Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#6609
1   2   3   4   5   6

 

16-


кесте – Субъект және неге/кімге ие болуы 

Қазақ тілінде 

Ағылшын тілінде 

Алтын мен алмас кен орындары Саха 

жерінде орналасқан 

Mestorazhdeniya gold and diamonds are located 

on the territory of the Republic of Sakha 

Сапфир, рубин Үндістан мен Шри-Ланка 

түбегінде өндіріледі 

Sapphires and rubies are mined in the Indian 

subcontinent and the island of Sri Lanka 

Фосфорит кен орны Қаратауда орналасқан  Phosphorite deposits are located in the Tau 

 

17-


кесте – Субъект және ненің/кімнің одан алшақтауы /оқшаулануы 

Қазақ тілінде 

Ағылшын тілінде 

Арабия мен Үндістан платформалары 

ежелгі Гондвана материгінен бөлінді / 

оқшауланды  

Hindustan Gum and platform separated from 

the ancient continent of Gondwana / 

disengaged 

 

18-



кесте – Субъект және оның өзгеруі 

Қазақ тілінде 

Ағылшын тілінде 

Скандинавия, Орта Еуропаның аласа 

таулары және Орал палеозой эрасында 

қалыптасып, кейінгі дәуірлерде сыртқы 

күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап, 

аласарған 

Scandinavian, Middle Eastern low-gorya and 

the Ural mountains were formed in the 

Paleozoic era, were heavily weathered under the 

influence of external forces and settled 



 

19-


кесте – Көптеген субъектілер және олардың қарым-қатынасы 

Қазақ тілінде 

Ағылшын тілінде 



Еуразия материгін барлық мұхит сулары 

шайып жатыр 

The continent of Eurasia is washed of all 

oceans 


Ежелгі миной халқы (б.з. дейін 2500 ж-да) 

Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен 

қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда 

қарым-қатынасын жүргізген 

The ancient Minoans (2500 years BC) were 

trade relations with Egypt and the countries of 

the islands of Cyprus, Sicily and the current 

Balkan Peninsula 

Өлі теңіз (-403 м) бен Джомолунгманың 

(Эверестің (8848м) биіктігі арасындағы 

айырмашылық 9251 м 

The difference between the Dead Sea (-403 m) 

and Mount Everest (Everest 8848 m) reaches 

9251 m 


 

44 


19-

кестенің жалғасы

 





Ресей жері арқылы ағатын ірі өзендер 

Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды  

The rivers flowing through the territory of 

Russia flows into the Arctic Ocean 

Еуропалық бөліктің ірі өзендері Атлант 

мұхитына құяды 

The major rivers of the European part of the fall 

in the ocean Atlantiychesky 

Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг өзендері 

қатты ағады, олар Тынық мұхитына құяды 

During the Amur river, the Yangtze, the Yellow 

River, the Mekong Strongest (explosion), they 

fall into the Pacific Ocean 

Үнді мұхитына Үнді, Ганг, Брахмапутра, 

Тигр өзендері құяды 

And the Indian Ocean flow into the Indus, 

Ganges, Brahmaputra, Tiger 

Цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат 

әкеледі 

Tsunami brings great damage to coastal cities 

Байкалдан – жалғыз өзен Ангара ағып 

шығады 


Of Lake Baikal - the only river Angara flows 

 

20-



кесте – Тұтас және олардың өзара байланысындағы бөлшек (бөлшектер) 

Қазақ тілінде 

Ағылшын тілінде 

Еуразия Еуропа мен Азиядан тұрады 

Eurasia is from Europe and Asia 

Еуразияны Еуропа мен Азия құрайды 

Eurasia is Europe and Asia 

Еуразияның құрамына Еуропа мен Азия 



кіреді 

The structure consists of Eurasia Europe and 

Asia 

Альпі-Гималай геосинкиналдық 

белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, 

Пиреней, Апеннин және Балқан 

түбектерінің таулары Еуропаның биік 

таулы аймағын құрайды 

High mountain in Europe constitute the Alps, 

the Carpathians Alpine-Himalayan belt of 

geosynclinal and the Pyrenees mountains Skog, 

the Apennine and Balkan peninsulas 

Скандинавия, Орта Еуропаның аласа 

таулары және Орал Еуропаның аласа 

таулы бөлігін құрайды 

Scandinavian, Middle Eastern low-gorya and 

the Urals are low mountain areas of Europe 

Бокситтен алюминий алынады 

Get aluminum from bauxite 

 

21-


кесте – Нені/кімді немен/кіммен салыстыру 

Қазақ тілінде 

Ағылшын тілінде 



Черапунджи елді мекеніндегі жауын-

шашын мөлшері – жылына 12000 мм-

ден артық, ал Арабия түбегіндегі 

жылдық жауын-шашын мөлшері – 15 

мм-ден де аз 

The annual rainfall in the village of Cherrapunji 

more than 12000 mm, and in the Arabian Peninsula, 

the annual rainfall of less than 15 mm 

Оймякон елді мекеніндегі тіркелген ең 

төмен температура - –71˚С , ал 

Үндістандағы Тар шөлінде тіркелген 

ең жоғары температура - +53˚С 

The lowest temperature of -

71 ˚ C registered Wan 

Ojmjakon in the village, and in the Thar Desert of 

India recorded the highest temperature of +53 ˚ C 

Кейбір аралдар солтүстік полюске 

таяу орналасса, Малайя 

архипелагының аралдары экватордан 

оңтүстікке қарай 11˚о.е. дейін 

созылып жатыр 

If some islands are located closer to the North Pole, 

the islands of the Malay archipelago stretching from 

the equator to the south to 11 ˚ S 

 

45 


21-

кестенің жалғасы 



Еуропа ойпатты, аласа таулы (биік 



таулар оңтүстігінде ғана кездеседі), ал 

Азияның ¾ бөлігін таулы үстірттер 

мен қыраттар алып жатыр (жазықтар 

солтүстігінде шоғырланған) 

Europe low-lying, low mountains (highest 

mountains are found only in the South), and ¾ part 

of Asia are plateaus and highlands (the plains are 

concentrated in the north) 

Арктикалық климаттық белдеуде қыс 

ұзақ, аязды, жазы қысқа, суық 

In the Arctic climate zone winters are long, frosty, 

short summers, cold 

Қоңыржай климаттық белдеудің 

еуропалық бөлігінде теңіздік, орталық 

бөлігінде континенттік, шығысында 

муссондық климат 

The climate is temperate climate in the European 

part of the sea, in the middle of the continental 

monsoon in the east 

Теңіздік климаттың қысы жұмсақ, 

тұманды, жазы жылы 

Winter is mild maritime climate, foggy, warm 

summers 

Континенттік климаттың қысы суық, 

жазы жылы 

Winter holdnaya continental climate, warm summers 

Қысқы муссон құрлықтан мұхитқа 

қарай, ал жазғы муссон Тынық 

мұхитынан құрлыққа соғады 

Winter monsoon blows from land to the ocean, and 

the summer monsoon blows from the Pacific Ocean 

to the land 

Жерорта теңіздік климатта жаз өте 

ыстық, құрғақ, қыс жылы, жаңбырлы 

болады 

Sultry summer Mediterranean climate, arid, winter 



warm, rainy 

Тропиктік белдеуде жыл бойы ыстық, 

әсіресе жазда аптап ыстық  

In trpicheskom belt hot all year round, especially in 

summer sultry heat 

Субэкваторлық белдеудің жазы 

ылғалды, қысы құрғақ 

Subequatorial summer wet, dry winter 

 

22-


кесте  –  Субъект  және  оның  интеллектуалдық  әрекеті  (сонымен  қатар 

тілдік, ойлау әрекеті) 

Қазақ тілінде 

Ағылшын тілінде 

Вавилондықтар Жер ғаламшарын 360˚-

қа тең болатынын анықтады 

The Babylonians determined that the circumference 

of the Earth is 360 ˚ 

Вавилондықтар алғашқы географиялық 

картаны ойлап тапты (Британия 

мұражайында сақталған) 

The Babylonians were the first map (in the British 

Museum) 

Финикиялықтар Эгей теңізіндегі 

аралдарды ашты 

The Phoenicians discovered the islands in the 

Aegean Sea 

 

4-



сабақ  –  Оқу  материалы  бойынша  диалогтық  немесе  полилогтық 

түрде тілдесу сабағы (ағылшын тілінде) 

Бұл  сабақтың  ерекшелігі  –  алдыңғы  үш  сабақта  алынған  білім,  ағылшын 

тіліндегі  сөздік  қор  мен  грамматикалық  құрылымдарды  коммуникативтік 

жағдайларда  пысықтау,  сонымен  қатар,  тілдесу  барысында  ағылшын  тілінде 

қалыптасқан сөйлесу әдебін меңгерту. Диалогтық түрде сұхбаттасу дағдыларын 

қалыптастыру  және  жетілдіру.  Әңгімелесуші  адамның  жастық,  әлеуеттік 

сипатына  қарай,  ағылшын  тілі  құралдарын  дұрыс  қолдану  да  осы  сабақтың 

міндеттерінің бірі болып табылады.  

Аталған  сабақ  міндеттерін  атқаруға  арналған  арнайы  әдістердің  бірі  – 

 

46 



оқушыларға  тақырып  аясында  жасанды  жағдаяттар  туғызу.  Сол  жағдаяттар 

бойынша  сөйлеткізу.  Сөйлегенде  қиындық  тумайды,  алдыңғы  сөз  қоры  мен 

грамматикалық құрылымдарды пысықтайтын диалогтар құрастырылады. Бірақ, 

«диалог  құрастыр»  деген  тапсырма  олардың  тілдік  тұлға  ретіндегі  рөлін 

төмендетуі мүмкін. Сондықтан, оқушылар өмірде, қоғамда атқаратын адамдар 

рөлдерін ойнайды (ғалым, саяхатшы, шетелдік қонақ және т.с.с). Тілді дамыту, 

диалог  құрастыруды  үйрету  мақсаты  тапсырмада  жасырылып  беріледі.  Осы 

сипаттап  отырған  әдісті  «Еуразия»  тақырыбы  аясында  мысал  ретінде 

келтірейік.  

Тапсырма: Берілген жағдаяттар бойынша бір-біріңізбен сөйлесіңіздер. 

1-

жағдаят  (2  оқушыдан  бөлініп  орындалады):  Сіз  Африка  елінің 

азаматымен  Астанада  жұмыс  бабымен  кездестіңіз.  Ол  Сізден  Еуразия  туралы 

мәлімет сұрастырды. Сіз оған жалпы мәлімет бердіңіз. 

2-

жағдаят  (3-4-5  оқушылар  топтары  құрылып  орындалады):  Сіз 

халықаралық озат оқушылар слетіне келдіңіз. Бірінші күні жан-жақтан келген 

балалар  бір-бірімен  танысып,  географиялық  карта  немесе  глобус  қасында  өз 

жерлері  туралы  географиялық  сипаттама  беруде.  Сіз  әңгімеңізді  Еуразиядан 

бастадыңыз... . Балалар да Сізге сұрақтар қоюда. 

3-

жағдаят  (3-4-5  оқушылар  топтары  құрылып  орындалады):  Жер 

бедері 


бойынша 

халықаралық 

теледидар 

блиц-турнирінің 

қатысушыларысыздар. Сіздерге Еуразия «әйнегі» ашылды. Ал іске сәт! Дұрыс 

жауап берулеріңізге тілектеспіз! 



4-

жағдаят  (барлық  сынып  оқушылары  бірігіп  орындайды): 

Халықаралық балалар лагерінде демалып жатырсыздар. Сіздер кештер қызықты 

өту  үшін  әр  түрлі  шаралар  ұйымдастырасыздар.  Осы  жолы  Еуразия 

материгіндегі  су  кеңістігі  туралы  бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған 

ертегі ойлап құрастыру керек. Сіздер өзен, көл, теңіз рөлдерін бөліп алып, сол 

рөлдер  бойынша  өздеріңіз  туралы  әңгімелейсіздер.  Сол  сипаттамаға  сәйкес 

сыртқы пішіндеріңізді де әшекейлеуге болады

5-

жағдаят  (2-3  оқушыдан  бөлініп  орындалады):  Еуразияның  әр 

жеріндегі  климаты  мен  табиғат  ерекшеліктерін  сипаттау  үшін  көрнекілік 

дайындаңдар (сурет, сұлба, кесте). Ол үшін екеу-үшеуден бөлініп, материалды 

бөліп  алыңдар.  Ағылшын  тілінде  көрнекіліктерге  сүйеніп,  қалап  алған 

жерлеріңе сипаттама беріңдер.  

 

5-



сабақ.  Оқу материалы бойынша  монологтық  түрде сөйлету  сабағы 

(ағылшын тілінде

 

Сабақ формасы: географтардың ғылыми конференциясы 



Тақырыбы: «Еуразия: географикалық сипаттамасы және оның экономикалық 

дамуының болашағы» 

Оқушылар  үйде  осы  тақырып  бойынша  баяндамалар  дайындайды. 

Баяндамалар  көлемі  –  0,5-1 бет ағылшын  тілінде.  Конференция бағдарламасы 

бойынша баяндамалар тыңдалады. Бағалау барысында қағазға қарамай сөйлеу, 

мазмұн  толықтығы,  оның  логикалық  құрылымы,  сөйлеу  барысындағы 

лексикалық және грамматикалық олқылықтардың жоқтығы құпталады.  

 

47 



Баяндама  тақырыптары:  «Еуразия  картасындағы  саяхатшылардың 

есімдері».  «Еуразияны  қоршаған  мұхиттар  мен  теңіздер».  «Солтүстік 

шұғыласы».  «Еуразияның  өсімдік  жамылғысы».  «Еуразияның  жануарлар 

дүниесі».  «Еуразияның  шөлдері».  «Байкалдың  ғажайып  табиғаты».  «Азияның 

биік  таулары».  «Еуразияның  аласа  аймақтары».  «Еуразияның  жазықты 

жерлері».  «Еуразияның  ірі  өзендері».  «Ерекше  қорғалатын  аймақтар». 

«Еуразияның жанартаулары» т.б. 

Қатысушылар  рөлдері:  географ  ғалым,  экономист,  саяхатшы,  шетелдік 

ғалымдар, жас мамандар. 

 

6-



сабақ. Бақылау сабағы 

 

1. Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы (Джомолунгма шыңы, 8848 м.) 

2. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер (Гхор ойысы, 

403 м.) 



3. Жер шарындағы ең үлкен түбек (Арабия түбегі) 

4.  Жер  шарындағы  жылдық  жауын-шашынның  ең  көп  түсетін  жері 

(Черапунджи) 

5. Жер шарындағы ең үлкен көл (Каспий теңізі) 

6. Жер шарындағы ең терең көл (Байкал көлі) 

7. Жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия) 

8. Тундраның негізгі өсімдігі (бұғы мүгі) 

9. Қиыр шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш (Уссурий жолбарысы) 

10. Мұз басу дәуірінен бері қойөгіздің тіршілік ететін жері (Исландияда) 

11. Тек қылқан жапырақты ағаштар өсетін зона (тайга) 

12. Еуразияның солтүстік шеткі нүктесі (Челюскин мүйісі) 

13. Еуразияның оңтүстік шеткі нүктесі (Пиай мүйісі) 

14. Еуразияның батыс шеткі нүктесі (Рока мүйісі) 

15. Еуразияның шығыс шеткі нүктесі (Дежнев мүйісі) 

16. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау (Ключи шоқысы) 

17.  Жанартау  әрекеті  тоқталмаған  аудандарда  жер  астынан  атқылайтын 

ыстық су (гейзер) 

18. Еуразиядағы ең үлкен климаттық белдеу (қоңыржай климаттық белдеу)  

19. Сары түсті, сазды шөгінді жынысты жазықтан ағатын, суы лайлы және 

сары өзен (Хуанхэ) 

20. Жер шарындағы тұщы судың 20%-ы жиналған көл (Байкал көлі) 

21. Еуразия материгіндегі ең ірі мұздық (Федченко мұздығы) 

22. 

Экваторлық  белдеудің  ит  тұмсығы  өтпейтін  қалың  ну  орманы 



(джунгли) 

23. 


Шөл зонасында жер асты сулары жақын орналасқан жерлер мен өзен 

аңғарлары (шұраттар (оазистер)  

24. Еуразияның қоңыржай белдеуінің ең ірі табиғат зонасы (тайга) 

25. Тек қылқан жапырақты ағаштар өсетін зона (тайга) 

26.  Польша  мен  Беларусь  елдерінде  орналасқан  әйгілі  қорық  (Беловеж 

нуы) 


27. Аязды ауа райы кенет жылымықпен ауысқанда пайда болатын құбылыс 

 

48 



(көктайғақ) 

28.  Ұзын  тамырларымен  ылғал  сіңіріп,  құмды  бекітетін  шөл  өсімдігі 

(сексеуіл) 

29. Шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер (шұраттар) 

30. Алғашқы географиялық картаны ойлап тапты (вавилондықтар) 

31. Қысы жұмсақ, тұманды, жазы жылы климат (теңіздік) 

32. Қысы ұзақ, аязды, жазы қысқа, суық климат (арктикалық) 

33. Ең төмен температура –71˚С тіркелген елді мекен (Оймякон) 

34. 

Жылдық  жауын-шашын  мөлшері  12000  мм-ден  артық  түсетін  жер 



(Черапунджи елді мекені) 

35. Байкалдан ағып шығатын жалғыз өзен (Ангара) 

36. Арабия мен Үндістан платформалары бөлініп шыққан ежелгі материк 

(Гондвана) 

37. Орманды дала және дала зонасына тән топырақ (құнарлы қара топырақ) 

38. Шөлейтке тән топырақ (каштан) 

39. Гоби шөліне тән тасты шөлдер (хамадалар)  

40.  Сабағы  қатты,  жапырағы  ұсақ  не  тікенекті,  құрғақшылыққа  төзімді 

өсімдіктер (ксерофиттер) 

 

 



49 

Қорытынды 

 

Осы  әдістемелік  құрал  қазақ  мектебінде  жаратылыстану  циклы  пәндері 



бойынша  көптілділікті  когнитивтік-коммуникативтік  технология  арқылы 

дамыту  жолдары  көрсетіліп  отыр.  Әрине,  қазіргі  қазақ  мектеп  жағдайында 

жаратылыстану  пәндері  мұғалімдердің  ағылшын  тілін  меңгеру  мәселесі 

туындап  отыр.  Бірақ,  заманның  талабына  сай  мұғалім  бүгінгі  күні  ағылшын 

тілін білмесе де осындай жоспарлау бойынша ағылшын тілі мұғалімімен тығыз 

байланыста болып, сабақ жүргізуге болады. Мектеп басшыларының  ағылшын 

тілі мамандарының жүктемесіне осындай тілдік емес пәндер бойынша да сағат 

қарастырғаны жөн.  

Қазақстандағы  тілдік  жағдайға  сәйкес  көрнекі  түрде  ұсынылып  отырған 

технологиямен көптілділікті жалпы орта мектептерде дамытуға мүмкіндік туып 

отыр.  

Бұл  әдістемелік  құрал  мұғалімдерге  көмекші  құрал  ролін  атқарады. 



Тақырыптық-күнтізбелік  жоспар  география  пәні  бойынша  жасалынып  отыр. 

Басқа  сыныптарға  және  басқа  пәндер  бойынша  жылдық  жоспар  құрастыру 

барысында үлгі ретінде қолдануға болады. 

 

Сөздік  қорын  байыту  жолын  сипаттасақ,  ол  терең  ғылыми  жетістіктерге 



негізделген:  лингвистика  ғылымының  когнитивтік,  функционалдық, 

коммуникативтік  бағдарларының  синтаксема,  когнитивтік  құрылым, 

тақырыптық өріс, мағыналық өріс деген ұғымдар арқылы лексикалық құралдар 

тақырып аясында іріктеледі.  

Грамматикалық  бірліктер  лингвистикалық  емес,  логикалық  тұрғыдан 

жасалған  айтылым  топтамалары  арқылы  іріктелініп  отыр.  Синтаксистік 

материалды  теру  барысында  тақырып  аясындағы  олардың  белсенділігі  және 

тақырып ашудағы маңыздылығы ескеріледі. 

Диалог пен полилог дағдыларын дамыту барысында жағдаятты әдістемелік 

жағынан дұрыс құрастырған жөн. Жағдаяттты тақырыпқа қарап құрастыра салу 

оқыту  нәтижесіне  жеткізбеуі  мүмкін.  Әр  тақырыпшадағы  негізгі  ойларды 

ескеріп, соны толық қамтитын жағдаят ойластыру - әдістемешілік шеберлік деп 

санаймыз.  

Монолог  құрастыру  сабағында  алдынғы  барлық  оқыту  кезеңдерінің 

нәтижелерін жинақтатып монологтық айтылымға аудару көзделеді. Бұл сабақта 

оқушы да өзінің нақты бір нәтижеге жеткеніне разы болады.  

Когнитивтік-коммуникативтік  технологияның  нәтижелері  халықаралық 

және республикалық конференциялар мен семинарларда баяндалған.  

Мұғалім  аталған  технологиямен  сабақтар  жоспарлау  үшін  өзінің  сынып 

оқушыларының деңгейіне сәйкестендіріп берілген материалдарды бөлшектеп , 

бірақ бәрібір көздеген мақсатқа жетуі тиіс. 

 

 



 

 

 

 

50 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

1



.  Булатбаева  К.Н.  Новые  подходы  к  планировнаию  учебного  процесса 

// Русский язык и литература в казахской школе. – 2001. – №1. – С.3-11. 

2.  Булатбаева  К.Н.  К  вопросу  семантизации  новой  лексики  при 

функционально-коммуникативном  обучении  неродному  языку  //  Материалы 

Республиканской  научно-практической  конференции  «Актуальные  проблемы 

развития  педагогического  образования  в  РК,  посвященной  40-летию 

подготовки  педагогических  кадров  с  высшим  образованием  в  Павлодарской 

области». – Т.1. – Павлодар: ПГУ им.С.Торайгырова, 2002. – С.143-148. 

3. 

Булатбаева К.Н. Пути проведения взаимосвязи экстралингвистического 



и  лингвистического  компонентов  в  процессе  обучения  второму  языку  

// Вестник ПГУ им.С.Торайгырова. – 2002. – №3. – С.228-234. 

4.  Булатбаева  К.Н.  Развитие  диалогической  речи  в  условиях 

функционально-коммуникативного  подхода  к  обучению  рускому  языку  как 

неродному // Вестник КазНУ им.аль-Фараби. Серия филологическая. – 2003. – 

№8 (70). – С.15-18. 

5.  Булатбаева  К.Н.  Учет  стратегии  говорящего  при  обучении 

монологическому  высказыванию  на  втором  языке  //  Валихановские  чтения-9: 

Сб.материалов  Международной  научно-практической  конференции.  – 

Кокшетау, 2004. – С.163-168. 

6. Булатбаева К.Н. Семантические типы элементарных высказываний как 

единицы  обучения  русской  грамматике  в  иноязычной  аудитории  //  Вестник 

Евразийского ГНУ. – 2004. – № 1. – С.116-123. 

7.  Булатбаева  К.Н.  Мәтіннің  құрылымы  –  тілдік  құралдардың 

қолдануының негізі // Торайгыровские чтения. – Т.2. / Материалы Респ. научно-

практ. конференции. – Павлодар: ПГУ им.С.Торайгырова, 2003. – С.88-94. 

8. 

Булатбаева  К.Н.  Когнитивно-коммуникативный  метод  обучения 



русскому  языку  как  тактическая  модель  функционально-коммуникативного 

подхода к обучению русскому языку в условиях Казахстана // Высшая школа 

Казахстана. – 2005. – №3. – С.159-162. 

9. Булатбаева К.Н. Функционально-коммуникативная технология обучения 

русскому языку в казахской школе: монография. –Павлодар: ПГУ, 2005. – 351с. 

10.  Изаренков  Д.И.  Обучение  диалогической  речи.  –  2-е  изд.,  испр.-  М.: 

Русский язык, 1986. – 160 с. 

11. 


Физика және астрономия. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына 

арналған оқулық/ Р.Башарұлы және т.б. – Алматы, «Атамұра», 2007 

12. 

Биология. 12-жылдық мектепке арналған байқау оқулығы/ Е.А.Очкур, 



С.Жолымбетова. – Алматы, «Мектеп», 2010. 

13. 


Химия. 12-жылдық мектептің 8 сыныбына арналған байқау оқулығы/ 

Оспанова  М.Қ.,  Аухадиева  Қ.С.,  Белоусова  Т.Г.,  Қожахметова  Л.Ж., 

Загайдулина Н.М.- Алматы, «Мектеп», 2010. 

14. 


География.  Жалпы  білім  беретін  мектептің  7-сыныбына  арналған 

оқулық  /  Бейсенова  Ә.,  Әбілмәжінова  С.,  Каймулдинова  К.  –  Алматы, 

«Атамұра», 2012. 

 

51 



 

Мазмұны 

 

Кіріспе 


  3 

Көптілділікті дамытудың ғылыми негіздері 



  6 

«Физика» пәні сабағында көптілділікті дамыту: жоспарлау үлгісі 



10 

«Биология» пәні сабағында көптілділікті дамыту: жоспарлау үлгісі 



15 

«Химия» пәні сабағында көптілділікті дамыту: жоспарлау үлгісі 



19 

«География» пәні сабағында көптілділікті дамыту: жоспарлау үлгісі  23 



Қорытынды 

50 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

51 


 

 

 



 

 

 



52 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Негізгі орта мектепте жаратылыстану циклы пәндерін көп тілде оқыту әдістемесі 

 

Әдістемелік құрал 



 

 

Басуға 19.08.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 



1/

16

. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 



Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 3,0. 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» ІСО, 13-қабат. 

 

 

 



53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет