Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42

III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
шықты.  Сыни  ойлау  идеялары  ғылым  философиясы  және 
әдіснамасы бойынша КСРО-ға кең танымал болған философиялық 
мектептің бағыт-бағдарына негізгі арқау болды. Белгілі ғалымның 
ғылыми жетекшілігімен тек Қазақстанның барлық аймақтарында 
ғана  емес,  сонымен  қатар  бірнеше  шетелдерде  кәсіби  маман-
дар  тәрбиеленіп  шықты.  ХХ  ғасырдың  соңындағы  ғылым  мен 
философияның  өзара  байланысын  зерделеудің  маңыздылығын 
айқындап,  оны  Алматы  философтары  біршама  биік  деңгейге 
дейін  көтере  білді.  Әсіресе,  математика,  физика,  астрономия, 
геология, биология, география мен философияның өзара байла-
нысы жеткілікті деңгейде қарастырылды. Ғылым мен философия 
арасында  шығармашылық  одақ  екі  жаққа  да  өте  тиімді  болды. 
Әсіресе,  өткен  ғасырдың  70-ші  және  80-ші  жылдары  елімізде, 
бүкіл әлемде осындай одаққа үлкен мән береді.
Ә.  Нысанбаевтың  біршама  іргелі  ғылыми  еңбектері 
әлемнің  25  тіліне  аударылып,  көптеген  данамен  жарық  көрді. 
Ғылыми-теориялық 
танымның 
диалектикалық-логикалық 
тұжырымдамасын  әзірлеуге  жетекші  болған  ғалым  ғылым 
философиясының  жаңа  сипатта  өрнектелуіне  барынша  на-
зар  аударды.  Әсіресе,  математиканы  ғылымның  әдісі  және  тілі 
ретінде қарастыру арқылы оның қазіргі жалпы жаратылыстану 
ғылымдарының  дамуындағы  эвристикалық,  шығармашылық 
рөлін  анықтай  алды.  Математика  ғылымның  ерекше  тілі  екені 
белгілі,  оның  сонымен  қатар  ғылыми-техникалық  прогреске 
қызмет  ететіні  дәйектелді.  А.Н.  Нысанбаев,  Г.Г.  Шляхин  «Раз-
витие  познания  и  математика»  (Алма-Ата,  1971  г.),  Қазіргі 
кезеңдегі қоғамдағы техникалық үлкен өзгерістердің бастауында 
математиканың  өзіндік  қызметін  анықтау  жатқанын  Қазақстан 
философтары пайымдап бере алды. Жалпы техникалық дамумен 
қатар дүниетанымдық кемелденудің өзара байланысы дәлелденіп, 
оның руханиятпен астасатын тұстары тұжырымдалды. 
С.М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінде 
жаратылыстанудың  философиялық  мәселелері  кафедрасы  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  өнімді  жұмыстар  атқарып,  оны 
белгілі  және  көрнекті  маман,  философия  ғылымдарының  док-
торы,  профессор  К.Х.  Рахматуллин  басқарған  болатын.  Оның 
астрономия ғылымы мен философиялық пайымдауларды өзара 
байланыстыруына арнаған ғылыми еңбектері еліміздің бірнеше 
тілдерінде жарық көрді және арнаулы курстар ретінде бірнеше 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
296
оқу орындарында табысты дәрістелді. Кеңестік кезеңнің жетістігі 
болып табылатын космосты, яғни ғарышты игеруге бет бұрған ел 
үшін бұл пәннің, бұл бағыттың маңыздылығы зор болатын (К.Х. 
Рахматуллин  «Диалектический  материализм  и  современная 
астрономия» (Алма-Ата, 1965) және «Звездный век человечества» 
(Алма-Ата, 1972).
Өткен  ғасырдағы  кәсіби  философтарымыз  ең  алды-
мен,  жаратылыстану  ғылымдарының  материалы  негізінде 
диалектикалық  ойлау  ұстанымдарын  терең  зерттей  бастайды 
[1].  Қазақстандық  философтардың  зерттеулерінің  нәтижелері 
қалалық,  институтаралық,  республикалық,  бүкілодақтық  және 
дүниежүзілік  деңгейлердегі  конференциялар  мен  конгрестерде 
баяндалып талқыланды. Алматы қаласы ғылым философиясының 
қалыптасуы  бойынша  бүкілодақтық  үйлестіру  орталығына  ай-
налды.  Диалектикалық  логика  және  ғылым  философиясы  бой-
ынша  Алматыда  өткен  үш  Бүкілодақтық  симпозиумға  (1968, 
1977, 1990) Мәскеу, Ленинград, Киев, Тбилиси, Рига, Ташкент, т. 
б. қалалардан келген ғалымдар қатысты.
Қазақстандық  философиялық-әдіснамалық  мектептің  тари-
хын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады. Қазақстандық ғылым 
философиясының тарихындағы бірінші кезең өткен ХХ ғасырдың 
60-70 жылдарына сәйкес келеді. Бұл дәуірде осы заманғы ғылыми 
танымның  логикалық-әдіснамалық  келелі  мәселелерін  жүйелі 
түрде зерттеу жүргізіле бастады. 
Ж.М.  Әбділдин  мен  Ә.Н.  Нысанбаевтардың  «Теорияны 
қалыптастырудың  диалектикалық-логикалық  ұстындары»  (Ал-
маты,  1973)  атты  іргелі  еңбегінде  ғылыми-теориялық  білімнің 
қалыптасуы  мен  синтезінің  күрделі  механизмі  анықталды. 
Ғылыми  теорияны  қалыптастырудың  және  жаңадан  құрудың 
жалпы  ұстындары  талдаудан  өткізілді.  Сонымен  қатар  физи-
ка  мен  математика  сияқты  іргелі  ғылымдарда  оларды  тиімді 
қолдану  жолдары  көрсетілді.  Математикалық  теориялар-
ды  дамытудағы,  шексіздік  идеясын  және  жиын  теориясын 
құрудағы  қайшылық  ұстынын  қолданудың  ерекшеліктері 
ашып  көрсетілді.  Қайшылықтар  ұстынын  әртүрлі  ғылым  са-
ласында  қолданып  көрудің  маңыздылығы  зор  еді.  Сондықтан 
қазақстандық  кәсіби  философияның  дамуында  жиын  теориясы 
ауқымында  жоғарыдағы  ұстындардың  мүмкіндіктері  толықтай 

297 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ашып  көрсетілді  деуге  болады.  Таным  субъектісінің  қызметтік 
белсенділігін  танытатын  процесті айқындауға  қол жеткізілгенін 
атап өтуге болады. 
Жоғарыда аталғандай ерекше мәселені күн тәртібіне қойып, 
оның философиялық шешімін таба білу зерттеудің құндылығын 
білдіреді  және  бұл  еңбектің  авторлары  1974  жылы  елімізде 
Ш.Уәлиханов  атындағы  сыйлықтың  иегерлері  атанды  және 
зияткерлік қоғам осы жетістіктерді жылы қарсы алды.
Ресейлік  белгілі  философ  В.А.  Лекторский  мен  поляк 
ғалымы  Я.  Рабтың  пайымдауынша,  бұл  зерттеулердің  негізгі 
нәтижелері  ғалымдардың  күшімен  әзірленіп  жатқан  қазіргі  за-
манауи теориялық танымның әмбебап әдіснамасының құрамына 
органикалық  түрде  енетіні  анық  (Қараңыз:  «Вопросы  филосо-
фии» журналы. Мәскеу. 1974. № 7).
Бұл  еңбектер  Қазақстандағы  ғылым  философиясы  мен 
әдіснамасының  дамуына  қосылған  жаңалыққа  толы  сүбелі 
үлес  болатын.  Бұл  еңбектердің  қазақстандық  зерттеушілердің 
көптеген  ізденістерінде  философиялық-теориялық  деңгейдің 
биіктеуіне  қызмет  атқарғанына  күмән  келтірмейміз.  Дегенмен, 
өткен  ғасырда  ғылым  мен  философияның  арасындағы  өзара 
байланыстың нағыз кәсіби көрінісі байқалды. 
Сөйтіп,  ғылым  және  техника  философиясы  мен 
әдіснамасының негізгі зерттеулері елімізде 1974 жылдан белсенді 
түрде  жүзеге  асырыла  бастады.  Алғашқы  кезеңде  көңіл  тұтас 
ғылыми  танымның  логикасы  мен  әдіснамасын  және  жекеле-
ген  ғылымдарды  диалектикалық  ұстаным  тұрғысынан  талдауға 
қойылған болатын. Тіпті, бұрынғы тоталитарлық идеологиялық 
қысым  жағдайында  болса  да  бірқатар  философиялық  зерт-
теулер  ашық  көрінген  жекеленген  сипатқа  ие  болды,  олар 
диалектиканың  жаратылыстанулық,  математикалық  және 
техникалық ғылымдардың пәндік өрісінде қызмет атқарған жеке 
категорялары мен ұстанымдарын жете зерттеуге қатысты еді [2].
Ә.Н.  Нысанбаевтың  көптеген  еңбектері  шетелдер  мен 
елімізде  өзінің  лайықты  бағасын  алып  отырды.  Мәселен,  ол 
1984 жылы «Исследования основных принципов материалисти-
ческой  диалектики  и  их  роль  в  научном  познании»  (1967-1982 
гг.)  атты  Институтта  қалыптасқан  монографиялық  еңбектердің 
топтамасы  үшін  М.С.  Сәбитов  сияқты  басқа  да  қазақстандық 
жетекші  ғалымдармен  бірге  ғылым  мен  техника  саласындағы 
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
298
Қазақстанның ғылыми деңгейін, оның халқының даналық па-
расатын әлемге таныту үшін әлемдік ғылымның интеграциялық 
үрдістерінен шеттеп қалмауы керек екенін Ә. Нысанбаев өзінің 
қажырлы еңбегімен кейінгі жылдары да белсенді түрде танытып 
келді. Ол өзінің шығармашылық жолында барлығы 600-ден аса 
ғылыми мақалалар мен 45-тен астам монографияларды жарыққа 
шығарды  және  оның  ішінде  80-нен  аса  ғылыми  туындылары 
әлемнің 25 тілінде жарияланып, ондаған дүниежүзінің жетекші 
елдерінде  беделді  халықаралық  конференцияларда  баяндама-
лар  жасаған  көрнекті  маман.  Мәдени  мұра  бағдарламасы  бой-
ынша  академик  Нысанбаевтың  басшылығымен  тұңғыш  рет  50 
том дайындалып, көлемді түсіндірмелер беріп шығарды. Ғалым 
АҚШ,  Германия,  Қытай,  Түркия,  Ресей,  Иран,  Оңтүстік  Корея, 
Ұлыбритания,  Мысыр,  Украина,  Польша,  Болгария,  Франция 
және  т.  б.  елдерде  өзінің  ғылыми  зерттеулерінің  нәтижелерін 
білікті мамандар алдында жария етті.
Еліміздің философияны дамыту саласындағы жетістіктерімен 
әлемді  ғылыми  көпшілікке  лайықты  деңгейде  басқа  фило-
софтармен  қатар  таныстыра  білді  және  ол  әртүрлі  ғылыми 
орталықтармен ғылыми байланыстар орнатып, әр қилы елдердің 
білікті  мамандарын  өзіміздің  елдің  ғылым  саласындағы  жас 
ұрпағымен жүздесуіне, қатынасуына ат салысып келді. Әбдімәлік 
Нысанбаев  философия  мен  саясаттану  салалары  бойынша 
Қазақстанның ғана жас мамандары емес, соны мен қатар көрші 
жатқан Ресей мен Қырғызстанның, Түркия мен Иранның көптеген 
ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарының дайындалуына 
ғылыми жетекшілік етті.
Кез  келген  халықтың  руханиятының  өзегін  оның 
даналығы,  яғни  философиялық  дүниетанымы  құрайды.  Өзінің 
философиялық  жүйесін  рет-  теп,  жүйелеп  алған  халық  ғана 
даналық  биігіне  көтеріле  алады,  басқалар  ал-  дында  сыйлы  да 
болады.  Онсыз  халықтың  рухани  інжу-маржандары  әр  жерде 
шашылып  жүреді.  Соны  тереңдей  түсінген  зерттеуші  Инсти-
тутта  шоғырланған  мамандардың  әртүрлі  білім  мекемелеріне, 
басқа салаларға ыдырап кетпеуіне біршама  күш-жігерін  салған 
болатын. Себебі, қанша дегенмен ғылымды сол саладағы кәсіби 
мамандар,  нағыз  тұлғалар  ғана  сапалы  деңгейде  дамыта  ала-
ды. Ғылымға «инемен құдық қазғандай нәрсе» деп теңеу берген 
халқымыз өзінің философиялық даналығын ежелден көркем об-
раздармен жеткізуге бейімділік танытқаны да белгілі. 

299 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Әрине,  Әбдімәлік  Нысанбаев  өзінің  шығармашылық 
дәстүрінде  Еуропаорталықтық  тәкаппарлыққа  қарсы  тұрып, 
қазақ  дүниесінің  өзіндік  рухани  және  мәдени  келбеті  бар 
екенін  дәлелдеумен  келе  жатқанын  өзара  түсінісу  филосо-
фиясы  әріптестері  жақсы  біледі.  Қазақтың  бойында  көптеген 
жетістіктермен  қатар  өткен  ғасырларда  Абай  көрсетіп  кеткен-
дей  кейбір  кемшіліктер  де  бар.  Бірыңғай  жетістіктен  тұратын 
мәдениет те, ұлттық діл де, жеке тұлға да бол- майды. Халықтың 
бойында бір-бірімен қайшы келіп жататын сан қырлы қасиеттер 
бар екені белгілі. Бірақ ол да кездейсоқ қалыптаспайды және ол 
әлемнің  көптүрлілігін  білдіретін,  оны  өзіндік  тұрғыдан  байыта 
түсетін нұсқасы екендігіне күмән келтіруге болмайды.
Өткен  ғасырдың  70-ші  жылдарынан  бастап,  Ә.Н.  Нысан-
баев  басшылық  жасап  келе  жатқан  ғылымның  логикасы  мен 
әдіснамасы  жөніндегі  дербес  философиялық  мектеп  өмір  сүре 
бастады деп толық айтуға болады, ол уақыт өте келе халықаралық 
сипатқа  ие  болды.  Мектептің  құрылуы  өзгеше  әрі  өзіндік  тың 
ойды және пікірлестерді өз төңірегіне топтай, біріктіре алатын, 
оларға дем беруге қабілетті ғылымның үлкен ұйымдастырушысы 
болуды талап етеді. Жаңа мектеп осы замандағы ғылыми теори-
яларды  олардың  өзара  ықпал  етуі  және  әлеуметтік  практикаға 
шығуы барысында зерттеуді, ғылымның бүтін қоғамдық құбылыс, 
осы заманғы мәдениеттің құбылысы ретіндегі инварианттық си-
паттамаларын айқындауды өз алдына міндет етіп қойды. Жаңа 
мектептің  ғылым  әлемінде  өз  орнын  табуы  –  оған  тән  өзіндік 
ойдың ғана емес, бойында ғылыми талант пен күшті мінез-құлық 
мінсіз тоғысқан басшының – Ә.Н. Нысанбаевтың белсенділігі мен 
шығармашылық белсенділігінің де жемісі. 
Өткен  ғасырдың  80-шы  жылдардың  басында  қазақстандық 
ғылым  философиясының  екінші  кезеңі  басталды.  Бұл  тари-
хи  кезеңде  заттық-практикалық  қызметтің  субъектілік  түсінігі 
мәселесі  өзектендіріліп,  ғылыми  теориялардың  әлеуметтік-
мәдени өлшемдеріне қызығушылық көбейді. Осы тарихи дәуірде 
әлеуметік-мәдени  мен  категориялық  талдаулардың  өзара  бай-
ланысы  нығайып,  ғылыми  танымның  әдіснамалық  мәселелерін 
жүйелі  зерттеулер  көбейе  бастады.  Ғылыми  танымның 
категориялық  талдаулары  енді  мәдени-тарихи  сипаттамалмен 
көмкеріліп, тарихи процестегі құбылыстармен астастырыла ба-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
300
стады.  Сөйтіп,  теорияның  практикаға  жақындауы  көрініс  бере 
бастайды.
Осы  кезеңде  басымдық  танытқан  мәселе  –  ғылыми  таным 
мен әлеуметтік қызметтің логикасы ретіндегі материалистік диа-
лектика.  Ғалымдар  таза  материализм  ауқымыммен  шектелмей 
әлеуметтік-мәдени  аядағы  талдауларын  да  ғылыми  кеңістікке 
ұсынып  отырды.  Міне,  соның  арқасындағы  қоғамдағы  көптеген 
мәселелерге терең философиялық мағынадағы пайымдаулар жа-
сала бастады. Мәселен, Қазақстан философтарының дайындаған 
іргелі  еңбек  болып  табылатын  «Диалектикалық  логика» 
еңбегінің төртінші томының мазмұны осындай сипатта және ол 
«Диалектикалық логика қазіргі жаратылыстанудың әдіснамасы» 
деп  аталды  (Алматы,  1985  ж.).  Бұл  еңбекке  академик  О.А. 
Жәутіков пен профессор К.Х.Рахматуллин өздерінің оң пікірлерін 
ҚазССР Ғылым Академиясының Вестнигінің 1986 жылғы № 7 са-
нында  жариялады.  Кәсіби  рецензенттер  қазақстандық  кәсіби 
мамандардың  философиялық  ұстындарды  математика  мен 
басқа ғылымдардың дамуында өте шебер қолданғанын оқырман 
қауымға тұжырымдап берді.
Сөйтіп,  ХХ  ғасырдың  80-ші  жылдары  жаратылыстану  және 
математикалық  ғылымдардың  әдіснамалық  проблемаларын 
жүйелі  түрде  зерттеуде  әлеуметтік-мәдени  және  категориялық 
талдаулар  бірлігінің  үстемдігі  айқын  көрінеді.  Ғылымның  да-
муы  барысында  оның  түсініктемелік  сұлбалары  қалай  пайда 
болатыны  және  дамитыны,  ғылыми  зертеудің  ғылыми  теория-
лары,  тұжырымдамалары,  қағидалары  мен  мақсаттары  қалай 
қалыптасатыны  айқындала  түсті.  Физика,  математика,  хи-
мия  және  биология  ғылымдарының  нақты  деректері  негізінде 
адамның  ғылыми  ақиқатқа  жетуінің  күрделі  әрі  қайшылықты 
процестері,  оның  ғылыми  дүниетанымының  дамуы  теориялық 
жолмен егжей-тегжейлі қарастырылды.
Сонымен,  Қазақстандағы  ғылым  философиясы  және 
әдіснамасы  дамуының  екінші  кезеңінде  (ХХ  ғасырдың  80-жыл-
дары) алғы шепке тұтас алғанда ғылымның категориялық және 
ұғымдық  аппаратының  қалыптасу  және  даму  заңдылықтарын 
ашып көрсету шықты. Зерттеудің өткірлігіне себеп болған нәрсе 
–  нақты  пәндік  әрекетті  субъективтік  мағынада  түсіну  және 
ғылыми теориялардың әлеуметтік-мәдени мағынада талданылуы 
ілікті.  Ғылыми  танымның  категориялық  мағынада  талданылуы 

301 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
оның мәдени-тарихи сипаттамаларының өзаралық әсері арқылы 
философиялық пайымдалуы пәрменді жүзеге аса бастады. Заман 
талабы осындай қадамдар қажет етті. Мұның бәрі қазақстандық 
философиялық  мектептің  әдіснамалық  әлеуетін  байытып,  оған 
жаңа идеялар мен мәліметтер ала келді [3]. 
Ғылым  философиясы  және  әдіснамасының  ең  маңызды 
мәселелерінің  бірі  –  әрқашанда  оның  дүниетанымдық 
бағдарлануы  болған  әрі  бұдан  былай  да  бола  бермек.  Өткен 
жүзжылдықтың  80-ші  жылдары  ғылымға  сырттай  әсер  етуші 
дүниетанымдық  бағдарлар  мен  факторларды,  сондай-ақ  оның 
өзіне  имманентті  түсініктер  мен  идеалдарды  осы  заманғы 
ғылым  парадигмасының  негізгі  құраушылары:  объективтілікті, 
себептілікті,  рационалдықты  жете  зерттеу  басталды.  Сол  та-
рихи  мезеттегі  зерттеулердің  өзекті  тармағы  –  техникаланған 
дүниетаным феноменін және компьютерлік төңкеріс салдарларын 
талдау  еді.  Қазақстандық  ғалымдар  ғылымның  дүниетанымдық 
бағдарлануын танымдық әрекеттің басқа нысандары – өнер, дін, 
ақылақпен  (мораль)  шендестіру  арқылы  салыстырмалы  талдау 
жүргізілді [4]. Қазіргі технократиялық заманның философиялық 
сипатын  анықтау  өткен  ғасырлардың  өзінде  елімізде  тереңінен 
зерделене бастаған болатын.
Қазақстандық  кәсіби  философияның  өкілдері  қажырлы 
еңбегінің арқасында 80-90 жылдары көптеген әдіснамалық және 
теориялық  тұғыда  маңыздылығы  жоғары  еңбектері,  негізінен, 
орыс  тілінде  жарық  көре  бастады.  Мәселен,  монографиялар 
ішінен  –  «Диалектика  и  современная  математика»  (1982)  атты 
Ә.Н. Нысанбаевтың; «Диалектика необходимости и случай ности 
в  квантовой  механике»  (1984)  М.С.  Сәбитовтың;  «Социологиче-
ские и этические проблемы современной науки» (1988) Ә.Н. Ны-
санбаев  пен  Р.  Курбановтардың;  «Генезис  категориального  ап-
парата  науки»  (1990);  «Логико-гносеологический  анализ  науки» 
(1990) және т. б. іргелі ұжымдық жұмыстар жарық көреді.
Бұл  еңбектерде  ғылыми  танымдағы  категориялық  және 
әлеуметтік-мәдени талдау өзара байланысы әрбір пәнге қатысты 
нақтыланады:  ғалымдар  математикамен  (Ә.  Нысанбаев,  Р.  Ка-
дыржанов), физикамен (М.Изотов, А. Косиченко, М. Орынбеков, 
М.  Сәбитов),  астрономиямен  (К.  Рахматуллин),  биологиямен 
және химиямен (Д. Маргулан и В. Фидирко), геологиямен (А.А. 
Ивакин) айналысты. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
302
Академик  Нысанбаевтың  ғылыми  басшылығымен  Р.Қ. 
Кадыржановтың  жеке  монографиясы  –  «Проблемы  социально-
культурной  природы  математического  познания»  (1992),  А.Г. 
Косиченконың «Научное творчество» (1992), М.З. Изотовтың «Со-
циально-культурные  детерминанты  интеграции  современной 
науки»  (1993)  атты  ғылыми  шығармалары  Қазақстанның  өзінің 
тәуелсіздігін алғанға дейін іргелі ізденістер ретінде басталып, 90-
шы жылдардың басында баспадан жарық көрді және олар құнды 
еңбектер  сипатында  ғылыми  көпшіліктің  өзіндік  сұранысына 
айналған еңбектердің қатарына қосылды.
Қазақстан  философтарының  үлкен  жетістігі  теория  мен 
практиканың  өзара  байланысын  үнемі  өзектендіріп  отыруын-
да  еді.  Әсіресе,  еліміздің  жаратылыстанушы  ғалымдарымен 
тығыз байланыста ғылыми зерттеулер жасап отыруының өзіндік 
маңызы  және  өзара  тиімді  нәтижелері  болды.  Республиканың 
Ғылым  академиясының  инститтутары  ме  еліміздің  көптеген 
жетекші жоғары оқу орындарында философиялық-әдіснамалық 
семинарлар  үзбей  жүріп  отырды.  Бұл  философиялық-
әдіснамалық  жұмыстар  жас  ғалымдардың  терең  теориялық 
білімін  қалыптастырды.  Тіпті,  кейбір  ғылыми  жұмыстар  фило-
софтар  мен  басқа  нақты  ғылым  саласының  өкілдерімен  біріге 
отырып даярланды және шығарылды. Мәселен, осындай ғылыми 
байланыстардың нәтижесі ретінде төмендегідей – «Методологи-
ческие  проблемы  развития  научного  познания»  (1985),  «Фило-
софско-методологические  проблемы  науки»  (1986)  және  «Ма-
териализация  нау ки:  социокультурные  и  методологические 
проблемы»  (1990)  атты  үш  ұжымдық  монографиялар  жарыққа 
шықты.  Соңғы  еңбекпен  философтардың  таза  өздері  ғана 
дайындаған  –  «Принцип  противоречия  в  современной  науке.  – 
Алма-Ата: Наука, 1975. – 344 с.; Роль категории «идея» в научном 
познании. – Алма-Ата: Наука, 1979. – 252 с.; Роль принципа кон-
кретности  в  современной  науке.  –  Алма-Ата:  Наука,  1976.  –  384 
с.» сияқты ұжымдық ғылыми шығармалар институтаралық және 
академиялық өзара байланысты теориялық нығайтты.
Әртүрлі ғылымдардың өкілдері философиялық зерттеулерге 
өздерінің ғылыми еңбектерімен біршама ықпал еткенін де атап 
өтуге болады. Мәселен, мамандар геология саласы бойынша (А. 
Мәуленов, Л.К. Алексеева, Р.Б. Идырышев және т. б.), физика са-
ласында (А.Н. Добротин, Г.М. Идлис, A.M. Кострица және т. б.), 

303 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
математика саласында (О.А. Жәутіков, Е.М. Әмірбаев, Н.К. Блиев 
және т. б.) белсенділік танытты.
Ғылым  шыныменде  рухани  өндірістің  және  адамзат 
практикасының ерекше формасы екені анық және осы қатынасты 
әлеуметтік-мәдени  даму  қисыны  тұрғысынан  пайымдау,  адами 
дамудың  терең  қатпарларын  ғылыми  таныммен  байланыстыру 
және  сол  арқылы  өзіміздің  нағыз  мәндік  түбірімізді  айқындау 
филсофиялық іздеістердің негізгі  арқауына  айналды.  Ғалымдар 
өздерінің  ғалыми  зерделеуі  арқылы  қоғамның  құрылымының 
жаңа  зияткерлік  деңгейіне  көтерілуіне  себепкер  болды. 
Коммунистік  идеяның  соңында  жүрген  социалистік  қоғамның 
ішкі  әлемінде  жалпыадамзаттық  мағынадағы  күрделі  үдерістер 
жүріп жатқан болатын. Міне осы объективті дамудың қисынына 
біздің кәсіби философтардың шынайы шығармашылық еңбектері 
сәйкес келіп отырды. 
Ғылым  барлық  кезеңде  әлеуметтік  прогресс  үшін  қажет 
құбылыс. Тек оны тоталитарлық жүйелер өзінің мүддесіне қарай 
бұрып  кеткенде  ғана  өзінің  кейбір  теріс  мағынадағы  қырларын 
көрсетеді. Мәселе, атом бомбасының, нейтрон және биологиялық 
қарулардың жасалуы соның айғағы. Ғылым негізінен гуманистік 
ұстындарға  арқа  сүйенгенде  ғана  өзінің  мәдениетке,  руханият-
ке  игілікті  әсерін  тигізеді.  Философтар  қауымы  осы  қағиданы 
басшылыққа алды және өздерінің зерттеулерінде үнемі дәйекті 
сипатта тұжырымдап отырды. 
Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басынан бастап Қазақстан 
Республикасында  ғылымның  философиясы  мен  әдіснамасы 
мәселелерін  зерттеудің  үшінші,  яғни  қазіргі  кезеңі  басталды. 
Бұл тарихи кезеңде жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін 
танымдық  тұрғыдан  қарастырудан  қазіргі  гуманитарлық  және 
әлеуметтік  ғылымдардың  философиялық-әдіснамалық  және 
дүниетанымдық  мәселелерін  зерделеуге  бетбұрыс  жасалды. 
Әсіресе,  экономикалық,  саясаттанулық,  мәдениеттанулық, 
әлеуметтанулық  және  тарихи  ізденістер  салаларындағы 
мәселелерге  философиялық  пайымдаулар  жасау  қолға  алы-
на  бастады.  Бұл  ғылым  философиясының  әлеуметтік  жүйедегі, 
рационалдық парадигмадағы жаңа деңгейінің көрінісі болатын.
Осындай  зерттеулердің  табысты  жүргізілуіне  кәсіби 
философтардың 
тарихи-философиялық, 
диалктикалық-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
304
логикалық білімінің тереңдігі өте жақсы көмектесті. Сондықтан 
халқымыздың  бай  тарихи-мәдени  мұрасы  мен  күрделі 
әлеуметтік  шындығы  болмыстық  талдау  тұрғысынан  тиісті 
бағалауларын  алып  отырды.  Философияның  ең  жоғарғы 
деңгейдегі ғылыми әдіснамасы ғылыми зерттеулерде қолданыла 
бастады.  Әрине,  кеңестік  кезеңнің  тұтастанған  идеологиясы, 
теориялық  шектеулері  өзінің  әсерлерін  ғылыми  саланың  даму-
ына  тигізбей  қоймайды.  Идеалистік  түсініктерге  деген  кейбір 
үстірт  қараушылық  кейбір  зерттеушілер  арасында  көрініс 
беріп  отырғанын,  Кант  және  Гегель  сияқты  философтардың 
еңбектеріне «идеалистер» ретінде ғана баға берілу тиісті екендігі 
туралы  тұжырымдар  кейбір  зерттеушілер  тарапынан  айтылып 
қалып отырылды. Бірақ, заманның қоғамға және ғылымға алып 
келген кейбір идеологиялық шектеулері жалпы ғылымның даму-
ын тоқтата алмады және ізденістер саласындағы Ақиқатқа қарай 
ұмтылыстың пәрмені әлде қайда қарқынды болды. 
Төмендегі іргелі ұжымдық еңбектер ғылыми танымның жаңа 
қырларын  философиялық  зерделеу  тұрғысынан  кеңінен  ашып 
бергенін  атап  өтуге  болады.  Мәселен,  Диалектическая  логика: 
Формы и методы познания.- Алма-Ата: Наука, 1987. – 336 с.; Зако-
номерности развития современной математики. – М.: Наука, 1987. 
– 336 с.; Методологический анализ оснований математики. – М.: 
Наука, 1988. – 174 с.; Методологический анализ математических 
теорий. – М.: Центр. Совет филос. (методол.) семинаров, 1987. – 
291  с.;  Нысанбаев  А.Н.,  Курбанов  Р.О.  Социологические  и  эти-
ческие проблемы современной науки. – Алма-Ата: Гылым, 1988. 
– 200 с.; Нысанбаев А.Н., Косиченко А., Кадыржанов Р. Философ-
ский анализ науки в контексте социокультурной трансформации 
общества. – Алма-Ата: Институт развития Казахстана, 1995. – 93 
с.)  атты  шығармалары  ғылым  философиясының  отанымыздағы 
жаңа деңгейін, даму векторын танытты.
Аталмыш еңбектер еліміздегі ғылым мен білімнің, мәдениет 
пен  өркениеттің  жаңа  беттерінің  қалыптасып  келе  жатқанын 
және  Қазақстан  зиялы  қауымының  жаңа  толқынының  біршама 
қуатты зияткерлік күшке айналғанын байқатты. Әрине, кез кел-
ген  ғылым  саласының  маңызды  іргетасы  оның  категориялық 
және  ұғымдық  аппаратының  жүйелі  түрде  қалыптасып,  да-
мып отыруы болып келеді. Осы мағынада қазіргі Қазақстандағы 

305 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет