№2 (02) 1 қазан, 2015 жыл бейсенбі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі21,02 Mb.
#6124
1   2   3

Арман  ШАУХАНОВ,

кандидат педагогических наук, доцент 

ТарГПИ

6

12 қазан күні ТарМПИ-да  газетінің таныстырылымы өтеді

ЗЕРДЕ

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

АБАЙ – 170

ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР

ВСТРЕЧА С МИРОМ АБАЯ

Гүлхан  НҰРАДИН  –  1979  жылы  22 

қазанда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың  философия  және  саясаттану 

факультетін,  аталған  жоғары  оқу  орнының 

дінтану, 

философиялық 

антропология, 

мәдениет философиясы мамандығы бойынша 

күндізгі бөлімгі аспирантурасын тәмәмдаған. 

Философия  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент.  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия 

Ұлттық  Университетінде  стажер-оқытушы, 

Атырау  мұнай  және  газ  институтында 

ұстаздық,  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтында «Этнография және инновация» 

орталығының 

жетекшісі 

қызметтерін 

атқарған.  Биылғы жылдан бастап ТарМПИ-

дың  Мониторинг  және  педагогикалық 

зерттеулер 

орталығының 

басшысы. 

«Мемлекеттік  аралық  бақылау:  дайындық 

курсы» және «Мәдениет философиясы» атты 

оқу құралдарының авторы. Отбасылы. Екі ұл, 

бір қыз тәрбиелеп отыр. 

«Албырт та аңғал 17 жастағы Гүлханға 

жалынды сәлем!

Сені  еліміздегі  ең  керемет,  беделді  ЖОО-

ның  бірегейі  Қазақ  Мемлекеттік  Ұлттық 

Университетінің 1 курс студенті атануыңмен 

шын  жүректен  құттықтаймын!  Гүлхантай, 

ЖОО-ның  жүйесі  де,  ағай-апайлары  да 

біртүрлі  өзгеше  екенін  білемін.  Бірақ  оларды 

жатсынудың  қажеті  жоқ.  Көрерсің  әлі, 

жылдар  өткен  соң  қазіргі  үрпиісіп  түсінбей 

жүрген дүниелеріңнің бәрін сағынасың. Тіпті, 

шіркін-ай, бір айналып соқса ғой деп аңсайсың. 

Сен  басқа  мамандық,  басқа  факультет 

студенті  болса  да  олармен  сөйлесіп  тез  тіл 

табысуға  ұмтыл,  егер  әлдебіреулері  оны 

қаламаса, оған өкпелеп немесе оны жаман деп 

ойлаудың қажеті шамалы. Қаланың қыздары 

мен жігіттерінен де мүлдем қорықпа. Олар өзге 

тілдерді жетік меңгерген, елгезек болғанымен 

сен  білетін  нәрселерді  білмеуі  де  мүмкін. 

Сабақ  үстінде  түсінбеген  тұсыңды  қолыңды 

көтеріп  сұраудан  да  қымсынба!  Ол  сенің 

батылдығыңды  және  қызығушылығыңның 

мол  екендігінен  хабардар  етеді.  Өзіңді  бәрін 

білетін  «тірі  энциклопедия»  етуің  де  артық. 

Бос  уақытыңды  ізденуге  жұмса.  Одан 

жалықсаң, серуенде. Егер біреуді ұнатсаң, оны 

саябаққа серуендеуге шақыруға болады. «Адам 

сөйлескенше,  жылқы  кісініскенше»  дегендей, 

ол  адаммен  ары  қарай  тезірек  тіл  табысып 

кетуге  септігін  тигізеді.  Адам  тек  әдемі 

киім  кигенде  ғана  әдемі  болмайды,  киімдерді 

үйлестіріп  киіп,  ықшамды  әрі  ыңғайлысын 

таңдаған абзал. Себебі, жас кезде адамдардың 

барлығы  әдемі  болады,  себебі  жастықтың 

өзі – әдемілік. Шет тілдеріне көп мән бергенің 

абзал, Гүлхан! Себебі, тілді меңгеру жас кезде 

жылдамырақ  болады.  Қателесуден  қорықпа. 

Себебі,  қателеспейтін  адам  болмайды. 

Керісінше,  жас  кездегі  қателік,  сол  жастық 

шақтың есебіне жазылып кетеді. Ең бастысы 

қателікті  мойындау  керек.  Алла  тағала 

адамды әу бастан жеке дара етіп жаратқан. 

Сондықтан  да  жастық  шақтың  ең  басты 

қателігі «ермелік» қасиеттен сақтан! Әркім өз 

басына, өз ісіне, өз әрекетіне жауапты болуы 

қажет.  Досыңды,  топтасыңды  қорғаймын 

деп  өтірік  айтудың  қажеті  шамалы.  Гүлхан 

спортқа  көңіл  бөл!  Бірнеше  спорт  түрлерін 

көріп, жаныңа жақын келетінімен кәсіби түрде 

айналысуға ден қой. Өзіңнің бойыңдағы жақсы 

қасиеттерді  дамытып,  нашарларын  жоюға 

әдеттен.  Мәдениетті  сөйлеу,  мәдениетті 

мінез-құлықты болуға ынталан. Қағілез, елгезек 

болуға  тырыс.  Себебі,  жастық  шақ  үйрену 

кезеңі,  ересек  болған  сайын  адамда  артық 

уақыт  та  қалмайды.  Жастық  кезде  қаржы 

жоқ, уақыт көп болса, ересек кезде ол керісінше, 

немесе екеуі де жоқ болуы мүмкін. Гүлхантай, 

сен бала күніңнен ертегі, жыр, дастан жалпы 

айтқанда қазақ әдебиетін сүйіп оқитыныңды 

білемін. Енді шетел әдебиетіне назар аудар, ол 

мүлдем бөлек әлем. Ол сенің дүниетанымыңды 

кеңейтеді, білім көкжиегіңді қоюлатып, өзгеше 

ойлауыңа ықпал етеді. Қыз бала болғандықтан 

болашағыңды  ойлап,  жақсы  оқитын,  білімі 

терең жігіттерге көбірек назар аудар. Себебі 

олар болашақтарын бағамдай алады. Айтарым 

осы. Аман бол, діттегеніңе жет! Осы хатты 

оқыған  әрбір  бойжеткен  мен  бозбала  өзіне 

бір  кеңесімді  жаратар  деген  мақсатта 

жариялап  отырмын!  Бояуы  қанық,  жалыны 

шарпып  тұрған  шақтарыңда  адымдарыңды 

аңдап  басып,  нұрлы  болашаққа  бет  алыңдар, 

қадірменді жастар!    

Құрметпен, Өзің 

2015 жылғы қыркүйектің 28-і 

Ұлт  дегеніміз  –  басқаларға  тәуелді  болмаған  және  өзінің  бірыңғай 

мүддесі бар халықтар жиынтығын айтады. Рухы биік, намысы мықты 

ұлт қана тілін, дінін, мәдениетін, дәстүрін дамыта алады. Ал, рухы төмен 

халық тілінен айырылып, діннен безіп, өзге діни идеологияға ұшыраса, 

онда тобырға айналып өзінен күшті басқа халықтың құрамына сіңіп 

кетеді.  Алайда,  жері  жоқ,  мемлекеті  жоқ  ұлттар  да  өмір  сүре  береді, 

бірақ  тілі  мен  діні  сақталмаған  ұлт  өз  болмысын  сақтай  алмайды. 

Осы жаhандану дәуіріндегі қазақ халқының болашағы қандай болмақ 

және сыртқы күштерге қарсы қоятын рухани ауызбіршілігіміз қандай 

деңгейде? 

Халқымыз ешқашан ұлттық мүдде мен діни мүддені бөліп қараған емес. 

Қоғамдағы радикалдық идеологияға қарсы тұратын күш «Атамекен», «Ана 

тілі», «Қазақстанның ұлттық мүддесі» т.б. сияқты қасиетті ұғымдар ол біздің 

қазақы мұсылмандығымызда жатыр. Қоғамдағы адамзат өзінің бүкіл даму 

бары¬сында рухани кемелденуді мақсат тұту керек. «Кемел адам» барлық 

қоғам¬ға, барлық дінге тән нәрсе. Өйткені, руха¬ни тұр¬ғыдан кемелденген 

адам  дін  тұрғысы¬нан  алсақ,  күнәдан  пәк  болу,  заң  тұрғысынан  алсақ, 

қыл¬мыстан аулақ болу, ол ең ізгі адамгер¬ші¬лік мұ¬рат¬тарды көздейді, 

адамзат  қоғамы¬ның  ортақ  игі¬лігіне,  жоғары  руханиятқа  қызмет  етеді. 

Өкінішке  орай,  Абайдың  «Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрегімен» 

ғұмыр кешіп жатқанымыз шамалы. Демек, Алланы тану үшін жүрек, көңіл 

қажет-ақ. Хакім Абайдың «Әуелі аят, хадис сөздің басы», «Алланың өзі де 

рас, сөзі де рас», «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың 

елден бөлек», «Пайда ойлама, ар ойла», «Талап қыл артық білуге», «Ғылым 

таппай мақтанба» деген асыл ойлары ұлттық дүниетанымы мен адамның 

рухани  мәдениетінің  дамудың  негізгі  шарттары  болып  табылады.    Міне 

осы терең ойлар қазақтың «толыққанды адам болу» идеясы деп қарауымыз 

керек.    Ф.ғ.д.,  профессор  Мекемтас  Мырзахметұлы  ағамыздың  «Абайда 

танылмайтын  дүние  бар.  Ол  ойшылдың  дүниетанымы.  Өкінішке  орай, 

біздің  философтар  Абайдың  дүниетанымын  ашып  бере  алмай  отыр. 

Біздегі  философия  материализмнің  жолымен  дамығандықтан  Абайдың 

дүниетанымын түсіну мүмкін емес. Себебі, Абайды танып білуде маркстік 

модель  емес,  шығыстық  модел  керек»  деген  пікірі  шығыстық,  яғни 

мұсылманшылық жолмен ойланбайынша Абайдың  астарлы ойларын  терең 

танып біле алмаймыз. Әз Пайғамбарымыз  «Кімде-кім  өзін-өзі таныса, сол 

өз Раббысын да таниды» деген өсиетіне сай, қазақ бабам «Өзін-өзі билеген 

ел  бақытты,  өзін-өзі  таныған  ер  бақытты»  дегенде  ел  мен  ердің  бақыты 

егіздей айтылып, ел бақытының шартын егемендікпен, ал ер бақытын өзін-

өзі  тану  арқылы  рухани  кемелдікке  жетуімен  байланыстыруы  айрықша 

назар  аударған.  Демек,  діннің  рухани  мәдениет  әлеуетіне  назар  аударып, 

дінді  руханиландыруымыз  қажет.  Себебі,  артта  қалған  Кеңес  өкіметі  де 

қазақ халқының рухани дүниесіне зор зиян келтіргені бәрімізге мәлім. Қай 

заманда, қай кезде болмасын, ақиқатты айтудың басты құралы – тіл екені 

даусыз. Дін мәселесін тіл мәселесінен бөлек қарастырмауымыз керек. Тіл 

мен әдебиет арқылы, дәстүрлі рухани құндылықтар тіріледі. Демек, ұлттық 

руханиятты  тіл  жасайды.  Өйткені  ұлттық  руханияттың  асыл  мұрасы 

халық ауыз әдебиеті, аңыз-әпсаналар, тарихи жырлар, ғашықтық жырлар, 

батырлар  жырлары,  тұрмыс-салт  жырлары  және  мақал-мәтелдер  болып 

табылады. 15-ғасырдан бастап, 20-ғасырға дейін өмір сүрген ақын-жыраулар 

«Елдік сана» ел мен ердің, ер мен діннің арасын жалғайтын киелікті және 

де  Құранның  «кемел  адам  қалыптастыру  миссиясын»  насихаттаған. 

Жыраулардың  дүниетанымында  Алла  бір,  Пайғамбар  хақ  және  Құран 

шын  деп  түсіндіріледі.  «Бисмилләһ  деп  баяндайын  хикмет  айтып»,  «Жат 

еттім аузыма алып бисмилләні», «Иман келтір әуелі Алла бір деп», «Әуелі 

сөз  бастайын  аузубилла»,  «Өлеңде  бисмилла  етпек  бұйрық  жоқ»  –  дей 

келе  жыраулардың  басты  ерекшеліктері  –  алғашқы  сөздерін  «Алланың 

атымен бастап», Қасиетті Құран ілімі мен Пайғамбардың өсиеттерінен нәр 

алған. Түркі тілдес халықтары, оның ішінде қазақ мұсылмандығының діни 

тәжірибесін  қалыптастырған  тарихи  тұлғасы  Ахмет  Ясауидің  «Диуани 

хикметі» Н. Рабғузидің «Қисса ул-әнбиясы» Имам Раббанидің «Мәктубаты» 

және де Ж. Румидің «Мәснауиі» әдеби шығармаларын терең меңгерген. С. 

Сейфулиннің «...Қазақ арасында жазба әдебиетін таратқан – Түркістаннан 

шыққан қожалар. Ол кезде қазақтың арасына көп таралғаны –  Қожа Ахмет 

Ясауидің  кітабы»  деген  тұжырымы  арқылы  әдебиеттегі  жанрлардың 

қалыптасуындағы және дүниетанымдық қабаттарды анықтаудағы Ясауидің 

хикмет дәстүрлерінің маңыздылығын анық көрсеткен. Ғылым жүйесіндегі 

жоғарғы және орта оқу орындарында факультатив түрінде өтілетін «Дінтану 

негіздері» сабағын  саяси, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымы бағытындағы 

білім алатын барлық мамандықтарға міндетті пән ретінде міндеттеу керек.  

Жастарға толыққанды мәліметтер беріліп отырса, ұлт тарихы мен рухани 

әлемінің тұтастығы, мемлекет пен дін арасындағы зайырлылық ұстанымы, 

діни таным мен ғылыми таным арасындағы тепе-теңдігі, қазақ халқының 

мұсылмандық болмысы, рухани құндылықтардың терең сабақтастығы мен 

тамырлығы жөнінде шынайы, дұрыс түсініктер қалыптасар еді. Хакім Абай: 

«...адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен 

озбақ»  деген.  Сондықтан  да  адамның  рухани,  ішкі  жан-дүниесінің 

байлығы да назардан тыс қалмау керек. Қазіргі таңда дінтанушы ғалымдар 

мен  ҚМДБ  қызметкерлері  тарапынан  жастардың  дәстүрлі  діни  сананы 

қалыптастыруына  және  де  қазақ  халқының  мұсылмандық  діни  танымын, 

діни  тәжірибесін  ғылыми  аспектімен  байланыстыра  отырып,  көптеп  айту 

керек.  Қазіргі  таңда  діннің  тек  формалық  жағына  мән  беріп,  мазмұнын 

назардан тыс қалдырып, дін туралы ұғымды тарылту, оның өміршеңдігін, 

икемділігін қолдан құлдырату болып шығады. Өйткені жастарымыздың діни 

санасы дұрыс қалыптаспауы және діни құбылыстарды бір жақты догматтық 

тұрғыда  қабылдауы,  араб  елінің  мәдениетіне  еліктеуі  қазақ  қоғамы  үшін 

үлкен қауіп деп білемін. Бұл қауіптің алдын алу үшін тек қана дұрыс бағытта 

идеологиялық жұмыс жүргізу қажет. Демек, радикалдық идеологиясының ең 

жағымсыз ықпалы дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды ыдырату арқылы 

діни сананы өзгертуде. Ұлттық сананың жат идеяларға алдануынан ұлттың 

қорғаныс  қабілеті  әлсірейді.  Ұлт  трагедиясы  түйсік  пен  сананың  ажырап 

қалуынан туындайды. Егерде өзіміздің діни санамыздан ажырайтын болсақ 

– онда ұлттық рухтың жұтауы, ұлттық болмыстан айырылудың басы емес 

пе?  М.Әуезовтың,  «...қазақ  болашағын  ойласа,  бесігін  түзеуі  керек»  деген  

қағиданы мүлдем ұмытқан сияқтымыз. 

Бақтияр АЛПЫСБАЕВ,

«Дінтану» орталығының бас маманы, дінтанушы

«...ҚАЗАҚ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАСА, БЕСІГІН ТҮЗЕУІ КЕРЕК»

17 ЖАСЫМА ХАТ

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі


–    Қазақстанда  студенттерге  көбіне 

қандай жұмыстар ұсынылады?

Лидия 

Стоялова, 

HeadHunter 

Қазақстан компаниясының маманы:

–  Біздің  орталықтың  мамандары 

ағымдағы 

жылдың 


мамыр-31 

шілде  аралығында    hh.kz  сайтына 

орналастырылған  бос  орындар  туралы 

хабарламаларды  зерттей  келе,  қызмет 

жолын енді бастаушыларға көбіне қандай 

жұмыстар 

ұсынылатын 

салаларды 

анықтады.  Соңғы  3  айдың  ішінде 

«қызмет  жолын  бастаушылар  мен 

студенттер» деген бөлімге 1 598 вакансия 

орналастырылған. Студенттерге арналған 

вакансиялардың  26,5%    –  сауда-саттық, 

20%  – маркетинг, жарнама, PR, 18,5% – 

әкімшілік қызметкерлер, 18,4%  – туризм, 

қонақ үй мен мейрамхана бизнесі, 10,6%  

–  «кеңес  беру»  салаларына  арналған 

екен.  Жұмыс  беруші  компаниялардың 

17,2%  икемді  жұмыс  кестесін,  ал  2,1% 

қашықтан  жұмыс  істеуді  ұсынады.  hh.kz 

сайтына  орналастырылған  вакансиялар 

бойынша,  ең  көп  хабарламалар  Алматы, 

Астана, Қарағанды, Ақтау және Павлодар 

қалаларынан келіп түскен.

–  Студенттер қандай салада жұмыс 

істеуді қалайды?

–  «Қызмет  жолын  бастаушылар  мен 

студенттер» бөліміне түйіндемелер жіберген 

жұмыс іздеушілердің 33,2%  – сауда-саттық, 

23%  –  «қаржы, банк, инвестиция», 20,7% 

–  «әкімшілік  қызметкер»,  20,3%  –  «IT, 

интернет, мультимедиа», 18,8%  –  «кеңес 

беру» салаларын жазған.



– 

Студенттерге 

ұсынылатын 

минималды 

және 

максималды 

жалақының көлемі қандай?

–  Қызмет  жолын  бастаушыларға 

Қазақстанда  ұсынылатын  жалақының 

орташа  көрсеткіші  80  000  теңге.  Ең  аз 

жалақы  20  000  теңге  тағылымдамадан 

өтушілерге ұсынылған. Ең жоғары жалақы 

400  000  теңге  шикізат  табушыларға 

ұсынылып отыр.



– Жоғары курстың студенттері үшін 

ең  дұрысы  –  өз  мамандығы  бойынша 

жұмысқа орналасу. Әрине, бұл теория 

бойынша. Ал, тәжірибе жүзінде қалай?

–  Қазақстан  нарығында  студент-

термен,  жас  мамандармен  белсенді 

жұмыс  істейтін  жұмыс  берушілер 

бар.  Олар  жастарды  өз  ұйымдарында 

алдымен  тәжірибеден  өткізеді,  оқытады, 

содан  кейін  тұрақты  қызметке  алады. 

Мысалы,  HR-бренд  Қазақстан  2015 

сыйлығының  номинанты  ВТБ  Банкі 

«Тәлімгерлік 

жүйесі» 

жобасын 


бастады.  Оның  мақсаты  жоғары  оқу 

орындарын бітірген студенттерді, сондай-

ақ  жоғары  курстарда  оқып  жүрген 

бакалавр  мен  магитратурастуденттерін 

жұмысқа  тарту,  оларды  жаңа  қызмет 

орнына  бейімдеу.  Осы  секілді    HR-

бренд  Қазақстан  2014  сыйлығының 

номинанттары  Dynamics  Tehnologies, 

Dentsu  Aegis  Network  студенттерге 

арналған  шеберлік  сыныптары,  оқыту 

жобаларын  ұйымдастырады.  Жоғарыда 

айтылғандардан  шығатын  қорытынды, 

ақша жоқ, жұмыс жоқ деген құр сылтау. 

«Жұмыс  істеймін»  дейтіндерге  әрдайым 

жұмыс  табылады.  Бастысы  ол  жұмыс 

сіздің  жүрегіңізде  жақын  болсын.  Сонда 

әр  күніңіз  құр  уақыт  өткізумен  емес, 

сүйіткі  шаруаңды  атқарып,  өмірдегі  өз 

орныңды табуға жұмсалады.

el.kz әлеуметтік 

желісінен алынды   

TARMPI LIFE

7

ТарМПИ-да «Ел достығы – тіл достығы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

БІЛГЕНІҢ БІР ТОҒЫЗ...

Көп студенттер оқумен сабақтастыруға келетін жұмыс іздейді. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің басын бір арнаға 

тоғыстыратын  HeadHunter  Қазақстан  компаниясының  маманы  Лидия  Стоялова  profinance.kz  порталына  берген  сұхбатында 

бүгінгі таңда жастарға қандай жұмыстар ұсынылатынын айтты.

ТАЗА ҚАЛА-  

ТАЛАНТТЫ 

ЖАСАҚ

КЕРЕК ДЕРЕК

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ

ҚАЗАҚСТАНДА СТУДЕНТТЕР 

ҚАНДАЙ ЖҰМЫСҚА СҰРАНЫСҚА ИЕ?

     Тараз шаһары Қазақстан қалалары ішіндегі ауасы таза, 

суы  мөлдір,  жасыл  желекті  қала  екені  бәрімізге  белгілі. 

Осы тазалығымызды бүлдірмей одан әрі гүлдендіру біздің 

қолымызда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың бүгіні 

мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі 

мәні деп санайды. Жастарға қолдау корсетіп, ертеңіне мол 

сенім  артқан  Елбасымыздың  тапсырмасы  «Жасыл  ел» 

бағдарламасы  бойынша  еліміздің  ар  аумағында  көкірегі 

ояу,  елжанды  жастарымыз  туып-өскен  мекенін  тазартып, 

жасаруына үлес қосуда. Тараз мемлекеттік педагогикалык 

институтының  белсенді,  патриоттық  сезімі    жоғары 

студенттері  демалыс  айларын  бос  өткізбей,  өздеріне  де 

еліне де пайдасын тигізіп, теңізге тамған тамшыдай болса 

да  үлесін  қосып  келе  жатыр.  Биыл  тіпті  ерекше  жағдай 

болды. Жаз айының 3 ауысымына жазылған қыздар саны 50 

ге жетті. Өйткені қазіргі уақытта, ауланы тазалап, қоқысты 

теру тұрмақ, қолындағы қоқысты арнайы  қоқыс жәшігіне 

салуға  ерінетін  жастар  бар.  Ал,  біздің  студенттеріміз 

мақтауға тұрарлықтай! Өте ұйымшыл, еңбекқор, белсенді, 

жауапкершілігі  мол  білімгерлер.  Еңбекте  ғана  емес, 

спортта  да  жүзден  –  жүйрік,  мыңнан  –тұлпар.  Мәселен, 

ТарМПИ командасы «Жасыл ел» және Қазақстан жастары 

одақтарының ұйымдастыруымен ЖОО арасында өткізілген 

спартакиадалардан  жүлделі  орындар  алды.  Қыздар 

арасында  болған  армрестлингтан  Акерке  Абдикаримова 

2-орын,  Мақтагул  Еркінбек  3-орынды  иеленсе,  ұлдар 

арасында  Данияр  Ыбыраев  жүлделі  3-орыннан  көрінді. 

Арқан тартыс бойынша қайсар қыздарымыз күштерін бірге 

жұмылдырып, бас жүлдеге ие болды. Осындай жас буынға 

берер тәрбиесі зор «Жасыл ел» бағдарламасы келесі жылы 

да жемісті жалғасын табады деп сенемін. 



Жанар ЖҰМАХАН,

Тарих және әлеуметтік педагогика 

факультетінің студенті

Бірнеше тілде еркін сөйлей білетін адам өскен өркениет 

пен  бірізді  білім  иесі  болып  саналады.  Полиглоттар  әр 

қоғамда құнды құрмет пен ыстық ықыласқа ие.  Тіпті жоғары 

жалақы  төлейтін  жұмысқа  да  шетелдің  көп  тіл  білетін 

адамы бірінші алынады. Бірнеше шет тілін игеру ережелері 

жөнінде  қалыптасқан  пікірлер  сан  қилы.  Кейбіреулер  бір 

тілді толық меңгеріп алған соң ғана екіншісіне ауыз салуға 

болады деп есептейді. Туғалы сөйлеп келе жатқан ана тілін 

де толық білемін деп айта алмайтын адам шетелдің тілін 

түгелдей үйренемін дей алмас. Ал біреулер бірнеше тілді 

бір мезгілде үйренген оңай болады деп санайды. Барлығы 

да  адамның  талпынысы  мен  құлшынысына,  өресінің 

өлшеміне,  қаншалықты  уақыт  бөлетініне  байланысты. 

Алдымен  бір  тілді  үйреніп  бастап,  бар  бос  уақытыңды 

соған  арнау  қажет.  Шет  тілі  –  мұз  айдынындағы  коньки 

секілді,  үнемі  қашап,  қайрап,  жаттықтырып  отырмасаң, 

сырғанамай  қалады.  Үйрене  бастаған  бір  тіліңіздің  біраз 

шыңын бағындырғаннан кейін, бір айдан соң екінші тілді 

қосуға  болады.  Содан  кейін  жайлап-жайлап  ай  сайын 

басқа тілдерді қоса бересіз. Алдымен бір-біріне ұқсайтын, 

туыстас  тілдерді  үйренсеңіз,  жеңіл  тиеді.  Әр  тілге  бірдей 

уақыт бөлген жөн.

     Әңгімелесуші мамандығы алғаш Жапонияда пайда болды. Әңгімелесуші арнайы үйшікте отырады. Кез келген адам 

мұңы, реніші, ашуы, қорқынышы, қуанышымен бөлісіп, ішіндегі сезімін сыртқа шығара алады. Байер – сіздің орныңызға киім 

алып жүретін маман. Олар киім өлшеміңізді алып, сән мен стильге сай киім таңдап, алып береді. Бариста – кофе дайындайтын 

арнайы маман. Сусиста – суши дайындайтын адам. Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасайтын маман. 

Стрингер – белгілі бір БАҚ-тың штаттан тыс видео, фотооператоры. Қауіпті аумақтарға барып, қажетті сурет, видеоларды 

түсіріп, редакцияға жібереді. Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен операция жасайтын дәрігер. Инжерен-орманшы 

– орманның жағдайын тексеріп жүретін маман. Хедхантер – бір компанияның жақсы мамандарын басқа компанияға «аулап 

беретін» мамандар. Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап, талғамын жақсартуға тырысады. Спичрайтер – көпшілік 

алдында сөйлейтін мәтінді жазып, дайындап беретін маман.



Адамның  Отанына,  туған  еліне,  оның  тіліне,  салт-дәстүрі  мен  мәдениетіне  деген 

сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі казак өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің 

бірі саналды. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын 

мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. 

        Бүгінгі  заман  үшін  үздіксіз  білім  алу  қағидасы  өте  өзекті.  Айнала  (оның  ішінде 

мемлекеттер  де)  үлкен  жылдамдықпен  өзгеруде.  Бүгін  алған  білімің  ертең  ескіретіндей 

жағдай туды. Осы себепті қазақ елінің әрбір азаматы тоқтаусыз білім алуы тиіс.

БІЗ АЙТСАҚ...

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі

Меншік иесі: Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институты

Бас редактор –

АСАН Жандарбек 

Тұрарұлы

 

• Газет республика   

  аумағына тарайды.

• Газет тегін таратылады.

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕН-ЖАЙЫ: 

080000, Тараз қаласы, 

Төле би көшесі, 62. 

Байланыс телефоны: 

8-777-511-56-56



Автордың мақаласы редакция 



көзқарасын білдірмейді.



Редакцияға түскен материал 



қайтарылмайды.



Газетте жарияланған материалды 



көшіріп немесе өңдеп басу үшін 

редакцияның жазбаша рұқсаты 

алынып, газетке сілтеме жасалуы 

міндетті

Газет “Алматы-Болашақ” АҚ 

баспаханасында басылды.

Таралымы: 1000

Мекенжайы: Алматы қ-сы, 

Мұқанов к-сі 223В, 

тел. 8 (727) 378-42-00.

Тапсырыс №981

Газет Қазақстан 

Республикасының Мәдениет және 

ақпарат министрлігінде 23.02.2005 

ж.тіркеліп, № 5764-Г куәлігі берілді

УИК-ЭНД

8

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

ТАРМПИ – 

ЖАСТЫҚ ШАҚТЫҢ 

МӘҢГІЛІК 

МЕКЕНІ!

ТАРМПИ – 



ЖАСТЫҚ ШАҚТЫҢ 

МӘҢГІЛІК 



МЕКЕНІ!

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет