3. Диагностикалық материал
161
3.1 Мектепте оқуға балалардың психологиялық даярлығын
анықтау
Оқуға психологиялық даярлық-көпаспектілі ұғым. Ол жеке білім мен
біліктілікті емес, барлық негізгі элементтер кіретін белгілі бір жиынтықты
қарастырады. Бұл "мектептік даярлық" жиынтығына қандай құрамдас
элементтер енеді?
Көптеген ата-аналар, егер бала оқи және санай білсе, мектепке дайын
деп есептейді..Сыдырта оқи алу, түсініп санай білу оқуда оң нәтиже берері
даусыз, бірақ болашақ бірінші сынып оқушысында оқу іс-әрекетінің алғы
шарттары және табысты оқуға қажет, баланың мектепте оқуының
табыстылығы оның психологиялық жетілуіне байланысты барлық.
құрамдастар қалыптасуы қажет.
Психологиялық жетілу баланың негізгі психикалық сферасының
дайындығын қарастырады: ықыластанушылық, еріктік, ақыл-ой және
әлеуметтік. Оқуда тілдік емес функциялардың жетілуі (көру арқылы
қабылдау, қозғалысты сфера, кеңістік-уақыт қатынастары) маңызды роль
атқарады. Тілдік емес функциялардыңтолық жетілмеуі бала сөйлеуінің
дамуына, одан соң ойлауына кері әсер етеді. Өйткені сөйлеу және ойлау
өзара байланысты.
Баланың ақыл-ой дайындығының компоненттерінің бірі- жеткілікті
дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік емес функциялары
толық дамыған болуы керек. Нәзік моториканың толық жетілмеуі даланың
ақыл-ой дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелдеген.
Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік жетілгендіктің, яғни
баланың ұжымда жұмыс істей алуы, құрбыларымен қарым-қатынасы, басқа
балалардың пікірімен санасуы, т.б. маңызы да аз емес.
Сонымен, бүгінгі таңда мектепте оқытуға даярлық- кешенді
психологиялық зерттеуді талап ететін көпкомпонентті білім беру екендігі
практика жүзінде қашаннан мәлім нәрсе. Психологиялық даярлық
құрылымында төмендегідей компоненттерді бөліп қарау қабылданған
( Л.А.Венгер, А.Л.Венгер, В.В.Холмовской, Е.А.Пашко және т.б.
пікірлері бойынша):
1. Тұлғалық даярлығы. Баланың жаңа әлеуметтік позиция-мектеп
оқушысы статусын қабылдауға, оның құқығын біліп, міндеттерін орындауға
дайындығын қалыптастыру. Бұл тұлғалық дайындық баланың мектепке,оқу
іс-әрекетіне, мұғалімдерге, өзіне қатынастардан байқалады. Тұлғалық
дайындыққа мотивациялық сфераның белгілі бір даму деңгейі де кіреді.
Болашақ оқушы өзінің тәртібін, мінез-құлқын, танымдық іс-әрекетін еркін
басқаруы қажет. Және бұл қалыптасқан иерархиялық түрткілер жүйесінде
мүмкін болады. Тұлғалық даярлық, сонымен бірге баланың эмоциональды
сферасының даму деңгейін де қарастырады. Бала мектептік оқытудың
басында, оқу іс-әрекетінің дамуы және өтуіне жағдай туғызатын
салыстырмалы түрде жақсы эмоциональдық тұрақтылыққа жетуі қажет.
162
2. Интеллектуальды даярлығы. Даярлықтың бұл компоненті балада ой-
өрісінің, нақты білімдер қорының болуын қарастырады. Бала бірқалыпты
және
бөлшектенген
таңдамалы
қабылдауды
(дифференцированное
восприятие, қаз.ауд.Қ.Жарықбаев ), қарастыратын материалға теориялық
тұрғыдан қарау элементтерін қолдана білуді, ойлаудың жинақтаушы түрлерін
және негізгі логикалық амалдарды, түсініп еске сақтауды меңгеруі қажет.
Сонымен бірге, интеллектуальдық даярлық балада оқу іс-әрекет саласында
бастапқы біліктіліктерін, жекелей алғанда, оқу міндетін бөліп алу және оны
өзіндік іс-әрекетінің мақсатына айналдыру біліктіліктерін қалыптастыруды
қарастырады. Қорыта келе, мектепте оқытуға интеллектуальдық даярлықты
дамыту мынадай жағдайларды қарастырады деуге болады:
таңдамалы қабылдау;
аналитикалық ойлау (құбылыстар арсындағы негізгі белгілер мен
байланыстарды танып білу қабілеті, үлгіні қайталай алу қабілеті);
қоршаған ортаға нақты көзқарас (қиялдау (фантазия) ролінің әлсіреуі );
логикалық есте сақтау;
білімге, қосымша күш салу есебінен оны алу процесіне қызығушылық ;
естіп қабылдау арқылы сөйлеу тілін меңгеруі және символдарды
түсінуге және қолдануға қабілеті;
қолдың нәзік қозғалысынын және көру-қозғалыс үйлесімдерінің дамуы
3. Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық даярлығы. Даярлықтың
бұл компоненті балаларда құрбы-құрдастарымен, басқа балалармен,
мұғалімдермен
қарым-қатынас
жасауға
көмектесетін
қасиеттерді
қалыптастырады. Бала мектепке, балалар ортақ іспен айналысып жатқан
сыныпқа келеді. Бұл жерде оған басқа балалармен өзара қарым-қатынас
орнату, балалар қоғамына ену, басқалармен бірлесе іс-әрекет жасау
тәсілдерін жетік меңгеруі, жол беруі және қорғана білуі керек. Сонымен, бұл
компонент балаларда басқалармен қарым-қатынас жасау қажеттілігін,
мектептік оқыту жағдайында мектеп оқушысы ролін орындау қабілетін
дамытатын, балалар тобының дәстүрлері мен қызығушылықтарына бағына
білуді қарастырады.
Бала дайындығын анықтау бойынша психолого-педагогикалық зерттеу,
әдетте екі нұсқада жүргізіледі:
Мектептік жетілуді шамамен анықтау.
Тереңдетілген психолого-педагогикалық зерттеу.
Шамалап,болжамды зерттеу бала туралы алғашқы түсінік береді, ал
тереңдетілген зерттеу дамыту және коррекциялық бағдарламалар құруды
қамтамасыз ететін, баланың мүмкіндік қорын анықтауға көмектеседі. Егер
бірінші зерттеу нәтижесінде баланың мектепке дайын еместігі анықталған
болса, тереңдетілген зерттеу жүргізу ұсынылады.
Психикалық
процестерді
зерттеу
үшін
ұсынылған
тестілер
жиынтығының үлгісі:
"Нүктелерді көшіру" (зейін көлемін анықтау).
Кодпен хабарлау (зейін тұрақтылығын анықтау).
163
Ес (көру есінің жағдайын анықтау).
Мағынасы бойынша байланысқан он жұп сөз (мағыналы ес жағдайын
анықтау).
Мағынасы бойынша байланыспаған он жұп сөз (механикалық ес
жағдайын анықтау).
"Төртінші артық зат" (логикалық негіздеулер, дұрыс жалпылау жасай
алуының қалыптасқандық жағдайын анықтау).
Сюжеттік суреттер сериясы (баланың себеп-салдарлық байланысты
көрсетуде қабілетін анықтау).
Сөздік субтестілер (заттарды,нәрселерді сұрыптау ұғымдары мен
біліктіліктерінің қалыптасқандық дәрежесін анықтау).
Заттарды, нәрселерді салыстыру амалдарының қалыптасқандық
дәрежесін анықтау.
Сөйлеуі,
тілі.
Сәйкес
келетін
сөзді
таңдап
ал
(сөздік
қорының,ұғымдардың еркіндігінің және даралығының дәрежесін анықтау).
Баланы зерттеуде соңғы нәтижеге емес, болашақ мектеп оқушысының іс-
әрекетінің сипатына, оған кездесетін қиындықтарға ерекше көңіл
аударылады. Сонымен бірге, баланың көмекті қалай қабылдайтынына, оның
актуальды даму деңгейі және "жақын даму аймағына" көңіл бөлу қажет.
Келесі (қажет болған жағдайда) кездесетін қиындықтарды түзету бойынша
мақсатты жұмыс баланың дамуында әжептәуір көтерілуіне, мектептік
бағдарламаны табысты меңгеруге көмектеседі.
В - қосымша
Балалардың мектепте оқуға даярлық даңгейін зерттеу
бағдарламасының үлгісі
№1 Субтест. Психоәлеуметтік жетілгендік деңгейін зерттеу.
Тестілік әңгімелесу С.А. Банков бойынша.
Әңгімелесу сұрақтары:
Өзіңнің аты-жөніңді айт.
Әкеңнің, шешеңнің аты-жөнін айт. (ата-аналарға қатысты сұрақтарды
алдын ала үлкендерден әкесі, шешесі бар екендігін,олардың бала тәрбиесіне
қаншалықты қатысатындығын біліп барып қойған дұрыс). Шешең (әкең) кім
болып істейді?.
Сен қайда тұрасың, өзіңнің мекен-жайыңды айт.
Сен ұл баласың ба, әлде қыз баласың ба? Сен өскенде кім боласың:апай
әлде ағай?
Сенде аға,(апа), іні, (қарындас, сіңлі) бар ма?
Сен неше жастасың? Бір жылдан соң, екі жылдан соң нешеге келесің?
Қазір таңертең, әлде кешкі уақыт (күндіз немесе таңертең)?
Сен ертеңгілік тамақты қай уақытта ішесің: кешке ме, әлде таңертең?
Түскі тамақты таңертең, әлде күндіз ішесің бе? Қайсысын ерте ішесің-
түскілік, әлде кешкілік тамақты?
Қазір жылдың қай мезгілі- қыс,көктем, жаз немесе күз? Сен неге олай
деп ойлайсың?
164
Қай уақытта шана тебуге болады- қыста әлде жазда?
Қар неге жазда емес, қыста болады?
Дәрігер, мұғалім, пошташы не істейді?
Мектепте қоңырау парта, портфель не үшін керек?
Сенің өзіңнің мектепке барғың келе ме? Неліктен?
Мектепте оқушылар жауап бергісі келгенде қай қолын көтереді?
Сен сурет салғанды жақсы көресің бе? Мына қарындаштың, баудың,
көйлектің, т.б. түсі қандай?
Өзіңнің оң қөзіңді, сол құлағыңды көрсет. Көз, құлақ не үшін қажет?
Сен қандай аңдарды білесің? Қандай құстарды?
Не үлкен: сиыр әлде ешкі? Құс әлде ара? Қайсысының аяғы көп: иттің әлде
қораздың?
Қайсысы артық: 8 әлде 5, 5 әлде3? 6 дан 9 ға дейін,5 тен 3 ке дейін сана.
Біреудің затын байқамай сындырып алса не істеу керек?
Жауаптардың бағасы
Бір пункттың барлық ішкі сұрақтарына берілген дұрыс жауап үшін бала
тек 1 балл ғана ала алады (бақылау сұрақтарын ескермегенде).
Пункттың ішкі сұрағына дұрыс бірақ толық емес жауап үшін бала 0,5
балл ала алады.
Барілген сұраққа сәйкес және жеткілікті толық жауаптар дұрыс деп
есептелінеді,мысалы: "Әкем Костенко атындағы шахтада инженер болып
істейді". "Иттің аяғы қораздыкіне қарағанда көп, өйткені итте 4, ал қоразда 2
аяқ бар". Қатемен берілген жауаптар: "Шешем Айжан", "Әкем жұмыста
жұмыс істейді". Сол тәрізді егер бала жыл мезгілдерін, олардың белгілерін
шатастырса, "көп-аз" ұғымын көрнекі мысалсыз берсе, қате жауап болып
саналады.
Бақылау сұрақтарына: 4, 7, 10 , 14, 22 пункт-сұрақтары жатады, Олар
былайша бағаланады: 4 - тұрған жерінің атауы мен толық мекен-жайын
айтқаны үшін- 2 балл; 7 -егер бала өзінің қанша жаста екендігін есептей алса
- 1 балл; 10 - белгісі бойынша негізделген жауап үшін (ең кемінде үш белгі
бойынша) - 2 балл, 3 белгіге дейін- 1 балл; 14 - әрбір мектеп
атрибутикасының қолдануын дұрыс айтқаны үшін - 1 балл; 22 - әр дұрыс
жауап - 2 балл.
15 пункт 14 және 16 пункттармен біріктіріле бағаланады. Егер бала 14 п.
бойынша 3 балл жинап және 15 п. немесе 16 п. дұрыс жауап берген болса,
онда мектепте оқуға оң ықыластану бар болғаны (14-16 п. бойынша 4 балл
жинау қажет) .
Әңгімелесу нәтижелерінің бағасы
Нәтижесі 15 балдан төмен балаларды одан әрі психологиялық зерттеуге
ұсыну қажет. "Мектеби- жетілген" балалар болып барлығы 24- 25 балл
алғандар, "орташа- жетілген" балалар болып 20-24 балл, және
"жетілмегендер" болып 15-20 балл алғандар саналады.
165
№2
субтест.
Керна-Ирасек
тестісі
бойынша
мектептік
жетілгендікті анықтау (мектеби-қажеттілік функциясының даму
деңгейін анықтау).
Тест 3 тапсырмадан тұрады: түсінігі бойынша фигура салу, жазба
әріптен фразаны графикалық көшіру және белгілі бір кеңістік жағдайында
нүктелерді көшіріп бейнелеу. Тест бір баламен немесе балалардың шағын
тобымен, қолдану нұсқауына сәйкес жүргізіледі.
Нәтижелерді бағалау.
Әр тапсырма 1 балдан (ең жақсы баға) 5 балға (ең нашар) дейін
бағаланады.
Тапсырмаларды бағалау критериилері:
1 -т а п с ы р м а. Ер адам фигурасын салу:
1 балл- салынған фигураның басы, денесі, аяғы болуы керек.Бас денемен
мойын арқылы қосылған ол денеден үлкен болмау керек. Баста- шаш бас
киім немесе шляпа болуы мүмкін,құлақтары, бетте-көз, мұрын, ауыз болуы
керек.Қолдары, онда бес саусағы болуы керек.Ер адам киімінің
белгілері.Сурет жинақтаушы әдіспен орындалған, яғни пропорцияны
орындай отырып, кескіндеп бейнеленген.
2 балл- бейнелеудің жинақтаушы әдісінен басқа 1 бағадағы барлық
талаптардың орындалуы. Дененің үш мүшесінің болмауы мүмкін: мойын,
шаш, қолдың бір саусағы, бірақ беттің қандай да бір мүшесі болмай қалуы
мүмкін емес.
3 балл- суреттегі фигураның басы, денесі, аяқтары, қолдарыбар және
олар екі сызықпен салынған.Құлақтары,шашы, киімі, қолдарында саусақтары,
аяқтарында табаны жоқ.
4 балл- бас пен дененің өте қарапайым суреті. Аяқтары бір сызықпен
бейнеленген.
5 балл- ден мен аяқтардың анық бейнесі жоқ.Шимайлар.
2-т а п с ы р м а.Жазылған мәтінді имитациялау, бейнелеп жазу.
1 балл- оқи алуға болатындай имитация- бейне жазу (көшірме). Әріптер
шамамен
үлгідегіден
екі
есе
үлкен.
Әріптерден
үш
сөз
құралған.Сөйлемдердің тік сызықтан ауытқуы 30
o
тан артық емес.
2 балл- сөйлемдерді оқуға болады.Әріптердің үлкендігі үлгіге жақын,
олардың түзу болуы міндетті емес.
3 балл- әріптер екі топқа бөлінген, ең болмағанда 4 әріпті оқи алуға
болады.
4 балл- ең болмағанда екі әріп үлгіге ұқсас, "жазудың бейнесі"
5 балл- шимайлар.
3-т а п с ы м а. Нүктелер тобын көшіріп салу.
1 балл- үлгіні тура қайталау.Баған немесе жолдан бір нүктенің шығып
кетуі мүмкін. Үлгі бір жарым есеге дейін кішіреюі мүмкін.
2 балл- пүктелердің саны және құрамы үлгіге сәйкес болуы керек. 3
нүктені төмен түсіруге және жолдар немесе бағандар арасында 0,5 еніндей
бос жер қалдыруға болады.
166
3 балл- үлгіге ұқсас жалпы бейне. Биіктігі және ені 2 еседен артық емес.
Нүктелердің саны 20 дан артық және 7 ден кем болмауы керек. Нүктелердің
орналасуында 180
o
қа дейін орын ауыстырулар болуы мүмкін.
4 балл- сурет үлгіні тек еске түсіреді,әйтсе де ол нүктелерден тұрады.
Нүктелердің шамасы және саны маңызды емес. Басқа бейнелер, мысалы,
сызықтар болуы мүмкін емес.
5 балл- шимайлар.
Алынған нәтижелерді бағалау.
Нәтижесі 15 балл болған балаларды одан әрі медико-педагогикалық
зұсыну қажет. "Мектеби-жетілген" балалар болып, берілген тестінің үш
тапсырмасын орындағаны үшін барлығы 3-5 балл алғандар, "орташа-
жетілгендер" - 6-9 балл және "жетілмегендер" - 10 және одан артық балл
алғандар болып саналады.
3.3 Балаларды терең зерттеуге арналған тестілер үлгілері
Зейіннің әртүрлі қасиеттерін зерттеуге арналған әдістемелер
1. "Шатасқан сызықтар" әдістемесі
Зейін тұрақтылығын бағалау
Балаға 10 шатасқан сызық бейнеленген сурет ұсыныңыз(1 сурет). Әр
сызықтың басында (сол жағында) және соңында (оң жағында) өзінің нөмірі
бар.Бірақ та бұл нөмірлер сай келмейді.
Баланы әр сызықтың басынан соңына дейін мұқият қадағалауын сұраңыз.
Бұл жағдайда қалам, қарындаш немесе саусақ қолдануға болмайды.Бала
сызықтың сол жағындағы, сосын оң жағындағы нөмірді дауыстап айтады.
Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, жіберілген
қателерді, жаңылыстарды және т.б. белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар
балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1-2 минут ішінде мүлде қатесіз
орындай алады.
167
1-сурет
Қабылдауды зерттеу әдістемесі
1. "Не аяқталып салынбаған?" әдістемесі
Қабылдаудың тұтастығын бағалау
Балаға таныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның әрбір
суретке мұқият қарауын және жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз (2
сурет. не аяқталып салынбағанын айту).
168
2-сурет
2. "Бұл не, танып ал" әдістемесі
Алдымен балаға суреттің бөлігі, фрагменті көрсетілетіндігін, сол
бойынша тұтас бейнені анықтау қажет, яғни бөлік немесе фрагмент бойынша
тұтас суретті салу керек.
Балаға а) дан басқа барлық фрагменттері қағазбен жабылған 3- суретті
көрсетеді. Осы фрагмент бойынша бұл бөлшектер жалпы қандай суретке
тиісті екенін айту керек.
Есепті шешуге 10 секунд уақыт беріледі.Егер бала дұрыс жауап бермесе,
онда оған 10 секундқа келесі толығырақ фрагмент көрсетіледі, тағы сол
сияқты,бала суретте не бейнеленгенін аңғарғанша жалғаса береді.
Жалпы 6-7 жасар балалар фрагмент бойынша тапсырмамен 20 секундта
орындай алады.
169
3 сурет
3. "Кілемшені немен жамауға болады?" әдістемесі
Бұл тестінің көмегімен, аз мерзімді есте көргенінің үлгілерін сақтай
отырып, оларды баланың қаншалықты іс жүзінде қолдана алатындығын
анықтауға болады.
Балаға 2 кілемше,және де әртүрлі маталардың кесектері бейнеленген 4
суретті ұсыныңыз.
Бұл материяның кесектерін кілемшедегі тесіктерді жамау үшін
қолдануға болады.Кілемшенің және жамаудың суреттерінің айырмашылығы
болмау керек. Балаға тапсырма: "Матаның бірнеше кесектерінен(олар
төменде салынған) кілемше суретіне(ол жоғарыда салынған) көбірек сәйкес
келетін жамауды таңдап ал".
4-сурет
4."Шаршыны тап" әдістемесі.
Тест таңдамалы қабылдау қабілетін анықтайды.
170
Балаға 10 төртбұрыш бейнеленген сурет көрсетіледі. Олардың арасында
5 бірдей шаршы және шаршылардан аздап айырмашылығы бар 5 төртбұрыш:
тік қабырғалары көлденең қабырғаларынан аздап ұзын немесе керісінше,
бұрыштарының біреуі тік бұрыштан үлкен немесе кіші (5сурет).
Балаға барлық білдей фигураларды табу және көрсету ұсынылады.
Егер бала барлық немесе барлығына жуық дерлік шаршыларды тапқан
болса, оның таңдамалы қабылдауға қабілеті бар екендігін көрсетеді.
5-сурет
5. "Дөңгелекшелермен жаз" әдістемесі
Фонематикалық естуін бағалау
Балаға бірнеше сөздерді әріптермен емес, дөңгелекшелермен жазуды
ұсыныңыз. Сөзде қанша дыбыс болса,сонша дөңгелекше болуы керек.
Мысалы, сүт сөзін үш дөңгелекшемен: ооо белгілеу керек. Баланың
тапсырмвны дұрыс түсінгендігін тексеріңіз. Бұдан соң зерттеуге кірісуге
болады.
Балаға сөзді дауыстап айтасыз, ал ол қағаз парағында дөңгелекшелер
түрінде жазады. Сөздер жиынтығы:
АУ, ҚОЛ, АЛМА, ҚАЗАН, ЖҰЛДЫЗ, КӨКТЕМ.
Тапсырманы дұрыс орындағанда жазу төмендегідей болуы керек:
171
ОО, ООО, ОООО, ООООО, ОООООО, ОООООО.
Егер бала барлық кескінді немесе олардың төртеуін орындаса, бұл жақсы
нәтиже.
6. "Сөз-сызбаларды оқу" әдістемесі
Фонематикалық естуін бағалау
Балаға жануарлар бейнеленген суретті ұсыныңыз (арыстан, тиін, сиыр,
піл, мысық) және бұл сөздердің сызбалары дөңгелекшелер түрінде берілген
(әр сөздегі дыбыстардың санына сәйкес)
Баланың міндеті- қандай дөңгелекшелер қай сөздерге сәйкес келетінін
анықтау. Мысалы, "сиыр" сөзіне сызбада төрт дөңгелекше, ал "піл" сөзіне-үш
дөңгелекше сәйкес келеді.
Егер баланың тапсырманы түсінгеніне көзіңіз жетсе, оған 6- суретті
көрсетесіз де, әр жануардың суретін оған сәйкес келетін дөңгелекшелермен
сызық арқылы қосуын сұрайсыз.
6-7 жасар балалар барлық байланыстарды дұрыс анықтайды.
6-сурет
7. Сақиналар әдістемесі
Зейіннің тұрақтылығын, бөлінушілігін және аударылуын анықтау
Тестіні жүргізу үшін әр жерлерінде үзіктері бар сақиналар (8-сурет)
бейнеленген кесте қажет (сақиналардың көлемі жобамен әліппедегі жазба
әріптердей болғаныдұрыс)
Бала зейінінің тұрақтылығын бағалау үшін белгілі бір жерінде(мысалы,
оң жағында) үзігі бар сақиналарды мүмкіндігінше тез тауып, сызу керек.
172
2 минут ішінде 6-7жасар бала 10-11 жолды қарап шыға алады. Бірақ
бірінші жолы көп қателеседі. Жаттыға келе қателер біртр-бірте азаяды да, іс-
әрекет өнімділігі жақсарады.
8-сурет
8. "Цифрлық кесте" әдістемесі
Зейіннің көлемін,оның бөлінушілік және аударылу жылдамдығын
анықтау ( санай білуін тексеру үшін қолданылады)
Балаға 1 ден 25 ке дейінгі еркін орналасқан сандар жиынтығынан
тұратын кесте көрсетіңіз. Бала осы цифрларды білетіндігіне көз
жеткізіңіз.Одан соң оған нұсқау беріңіз:Мүмкіндігіңше1 ден 25 ке дейінгі
сандарды тауып, көрсетіп және дауыстап атап шығуға тырыс.
Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, және де қателер
санын белгілеп отырыңыз.
6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1,5-2 минут ішінде
және қатесіз орындайды.
173
9-сурет
Ойлаудың түрлерін зерттеу әдістемелері
1. "Фигураларды қос" әдістемесі
Көрнекі -әрекеттік ойлауды бағалау
Балаға суреттің жоғары жағында көрсетілгендей, төменгі жағындағы
фигураларды түзу сызықпен қосуды ұсыныңыз (10, 10а суреттер)
Мақсат тапсырманы мүмкіндігінше тез және дәл орындау. Барлық
сызықтардың түзу болуы және фигуралардың бұрыштары дәл қосылуы
қажет.Сонымен бірге,фигуралардың нұсқасы үлгі-суреттерде бейнеленген
орындарында сызықтарының үстін баса жүргізілгені дұрыс.
Жұмыстың ұқыптылығы, дәлдігі және жылдамдығы бағаланады.
Егер бала барлық жұмысты орындауға 100 секундтан кем уақыт жіберсе,
егер барлық сызықтар дәл берілген нұсқалармен сәйкес келсе,олар түзу және
фигуралардың бұрыштарын дәл қосқан болса, яғни тапсырма өте жақсы
орындалған, баланың көрнекі-әрекеттік ойлау деңгейі жоғары болғаны.
174
Достарыңызбен бөлісу: |