқасы:
Б.К.нұрахметов - бірінші проректор, профессор
Б.а.Рскелдиев - ОӘЖ жөніндегі проректор
Қ.с.Батхолдин - тәрбие ісі жөніндегі проректор
а.Қ.Әбішев - ақпараттық қызмет жетекшісі
Ж.М.Түсіпова - РББ меңгерушісі
Редакторы: абдрахман асыЛБеК
Көркемдеуші және беттеуші: асыл Қартабаева
айына 1 рет шығады
Құрылтайшы: алматы технологиялық университеті
Редакцияның мекен-жайы:
050012. алматы қ-сы,Төле би көшесі, 100 - үй,
тел: 292-48-30
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеуге алынып,
есепке қою туралы № 6336- Г куәлігі 08.02.2006 жылы берілген.
Таралымы 500 дана.
Тапсырыс № 373
МадаҚ ЖыРы
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Адырнасы шәйі жібек оққа кірісті,
Айдаса, қойдың көсемі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Сөйлесе, қызыл тілдің шешні,
Ұстаса, қашағанның ұзын құрығы,
Қалйылаған қасты орданың сынығы,
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан,
Сүйіншіұлы Қазтуған!
* * *
Белгілі биік көк сеңгір
Басымнан құарға ұшырмас.
Ер қарауыл қара деп,
Алыстан қара шалар деп;
Балдағы алтын құрыш болат
Дербес қазақ әдебиетінің өз алдына отау тігіп, ел аузына ілігуі ХҮ ғасырдың орта
шенінен басталады. Бұған себепкер болған жағдай – 1456 жылы Шу бойында қазақ
хандығының құрылуы, соның нәтижесінде қазақ халқының аренаға шығуы.
Дешті-Қыпшақтың бұл кездегі әміршісі Әбілқайыр хан еді. Әбілқайыр Жошы әулетінен тараған
сұлтандарға көп теперіш көрсетті. Сондықтан, олардың екеуі – Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға
ауып кетті. Иса-Бұға хан оларды меймандостықпен қабылдап, Моғолстанның батыс бөлігіндегі Шу, Қозы-
Басы деген жерлерді бөліп береді. Бұл жайында Дулат руынан шыққан атақты тарихшы Мұхамед Хайдар
қазақ хандығының құрылуы турасында жазған деректерінде келтірді.
Қазақ хандығының құыруы кезеңінде елді бірлікке, ерлікке, берекелі тірлікке шақырған Қазтуған, Асан
қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Ақтамберді. Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар жырау секілді
ҚаЗтуҒан сҮЙІнІШҰлЫ
(ХҮ ғасыр)
Аталар
айтқан
асыл сөз
адуынды жыраулар қазақ халқы тариқының қалыптасуына көп ықпал жасағандарын олырдың терме-толғау, жырларынан жақсы білеміз.
Қазтуған жырау Сүйінішұлының туып өскен қонысы Еділден бөлініп шығатын Ақтұба Бодан өзенінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы тұрған
маңай екен. Халық аңыздарына қарағанда, ол батыр, қолбасы да болған көрінеді. Оны жыраудың жырларынан да аңғарамыз. Өкінішке орай
Қазтуғанның көптеген жырлары бізге жетпеген. Жеткен жырларының өзі асылдың сынығындай жарқырап, сәуле шашып тұрады.
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп;
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ерпдің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.
* * *
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған
Батыр ұлы туған жұрт.
Кіндігімді кескен жұрт.
Кір-қоңымды жуған жұрт.
Қарағайдан садақ будырып,
Қылышымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
* * *
Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер.
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботшығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
және бәрiне риза болып жүрiңiз” дедi”, – деп Расин
iшек-сiлесi қатқанша күліпті.
Францияның ұлы драматургы, комедиографы,
атақты “Тартюф” пен “Дон Жуанның”, “Мизантроп”
комедияларының авторы Жан Батис Мольер өзiнiң пьеса-
сын қойып жатқан театрға келсе... дәл дайындық үстiнен
түседi. Оған басты рөлдi сомдайтын жас актрисаның ой-
ыны ұнамайды. Ренiшiн жасыра алмаған Мольер жекiп:
– Ханым, сiз кiмдi сомдап тұрғаныңызды түсiнiп
тұрсыз ба? Сiз, сiз... өзiңiздi пьесадағы әйелдiң орнына
қойып көрiңiзшi. Сiздi күйеуiңiз тастап кетсе, не iстер
едiңiз?
– Басқасын тауып алар едiм, – деп жауап берiптi ак-
триса.
* * *
Немiстiң ұлы ақыны, драматургы Иоганн Гете бiрде
саябақта қыдырыстап жүредi. Бiр адам ғана өтетiн жолға
келгенде алдынан өзiн әбден сынап жүрген бiр әдебиет
сыншысы кездесе қалады.
– Мен жындыларға ешқашан жол бермеймiн, – дейдi
әлгi сыншы тәкаппарланып. Ал, Гете болса:
– Мен, керiсiнше, жындыларға жол беремiн, – деп
жымиыпты да, әлгi сыншыға жол берiптi.