Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Негізгі орта мектепте жаратылыстану циклы пәндерін
көп тілде оқыту әдістемесі
Әдістемелік құрал
Астана
2013
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).
Негізгі орта мектепте жаратылыстану циклы пәндерін көп тілде оқыту
әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 53 б.
Бұл құралда көптілділікті дамытуға арналған әдістемелік ұсыныстар
берілген. Мектеп жағдайында тілдік емес пәндерді бағдарламалық сағат
мөлшерінде екі тілде оқыту әдістемесі әзірленіп, сабақтар үлгілері негізінде
қолдану ерекшеліктері қарастырылған. «Физика», «География», «Биология»,
«Химия» пәндерін когнитивтік-коммуникативтік технология бойынша оқыту
үлгілері ұсынылып отыр.
Әдістемелік құрал білім беру жүйесіндегі әдіскерлерге, мектеп
мұғалімдеріне арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013
2
Кіріспе
Көп тіл білетін тұлғаны қалыптастыру үшін оқу үрдісін ұйымдастырғанда
оқытудың мазмұны, принциптері ерекше іріктелгенде, жоспарлау, оқытудың
сәйкестігі көзделген арнайы технология жасалып, осы оқытудың нәтижесі
назарда ұсталғанда көп тіл білетін тұлғаның қалыптасуы мүмкін.
Бірін бірі өзара толықтырып отыратын мына жолдар ұсынылады.
Бірінші жол. Бұл мектептерде мазмұны бірыңғай тақырыптық – сөздік
негізбен сипатталатын элективті курс, оған үш не төрт тілден белгілі бір
тақырыпта қолданылатын лексикалық-грамматикалық материал іріктеліп
алынады. Қолданбалы курстардың атауы мынадай болуы мүмкін: «Күнделікті
көптілділік» (бастауыш және орта буынға арналған), «Мәдениет саласындағы
көптілділік», «Экономика саласындағы көптілділік», «Қоғамдық – саяси
өмірдегі көптілділік». Бұл оқушыларға көп тіл үйретудің оңай жолы, оқу
жоспарларына өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Дегенмен бұл жол жеткіліксіз. Өзге
міндетті оқу пәндерімен салыстырғанда екінші қатарға ысырылған элективті
курстар мұғалімдер жоғары жауапкершілік сезінгенде, оқушылар табиғи
құмартқанда, мектеп әкімшілігі тарапынан айырықша бақылау болғанда ғана оң
нәтиже береді.
Екінші жол. Оқу жоспарына күрт өзгерістер енгізуді қажет етеді. Тіл
оқыту жөніндегі әдіскер ретінде басқа дәстүрлі емес жолды ұсынамыз. Бұл
қазақ мектебінде орыс және шет тілдері, орыс мектебінде қазақ және шет
тілдері сабақтарын біріктіру, яғни кіріктірілген тілдік курс құру, ол үшін
бірыңғай тақырып минимумын, бірыңғай жағдаяттар минимумын, сөйлеу
ниетінің бірыңғай минимумын анықтау, үш тілден семантикалық нышандары
сәйкесетін лексикалық – фразеологиялық және грамматикалық минимумдар
құрастыру.
Үшінші жол. Барлық тілдік пәндерді (ана тіл, екінші тіл, шетел тіл)
функционалды-коммуникативтік технология бойынша бірыңғай тақырыптық
минимум негізінде оқытуға болады (Булатбаева К.Н). Бұл жағдайда әр тілдік
пән жеке түрінде оқытылады, бірақ тіл дамыту тақырыптары уақыттық
параллелизм принципінің негізінде бірдей болуы тиіс.
Төртініші жол. Бұл жол Қазақстанның кейбір мектептерінде өткеріле
бастады. Ол – тілдік емес пәнді (биология, физика, информатика, математика
т.б) үш және одан көп тілде когнитивтік-коммуникативтік технология
(Булатбаева К.Н.) бойынша оқыту.
Бесінші жол. Тілдік тәжірибе үшін оқушылардың алмасу мақсатымен
халықаралық қатынастарды белгілеу. Бұл жол қосымша және демалыс кезінде
іске асырылады.
Барлық жолдарды жүзеге асыру үшін керекті әдістемелік тәсілдер
ұсынылады.
Осы әдістемелік құралдың мақсаты - жалпы білім беретін мектеп
оқушыларының көптілділік деңгейінің төмендігін ескере отырып,
жаратылыстану пәндерін қазақ және ағылшын тілдерінде оқыту әдістемесін
әзірлеу.
3
Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындап отыр:
-
көптілділікті дамытудың ғылыми негіздерін сипаттау;
-
«География» пәні бойынша екі тілде оқыту сабақтар циклын және соған
сәйкес үшінші тілде қолданбалы курс сабағын жоспарлау.
-
«Физика» пәні бойынша екі тілде оқыту сабақтар циклын және соған
сәйкес үшінші тілде қолданбалы курс сабағын жоспарлау;
-
«Биология» пәні бойынша екі тілде оқыту сабақтар циклын және соған
сәйкес үшінші тілде қолданбалы курс сабағын жоспарлау;
-
«Химия» пәні бойынша екі тілде оқыту сабақтар циклын және соған
сәйкес үшінші тілде қолданбалы курс сабағын жоспарлау.
Бұл ұсынылып отырған құралдарда нормативті сағат көлемінде «Физика»,
«Биология», «Химия», «География» пәндері бойынша көптілділікті дамыту
сабақтарының үлгілері берілген.
Аталмыш технология еліміздегі әлемдік тілде табиғи қарым-қатынас
жоқтығын толықтырып, қазақ жеткіншектердің әлемдік үрдістен тыс қалмауын,
әлемдік білім кеңістігіне емін-еркін кіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,
когнитивтік-коммуникативтік технология тілдік емес пәндерді толық, жетік
меңгерудің тиімді жолы болып саналады: оқушылар жаңа тақырыпты оның
когнитивтік құрылымын бүтін жүйе ретінде тану негізінде тез қабылдайды
және екі-төрт рет (қазақ және ағылшын тілдерінде) қайталайды. Технологияның
тиімділігі – оқушылардың коммуникативтік белсенділігі артады. Бұл
әдістемелік құралдың теоретикалық негіздері когнитивтік-коммуникативтік
технологияның авторы, п.ғ.д. Булатбаева К.Н. ғылыми еңбектерінде ашылған
[1-9
және т.б.]
4
1
Көптілділікті дамытудың ғылыми негіздері
Тілдік емес пәндер бойынша бағдарламалық материалды күнтізбелік-
тақырыптық жоспар арқылы когнитивтік-коммуникативтік технологияға
бейімдеп жоспарлау жұмысы – алдынғы шарт болады. Технологияның
ерекшілігі – тілдік емес пәнді және тілдік пәннің әдістемесінің кіріктірілуі.
Дайындалған когнитивті -коммуникативті технологияның мәні:
1) тілдік емес пәндер (физика, биология, география, тарих)мазмұнын өңдеу
механизмінде; 2) бақылау және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
талаптары сақталған оқу материалын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
механизмінде; 3) ірілендірілген тақырып бойынша оқылатын теориялық
материалдың когнитивтік құрылымы негізінде функционалды-семантикалық
кесте құрастыру механизмінде; 4) бағдарламалық материалды және шетел
тілімен бейіндік-бағытты, дәлірек, сабақтардың типологияларын меңгеру
бойынша қатар жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру бойынша бірізді әрекеттер
механизмінде; 5) сабақтың әр типі үшін дайындалған жаттығулар жүйесінде;
6) зерттелетін тақырыптық блок аясында типтік жағдаяттар бойынша диалогтік
қарым-қатынас ұйымдастыру әдістемесінде; 7) шетел тілінде монологтық
айтылымның репродуктивті-продуктивті нәтижесін ұйымдастыруда.
Қолданыстағы оқулықтардың құрылымы пән аясында пән мазмұны мен
шетел тілін қатар меңгеруге бейімделмеген; табиғи тілдік орта болмаған
жағдайда белгілі бір технологияларсыз тілдік емес пәндерді шетел тілінде
оқытуға деген әрекет теріс нәтиже береді; оқушылар шетел тілін репродуктивті
деңгейде байланыссыз меңгереді және бұл орайда материал толық игерілмейді;
тілдік емес пәндер оқытушылары мен мұғалімдері тілді оқыту әдістемесінің
ерекшеліктерін білмейді және өздігінен көздеген нәтижеге – шетел тілінде
белгілі бір тақырып аясында коммуникативті құзыреттілікке қол жеткізе
алмайды.
Тілдік емес пәндерді көптілді оқытудың дайындалған технологиялары
негізінде физика/биология/әдебиет/химия/тарих және т.б. пәндер бойынша
бағдарламалық материалды қатар игеру және бейіндік пән аясында шетел тілін
әлемдік виртуалды кеңістікте кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде жұмысты
ұйымдастыру мүмкіндігі туды.
Оқытудың орта сатысында көптілдікті дамыту үшін тудырылған
жағдайдың бірі гимназиялық компонент есебінен ағылшын тілінде қосымша
курстарын жүргізіледі. Курстардың мазмұнын іріктеуде әр тақырып бойынша
оның когнитивті құрылымы, осы тақырып аясындағы әлеуетті тілдік ниеті және
жағдаяттары ескеріліп, оларға қызмет ететін лексикалық және грамматикалық
құралдары таңдап алынады. Курстардың практикалық маңызы – оқушылар
өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адам денсаулығы туралы ағылшын тілінде
әңгімелеу білігіне ие болады.
Тақырыптың қогнитивтік құрылымы негізінде оқушылардың білімін
қалыптастыру және сөздік қорын байыту әдістері.
Пән бойынша арнайы тақырыптық-күнтізбелік жоспар жасалынып,
жылжық оқу материалы ірі тақырыптық блоктарға бөлінеді. Мысалы,
5
6-
7 сағаттан құралатын бір тарау – бір тақырыптық сабақтар айналымын
(циклын) құрайды. Сол ірі блок материалы бойынша тақырыпшалар
шығарылып, олардың негізінде кілтті сөздер мен сөз тіркестері кестеге
түсіріледі. Сол кесте бойынша ұғымдық аппарат меңгеріледі. Сонымен қатар,
сөздік қор байиды. Оқушылар қызықтырмайтын оқулықтағы көлемді
мәтіндердің орнын толықтыратын кесте бойынша сөйлей бастайды. Оқыту
тілінде меңгерілген материал келесі кезеңде ағылшын тілінде беріледі.
Оқушыларға алған білімін қайталауға мүмкіндік туады, бірақ ағылшын тілінде
айту міндеті тұрады. Тірек сөздер кестеде беріледі. Оқушылар керекті маңызды
деректерді қысқаша түрде ағылшын тілінде баяндай білуді үйренеді.
Оқушылар тілдерінің грамматикалық құрылымын байыту әдістері.
Қазақстанда көптілділікті дамытудың бірден бір кедергісі ол
лингвистикалық пәнге оқытудың нәтижелерін бақылауға «қолайлы»
абстрактілік тілдік жүйеге бағыты. Мұндай кертартпа көзқарас көптілді
құзыреттілікті қалыптастырмайды. Бірнеше тілге сапалы үйретудің жолы – тіл
құралдарын мағыналық бірліктер ретінде қарастыру. Семантикалық негізіндегі
сөйлемдерді бір ізге салып, сөйлеу дамуының бірыңғай логикалық негізін құру
қажет. Осындай жай сөйлемдердің семантикалық негізінде бірнеше тілдерді
қатар меңгеруге болады. Мысалы, сөйлемдердің семантикалық түрлерінің бірі -
«Субъект және оның сипаты». Мұндай түр шынайы өмірді көрсететін барлық
тақырып аясында қолданылады және де әртүрлі тілдер құралдарын салыстыру
негізі болып табылады.
Белгілі бір мысал ретінде көрсетілген және де 3-4 тілде игерілген типтік
конструкция оны басқа тақырыптарға қолдануға мүмкіншілік береді. Сонымен,
бірнеше тілді зерттеу тиімділігі тілдік материалды функционалдық-
семантикалық деңгейлер, типтік семантикалық конструкциялар арқылы
жеткізуіне байланысты. Типтік семантикалық-грамматикалық конструкциялар
тізімі көптілдікті тиімді меңгеру негізі бола алатын оқу материалы болып
табылады. Тілдік жүйені дәстүрлі игеруден бас тарту және де салыстырмалы
аспектіде жай сөйлемдердің семантикалық түрлер жүйесін енгізу қазақстандық
лингводидактиканың жетістігі болып саналады, себебі ол баланың ана тілін
табиғи игеруін көрсетеді.
Бұл еңбекте белгілі бір тақырып аясында қолданылатын жай сөйлемдердің
семантикалық түрлер тізімін ұсынамыз. Оның ішінде: «субъект және оның
физикалық іс-қимылы», «субъект және оның психикалық іс-қимылы», «субъект
және оның интеллектуалдық (оның ішінде – ойлау, сөйлеу) қабілеті», «субъект
және оның әлеуметтік-этикалық ахуалы», « субъект және оның қозғалысы»,
«субъект және оның сипаты (мекен-жайы бойынша – тұрақты ия болмаса
уақытша, т.т.»; «субъект және оның күйі (физикалық / психикалық), сезінуі,
табиғаттың күйі», «бір нәрсенің немесе кімнің бар болуы»; «күй / қасиет және
оның сипаттамасы», «субъект және оның немен/кіммен иеленуі»; «субъект
және оның неден/кімнен бас тартуы», «субъект және онда ненің/кімнің жоқ
болуы», « субъект және оның құбылуы ия болмаса өзгеруі», «субъектілердің
көптігі және олардың қарым-қатынасы», «ортақ-бөлшек, олардың бір-біріне
әсер етуі», «кімнің/ненің кіммен/немен салыстырылуы», «кімге/неге шектеу
6
қою», «іс-қимылдың, күйдің, қасиеттің мүмкіншілдігі, қажеттілігі
/ қажетсіздігі».
Аталған семантикалық түрлерді оқыту бірліктері ретінде қарастырсақ,
сөйлемнің әрбір семантикалық түрі функционалдық-семантикалық деңгейдің
негізі болатындығына көз жеткіземіз. Сонымен, жай сөйлемдердің
семантикалық түрі бір атаулы функционалдық-семантикалық деңгейге сәйкес
келеді. Аталмыш деңгейлер кез-келген сөйлеу тақырыптарын қамтамасыз етеді,
сонымен қатар, олар семантикалық-грамматикалық қатынастардың негізгі
түрлерін, яғни монологтік сөйлеудегі ойды жеткізеді.
Осы мағыналық типтер аясында сөйлемдер құрастырылып, олар тақырып
бойынша мәтіндерге айналдырылады. Жоғарыда сипатталған жай сөйлем
негізінде ұлғайтылатын синтаксистік бірліктер орта және жоғары буында бірте-
бірте сыныптан сыныпқа қосылатын болады.
Осы грамматикалық материал тіл жүйесінен тыс дүниетанымдық
тақырыптарды оқытуға негіз болуы тиіс. Тақырып – сөйлеу ниеті (речевые
интенции) - тақырыпшалар – тақырыпшалар аясындағы кілт сөздер мен сөз
тіркестері – жай сөйлемнің мағыналық типтері оқыту бірліктері болып
алынады. Жай сөйлемнің мағыналық типтері бір тақырыптан келесі тақырыпқа
ауысып жалғасын тауып отырады, лексикалық толықтырылуы әр тақырыпта әр
түрлі болады.
Диалогтік және полилогтік қатынас икемділігін қалыптастыру және
жетілдіру әдістері.
Бұл сабақтың ерекшелігі – дәстүрлі емес оқыту бірліктерін үйлестіру. Төрт
түрлі диалогтік бірліктер (мәлімет – мәліметке жауап-әрекет, сұрақ – сұраққа
жауап-әрекет, өкімдік білдіру – өкімдікке жауап-әрекет, эмоциялық –
экспрессивті диалогтік бірлік) ғана емес, диалогтік құрылымды – мазмұнды
түрі не болмаса сөйлеу қимылының алғашқы сұлбасын ашу да соңғы кезде
қолдануда. Тек әлеуетті белгілі бір тақырып бойынша диалогті ашу сызбасын
енгізу екінші/үшінші тілде мазмұнды диалогті жүргізудің нақты икемін
қалыптастыру және жетілдіру бойынша белгілі нәтиже береді. Деректі бұл
сабақта екінші/үшінші тілде сөйлеу әдебі ерекше орын алады. Тәжірибе
көрсеткендей, белсенді түрде сөйлесудің тұрақты формулаларын тұтынуда
негізгі кедергі, атап айтқанда, «табиғи мінез» күшіне қарай сөйлесуде жасанды
мінез көрінбеу тілегі. Тосқауыл болатын осындай сәйкессіздік барлық
тақырыптық сабақтарда тұрақты формулаларды жиі қайталау арқылы
жойылады.
Диалогті оқытумен бірге оқушылар ресми және ресми емес ортада сөйлесу
дағдыларын табады, лайықты тілдік құралды таңдайды. Т.У.Тучкова ұсынған
сөйлесу қызметтік тіректер көмегі қолданылады. Диалогтің мазмұны мен
құрылымын
анықтағанда
профессор
Д.И.Изаренковтың
[10]
лингводидактикалық зерттеуінің нәтижесіне сүйенеміз. Сөйлесушінің пікірін
бағалай білуді дамыту, сөйлесуді қолдау, жүйелі сөйлесу, біртұтас өз ойын
жеткізу де ілеспелі мақсаттар болуы мүмкін.
Оқытудың кезекті кезеңінде берілген жаттығулар 2 үлкен топқа бөлінеді:
1) ахуалға парапар икемді қалыптастыруға бағытталған тілдік жаттығулар.
7
2) ұлттық психологияның ерекшеліктерін ескере отырып, диалогті жүргізу
тәсілін меңгеруге арналған жаттығулар. Сабақтың берілген түрінің негізгі және
ілеспелі мақсаттары жаттығулардың пайыздық қатынасын келесідей
анықтайды: ұққанын айту бойынша жаттығулар – 50 %, оқуға негізделген
жаттығулар – 15%, бағалау, қолдау, келісу-келіспеу, қарсы болу мақсаттарын
көздейтін жаттығулар – 30%, логикалық (қисынды) сөйлесу тәсілін меңгеруге
арналған жаттығулар – 40 %, өзіндік қатынастық жаттығулар – 10%.
Білім стандартының мазмұнына сәйкес сабақтың осындай түрінде
келесідей дағдылар қалыптасады және жетілдіріледі: сөйлесушімен жанасуды
орнату және қолдау дағдысы; сөйлесу әдебінің негізгі формулаларын қолдану
дағдысы; тұрмыс, мәдениет, оқу тақырыптары бойынша диалог жүргізу
дағдысы; сөйлесушімен жауап сөз алмастыру дағдысы; оқыған, естігенге
келісу-келіспеу дағдысы; сұхбат, пікірталас кезінде өзінің көзқарасын дәлелдеу
дағдысы.
Аталған дағдылар тізімін төменде көрсетілген икемдермен толықтыруға
болады: сөйлесу мақсатын нақты анықтау, әңгіме барысын жоспарлау; сөйлесу
кезінде өз бағдарламасын қолма-қол өзгерту, сөйлесу бастамасын мақұлдау,
қабыл алу; сөйлесушінің репликасын жағдайға байланысты қабыл алу.
Тілдік әдепті жетілдіруді мақсат ететін топтық және жаппай сөйлесуге
үйрету сабағы –сабақтың тағы бір түрі болып саналады.
Бұл сабақтар – пікірталас сабақ, конференция-сабақ, «дөңгелек үстел»
сабағы, кездесу сабақ, КВН-сабақтары. Бұл сабақтарда топқа, сыныпқа орта бір
мәселе талқыланады. Мұғалім оқушылардың өз тұжырымдарын, яғни,
талқылауын, бағалауын, өзгеріс енгізуін ынталандырады және реттейді.
Конференция сабаққа алдын-ала дайындық кезінде өнімді хат жолдау да ретті.
Осыған сай әр түрлі жаттығулар байланысы беріледі: түсінгенін айтуға - 5%,
тілдік дамытуға - 40%, қатынастық жаттығулар - 40%, қосымша мақсаттарға
негізделген жаттығулар - 15%.
Білім стандартында полилогтік сөйлесімге доминанттық түрде көңіл
бөлінбейді, бірақ шындық деректер бізді осындай сабақтардың қажеттілігіне
сендіреді.
Қазақ ортасында өскен оқушылар орыс/шетел тілінде қарым-қатынасқа
түскенде тыңдаушы ретінде өзін көрсетеді. Оның себебі – орыс/шетел тілін
нашар меңгеруі және ұлттық интроверттік психология. Мұндай сабақтарда
келесідей дағдыларды қалыптастыру қажет: сөйлесуге кірісу дағдысы; өз
бағытын жүргізу дағдысы; сөйлесу бастамасын қолдау ия тоқтату; тілдік әдеп
дағдысы; сөйлесуші бағыты бойынша диалогті жандандыру.
Бұл дағдыларды арнайы тексерудің қажеті жоқ, бірақ бақылау негізінде
мұғалім оқушылардың «кемшіліктерін» жөндеп, өзгертуіне болады. Белгілі
тақырып бойынша диалогтік сөйлесуді меңгерту деңгейін тексерудің негізгі
өлшемдері: репликалардың жалпы саны, инициативті, жауапты және бос
репликалардың ара-қатынасы, қажетті әдеп тілдік құралдарының нақтылығы,
анықтаманың мазмұндылығы.
8
Сөйлеу үрдісінде монологтік тілдесімге үйрету әдістері.
Оқытудың функционалды-коммуникативті түрі тұлғалық-бағытталған
монологті ұсынады. Ана тілден басқа тілде сөйлесудің монологтік түрі
оқушыларға белгілі қиындықтар тудырады. Көптеген жылдар бойы монологтік
тілдесім деп «ешқайда» бағытталмаған, «ешкімге» арналмаған мәтінді санады.
Талқыланып отырған сабақтың түрін өзіндік мінездемесі бар түрлерге бөлеміз:
а) Микромонолог құрастыруды үйрету жолдары.
Негізгі мақсаты – толық мәнді монологті үздіксіз, дәйекті түрде, қисынды
тудыруды үйрету. Берілген сабақтың бұл түрінің қосымша мақсаттары -
пікірталас кезінде өз пікірін дәлелдеу икемін және тілдік этикет икемін дамыту.
Бұл кезеңде өндірілетін икемдер: аяқталған бір ойды, бір шешімді бір айтылым
(сөйлем көлемі) деңгейінде жеткізу; сөйлемдерді қысқаша мәтін көлемінде
қисынды байланыстыру; бірнеше сөйлеу интенцияларын (ниеттерді)
байланыстыру, оларды 2-3 не одан да көп сөйлемдермен жүзеге асыру.
Оның үстіне әр сөйлеу ниеті бойынша бұл үш кезеңді ұдайы қайталауды
қамтып отыруы қажет. Ұнамды нәтижеге жету үшін жаттығуларды келесідей
қатынаста орындайды: шартты тілдік жаттығулар – 40 %, тілдік – 40 %,
коммуникативті -20%. Білім стандартының мазмұнына сай сабақтың бұл түрі
берілген жағдаятқа сәйкес 2-3 не одан да көп сөйлемдер тудыру дағдысын
қалыптастырады. Айтылып отырған сабақтың бұл түрі монологті үйрету
кезеңінде сабақтың бір ғана бөлігі болуы мүмкін, сондықтан бұл сөздік
икемдерді бақылау қажет.
ә) Продуктивтік монолог тілге үйрету жолдары.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты – мәтін деңгейінде жазбаша не ауызша түрде
монологтік сөйлеу икемін дамыту. Қосымша мақсаттары болып графикалық
және пунктуациялық (сызбалық және тыныс белгілік) сауаттылық, айту, оқу,
түсіну, жазу дағдыларын жетілдіру есептеледі. Сабақ /не сабақтың кезеңі
монологті қалыптастыру ия жетілдіру бойынша келесідей кезеңдерді ұйғарады:
мәтінді қабылдау кезеңі (түсіну); мәтіннің құрамын анықтау; мәтінді қабылдау;
ойды монолог түрінде жеткізу.
Әртүрлі жаттығулардың қатынасы келесідей орындалады: 10%- тілдік
жаттығулар, шартты – тілдік жаттығулар – 10 %, сөйлесімдік – 40 %,
коммуникативтік – 40 %. Білім стандартының мазмұны бойынша төмендегідей
айтылым дағдылары қалыптастырылады: оқыған не естіген мәтінді қабылдау;
берілген тілдік тақырып бойынша мәлімет жасау; теледидар, радиодан естіген
мәлімет мазмұнын жеткізу; көрген фильм мазмұнын жеткізу; монолог -
пайымдау, монолог – сипаттау түрінде өз ойын қалау; тақырып бойынша өз
ойын жазбаша рәсімдеу.
Сабақтың бұл түрі қызметтік маңызы бар әр түрлі жағдайды, әр түрлі
қабылдаушыны, әр түрлі айтушының әр түрлі ұстанымын, әр түрлі талқылау
тақырыбын ескере отырып, әлеуметтік-бағдарлы мәтінді құрастыруға үйретеді.
Сабақтың «жарықшақты» нұсқалары беріліп, жұмыс сипаты мінезделіп, әр
түрлі сабақта оқу нәтижесін бақылау бойынша әр деңгейлі тапсырмалар
анықталған.
9
2
«Физика» пәні сабағында көптілділікті дамыту
1-
кесте – Терминологический словарь по главе «Физика и астрономия -
науки о природе» / «Physics and astronomy is a science about nature»
Казақша
Английский
Русский
мақсат
aim
цель
астрономия
astronomy
астрономия
Орташа мән
average of meaning
Среднее значение
шар
ball
Шар
bar
Брусок
дене
body
Тело
қайнау
boil
Кипеть
қайнау
boiling
Кипение
есептеу
calculate
Вычислять
сантиметр
centimetre
Сантиметр
сипаттау
characterise
охарактеризовать
салыстыру
Comparison
Сравнение
Conception
Понятие
қорытынды
Conclusion
Вывод
қорытынды
Conclusion
Заключение
Конус формасындағы мензурка
Conic measuring glass
Коническая мензурка
есептеу
Consider
Считать (полагать)
Сантиметр куб
Cubic centimetre
Кубический сантиметр
Дециметр куб
Cubic decimeter
Кубический дециметр
Метр куб
Cubic meter
Кубический метр
Цилиндр формасындағы мензурка
Cylindrical measuring glass
Цилиндрическая мензурка
берілгені
Data
Данные
айырмасы
difference
Разность
Бөлу
division
Деление
құлау
Drop, fall
Падение
Тәжірибе
Experiment
Опыт
Experiment
Эксперимент
Experimental
Экспериментальный
құлау
Fall
Падение
толтыру
Fill
Заполнять
Fill in the table
Заполнить таблицу
күш
Force
Сила
Formula
Формула
Formulae
Формулы
Formulate
Сформулировать
Fundamental
Фундаментальный
Белгілеу/белгі салу
Graduate
Градуировать
Белгіленген цилиндр
Graduated cylinder
Градуированный цилиндр
болжам
Aerometer
гипотеза
белгілеу
Indicate
Обозначать
Көрсеткіш
Indicator
Указатель
жанама
Indirect
Косвенный
енгізу
Introduce(smith)
Вводить
Joule
Джоуль
Kilogram
Килограмм
түр
Kind
Вид
заң
Law
Закон
Табиғат заңы
Law of the Nature
Закон природы
ұзындық
Length
Длина
деңгей
Level
Уровень
10
сұйық
Liquid
Жидкий
сұйық
Liquid
Жидкость
Құрастыру/құрау
Make
составлять
масса
Make smith
Масса
Maximum
Максимальный
Meaning
Значение
Measure
Измерять
Measuring
Измерительный
Measuring glass
Мензурка
Measuring
Измерение
Mechanical
Механический
Mechanics
Механика
Methods of measures
Метод измерения
Metric system of measure
Система
milligram me
миллиграмм
milliliter
миллилитр
millimeter
миллиметр
Molecular-kinetic
Молекулярно-кинетический
Motion+
движение
Move, transfer
Перемещать (ся)- переместить (ся)
Multiply by
Умножать на
Newton
ньютон
notation
примечание
Numeral, bigit, figure
цифра
numerals
цифры
numerical
Числовое значение
observation
наблюдение
phenomenon
явление
physical
физический
Physical phenomenon
Физическое явление
Physical quantity
Физическая величина
Physicist
Физик
Pitch
Шаг (резьбы, винта)
Достарыңызбен бөлісу: |