Батыр туралы


аЛМаТы  ТеХнОЛОГИЯЛыҚ  КОЛЛедЖіне – 10 ЖыЛ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі4,86 Mb.
#6113
1   2   3

аЛМаТы  ТеХнОЛОГИЯЛыҚ  КОЛЛедЖіне – 10 ЖыЛ

Қазақта  «Көш  жүре  түзеледі»  деген  мақал  бар.Технология-эканомикалық  колледжінде  алғаш  ашылған    жылы  біршама 

жетіспеушіліктер болды. Атап айтсам, бір компьютер сыныбы ғана болды, дәрісханалар жабдықталмаған, күрделі жөндеуден өтпеген, 

зертханалар саны да аз болды. Бірақ, колледж ашылғаннан кейінгі бірнеше жылда АТУ ректоры, академик К.Құлжановтың бізге де-

ген ерекше қамқорлығын сезіндік. Колледж оқу ғимараты толық күрделі жөндеуден өтіп, барлық дәрісханалар оқу-құралдарымен 

жабдықталды, бірнеше компьютер сыныптары ашылып, ғаламтор жүйесіне қосылды. Білім алушылар іс-тәжірибеден өтетін бірнеше 

зертханалар мен шеберханалар ашылды. Қазіргі таңда Технология-экономикалық колледж Республика көлеміндегі технолог маман-

дарды даярлайтын орта арнаулы оқу орындарының біріне айналды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен білім алушылар саны 

ұлғайды. Бұл деген үкімет, министрлік және қалалық әкімшілік тарапынан бізге деген сенімнің артуы деп бағалаймыз. 

Қазір үкімет орта арнаулы оқу орындарының алдына дуалды оқу, яғни оқуды өндіріспен ұштастыру мәселесін қолға алып отыр. Дуал-

ды оқу жүйесі біздің колледжге тансық емес, өйткені көп жылдардан бері білім алушыларымыз Алматы қаласында орналасқан көптеген 

кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдауда. Колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты Гүлшат Тәтімқожақызы 

Увакасованың басшылығымен 2014 жылы қазан айында Мемлекттік аттестаттаудан өтіп, жақсы баға алдық. Колледж директорының 

оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  С.Орманов  бүкіл  оқу  үрдісін  жолға  қоя  білді.  Білім  алушылар  қалалық  білім  сайыстарына,  ғылыми 

конференцияларға, әртүрлі қалалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып, дипломдармен марапатталып келеді. 

Колледж ашылғаннан бері бірге жұмыс атқарып келе жатқан тәжірибелі оқытушыларымыз көптеп саналады. Мысалы, Т.Әжіғожаева, 

С.Исембаева, Р.Самықжанова, Т.Қожаева, С.Абдиманов, А.Тобетова, т.б. Алдағы уақытта да бар білімімізді жас жеткіншек ұрпаққа 

беріп, республикамыздың экономикасына қажетті білімді, білікті мамандарды тәрбиелейміз деп нық сеніммен айта аламын.



С.ҚАНАҒАТОВ, ұстаз.

4

Қазақ 

хандығына

550 жыл

елДІктІҢ 



ӘБіЛҚаЙыР

Осы  еңбегімді  дайындаған  кезде  мен 

арнайы  әрі  қазақ,  әрі  ноғай,  әрі  өзбек 

ғалымдарының  еңбектерін  қарастырдым. 

Әбілқайыр хан туралы өзбек ғалымдары да 

көп жазған. Мысалы, авторлар Н.Норқұлов 

және У.Жораевтың VIII сыныпқа арналған 

оқулығында  (Ташкент  қ.,  «Шарк», 

2001ж.)  былай  делінген:  «XV  ғасырдың 

20-жылдарынан  бастап  Шейбани  ұлысы 

күшейе  бастайды:  Шейбанидың  ұрпағы 

Әбілқайыр  хан  (1412-1468)  Дешті-

Қыпшақтың  шығыс  бөлігін  жаулап  алып, 

өзінің мемлекетін орнатады».

Әбілқайыр  хан  1447  жылы  өзінің 

иелігіне  Сырдарияның  орта  ағысындағы 

қалаларды  –  Сығанақ,  Аққорған,  Аркөк, 

Үзген  және  Созақ,  Чинга  Тура  қаласында 

болған  (қазіргі  Ресей  Федерациясындағы 

Тюмень  қ.).  Ол  өзінің  мемлекетінің 

астанасын кейін Сығанаққа көшірді.

1447  жылы  Шахрухтың  өлімі  туралы 

білген  соң  және  Мәуереннахрдағы 

Ұлықбектің 

жоқтығын 

пайдаланып, 

Әбілқайыр  хан  Самарқандтың  төңірегіне 

шапқыншылық жасайды.

1449 жылы Ұлықбектің өлімінен кейін, 

Самарқандтағы  билік  үшін  Темір  ұрпағы 

ханзадаларының өзара күресі үдейе түседі. 

Бұл жағдайды пайдаланған Әбілқайыр 1451 

жылы Самарқандқа жорық ұйымдастырады 

және  Темір  ұрпағының  ішіндегі  өзінің 

жақтасы  Абусайд  сұлтанның  таққа 

отыруына көмектеседі.

Әбілқайыр  жорықтан  түскен  мол 

олжасымен  Отанына  оралды.  Көрсетілген 

көмегі  үшін  ризашылығын  білдірген 

Абусайд  сұлтан  Әбілқайырға  Ұлықбектің 

қызы  –  Рәбия  Сұлтанбегімді  ұзатады». 

(Аталынған  шығарма  8-9  беттер).  Өзбек 

ғалымдары  Әбілқайыр  ханның  Отанына 

қайтып  оралу  фактісін  келтіре  отырып, 

Әбілқайырдың Отанының қай жерде екенін 

айтпайды. Сондықтан, біз үшін Әбілқайыр 

ұлысының  «Отаны»  немесе  астанасы 

қайда екенін айқындау өте маңызды.

Алтын Орда тарихын зерттеген көрнекті 

зерттеушілердің  бірі  –  М.Г.Сапарғалиев 

(қараңыз: «Распад Золотой Орды», - 460 - 462 

беттер)  ертеректегі  авторларға  (В.Бартольд, 

С.Ибрагимов)  сілтеме  жасай  отырып, 

Әбілқайыр  ұлысының  астанасы  бірнеше 

жыл  Орда-Базар  болғандығы  жөнінде 

айтады.  Әбілқайыр  1430  жылы  Сібірден 

қайтып,  өзінің  мемлекетінің  астанасы  – 

Орда-Базар  қаласы  екенін  жариялайды. 

Кезінде  М.Г.Сапарғалиев  бұл  қаланың  қай 

жерде  орналасқанын  нақты  айта  алмаған. 

Ал, кейінгі ізденістер Орда-Базар қаласының 

Орталық  Қазақстандағы  Ұлытау  таулары 

бөктерінде болғанын көрсетеді.

Шындығында,  дамылсыз  көшпелі 

мемлекет пен кең ауқымды территорияны 

тиімді  басқаруға  ыңғайлы,  жоғары  хан 

Дағдарысты  жағдайға  1457  жылы  Өз-

Темір  қалмақтарымен  болған  Әбілқайыр 

әскерінің  жеңілісі  де  кері  әсер  еткен. 

Әбілқайырдың қалмақтарымен келісімі ел 

ішінде  қатты  наразылық  тудырған  дейді 

ғалымдар.

Сонымен  қатар  қазақтар  мен  өзбектер 

арасының түпкілікті ажырауы, Әбілқайыр 

хан билігі кезеңінде емес, оның ұрпақтары 

–  немерелері  мен  шөберелері  тұсында 

болған.  Таңғаларлығы,  алғашқы  қазақ 

хандары 


мен 

олардың 


ұрпақтары 

(балалары,  немерелері)  шейбанилерге 

жақын туысқан болып келгені, яғни ағайын 

және  бөлелері.  Бірақ,  олар  бір-бірімен 

өзара билік пен басымдылық, қалалар мен 

байлық  үшін  қатты  жауласты.  Мысалы, 

Бұрындық  ханның  қызы  Мұхаммед 

Бахадұр-хан Шейбаниге тұрмысқа берілді. 

Қасым  хан  мен  Мұхаммед  Шейбани  бөле 

болып  табылады.  Деректерге  сүйенсек, 

дала  билеушілері  білімді  болған,  олар 

жергілікті  жердің  медресесінде  оқыған 

немесе Бұқараға барып даярлықтан өткен. 

Сұлтандар  арасындағы  қатынас  хаттар 

түркі  (шағатай  тілінде),  парсы  тілінде, 

араб  графикасында  жүргізілді.  Ол  кезде 

Ислам  Орталық  Азияда  басымдылық  рөл 

атқарды. Сол кездегі көшпелі өзбектердің, 

ноғайлардың  және  қазақтардың  тілі, 

сенімі  мен  мәдениеті  өте  жақын  болған. 

Деректерге 

сүйенсек, 

қыпшақтар, 

наймандар,  үйсіндер,  арғындар,  керейлер 

және  керейіттер,  алшындар,  дулаттар 

сияқты  ірі  рулар  аталған  этникалық 

топтар  аталмыш  хандық  пен  Ордада 

бірден  кездеседі.  Бірақ  көшпелі  өзбектер 

«өзбек»  этнонимін  Орта  Азияның  ежелгі 

аумағына  көшірген  Мұхаммед  Шейбани 

және кеткен ел ортағасырлық Мәуреннахр 

мәдениеті мен отырықшылығын қабылдап, 

жергілікті тұрғындармен араласып кеткен. 

Бұл  ажырасу  сонымен  қоса  отырықшы 

парсыланған  мәдениет  пен  көшпелі  қазақ 

мәдениетінің  айырылуы  бара-бара  өзбек 

пен қазақ екі ұлт болып қалыптасып кетеді.

Менің 


топшылауым 

бойынша, 

өкпелі  Керей  мен  Жәнібектің  қоныс 

аударуы,  әсте  де  Әбілқайыр  ұлысының 

ыдырауын  анықтайтын  кезең  болған 

жоқ.  Бұл  оқиғада  шешуші  рөл  атқарған 

ұлы  ханның  өзі.  Деректерде  берілгендей, 

тек өзбек ханы деген қатаң көзқарас бекіді. 

Ал  іс  жүзінде  Әбілқайыр  Арал  теңізінен 

алыс емес жерде дүниеге келген, Тобылда 

(Түменде)  таққа  отырған  және  Сығанақта 

жерленген. 

Осылайша 

Әбілқайыр 

Қазақстан  аумағында  туғандықтан,  өмір 

сүргендіктен  және  қайтыс  болғандықтан 

да,  қазақ  қайраткері  ретінде  басымдылық 

алады, ал Хорезм мен Самарқандта ол тек 

әскери жорық жасаған.

              БИЛіК Басында

Жаңа  хандықтың  құрылу  процесі 

күрделі  геосаяси  жағдайда  өтті.  Бұл  – 

Еуропадағы  дамудың  өріс  ала  бастаған 

кезеңі, яғни Ұлы географиялық ашылулар 

дәуірі  болатын.  Оңтүстікте  севефидтік 

Иран  шұғыл  түрде  қайта  қаруланды. 

Шығыста Құбылай әулеті нығайды.

Қазақстан 

тарихының 

белгілі 


зерттеушілерінің  бірі  Клавдия  Пищулина 

Қазақстан  тарихының  бес  томдығында 

Қазақ 

хандығының 



құрылуының 

хронологиясына 

қатысты 

өзінің 


дәйектерін  келтіреді.  Онда  1462  жылы 

Есен-Бұғының  өлімінен  кейін  және  оның 

бауыры Йунус (Жүніс) ханның Ташкентке 

XVI  ғасыр  аралығында  құрылғанын 

айтады.  Біздің  пайымымыз,  Қазақ 

хандығының құрылу процесінің ауыр және 

салыстырмалы түрде ұзақ жолдан өткенін 

қолдайтындар пікірімен сәйкес келеді.

«Қазақ  хандығының  құрылуы  бір 

мезгілде 

болған 

оқиға 


еместігін», 

Т.Сұлтанов  әділ  атап  өтеді  және  оның 

пікірінше  оқиғаның  соңғы  түйіні,  «1470 

жылы  Әбілқайыр  иелігіне  Жәнібек  пен 

Керейдің  қайтып  келуі  және  олардың 

жоғарғы билікті басып алуы». Бірақ, қазақ 

хандығы  құрылу  датасына  қойылатын 

нүктеге қалай болғанда да зерттеушілердің 

айқындаған, 1465 жылды алу қажет.

***


Атақты татар ғалымы М.Г. Сапарғалиев 

Әбілқайыр  хан  Сырдария  алқабын 

қалдыруға мәжбүр болды және Арал теңізі 

жағалауына  кеткен  деп  көрсетеді.  Бұл 

«бірқатар  өзбек  одағының»  көңілін  қатты 

бұзды.  Ал,  қазақтардың  кетуімен  (қоныс 

аударуымен)  Әбілқайырмен  көшпенді-

өзбектердің  аз  ғана  бөлігі  қалды  деп 

мәлімдейді. Біз үшін өте маңызды ақпарат.

К.Пищулинаның  пікірінше,  Қазақ 

хандығының  құрылуы  Дешті-Қыпшақта 

ставкасы  –  Дешті-Қыпшақтың  орталық 

бөлігінде  болуы  тиіс  қой.  Әбілқайырдың 

Орда-Базардағы  қолдаушылары  кейінірек 

40  жылдардың  ортасында  «ең  жақсы 

қыстауға ие болу үшін, Сығанақ қаласына 

шабуыл  жасауға  бекінді.  Әбілқайырдың 

қалың  әскерін  көрген  қала  хакімі 

(билеушісі),  өз  еркімен  бағынғанын 

білдіріп, қала кілтін тапсырады». Сығанақ 

қаласы  Оңтүстік  Қазақстан  аумағында 

орналасқан  және  ол  ертеректе  Ұрыс  хан 

мен Бараққа, яғни Жәнібектің аталарының 

иелігінде болған.

Осы  тұста,  өзбек  тарихшылары 

тимурлықтар  билік  құрған  жерлерде 

Мәуереннахр  ісіне  Әбілқайыр  жиі-жиі 

араласқандығы жөнінде айтады.

Ұлы  сұлтандардың,  оның  ішінде 

Керейдің  де  қатысы  болды  деген  Шах-

Бұдақтың  сарайдағы  белгілі  өлімі 

біздіңше, Сығанақта болуы керек және бұл 

оқиға одан кейінгі оқиғалар көрсеткендей, 

ерекше 


маңызды 

рөл 


атқарған. 

Әбілқайыр  хан  өзінің  өркөкіректігімен 

бұл  қоныс  аударудың  аса  маңызды  және 

өзіне тиімсіз салдарын көре алмады және 

шиеленісті  реттеу  үшін  қандай  да  бір 

шебер  дипломатиялық  қадам  жасамады. 

Ол  керісінше  1468  (1469)  жылы  тәкаппар 

сұлтандарға  қарсы  соғысқа  шықты. 

«Йети  кудук»  (Жеті  құдық)  маңынан 

алыс  емес  жерде  кездескен  екі  жақтың 

әскерлері  үш  күн  бойы  тұрып,  ұрыс 

қимылдарына  бармады.  Оның  себебі, 

кейбір  зерттеушілер  айтқандай,  табиғи 

жағдай емес, оларды тоқтатқан екі жақтың 

бірін-бірі  жақсы  білуінен  әрі  олардың 

өзара  жақын  туысқандық  қатынастары 

болатын.  Яғни,  екі  жақты  әскерлер  бір-

біріне  туыс  елдерден  еді.  Осы  оқиға 

кезінде  нөсерлі  жаңбыр  жау-ды,  сосын 

қар жауды, қатты аяз басталды, ұзақ уақыт 

қимылсыз  тұрған  соң  әскерлер  тарады. 

Әбілқайыр  болса,  қайтар  жолда  безгек 

ауруына  шалдығып,  кенеттен  қайтыс 

болады.  Өткен  тарих  бетінде  Әбілқайыр 

кетуімен, 

Моғолстан 

билеушілерінің 

билігінің  әлсіреген  тұсында  Жәнібек 

пен  Керей  хандар  билігі  нығая  түскені 

тұжырымдалады.  Әбілқайыр  ханның 

«1468/69  жылғы»  өліміне  байланысты, 

Қазақ  хандығының  өз  алдына  дербес 

шығуы үшін, Дешті-Қыпшақ даласындағы 

оқиғалардың  барысын  күтудің  қажеті 

жоқ  болатын.  Профессор  Б.Кәрібайдың 

пайымдауынша,  Әбілқайырдың  өлімі 

1469/1470 

жылдары 


болған. 

Осы 


жылдары  Сырдария  жағалауы  қалалары 

аймағы  мен  Шығыс  Дешті-Қыпшақтың 

далалық  кеңістігінде  қазақ  хандарының 

билігі  біршама  нығайды  және  кеңейді. 

А.Чулошниковтың  пікірінше:  «Мәселе 

Өзбек  ұлысындағы  әулеттің  ауысуында 

ғана тұрған жоқ, бастысы қазақ халқының 

құрылуымен,  жеке  мемлекеттің  пайда 

болуында».  Одан  да  басқа  зерттеушілер, 

мысалы  Сапар  Ибрагимов  хандықтың 

құрылу  мерзімін  XVI  ғасырдың  басына 

жақындатып,  Қазақ  хандығының  XV-



Бүркітбай аЯған,

профессор.

5

БАстАУ кӨзІ

ханға жетті, ол – даңқты хандар әулетінен 

шыққан  ұлыстың  ұлыларының  бірі» 

екендігін баяндайды.

Әбілқайырдың  немерелері  жастық 

шағында  «қазақ»  болған,  яғни  аталары 

сияқты  олар  да  еркін  қазақ  сатысынан 

өткен. Бір кездері Мұхаммед Маңғыстауға 

жақын ноғайлармен де тұрған, бірақ кейін 

Түркістанға кеткен. Кейінірек олар өздерін 

«өзбектерміз»  деп  атаған  тайпаларды 

басқарады.

1499-1503  жылдары  Әбілқайырдың 

немересі Мұхаммед Шейбани өзіне сенімді 

«көшпелі  өзбектермен»  Мәуереннахарды 

жаулап  алуға  кіріскені  жайлы  айта  келе, 

өзбек мектебіне арналған оқулық авторлары 

жазған  тарихи  оқиға  былайша  өрбиді: 

«Жорықта  ол  темуридтерді  аңдаусызда 

бас  салатын  әскери  тактиканы  қолданған. 

1504 жылы Ферғана түпкілікті алынады, ал 

мемлекеттің астанасы – Самарқанд қаласы 

болады». Мұхаммед Шейбани 1510 жылы 

сефевидтер  (Иран)  әскерімен  шайқаста 

қайтыс  болды.  Ал,  бөлесі  Мұхаммедтің 

қазасын  естіген  Қасым  қатты  қайғырған 

және қызылбастардан кек алу үшін үлкен 

ұлы Әбілқайырды (!) жұмсаған.

***


Қазақ  хандығының  құрылуы,  қазіргі 

Қазақстан аумағы мен оған шекаралас XIV–

XV  ғасырлардағы  аймақтардағы  күрделі 

этносаяси, 

әлеуметтік-экономикалық 

және  этномәдени  процестердің  нәтижесі 

болып  табылады.  Бұл  процестердің 

басты  нәтижесі,  моңғолдық  кезеңнен 

кейінгі  мемлекеттер  аясында  (Ақ  Орда, 

Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы), 

біртұтас саяси бірлестік жолында бірігуге 

қажеттілікке  мұқтаж,  қазақ  халқының 

қалыптасуының аяқталуына әкелген.

XV  ғасырдың  60-шы  жылдары 

сұлтандар билігі өздері құрған әлеуметтік 

құрылымда  нығая  түсті.  Өздерінің 

көшпелі  бірлестіктерге  тән  белгілері 

қалыптасты:  билер  соты,  салық  жүйесі, 

аумақтық  шекаралары,  т.б.  Сығанақ 

қаласы  билеушілер  ордасы,  хандықтың 

астанасына айналды.

XV  ғасырдың  70-90-жылдары  Қасым 

мен  Ақназар  тұсында  Қазақ  хандығы 

нығайды  және  оның  шекаралары  кеңейді. 

Алаш  деген  де  атауы  бар.  Дұрысы 

«Алаш  баласы»  ұғымы  болуы  тиіс. 

Аңыз-әңгімелер 

бойынша 


қазақтың 

барлық  тайпалары  мифологиялық  Алаш 

тұқымынан  тарайды.  Ал,  шынында  осы 

мезгілге  дейін  Алаш  этнонимінің  пайда 

болуы әлі де жұмбақ. Қазақтың өздерінен 

басқа  құрамына  ноғайлар,  өзбек,  қырғыз, 

түркімен,  қарақалпақтар,  тіпті  қалмақтар 

(ойраттар) кіретін «Алаштың алты баласы» 

ұғымының  қалыптасуы  ежелден  бастау 

алған және оның тамыры ежелгі түріктерге 

немесе  Алтын  Орда  кезеңіне  жайылады. 

Қазір Кавказ ноғайлары бізді «Алаш» деп 

атайды.

Жас  Қазақ  хандығы  өмір  сүруге 



қабілетті  болып  шықты.  Әбілқайыр 

өлімінен  кейін  оның  ұлысы  ыдырай 

бастайды,  көптеген  тайпалар  Мұхаммед 

Хайдар  Дулати  көрсеткендей,  қазақ 

сұлтандары Керей және Жәнібекке жаппай 

кете  бастайды.  Ал,  1465-1466  жылдары 

қазақ хандарының билігі түпкілікті бекиді, 

Әбілқайыр  хандығы  аумағының  үлкен 

бөлігі  қазақтар  жағына  өтеді.  Мұндай 

жағдайдың  кереметтігі  сол,  хандық 

басында бір-бірімен туысқан екі адамның 

тұруы. Бірақ, тарихшылар (М.Әбусейітова, 

Б.Карибай)  тұжырымдағандай,  алғашқы 

хан  Керей  болған-ды.  Жас  жағынан  да 

үлкен  болған  еді,  Керейдің  өлімінен 

кейін  1470  жылы  билік  Жәнібекке  өтеді. 

Жәнібек қайтыс болғанда, хандық билікке 

Бұрындық  келеді.  Кейбір,  зерттеушілер 

оның  есімін  шежіре  жазушылар  дұрыс 

бермегенін,  нақтысында  оның  есімі, 

шындыққа 

жақын 


қазақ 

тіліндегі 

айтылуына  сәйкес  Мұрындық  болған  деп 

есептейді. Біздің ойымызша, қазақ тілінің 

лексикасына  сәйкес  Мұрындық  есімі 

шындыққа  жанасады.  Бір  қызығы  ноғай 

(татар емес) тілінде мұрынды олар «бұрын» 

дейді, ал мұзды – «бұз» дейді. Қалай аталса 

да  Бұрындық  (Мұрындық)  хан  қазақтың 

көшпелі  мемлекетінің  негізін  нығайтуда 

маңызды  рөл  атқарды.  Одан  кейінгі  қазақ 

хандары  әулетін  жалғастырушылар  – 

Жәнібек ханның ұрпақтары болды.

Керей  мен  Жәнібек  хандардың 

жерленген  орындары  жөнінде  де  бірнеше 

нұсқалар  бар.  Бір  аңыз  бойынша,  Керей 

Астана  қаласынан  100  шақырым  жердегі 

Қазақстанның  солтүстігінде,  ал  Жәнібек 

Оңтүстік 

Қазақстан 

облысындағы 

Созақтан  (Сығанақ)  алыс  емес  жерде 

жерленгендігі айтылады. Мұқият зерттеуді 

қажет ететін одан да басқа мәліметтер көп. 

Осы  мерейтойды  өткізер  кезде  көптеген 

ізденістер,  терең  зерттеулер  туар  деген, 

тарихымызға  қатысты  жаңалықтар  да 

болар деген ойдамыз.

Ескеретін  жайт,  Қазақ  хандығы 

құрамының  түпкі  негізі,  қазіргі  тілмен 

айтқанда,  көпұлтты  интернационалды 

болды.  Қазақтардың  өздерінен  басқа 

қалыптасушы 

халықтың 

құрамына 

өзбектер, 

ноғайлар, 

қырғыздар, 

қарақалпақтар, 

қалмақтар, 

солтүстік 

кавказ  халықтарының  өкілдері  және  араб 

қожаларының  ұрпақтары  кірді.  Кейінірек 

«өзбектер»  мен  қазақтар  арасы  бөліне 

бастайды.  Бірақ,  шығу  тегінің  ортақтығы 

жөнінде  есте  сақталған.  Мысалы,  «Өзбек 

– өз ағам, сарт – садағам» деген ұғымдар 

бұл  халықтардың  өткені  бірегейлігінен 

хабар  береді.  Тәуелсіз  Қазақстанның 

Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 

«Тарих  толқынында»  еңбегінде  «Қазақ 

хандығы»  Орталық  Азиядағы  тұңғыш 

ұлттық мемлекет болғандығын» атап өткен 

болатын. Және бұл мемлекет бір орталыққа 

бағынған  саяси  құрылым  болды.  Қазақ 

елінде  ешқашан  руаралық  не  аймақтық 

соғыс болмаған. 2010 жылы Қазақстанның 

жаңа  астанасы  –  Астанада  Жәнібек  пен 

Керей хандарға ескерткіш орнатылды.

«ҚазаҚ» – «КазаК» 

ЭТнОнИМінің ПаЙда БОЛуы

Әбілқайыр хан мемлекетінің ыдырауы, 

халықтың  көші-қоны  көптеген  түркі 

халықтарының  қалыптасуының  аяқталу 

кезеңімен бір мезгілде болды. Бұл кезеңде 

тарихи  аренаға  қазақ,  ноғай,  өзбек  және 

басқа да этностар шығады. Ескере кететін 

жайт,  халықтардың  құрылуы,  белгілі  бір 

этникалық  топтың  басымдығымен  жаңа 

мемлекеттердің  қалыптасуымен  ұштасып 

отыруы  еді.  Қазақ  хандығының  құрылуы 

және оның қалыптасуымен қатар, «қазақ» 

атауының 

анықтамасы 

(дефиниция) 

этникалық бейне ала бастады. Егер Қазақ 

хандығы  құрылғанға  дейін  «қазақ»  атауы 

анықтамасына  көбіне  әлеуметтік  өң 

берілсе,  60-жылдардан  кейін  «қазақтар» 

немесе  «өзбек-қазақтар»  деп  этникалық 

топтарды құраушылар атала бастады.

XV  ғасырдың  60-жылдары  көптеген 

авторлар «қазақ» ұғымына белгілі этникалық 

мән береді. Мұхаммед Хайдар Дулати: «…

Жәнібек  және  Кереймен  бірге  кеткендерді 

«қазақтар» деп атады және оларға осы атау 

бекігені»  туралы  жазады.  Көптеген  жылға 

созылған этникалық процестер нәтижесінде 

«қазақ» этнонимі және Қазақ хандығының 

құрылуы  бекіді.  Қазақ  хандығының 

тұрғындар  саны,  әсіресе  Әбілқайыр 

ханның  өлімінен  кейін,  жаңа  рулар  мен 

тайпалардың  келуі  есебінен  көбейді.  Кең 

байтақ  Қазақстанда  қысқа  мерзім  ішінде 

этникалық  қауым  пайда  болған-ды.  Жаңа 

мемлекет  –  Қазақ  хандығы,  оның  аумағы 

мен этникалық шекарасы қалыптасты.

Қазіргі  орыс  тілінде  «қазақ»  атауы 

(қатаң  «қ»,  сөздің  басы  мен  аяғында) 

«казах» ретінде оқылады, адамның түркілік 

этнонимін  білдіреді,  өзінің  ру-тайпасынан 

бірқатар  себептермен  бөлінген  және  еркін 

далалықтарға айналған. Осылайша, «қазақ» 

этнонимі  тұрақты  әлеуметтік  мән  алған 

және бірте-бірте түрлі деңгейдегі этностарға 

тарады  (мысалы,  орыстар  арасындағы 

казактардың этнографиялық тобы).

емес,  Батыс  Жетісу  (Моғолстан)  жерінде 

жүрген.  Осы  нұсқа  шындыққа  жақын 

келеді,  бірақ  көшпелі  тайпалардың 

ауқымды жұмыла кірісетіндігін есепке ала, 

қазақ билеушілер билігінің Дешті-Қыпшақ 

жерінде  тарағанын  да  жоққа  шығара 

алмаймыз,  оның  үстіне  бұл  аймақтар 

географиялық  жағынан  өте  жақын.  Айта 

кету  керек,  осы  тұста  К.Пищулина  Зайн 

ад-дин  Васифидің  жазбасында  Батыс 

Жетісу  (Шу  мен  Талас  алқаптары) 

аумағының  алғаш  рет  «Қазақстан» 

атауымен  аталынғаны,  зерттеушілер 

көңілін  аударғаны  жөнінде  айтады.  Одан 

әрі оқиға куәгері Фазлаллах ибн Рузбихан 

Исфаханидің  хабарламасынан  Әбілқайыр 

хан өлімінен кейін, өзбектер елінде үлкен 

бассыздықтардың  туындағаны  жөнінде 

үзінді келтіріледі. Онда: «Қазақ ұлысында 

сұлтандар  хан  болғандары  үшін,  өздерін 

мақтан  тұтты.  Мұндай  жоғары  лауазым 

бірінен  кейін  бірі,  бірнешеуінің  қолынан 

өткен  соң,  хандықтың  кезегі  Бұрындық 

Олар астананы Сығанақтан ауыстырды.

Көңіл 

бөлерлік 



мәселе, 

тарих 


ғылымының  жаңа  бағыттарының  бірі  – 

популяциялық  генетикамен  айналысатын 

ғалымдар  тобы,  қазақ  халқының  біртұтас 

этнос  ретінде  қалыптасуы  XV  ғасырдың 

ортасы деген шешімге келуі, сол кезеңдегі 

саяси оқиғалармен толықтай сәйкес келеді. 

Жақсылық Сәбитовтың мәліметі бойынша 

ДНК  сараптамасы  қазақ  руларының  XIII- 

XV ғасырларда өмір сүрген ортақ ата-баба 

тұқымынан  тараған  еркектер  жағының 

генетикалық  ұрпақтарынан  тұратынын 

көрсеткен. Сонымен қоса қазақ руларының 

рубасыларының  барлығы  дерлік  XIII-

XV  ғасырларда  өмір  сүрген  және  Алтын 

немесе  Ақ  Орданың  бас  әмірлері  болды. 

Бірақ  олардың  орналасуының  ең  ежелгі 

тарихы  Байқал  өзенінен  Дунайға  дейінгі 

кең байтақ даланы қамтиды. Қыпшақ тілі 



негізінде  қазақ  тілі  XV-XVI  ғасырларда 

түпкілікті қалыптасты.

Жұртшылыққа  белгілі  қазақтардың 



(Соңы келесі санда)

6

                        1

Мың тоғыз жұз қырық бестің сәуірі -

Қанға бөккен қара жердің сауыры.

Қайғы-мұңнан тұрды белі қайысып,

Түсіп оған бар салмақтың ауыры. 

Толастамай оқтың нөсер жауыны,

Адамзаттың езіліп ет-бауыры, 

Қылғындырып қайғы-кегі халықтың, 

Өшіп бара жатты ақтық жау үні.

Сәуірдің сол соңғы кұні кесімді 

Тажалдардың тіршілігі кесілді.

Гитлер, Гиммлер, Геринг, Геббельс,

Бормандар... 

Рухтарын о дұниеге көшірді. 

Мың асқандар бір-ақ жерден тосылды

Тосылды да, «о дұниеде» қосылды:

 Өлді сұмдар ұрпағымен у ішіп,

 Қалғандары жан сауғалап жосылды.

                           2

Мынау қала -

Фашизмніц ордасы,

Белгілі еді о бастан-ақ оңбасы.

Жай оғындай жарқылдайды шатырлап,

Төбесіне түскен әрбір бомбасы.

Құлаған жер - апандай бір ор басы,

Болатов қой қасындағы жолдасы.

Рақымжан айтты батыл шешімін,

Толастаған кезде атыс болмашы:

- Ей, Гриша,

Біраз болды жатқалы,

Көремісің анау зәулім қақпаны?

Тосылмайық,

Ұмтылайық жауға енді,

Біз болсақ та аңдығаны-баққаны.

Бара жатыр күн ұяға батқалы,

Бойыңдағы намысыңды жақ, кәне.

Бұлқынбасақ, бақыт өзі келе-ме,

Бүгінгі күн атар жеңіс ақ таңы.

Анау шошақ - рейхстаг күмбезі,

Күмбезі емес -

Фашизмнің мүрдесі.

Тап үстіне жеңіс туын қадайық,

БАТЫР ТУРАЛЫ 

БАЛЛАДА 

 Алыстан таудың дәрпі бар — 

 Қасына келсең, обадай. 

 Алыстан дәудің дәрпі бар —

 Қасына келсең, баладай.   

(Халық нақылы)    

Бұлт серпіліп,

Күлімдесін күн көзі! -

Деді-дагы, оқша атылып тұрды өзі,

Танымастай кетті өзгеріп мүлде өзі.

Гриша да тұра ұмтылды қақпаға,

Екі талай сүріп өмір, сүрмесі.

Жасқаншақтық ер жігітке жарай ма?

Нағыз батыр ажалыңа қарай ма?

Астан-кестен,

Тарсыл-гурсіл,

Көк түтін,

Түсініксіз -

Не боп жатыр маңайда?

Өлім сеуіп, тұзақ құрған талайға,

Тамұқты бұл кім теңемек сарайға?

Рақымжан құстай ұшып келеді,

Жету керек,

Жету керек қалайда!

Оқ дегеніл жан-жағыңнан борап тұр,

От дегенің жалын шарпып орап тұр.

Көсілетін, кешіретін кез емес

Қимылыңды, күйбіңіңді олақ бір.

Қаһар қысқан күншығыстық «қонақ» бұл,

Келген емес кету үшін тонап бір.

Елдің кегі, жердің кегі қуғаны,

Ей, жауыздар,

Есің болса, соны-ақ біл!

                       3

Жарылғанда бомба ма, әлде снаряд,

Екі жігіт қалды қайта құлап-ақ. 

Бас кетеру күмкін месмұндайда,

Алғы жаққа қарайды еппен сығалап. 

Оқ астында амалсыздан тұралап,

Екеуі де жатыр әрең шыдап-ак.

Ракымжан толқып кетті бір мезет, 

Сансыз сурет ақыл-ойын сыналап:

«Қазір, міне, жиырма бір жастамын,

 Осы жаста өтті ауырлық бастан мың. 

Ата-анамнан тым ертерек айрылып,

 Қайгы буып, қабағымды ашпадым.

Деген шақта адам бола бастадым,

Тұман торлап, тұнжырады аспаным.

Көппен бірге қан майданға аттанып,

Кітабымды қаруға айырбастадым.

Опасыз жау басып кіріп жеріме, 

Ойран салды бейбіт жатқан еліме. 

Қан сасыған қайықтарын сүңгітті,

Қызғыш пенен аққу қонған көліме.

Ашу-ыза жетіп әбден шегіне,

Қылышымды қайрап елдің кегіне,

Сұм дұшпанның тартқызғалы сазайын, 

Қіріп кеттім кызу ұрыс шебіне.

Бірге туған аға, інім жоқ еді,

Бірақ, менің жанашырым көп еді

Кетіп бара жатқанымда майданға, 

Ағайындар: «жеңіспен қайт» деп еді. 

Осы бір сөз мені дәйім демеді,

Осы бір сөз мені дәйім жебеді. 

Отан үшін отқа түсіп, оққа ұшып, 

Еніреп туған ерлер жауьш жеңеді.

Опасыз жау оңай олжа көздеді, 

Олар кімге ұрынғанын сезбеді.

Бірлік деген ұлы тірлік алдында 

Қанша мықты болғанымен төзбеді.

Жау шегінді —

Жеңілісі тездеді,

Талқандадық,

Арқандадық кезбені.

Өз жерінде түсті өздері көріне,

Тонамақ боп жүрген кезде өзгені.

Рейхстаг — жаудың соңғы тірегі,

Қас дүшпанның кесілді бар тілегі.

Тығылғандар тіреседі беріспей,

Бірақ, олар жеңілгенін біледі.

Туған елдің темір топшы түлегі

Тайсалмайды,

Оқ жаңбырын түреді.

Түреді де, түтін жапқан сол үйдің

Төбесіне жеңіс туын тігеді!

Партбилетті алғанымда тап бүгін, 

Шалқар болып шалқып еді-ау шаттығым.

«Енді нағыз азаматсың, батырсың,

Жарайсың!» - деп, жауырнымнан 

қақты кім?

Қып-қызыл боп үясына батты күн,

Шынымен-ақ басылмақ па аптығым? 

Сонда менің кім болғаным, Отаным,

Рейхстагқа ту тікпесем нақ үгін?»

Рақымжан түра алға үмтылды, 

Кеудесінде асау жүрек бүлқынды. 

Бранденбург қақпасынан өткенде, 

Қарауытып кетті көзі біртүрлі. 

Гриша да қатарласа бір кірді, 

Алғаш біраз екеуі де іркілді.

Сәлден кейін Ракымжаи ес жиып: -

Ілейік те, - деді, - енді бұл туды.

Бедірейген тұсі суық тас қамал —

Көрген адам тұрпатынан жасқанар.

Осы жерде жоспар құрып отырды-ау,

Жер жүзіне өлім сепкен «қасқалар».

Енді өлімді өздері де жастанар, 

Көп кешікпей бейбіт өмір басталар.

 «Талкандалды Германия фашистік!» —

 Деп, әлемге таратады ТАСС хабар.

Зор қақпаның маңдайшасын белгілеп, 

Ту тігетін нағыз кезең келді деп, 

Рақымжан қолындағы орамын 

Қасындағы Гришаға берді дөп. 

Иығына отырғызып енді кеп, 

Жоғарыға көтерді оны ер жұрек.

Рейхтін ақ туының орнына 

Қызыл жалау қоя берді желбіреп.

Ақыры сол алакеуім ақшамда-ақ

Ура! Жеңіс! —

Деген сездер аспандап,

Екі батыр бірін-бірі құшақтап,

Қуаныштан тұрды көзден жас парлап.

Біздің ерлер нән қақпаны ашқанда-ақ,

Аяқ асты қалды алтын баспалдақ.

Бейбіт омір тап сол сәттен басталды-ақ,

Бар ма, сірә, бұдан қымбат, асқан бақ?

Жеңіс күні неткен бақыт күн еді? 

Жеңіс үні неткен шаттық үн еді?

 Қарлығашы болып осы жеңістің,

Қызыл жалау қараңғыны түреді.

Қуаныштан карс айырылып жүрегі,

Адам біткен бір жылап, бір күледі.

Ауыл емес,

Аймақ емес,

Ел емес —

Бүкіл әлем осы күлді тіледі.

                   4

Женіс — бакыт!

Жеңіс оңай келген жоқ,

Алаулады,

Актың оты сөнген жок.

Ак тілеумен аттандырған ананың

Көбі ұлын,

Көбі жарын көрген жоқ.

Азаматтар қолдан намыс берген жоқ,

Жер қаптырды дүшпандарын мерген боп.

Қан майданда қүлағанмен боздақтар,

Ерліктері ел есінде -

Өлген жоқ!

Тірілері жасап қайта тірлігін

Түріп жатыр тыныштықтың түндігін. 

Шаңырақтан шаттық шапақ төгіліп,

Құшағында күлімдейді нүрлы күн.

Еңбекте де көрсетіп күш бірлігін, 

Майдангерлер ер атанып жүр бүгін. 

Қаныменен қорғап қалған  Отанды 

Азаматтар –

Аттары аңыз, жыр бүгін.

Көре қалсаң, қүрақ ұшып тұрады,

Көңіліңді бірден баурап, бұрады.

Жауды қалай жеңгендігі жайында

Қызық-қызық әңгіме-дүкен құрады: 

Қазағымның мақтанышы, жыр-әні,

Жарқын бейне өшпей мәңгі тұрады. 

Алғаш болып рейхстагқа ту тіккен 

Қошқарбаев — 

Халқымның шын ұланы!

                     Абдрахман АСЫЛБЕК



7

Студенттер 

шығармашылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет