Қазақ тілі сабағында -деңгейлік саралап оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі230,69 Kb.
#6653

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА –ДЕҢГЕЙЛІК САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

 

 



 

Кеженова А.Г.  

(Қазақстан, Орал) 

 

Түркі  халқы  өз  балаларының  құлағына:  «Түрік  баласы,  сен  түрік  болып  туғандықтан  да 

бақыттысың!» деген сөзді үнемі құйып отырады екен, «Бар қазақ енші алысып тарасқанда, қазақта қара 

шаңырақ қалған жоқ па?» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, халықаралық қарым-қатынас барысында 

басқаларға өзіміздің түркілік дүниенің толыққанды ізбасары екендігімізді таныта білейік! 

Ал,  адам  санасына  бесікте  жатқан  сәбилік  кезден  бастап  даритын  қасиетті  нәр  тағы  бар.  Ол 

құдыреттің аты, қазақтын қазақтығын әйгілейтін бірден бір белгі – Қазақ тілі. Ұлтымыздың ерекшелігі 

– тіл мен сөз. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.  

Меніңше:  «Тіл  мәселесі  –  отбасы  мәселесі»  болуы  керек.  Өйткені,  «Ел  болам  десең  –  бесігінді 

түзе»-  деген  М.Әуезовтің  аталы  сөзі  отбасы  тәрбиесінің  маңызын  айқындайды.  Отбасы-адам 

баласының  дүниеге  келгенінде  есігін  айқара  ашып,  енетін  үйі,  өсіп  ер  жететін,  тәрбие  алатын  аса 

қасиетті  алтын  бесігі.  Сондықтан,  бүгінгі  таңда  әр  отбасының  тәрбиесі  қазақ  тілінде  берілсе,    кітап 

сөрелерінде – қазақ жазушыларының шығармалары орын алса, ана сәбиін баға жетпес бесік жырымен 

жұбатса, неге осы мәселе шешілмейді? 

Мен  «ұлтшыл»  емеспін  «ұлтжандымын».  Сол  себепті  де  ұстаздық  қызметті  таңдап,  ұрпақ 

тәрбиелеп отырмын. Соның  ішінде төл тілімді,оның қыр-сырын,сөз өнерін шәкіртке жеткізу жолында 

жұмыстанып келемін. 

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім бері жүйесінің басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту 

арқылы  жас  ұрпақтың  білім  деңгейін  көтеру,  жеке  тұлғаның  дамуына  жағдай  жасау,  шәкіртті  өмірге 

жан-жақты даярланған тұлға етіп шығару. 

Сондықтан білім беру жүйесінің барлық сатысында,соның ішінде өзге тілді мектептерде де қазақ 

тілі мемлекеттік тіл болғандықтан міндетті пән ретінде оқытылып келеді. 

Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  пәнді  тиімді  ұғындырудың  бірі-жаңа  технология  негіздері  болып 

табылады. 

Жаңа  технологиямен  оқытудың  негізгі  мақсаты-баланың  ашылмаған  қабілетін  ашу,  дамыта 

оқыту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. 

Қазақ  тілі  сабағында  оқушы  қызметін  белсендіру  негізінде  педагогикалық  технологиялардың 

бірі-деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясын,  соның  ішінде  педагогика  ғылымдарының  докторы, 

профессор Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдестемелік жүйесі» білім беру технологиясын қолданамын. 

Деңгейлік тапсырмалар орындату балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының 

біліміне,  мүмкіндігіне,  сұранысы  мен  қабілетіне  сәйкес  дайындалған  сатылы  жұмыстар,  яғни, 

оқушылардың  жеңілден  қиынға,  қарапай-ымнан  күрделіге  қарай  сатылы  түрде  орындалатын,  ойлау, 

сөйлеу  қабілетін  дамытатын,  әлеуметтік  көзқарасын  қалыптастыратын,  ізденушілікке  баулитын 

жұмыстар жүйесі. 



Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізгі мақсаты: 

  Барлық оқушыға стандарт деңгейінде білім беру; 

  Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейінде оқыту; 

  Балалардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын туғызу; 

  Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Тиімділігі мен ерекшелігі: 

  Оқушы білімі анық бағаланады; 

  Белсенділігі артып, қызығушылығы оянады; 

  Ой еңбегі жетіледі; 

  Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді; 

  Өзіне деген сенімділігі артады; 

  Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады. 

Әдістері: 

  Материалды деңгейлеп беру; 

  Жаттығу әдісі арқылы бірнеше деңгейде жұмыстану; 

  Бірін-бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу. 



Маңыздылығы: 

  Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі; 



  Бос отырған оқушы болмайды; 

  Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады

  Қиындақтарды жеңе білуге дағдыланады; 

  Ізденіс дағдысы қалыптасады. 

Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай 4 түрге бөлінеді: 

І  деңгей  –  Репродуктивті  –  үйренуші  (білімінің  төменгі  шегі.  Грамматикалық  тапсырмалар, 

жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп 

жауап беру). 

ІІ  деңгей  –  Алгоритмдік  (  мақсат  пен  шешілуге  тиісті  жағдаят  нақты,  белгілі.  Оқушы  бұрынғы 

алған білімін пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс істейді. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру, 

күрделі  материалды  жүйелей  алуы,  алған  білімдерін  басқа  тапсырмаларды  орындағанда  пайдалана 

алуы ескеріледі). 



ІІІ деңгей – Эвристикалық ( мақсат анық, жағдаят түсініксіз. Оны оқушы өзі толықтырады. Жаңа 

хабар,  білімді  өз  ізденісімен  алады.  Бұл  деңгей әр  түрлі  логикалық  тапсырмаларды  талдай,  жинақтай 

алуды және салыстыра білуді қажет етеді.). 

ІV  деңгей  –  Шығармашылық  (  мақсат  анық  емес,  жалпылама.  Оқушы  оны  анықтайды,  жаңа 

нәрсені  табады.  Өз  бетінше  жаңа  дүние  әкеледі.  Құбылысты  өз  бетімен  талдай  келіп,  өзін  шағын 

шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулиды). 

Деңгейлік  тапсырмалардың  алғашқы  үш  деңгейі  мемлекеттік  стандарттың  міндетті  деңгейін 

құрайды.  Төртінші  деңгейде  шығармашылық  тапсырмаларын  мұғалім  жеке  баланың  қабілетіне  қарай 

өзі құрастырады. 

Барлық  оқушы  І  деңгей  тапсырмасын  орындап  болғаннан  кейін  ғана  келесі  деңгейге  көшіп 

отырады.  Бұл  оқушылардың  арасында  өзара  жарысу  және  оқушының  өз  қабілетіне,  қызметіне  сәйкес 

жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады. 

Сабақ  барысында  деңгейлік  тапсырманы  қолданған  сабақ  үлгілерін  айтып  өтейін.  Тапсырмалар 

оқушыға түсінікті, қызықты болуы керек. Әр сабақ түрлендіріп отыруды қажет етеді. 

Мыс. «Біздің отбасымыз. Фонетика. Дауысты дыбыстардың жіктелуі.» 

Сабақ барысында сөйлесім әрекетінің барлық түрлері орындалады: 

Айтылым 


Ереже, сөздік, 2-тапсырма (сұраққа жауап) 

Тыңдалым 

«Біздің отбасымыз» мәтіні. 

Оқылым 


«Біздің отбасымыз» мәтінін мәнерлеп оқу. 

Жызылым 


Фонетикалық талдау. 

Тілдесім 

Өзара сөйлесу. 

 

Осы тапсырмаларды орындай келе, оқушыларға мынадай деңгейлік тапсырмалар беремін: 



І деңгей. 

1. Мәтіннен қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөздерді көшіріп жаз: (ә, і, ү, ұ, ө) 

2. Мәтін бойынша лексикалық тест сұрақтарына жауап бер: 

  Мәтін не туралы жазылған? 

А) тамақ                   Ә) отбасы                     Б) бизнес 

  Отбасында неше бала бар? 

А)  4                          Ә) 1                              Б) 2 

  Ерасылдың әкесінің мамандығы – балалар дәрігері. 

А)    иә                      Ә) жоқ, экономист      Б) білмеймін 

  Дәулет қайда оқиды? 

А) фирмада              Ә)  мектепте                Б) университетте 

  Отбасы қандай? 

А) тату                     Ә) араз                          Б)  шамалы 

ІІ деңгей 

1. Мәтін бойынша кестені толтыр. 

Кімнің отбасы? 

Отбасы қандай? 

Отбасы мүшелері 

Мамандықтары 

Жастары нешеде? 

 

 



 

 

 



2. Үлгі бойынша жуан дауысты дыбыстарды жікте. 

ІІІ деңгей. 

1. Кестені толтыра отырып, отбасың туралы әңгімелеп бер. Қосымша айтуға болады. 

Аты-жөні 

Жасы 


Мамандығы 

Сүйікті  ісі 

Сүйікті тағамы 

Ұнататын 

бағдарламасы 

 

 



 

 

 



 

ІV деңгей. 1.«Отан отбасынан басталады» деген мақалды қалай түсінесің?  

Нәтиже  сабаққа  байланысты  деңгейлік  тапсырмаларды  былай  ұйымдастыр-дым:  бұл  тапсырмаларды 

орындағанда  оқушылар  қағаз  бетіне  сауатты  жазумен  қатар,  іштей  талдап,  дәлелдеп  отырады.  Өздерінің  сөздік 

қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін байқайды. 



7-сынып. І модуль. Менің отбасым. Фонетика 

І. Алған білімдерін пысықтау 

1. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі бойынша белгіле. 

Дыбыстар 

ж

уа

н

 

ж

ің

іш

к

е 

аш

ы

қ

 

қ

ы

са

ң

  

е

р

ін

д

ік

 

е

зул

ік

 

 

Дыбыс- 

тар 

ұ

я

ң

 

ү

н

д

і 

қ

ат

а

ң

 

А, а 




 



 

 



 

Қ,қ 


 

 

Ү,ү 


 

 

 



 

 

 



 

Ғ,ғ 


 

 

 



Ұ,ұ 

 

 



 

 

 



 

 

Д,д 



 

 

 



Ө,ө 

 

 



 

 

 



 

 

Р,р 



 

 

 



І,і 

 

 



 

 

 



 

 

Т,т 



 

 

 



 

     І. Грамматикалық тақырыпты қайталау 

1. 

 Ережені толықтыр: 

Фонетика ..........  зерттейді. 

Дауысты дыбыстан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын .............. деп аталады. 

Екпін ........... буындағы ........ дыбысқа түседі. 

Тасымал ............ негізделеді. 

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: .................................................................................. 



ІІІ. Деңгейлік тапсырма: 

І деңгей ( 4 тапсырма) 

І. Сөздерді сәйкестендір: 

Маман                                            сутки 

Бұрыш                                            почетное место 

Төр                                                  привлекательный 

Тәулік                                            специалист 

Сымбатты                                     симпатичный 

Тартымды                                     угол 

 

2. Отбасы мүшелерінің мамандықтарын толтыр: 



 

 

әкем 


заңгер. 

 

анам 


................. 

 

ағам 



................. 

Менің 


інім 

мамандығы-  

................. 

 

атам 



................. 

 

қарындасым 



................. 

 

 

 

 

ІІ деңгей ( 4-тапсырма) 

 

1. 

 Айтылған оймен келісесің бе? 

 

Иә 


жоқ 

Тәулікте 24 сағат бар. 



 

 

Жақсы оқушыны ешкім жақсы көрмейді. 



 

 

Мектепке аптасына 6 күн барамын. 



 

 

Бос уақытта кітап оқу зиян. 



 

 

2. 


Кестені толтыр 

Менің отбасым 

Досымның отбасы 

 

 



 

 

3. 



 «Уақытымды» сөзіне толық фонетикалық талдау жаса. 

 

ІІІ  деңгей. «Қара шаңырақ» деген қасиетті ұғымды қалай түсінесің? Өз ойыңмен бөліс. 

 

8 сыныптағы « Жер-Ана жыламасын» тақырыбындағы деңгейлік тапсырмалар  

 І-деңгей. 

1.  «Жер-Ана жыламасын!» мәтіні бойынша сұрақтар жаз. 

2. Сөйлемдердегі баяндауыштың орнын толықтырыңдар. 

Біз бұлақтардың көзін .................. . 

Көк шөпті таптауға .................. . 

Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен .................... . 

Қажетті сөздер: қараған, болмайды, аштық. 

 

 2-деңгей. 



1. Көп нүктенің орнына баяндауыштың дұрыс нұсқасын жазыңдар. 

Табиғат адамдардан қамқорлық ...................... . 

А) күтеді;              ә) талап етеді;                      б) талап етпейді 



2. Берілген сөздерді толықтауыш ретінде қолданып, сөйлем құрастырыңдар. Өмір, тау, шөп, кітап. 

 

3-деңгей. 



1. «Жастар және табиғат» тақырыбына шағын шығарма жаз. 

2. Шығармаға баяндауыш пен толықтауышты кірістір. 

 

Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясы  оқушы  мен  мұғалімнің  белсеңді  шығармашылық 



қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының 

білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына 

талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. 

Сонымен  қатар,  деңгейлік  саралап  оқыту  барысында  оқушылар  да  өзінің  оқу  жұмысындағы  

жетістіктері  мен  жіберген  кемшіліктері  туралы  мәліметтер  алып,  өз  еңбегіне  талдау  жасайды.  Ең 

бастысы,  білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. 

Сондықтан  да  мұғалімдерге  деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясын  қазақ  тілі  сабағында 

пайдаланған өте тиімді. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет