Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады


partment at the Faculty of Philology and World Languages initiated and promoted



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі12,97 Mb.
#6508
1   2   3
partment at the Faculty of Philology and World Languages initiated and promoted 

the idea of conducting a set of lectures on foreign language teaching for secondary 

school teachers from different regions of Kazakhstan and university colleagues. 

The Director of the Translation Studies 

Centre L. Musaly and the Head of the Foreign 

Philology and Translation Studies Department 

D. Karagoyshieva were in charge of the organi-

zation of seminars at the Institute of Advanced 

Training of al-Farabi Kazakh National Univer-

sity. 


The aim of seminars for school teachers and 

university lecturers was to help them grow pro-

fessionally, develop their foreign language com-

petence and performance, and acquaint with 

new trends and directions in various teaching 

methods. It is well-known that it is rather dif-

ficult to share knowledge and experience with 

students, if teachers cease to further advance 

and progress through encouraging interest in 

acquiring new knowledge, since, as an ancient 

proverb says, “learning is like rowing upstream: 

not to advance is to drop back” . 

The themes of the seminars contributed to 

implementing the goal of developing teachers’ 

pedagogical skills in ensuring quality instruc-

tion in the field of foreign language educa-

tion. A team of teachers of the Department 

of Foreign Philology and Translation Studies 

(A. Sadykova, A. Valiyeva, T. Kolesnikova, I. 

Orazbekova and T. Konyrbekova) shared their 

knowledge and experience the workshop par-

ticipants.

The seminars were a complete success due 

to several reasons: first, the instructors pre-

sented information on interesting and prob-

lematic topics on a wide and diverse range of 

subject areas using authentic material with the 

help of audio-visual aids. The topics covered at 

the seminars included the following material: 

Teaching the Language of Media, Teaching 

Listening, Linguocultural Aspect of Learning 

English, Films in Language Learning, Litera-

ture Studies and Language, Teaching Speak-

ing, History of Methods of Foreign Language 

Teaching, Modern Methodology of Foreign 

Language Teaching, Innovation Technologies 

in Language Teaching.  

Second, the team of the department teachers 

conducting the lectures presented not only the 

theoretical background but also the practical 

section that gave a great opportunity for imple-

menting the advanced methods into teaching 

process.

The main outcome of the seminars is that 

their participants developed and explored as-

pects of teaching methodology and techniques, 

and learnt to assess and use a variety of teach-

ing aids and resources. At the end of the course, 

all participants received special certificates of 

attendance.

The seminars were intensive and trainers 

were very helpful and encouraging. It was fan-

tastic because the teachers made friends and 

have been really supportive of each other. 

These courses are designed to be very flex-

ible, and can be adapted to suit the specific 

needs of school and high institution teachers. 

The organizers are planning to have a tradition 

of holding such kind of seminars  regurlarly. 

I. OrAzbekOvA, 



r. TAyevA, 

A. AliMbAyevA

Foreign Philology and 

Translation Studies Department

ArchitecturAl 

MAsterpiece of 

the NAture

On the 26th of March, 2016 a group 

of 26 people (teachers and students of 

the Faculty and 12 American students 

learning Russian) from the Faculty of 

International Relations led by Professor 

Musabekova Ulzhan Esenovna, Head 

of Diplomatic Translation Department, 

made the 12 hour journey from Almaty 

to the Charyn Canyon,  which is  lo-

cated at about 240 km east of Almaty.

The Charyn Canyon became “The Charyn  

National  Park” by an Act of the President of 

the RK on February 23, 2004. It stretches for 

about 154 km alongside the Charyn river, the 

length of which is more than 393 km.

Following the Eastern direction for 2 km, 

this route will take you to one of the Park’s 

most famous panoramas as the Valley of 

Castles.  The sides of the Canyon are made 

of rocks, cliffs, ridges, hills and valleys of dif-

ferent forms.

Almost all the members of our group tried 

to climb and reach the highest point of the 

ridge in the Valley of Castles, from where 

you will really get a thrill of  the beauty of the 

Canyon under the morning sun! We were very 

excited to watch the view when the colours 

change with the changing light of the sun. 

Some layers of rocks are black in colour, some 

layers have a brilliant red or brown color.

Those American students who visited the 

Grand Canyon in their country, were greatly 

amazed by the resemblance of the Charyn 

Canyon with the Grand Canyon.

About 20 km away from the Valley of Cas-

tles there is a Grove of a very rare species of 

the Ash Tree that survived the Glacier Age.

The most celebrated inhabitants of the 

Canyon are snakes, squirrels, marmots, bea-

vers, wolves, different kinds of birds, includ-

ing mountain eagles. I would say that it was a 

fantastic trip! The Charyn Canyon should  be-

come one of Must Go places in Kazakhstan! 



Maryash MAkiSHevA,

Associate Prof. of KazNU,  

Faculty of International Relations 

Prepared by A.A. MuldAgAliyevA

5

№13 (1606) 5 сәуір 2016 жыл

ҚазҰУ басшылығы Иран-Тұран жобасы бойынша шетелдік әріптестермен кездесті

мерейтой


Ұстаз мерейі

Аяулы ұстаз, белгілі ғалым, б.ғ.д., профессор, жаратылыстану ғылымдарының 

академигі Ажар Ахметқызы Жұбанова бүгін мерейтойлық жасқа толып отыр. 

Ол 1941 жылы 5 сәуірде Ақтөбе 

қаласында дүниеге келді. 1964 жылы 

 

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу 



мемлекеттік университетінде биология-

топырақтану факультетінің «Өсімдіктер 

физиологиясы» мамандығын тәмамдап, 

алғашқы қызметін 1964-1966 ж.ж. 

С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың 

биология факультетіндегі «Өсімдіктер 

физиологиясы мен биохимиясы» 

кафедрасында аға зертханашылықтан 

бастаған. 1966-1975 ж.ж. – онкология және 

ҚР ДМ радиология ҒЗИ-да ісіктердің 

биохимиясы зертханасында кіші ғылыми 

қызметкері бола жүріп, 1974 ж. АМН КСРО 

Экспериментальді және клиникалық 

онкология институтында «онкология» 

мамандығы бойынша «Некоторые стороны 

липидного обмена при дисгормональных 

опухолях» тақырыбында кандидаттық 

диссертациясын қорғаған.  Ол 1975 жылдан 

бастап АЗВИ-дің биохимия кафедрасында 

доцент қызметін атқарып, ал 1986 жылдың 

1 қаңтарынан әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің микробиология 

кафедрасындағы еңбек жолы басталды. 

1995 жылы «микробиология» 

мамандығы бойынша «Управление 

ростом и метаболической активностью 

иммобилизованных клеток микро-

организмов» тақырыбында доктор 

лық 

диссертациясын қорғап, оқытушыға 



1996 жылы профессор ғылыми атағы 

берілген. 1996 – 2001 ж.ж. микробиология 

кафедрасының профессоры және 

 

университетіміздің Ғылыми Кеңесінің 



хатшысы қызметін қоса атқарып,  2000 

– 2001 ж.ж. –биология факультетінің 

деканы, 2001 – 2009 ж.ж. – микробиология 

кафедрасының меңгерушісі болды. 

Профессор Ажар Жұбанованың 

Қазақстан дағы жоғары білімді қайта құруда 

еңбегі зор.  «Биотехнология», «Экология» 

және «Медико-биологиялық іс» типтік 

бағдарламаларын сараптауда жаңа оқыту 

әдісін енгізуге атсалысып, орыс және қазақ 

тілінде әдістемелік оқыту құралдарын, 

Ядролық физика институтымен бірігіп 

жүргізілген «Экологиялық дүрбелеңнен 

кейінгі топырақ биоремедиациясы» 

 

курсының бағдарламаларын жазды. 



Ол кісінің кемеңгерлігімен ҚР-ның 

6 патентімен дәлелденген этанол, 

сүт қышқылы, микроорганизмдердің 

иммобилизденген клеткалары көмегімен 

ферменттелген сусындар алу әдістері, 

топырақ және су биоремедиациясы мен 

экологиялық мониторингі технологиясы, 

ЖШС «Химпромсервис-Актобе» полигон-

жинақтаушысында қатты қалдықтарды 

зиянсыздандыру және жою бойынша 

әдістемесі іске асырылып, мұнай 

тотықтырушы бактериялар арқылы темір 

жолының ұсақталған тас қабатын мұнай 

өнімдерінен тазалау жұмыстары жүргізілді.

2000 жылдан бастап А.А. Жұбанованың 

бастауымен микробиология кафедрасында 

жаңа бағыт — фотобиотехнология дамып 

келеді. Өндірістік қалдық ағын суларды 

тазалаудың әдістері жүзеге асырылып, 

спирулина микробалдырының негізінде 

тауықтардың жұмыртқа басуы мен 

балапандардың өсуін жеделдететін ББҚ 

ойлап табылды. «Спирулина лайф» 

препараты ҚР-ның Денсаулық сақтау 

министрлігінде тіркелген. Соңғы жылдары 

ұстаздың бастамасымен әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-дың (З.А. Мансұров) 

Жану мәселелері институтында жоғары 

температурамен өңделген өсімдік 

тектес өнімнен иммобилизденген 

биокатализаторлар, наноқұрылымды 

карбонизденген материалдар негізінде 

биосорбенттер мен биопрепараттар 

алынды. 


ҚР ҒҰА, ҚР БҒМ  және т.б. 

мекемелердің қаржыландыруымен 

жүргізілетін ғылыми жобаларға  қатысудың 

нәтижесі бойынша оның басқаруымен 

20 кандидаттық, 5 докторлық және 3 PhD 

диссертациялары қорғалып, 300-ден астам 

еңбек басып шығарылды. Бүгінгі таңда ол 

кісінің жетекшілігімен ҚР-ның Денсаулық 

сақтау министрлігінің қолдауымен 

Ұлттық биотехнология орталығының 

қаржыландыруымен 2 ғылыми жоба  жүзеге 

асырылуда. 

Профессор А.А. Жұбанова көптеген 

жылдар бойы биология ғылымдарының 

Эксперттік кеңесінің төрайымы, ҚР 

БҒМ ЖАК Президиумының мүшесі, ҚР 

БҒМ ҰБО ҒТК мүшесі, биологиялық 

тұрғыдағы «Биотехнология. Теория и 

практика» (ҚР БҒМ ҰБО) республикалық 

ғылыми журналының, “Science of Cen-

tral Asia”(Kazakhstan) журналының, 

 

“J. of Biology and Chemistry” (KazNU) 



журналдарының редколлегия мүшесі, 

«Molecular and  Biological Machine» 

монографияларды басып шығаруға 

дайындайтын «Springer – Verlag  GmbH Ber-

lin Heidelberg» баспасының редакциялық 

кеңесінің мүшесі болып табылады.        

2006 жылы ЖАК ұсынуымен ғылым 

мен білім жолындағы зор еңбегі үшін 

А.А.Жұбанова БжҒМ атынан «Қазақстан 

Республикасының білім беру ісінің 

құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ЖОО-

ның үздік оқытушысы» (2007 ж.) атағының, 

2008 жылы тағайындалған «Астананың 

10 жылдығы» төсбелгісінің, 2009 жылы 

ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына орай 

Үлкен күміс медалінің және «Құрмет» 

 

орденінің иегері.  



  Бүгінгі таңда тамаша отбасын құрып, 

балалары мен немерелерін тәрбиелеп 

отырған ұлағатты ұстаз, білім-ғылым 

саласының майталманы Ажар Ахметқызын 

мерейтойымен факультет ұжымы, оның 

ішінде биотехнология кафедрасы шын 

жүректен құттықтайды. Сіздің отбасыңызға 

береке, деніңізге саулық, жұмысыңызға 

табыс тілейміз! Мерейтойыңыз құтты 

болсын!


А.С. ҚЫСТАУБАЕВА,

биотехнология кафедрасының 

меңгерушісі, б.ғ.к., доцент 

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты  мағыналы ғұмырдың бір биігі – 

70 жасқа алып жетті. Осы кемелдікке тың жігер,  қайратты еңбек  арқылы  

жеткен  кафедрамыздың  бөлім меңгерушісі, профессор Сапарбеков Мұрат 

Кәкімжанұлы бүгінде жетпіс жастың белесіне шықты.   

Мұрат Кәкімжанұлы  Павлодар 

облысы, Ақсу қаласында дүниеге келді.   

Семей  мемлекеттік институтын 1970 

жылы бітірген соң, әскер қатарына 

шақырылып,  дәрігер-бактериолог 

ретінде әскери борышын өтеді. 

 

1972 жылы Ленинград қаласында 



 

ғылыми-зерттеу институтына  «жалпы 

эпидемиология және кибернетика» 

саласы бойынша аспирантураға түсіп, 

кандидаттық диссертациясын қорғады.  

Мұрат Кәкімжанұлының ғылыми 

еңбек жолы 1976 жылдан басталды. 

Қазақ ғылыми-зерттеу институтының 

эпидемиология, микробиология 

және жұқпалы аурулар (қазіргі 

уақытта гигиена және эпидемиология  

ғылыми орталығы)  ғылыми-зерттеу 

 

институтында  кіші ғылыми қызметкер,  



сосын эпидемиология бөлімшесінің аға 

ғылыми қызметкері болып еңбек етті. 

2002 жылы  АҚТҚ жұқпасы, 

паразитология және трансмиссивті 

 

вирустық жұқпалар бойынша 



 

эпидемиология зертханасының 

меңгеру 

шісі,  ғылым бойынша 

директор орынбасары болды. 1999 

жылы  Қазақстанда ЖИТС/АҚТҚ 

мәселесі бойынша эпидемиология 

мамандығынан  докторлық 

диссертация қорғады.   Эпидемиология,  

вирусология, гигиена,  иммунология 

мамандықтарынан кандидаттық, 

докторлық диссертацияларды қорғау 

бойынша  гигиена және эпидемиология 

ғылыми орталығы маңында құрылған  

халықаралық  біріккен  диссертациялық 

кеңес төрағасының орынбасары, 

ғылыми хатшысы болып қызмет етті. 

1983 жылдан бастап Алматы, 

Жамбыл облыстарында бас 

эпидемиолог, меңгерушінің 

орынбасары болды. Дизентерия, 

 

іш сүзегі,  жедел ішек жұқпалары, 



вирустық жұқпалар,  гепатиттер, 

АҚТҚ жұқпасы, гемморрагиялық 

қызба жұқпаларының эпидемиялық 

ошағында жүргізілген  эпидемияға 

қарсы алдын алу шараларына белсенді 

қатысты. 

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа 

дейін Қазақстанның медициналық 

 

білім беру мекемелерінде  оқытушылық  



еңбегін атқаруда. Алматы қаласындағы 

дәрігерлердің білімін жетілдіру 

институтында эпидемиология 

бөлімінің меңгерушісі,  ақпараттық 

технологиялар мен дәлелді медицина 

бөлімінің   меңгерушісі,  қоғамдық 

денсаулық сақтаудың жоғарғы 

мектебінде  эпидемиология және 

тұтынушылар құқығын қорғауды 

ұйымдастыру бойынша  бөлімнің 

меңгерушісі қызметін атқарды. 

2015 жылдың  желтоқсан айынан 

бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-

да жаңадан ашылған медициналық 

факультет – Қоғамдық денсаулық 

сақтаудың  жоғары мектебінде 

эпидемиология және гигиена 

кафедрасының бөлім меңгерушісі 

болып қызмет етуде. 

Профессор М.К. Сапарбеков – 

Қазақстанның  белгілі эпидемиологы, 

256 ғылыми  жұмыстың авторы. 18 

медицина ғылымының кандидатын, 

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау», 



«Медико-профилактикалық 

іс»  


бойынша 15 магистр, медико-

профилактикалық  мамандық бойынша 

5 менеджер, 1 PhD даярлап шығарды.

Мұрат Кәкімжанұлының еңбегі 

 

жоғары бағаланып,  «Ерен еңбегі үшін» 



медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің 

үздігі» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық 

сақтау министрлігінің құрмет 

грамоталарымен,  Николай Рерихтің 

күміс медалімен марапатталды.  

Мұрат Кәкімжанұлы жұқпалы 

аурулардың алдын алу бойынша ДДҰ, 

ЮНЕЙДС, БҰҰ тарапынан Франция, 

Англия, Германия, Нидерланд, 

Швейцария, Латвия, АҚШ, Ресей 

Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, 

Тәжікстан, Белоруссия, Әзірбайжан 

мемлекеттерінде жүргізілген 

халықаралық симпозиум мен 

 

конференцияларға қатысып, әлемдік 



деңгейде танылды. 

Алжир мемлекетінде  іскерлік 

сапармен жұмыс істеген жылдары 

 

сараптамашы эпидемиолог ретінде 



 

тырысқақ, іш сүзегі, шистосомоз, 

малярия жұқпаларын жою кезіндегі 

жүргізілген жұмыстарға қатысты. Ель-

Аснамда  жер сілкінісінің салдарын 

жоюға қатысып,  СССР Кеңес үкіметі 

мен Алжир мемлекетінен алғыспен 

марапатталды. 

Ғылыми тәжірибесі зор, 

 

еңбексүйгіш, айналасындағы адамдарға  



үлкен құрметпен, жауапкершілікпен 

 

қарайтын Мұрат Кәкімжанұлы бүгінде  



әріптестері мен медицина саласындағы 

қызметкерлер  арасында   үлкен  беделге 

ие. 

Биік асуларды бағындарған 



ғалымды әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ медициналық факультеті 

– Қоғамдық денсаулық сақтаудың 

жоғары мектебінің гигиена және 

эпидемиология кафедрасының 

ұжымы атынан мерейлі 70 жасымен 

шын жүректен құттықтай отырып, 

зор денсаулық, қажымас қайрат, жаңа 

шығармашылық табыстар  тілейміз! 

М.Т. АДИЛОВА,

Қоғамдық денсаулық сақтаудың 

жоғары мектебі, эпидемиология және 

гигиена кафедрасының аға оқытушысы 


6

№13 (1606) 5 сәуір 2016 жыл

таным


В библиотеке аль-Фараби открыт доступ к IPR books - первой в стране 

сертифицированной электронно-библиотечной системе

Наурыз мейрамы – барлық 

қазақстандықтар үшін тәуелсіз 

мемлекетіміздің қалыптасуымен 

бірге жалпыхалықтық сүйікті 

мерекеге айналған. 

Көктемнің осы бір шуақты күні 

қарашаңырақ ҚазҰУ алаңында «Керемет» 

студенттерге қызмет көрсету орталығының 

ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы өтті. 

Мерекелік іс-шара Қыдыр атаның ақ 

батасымен ашылды. Шара барысында  әл-

Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым 

Мұтанұлы: «Ұлыстың ұлы күнінде елімізге 

береке-бірлік, әрбір отбасыға бақыт, 

жақсылық тілеймін. Мереке қарсаңында 

алаңның ашылуы, бүгінгі шара мерекенің 

тек басы.  16 сәуір күні Сыртқы істер 

министрлігімен бірігіп, әлемдік деңгейде 

Наурыз мейрамын атап өтеміз деп 

жоспарлап отырмыз. Әрбір мерекелік 

жиындарда басымызды қосатын киелі 

қарашаңырақ – ҚазҰУ жасай берсін!» – 

деген тілегін арнады. 

Мерекелік жиынға университеттің 

барлық  факультеті, кафедра басшылары, 

оқытушылар мен студенттер, қонақтар 

қатысты. Киіз үй тігіліп, ақ дастархан 

жайылды, ұлттық ойындар мен әсем әндер 

шырқалды. Әр жатақхана студенттерінің 

арасында «Шілдехана», «Беташар, сәлем 

салу», «Құда табақ», «Тұсау кесер» сынды 

ұлттық салт-дәстүр түрлерінен көріністер 

көрсетілді. «Тұсау кесер» дәстүрінде 

Сабыр есімді баланың тұсауын  білім 

ордасының ректоры Ғалым Мұтанұлы: 

«Бақытты, дамыған, көрікті еліміздің 

алдыңғы қатарлы азаматы болсын! Ата-

анасы, барша әулет Сабырмен қуансын. 

Қазақ елінің мақтанышы болсын!», – 

деген тілекпен ала жібін кесті. 

Сондай-ақ жастар арасында арқан 

тартыс,  бұқа тартыс,  күрес,  гір көтеру, 

тоғызқұмалақ, қол күрестіру ойындарынан 

сайыс өткізіліп, нәтижесінде химия және 

химиялық технология факультетінің 

1-курс магистранты Ерсін Кәрібаев I 

орын, биология және биотехнология 

факультетінің студенттері – Бейсен 

Құмар II орын және III орынды Смағұл 

Жақсылық иеленді. Сонымен қатар 

тоғызқұмалақ ойынынан химия және 

химиялық технология мен биология 

және биотехнология факультеттерінің 

студенттері – Алтынгүл Нағыманова, Әмір 

Әліпұлы, Айнұр Молдахметовалар жүлделі 

орындарға ие болды. 

«Жалпы Наурыз мерекесінде 

ұлттық ойындардан сайыс жыл сайын 

ұйымдастырылады. Ойын өте керемет, 

қызықты өтті. Бұл сайысқа студент 

жастармен қатар оқытушылар, қонақтар 

да қатысады», – дейді тоғызқұмалақтан 

спорт шебері Айнұр Шахарқызы. 

Мерекелік іс-шара өнер жұлдыздары 

– Ғаділбек Жанай, Бейбіт Құшқалиев, 

«Жеті»  тобы мен студент жастардың ән 

шашуына ұласты. Татулықты ту етіп, 

береке мен бірлікке, адамгершілікке 

үндейтін Наурыз мейрамы Отанымызға 

құт-береке, халқымызға тек жақсылық, 

әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт 

әкелсін деген тілек болды әрбір жүректе! 



Зарина ТОҚТАРОВА 

Әз Наурыз 

Құтты болсыН!

Ұлыстың ұлы күнін қазақ халқы ғана 

емес, әлем халықтарының көпшілігі 

тойлайды. Наурыз мейрамының мән-

маңызын насихаттау мақсатында 

Экономика және бизнес жоғары 

мектебінің экономика кафедрасының 

оқытушы-профессорлар құрамы  мен 

«Экономика» мамандығының студенттері  

№16 Студенттер үйінде «Әз Наурыз 

құтты болсын!» атты мерекелік шара 

ұйымдастырды. 

Бұл күні кафедра меңгерушісі барша 

жиналған қауымды Наурыз мейрамымен 

құттықтады. Кафедра профессоры С.С. 

Оспанов сөз сөйлеп, өзінің батасын 

берді. Осы мейрамның ерекшелігі 

– мол дастархан жайылып, наурыз 

көже дайындалды. Сондай-ақ, ән-күй 

орындалып, би биленді. Ұлттық ойындар 

ұйымдастырылып, оқытушылар мен 

студенттер белсене қатысты.



Г.А. САДЫХАНОВА,

 экономика кафедрасының меңгерушісі;

А.А. ЕРЕЖЕПОВА,

 э.ғ.к., доцент 

Қазіргі уақытта білім беру мен 

ғылымды тоғыса дамытуда, 

бәсекелестікке қабілетті мамандар 

даярлауда халықаралық деңгейге 

көтеріліп келе жатқан әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ білім берудегі тың 

бағдарламаларды, оқытудың жаңа 

технологиялары мен өркениеттің 

тиімді тәсілдерін меңгеруді басты 

міндеттерінің бірі ретінде күн 

тәртібіне шығарған. Осы бағытта 

көптеген істер атқарылуда. 

Солардың бір көрінісі – 16 наурызда 

тарих, археология және этнология 

факультетінде дүниежүзі тарихы, 

тарихнама және деректану 

кафедрасының ұйымдастыруымен 

ғылыми семинардың өткізілуі. 

ҒЫЛЫМИ БАСҚОСУ

Семинар «Мұрағаттану, құжаттар 

жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз 

ету» мамандығы бойынша білім беру 

бағдарламасы шеңберінде жұмыс беруші 

мекемемен заманауи өзекті мәселелерді 

бірлесе отырып шешу мақсатын қойды. 

Ғылыми басқосу барысында республикада 

бірегей архивтанушы, құжаттанушы 

мамандарды даярлайтын ҚазҰУ мен 

Қазақстан Республикасы Президенті 

архивінің өкілдері мамандықты 

халықаралық аккредитациялаудан өткізу, 

кәсіби стандарт қалыптастыру, білім 

алушылардың тәжірибеден өтуі, жұмыспен 

қамтылуы мәселелерін талқылады. 

Кафедра меңгерушісі, профессор 

Қалқаман Жұмағұлов ғылыми семинарда 

көтеріліп отырған негізгі мәселелерге 

тоқталып өтті. Факультет деканы 

Арман Жұмаділ ҚазҰУ-дың білім беру 

бағдарламаларындағы басты бағыттардың 

бірі жұмыс берушімен тығыз байланыс 

орнату екендігін, осы орайда атқарылып 

жатқан шараларға тоқталды. Бұдан 

кейін сөз алған ҚР Президенті архиві 

директорының орынбасары Қайрат 

Әлімғазинов ҚазҰУ-дағы архивтанушы 

мамандардың бәсекеге қабілетті 

мамандарды даярлаудағы жетістіктерін 

атай отырып, өз ұсыныстарын білдірді. 

Бітіруші түлектердің теориялық білімі 

терең, тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне 

назар аударды. Тәжірибеге бағытталған 

білімді ол семинар, практикалық 

сабақтарда, өзіндік жұмыстарды 

орындауда қалыптастырудың  қажеттілігін 

айтты. 

Президент архивінің жас мамандарды 



даярлауға бет бұрғандығының бір мысалы 

ретінде үстіміздегі жылдың 8 сәуірінде 

студенттер мен магистранттардың 

арасында олимпиада өткізіліп, жеңімпаз 

атанғандарға қызметке тұруға септесетін 

сертификатттардың берілетіндігінен 

құлаққағыс етті. Қ.Ш.Әлімғазиновтың 

сөзін архивтің әкімшілік және қоғамдық 

байланыс басқармасының бастығы Гүзел 

Дараева жалғастырып, архивтанушы 

түлектердің мемлекеттік қызметке 

қабылдануына қатысты байқау туралы 

айтып берді.

Семинар жұмысына қатысқан 

университеттің мансап және бизнес 

орталығының директоры Б.Ж. Сапаров 

 

студенттер тәжірибеге барғанда ұйымдар 



мен мекемелердің оларға қызығушылық 

таныта бермейтіндігін көлденең тартты. 

Оқу үдерісіне және оқытуға жұмыс 

берушінің көзқарасы  әзірше формалды 

деген пікір айтты. Болашақ мамандарды 

сертификаттауды тұңғыш рет болатын 

шара ретінде жоғары бағалап, архив 

қызметкерлерінің бастамасын қолдады. 

Болашақта жол картасын ұйымдастыруды 

ұсынды.


Сондай-ақ шара барысында белгілі 

ғалым Талас Омарбеков архивтердің соңғы 

уақыттарға дейін жабық мекеме ретінде 

жұмыс істеп келгендігін ашық айтып, 

«Ендігі кезекте архивтердің қызметін 

түбегейлі өзгерту қажет. Қазақстанда 

архивтанушы мамандарды даярлайтын 

бірден бір жоғары оқу орны – Қазақ 

ұлттық университеті, соның ішінде тарих, 

археология және этнология факультеті, 

дүниежүзі тарихы, тарихнама және 

деректану кафедрасы да өз қызметінің 

бағыттарын, оқу бағдарламаларын заман 

талаптарына сәйкес қалыптастыру керек», 

– деп ой түйсе,  профессор Т.Ә. Төлебаев 

заман талаптарына сәйкес архивтер 

онлайн курстар ұйымдастырса, нұр үстіне 

нұр болар еді деген пікірін білдірді.  

Тарих ғылымдарының докторы Г.Ә. 

Сексен 


баева болашақ архивтанушы 

маман өзінің кәсіби қызметінде ұсақ-

түйек істердің, мәселен, істерді тігу, түптеу, 

желімдеу, қию және т.б. міндетті түрде 

атқарылатындығын, оларды ескермеу 

үлкен қателіктерге әкелетіндігін, тіпті 

мұндай шаруаны атқармайтындардың 

архивтанушы бола алмайтындығын 

қынжыла айтты. Сондықтан да тәжірибеге 

барған уақытта осындай шаруалар 

тапсырылса, оларды тиянақты әрі ұқыпты, 

жауапкершілікпен атқару қажеттігін 

ескертті.  

Осылайша кафедраның заманауи 

талаптарға сәйкес мамандар даярлаудағы 

асқаралы міндеттерінің бірі аясында 

маңызды пікір алмасу орын алып, 

болашақта атқарылатын істер анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет