БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР
Бала қажетті психикалық сапалар мен өзіндік қасиеттерді қай кезде
игереді?
Баланың психикалық дамуының негізгі мазмұнын не құрайды?
Бағдарлаушы іс–әрекеттерге мысалдар келтіріңіз.
Бағыттаушы іс–әрекеттерді сипаттаңыз.
Жаңа іс–әрекеттерді бала қалай игереді?
Іс-әрекеттің түрлері баланың психикалық дамуына өз үлесін қалай
қосады?
Бейнелеу іс-әрекетінің маңызы қандай?
Құрастыру әрекеті қалай жүзеге асады?
Құрастыру іс-әрекетінің типтерін сипаттаңыз.
Еңбек іс-әрекетінің бастапқы формалары қалай меңгеріледі?
Оқу іс-әрекеті балада қалай дамиды?
Баланың
мектепке
психологиялық
дайындығының
басты
компоненттерін атаңыз.
151
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, "Қазақ университеті”, 1992.
Актуальные вопросы организационно-психологического обеспечения
работы с кадрами. Тематический сборник научных трудов. – М., 1989.
Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, "Білім” 1996.
Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.-
Алматы, "Мектеп”, 1976.
Аникеева Н.П. Психологический климат в коллективе. – М.: Просвещение,
1989. – 224 с.
Ахметқалиева Ғ.М. Мектепалды сыныбында балалардың өзін-өзі тануы
арқылы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Арнайы курс
бағдарламасы. Өскемен, 2009. – 44 б.
Басов М.Я. Методика психологических наблюдений над детьми //Избр.
психологические произведения. – М., 1975. – С. 27-189.
Бескаравайная Л.С, Перекатьева О.В. Этикет для малышей или Что такое
хорошо и что такое плохо? Ростов на Дону. Феникс, 2003.
Божович Л.И. Личности и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском саду.-М., 2003.
Божович Л.И. Психологические вопросы готовности ребенка к школьному
обучению //Вопросы психологии ребенка к дошкольного возраста /Под ред.
А.Н.Леонтьева, А.В.Запорожца. – М., 1995. – С. 132-142.
Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике.
Киев, 1989. с. 178-179.
Валлон А. Психическое развитие ребенка. М., 1965.
Венгер Л. Психологическая характеристика ребенка //Дошкольное
воспитание. – 1977. - №5. – С. 40-46.
Венгер Л.А. Восприятие и обучение. М., 1969.
152
Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли ваш ребенок к школе, -М., 1994.
Венгер Л.А., Мухина В.С. Психология. – М., 1988.
Возрастная и психологическая психология 2 3 1973
Выготский Л.С. Проблема возраста //Собр. соч.: В 6 т. – М., 1984.-Т.4-
С. 244-268.
Гаспарова Е. Ведущая деятельность дошкольного возраста// Дошкольное
воспитание. - 1987. - № 7. - С. 45-50.
Гусев А.Н., Измайлов Ч.А., Михалевская М.Б. Измерение в психологии:
общий психологический практикум. - М.: Смысл, 1997. 287 с. (Серия
“Практикум”. Вып. 2).
Детская психология /Под ред. Я.Л.Коломинского, Е.А.Панько. – Минск,
1988.
Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.-
Алматы, 2000.
Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
Живи с улыбкой: игры, тренинги, тесты, сценарии, высказывания, притчи
/Авт.-сост., С.А. Бергер, Ю.П. Мамычур. –Минск: Четыре четверти, 2003.
Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика, Астана: Фолиант, 2008.
Запорожец А.В. Основные проблемы онтогенеза психики// Избр. психолог.
труды: В 2 т., - М., 1986. – Т.1. С. 223-257.
Зворыгина Е.В. Первые сюжетные игры малышей. - М. -1988.
Зеньковский В.В. Психология детства. – Екатеринбург, 1995.
Иванова Е.М. Аналитическая профессиография как средство обеспечения
профессиональной диагностики /Вестник Московского университета, серия
14 “Психология”, 1989, №3.
Иванова Е.М. Основы психологического изучения профессиональной
деятельности. – М., 1987.
Игенбаева Б.Қ. Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани
адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі.-Алматы: «РАДиАЛ», 2005.
Климов Е.А. Психология профессионала (избранные психологические
труды). – М.: Воронеж, 1996.
Коломинский П.Я., Панько Е.А. Учителю о психологии детей
шестилетнего возраста. – М., 1988.
Кулагин Б.В. Основы профессиональной психодиагностики. – Л.:
Медицина, 1984. – 216 с., ил.
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М., 1981.
Леонтьев А.Н. Психологические основы дошкольной игры// Избр.
психолог, произведения: В 2-х т. - М., 1983. - Т.1. - С. 303-323.
Люблинская А.А. Детская психология. – М., 1971.
Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1996.
153
Михайленко Н., Короткова Н. Взаимодействие взрослого с детьми в игре
//Дошкольное воспитание. - 1993. - №3. - С. 15; №4.-С. 18-23.
Мухина B.C. Игрушка как средство психологического развития ребенка//
Вопросы психологии. - 1988. - №2. - С. 123— 128.
Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. /Ред.
басқарған Л.А.Венгер. – Алматы: Мектеп, 1986.
Мұхаметова С.Қ., Қожаева С.Қ. Тәрбие теориясы. Оқу құралы: Астана,
2007.
Назарбаева С.А. Өмір әдебі.- Алматы, 2003.
Одегов Ю.Г., Журавлёв П.В. Управление персоналом: Учебник для ВУЗов.
– М.: Финстатинформ, 1997. – 878 с.
Основы профессионального психофизиологического отбора / под ред.
Макаренко Н.В. и др. – Киев, 1987.
Особенности психического развития детей 6-7-летнего возраста /Под ред.
Д.Б.Эльконина, А.Л.Венгера. – М., 1988.
Практикум по общей, экспериментальной и прикладной психологии: Учеб.
пособие / В.Д. Балин, В.К. Гайда, В.К. Гербачевский и др./ / Под общей ред.
А.А. Крылова, С.А. Маничева. – СПб: Издательство “Питер”, 2000. – 560 с.
Проблемы дошкольной игры: Психолого-педагогический аспект/Под ред.
Н.Н.Поддъякова, Н.Я.Михайленко. - М., 1987. -С. 192.
Психологические проблемы профессиональной деятельности. – М.: Наука,
1991.
Психологический словарь /Под ред. В.В.Давыдова и др. – М., 1983.
Психологический словарь/ Под. ред. В.П. Зинченко, Б.Г. Мещерякова. – 2-
е изд., перераб. и доп. - М.: Педагогика-Пресс, 1996.- 440 с.: ил.
Психологическое
изучение
личности
работника:
Методические
рекомендации. – Киев, 1989.
Психология и педагогика игры дошкольника /Под ред. А.В. Запорожца,
А.П.Усовой. - М., 1966.
Психология: Словарь /Под ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. – М.,
1990.
Рабочая книга практического психолога: технология эффективности
профессиональной деятельности (пособие для специалистов, работающих с
персоналом).- М.: Издательский дом “Красная площадь”, 1996.-400 с.: ил.
Репина Т., Гостюхина О. Самостоятельные игровые объеди-
нения//Дошкольное воспитание. - 1984. - №2. - С. 43-46.
Российская педагогическая энциклопедия. – М., 1993. – Т.1.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2 т. – М., 1989.-Т. 1.
Словарь-справочник по психологической диагностике /Бурлачук Л.Ф.,
Морозов С.М.; Отв. ред. Крымский С.Б. – Киев: Наук. Думка, 1989. – 200 с.
Теория и практика профориентации и профконсультирования (выпуск 2,
серия: “Профессиональная психодиагностика”. Составление психограмм
деятельности специалистов). – под ред. Спасенникова В.В. – Калуга, 1995.
154
Травин В.В., Дятлов В.А. Основы кадрового менеджмента. - 2-е изд. – М.:
Дело, 1997.-336 с.
Ульенкова У. Формирование общей способности к учению у шестилетних
детей //Дошкольное воспитание. – 1989. - №3. – С.53-57.
Урунтаева Г.А., Афонъкина Ю.А. Практикум по детской психологии. – М.,
1995. – С.4.
Филиппов А.В. Работа с кадрами. Психологический аспект. – М., 1990.
Щуркина Н.Е. Игорвые методики.- М.: Педагогическое общество России,
2002.
Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 1960.
Эльконин Д.Б. Некоторые вопросы диагностики психического развития
детей //Избр. психологические труды. – М., 1989. – С. 301-305.
Эльконин Д.Б. Психология игры. - М., - 1978.
Яковлева Н. Психологическая помощь дошкольнику.- СПб.: Валери СПД,
2001.
Ф.Н.Гоноболин. Психология. Алматы, «Мектеп»,1976ж.
Б.М.Теплов, Психология, Алматы, Қазме-моқупедбас, 1953 ж.
А.Құнанбаев, Шығармалары, 2 том, Алматы, «Ғылым» - 1977 ж.
ГЛОССАРИЙ
Сенсорлық тәрбие – түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы.
Ойлау - қоршаған шындықты сөйлеудің көмегі арқылы жанама және
жалпылап бейнелеу процесі.
Ойлау – индивидтің қоршаған шындықты жанама және жалпылай
бейнелеуімен сипатталатын танымдық іс-әрекетінің процесі.
Ригидттілік - ойлаудың жаңа тәсілдер мен ережелерге ауысу қиындығы.
Ойлау процесінің лабильділігі – олардың бір есептен, екіншісін
шешуге жүйелі ауысуын құрудың жылдамдығы.
Пиктограмма – нәрселер, құбылыстар мен әрекеттер суреттелген және
шартты белгілермен берілген суретті хат.
Ұғым - заттар мен құбылыстардың жалпы қасиеттерін бейнелейтін ой
жасаудың негізгі түрі.
Оральдық тамақтану - ауыз және ішек-қарын жолы арқылы тамақтану.
Жандану комплексі - бірте-бірте балада үлкендерге бағытталған
ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады.
Еңбектеу – баланың өздігінен бір жерден екінші жерге қозғалуының
алғашқы түрі.
Көздің инициативті қимылы – назарын ешқандай сыртқы себептің
әсерінсіз–ақ бір нәрседен екінші нәрсеге аудару.
155
Құрал-сайманмен іс-әрекет жасау - бір заттың, құралдың екінші бір
затқа әсер ету үшін қолданылуы.
Автономиялық сөйлеу - алғашында баланың сөйлеуінің үлкендердің
сөйлеуіне ұқсамауы
Автодидактикалық ойыншықтар – бағдарлау қимылына баулитын,
өзі үйрететін ойыншықтар.
Көрнекі іс-әрекеттік ойлау - баланың сыртқы бағдарлау іс-
әреткетерінің көмегімен орындалатын ойлауы.
Көрнекі бейнелік ойлау - міндетті шешуі немесе ішкі іс-әрекет жасау
нәтижесінде болатын бала ойлауы.
Эгоцентрикалық сөз - баланың іс-әрекет үстінде пайда болатын және
өзіне қарата айтылған сөзі.
Сенсорлық эталондар– қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр
түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер.
Адам болу - айналадағы адамдар мен заттарға адамша қарауға, іс–
әрекет жасауға үйрену.
Қосымшалар
А қосымша. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға
арналған ойын-жаттығулар
1.
«Балықшы» ойыны.
Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау. Ойынға түгел қамти отырып,
қызығушылығын арттыруға көңіл бөлу.
Ойынның шарты: балалар аквариумнен магниттік кубиктерді
қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін тауып,
сол әріпке сөйлем құрап әңгімелеу қажет.
2.
«Кім жылдам?» ойыны.
Ойын шарты: кеспе әріптерді пайдаланып, жылдам о-ө дыбысының
орнын ауыстыру.
3.
«Әріп тастамақ» ойыны.
Ойын шарты: балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз
қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады.
4.
«Досыма сыйлық» ойыны.
Мақсаты: затты сөз көмегінсіз сипаттап беру іскерліктерін дамыту.
Ойын барысы: балалардың бірі туған күн иесіне айналады. Өзге
балалар әкелген сыйлықтарын сөз көмегін пайдаланбастан сипаттап ұсынады.
5.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
156
Ойынның шарты: мен кез келген балаға допты лақтырып, мен үй
жануарларының атын айтқанда, ол бала сол сөздің бірінші дыбысын айтып,
маған допты қайтара лақтырады. Мысалы: мысық десем (бірінші дыбысы)
«М» т.с.с.
Ал, енді, балалар, ойынды сәл қиындатамыз: бірінші бала сөз айтады
екінші бала қимылды білдіретін сөз айту керек. Мысалы: түйе десе
«боздайды», сиыр десе «мөңірейді»...
6. Жұмбақ ойын: Ұйқасын тап
Кезіп жүріп өзекті
Ұстап алдым (көжекті)
Қарды қояр күреп
Керек жалпақ (күрек)
Жазу үшін саған
Қажет қою (қалам)
Қора баққан шапқылап
Бір итім (саққұлақ)
Қонып алып жарға
Қарқылдайды (қарға)
Даусына құлақ түр
Жер жыртып жүр (трактор)
Моп-момақан өзі
Сүп-сүйкімді (қозы)
Үсті-басы түрпі
Тышқан аулар (кірпі)
Дуадақ құс шөлде
Аққу-қаздар (көлде)
7. Ойын: «Көршіңді тап!»
Шарты: екі топқа бөлініп, 1-20 дейінгі қызыл және көк сандар жазылған
шырша бүрлерін жинап, түсіне қарай сан ретін тауып тұру.
Б қосымша. Жағдаяттарды талқылау және талдау.
1-жағдаят.
Ержан аулада ойнап жүр. Жоғарыдан тура оның алдына үлкен жұмсақ
аю ойыншығы келіп құлады. Бала жоғарыда ашық тұрған терезені көрді,
бірақ ешкім көрінбейді. Ол ойыншықты қолына алды. Ержанның бұрыннан
бері мұндай ойыншық арманы еді. Ол ойыншыққа қарап тұрып, ойланды.
157
Қалай ойлайсың, Ержан не туралы ойланды? Соңында ол дұрыс шешім
қабылдады. Ержан қандай шешім қабылдады деп ойлайсың?
2-жағдаят.
Аулада балалар ойнап жүрген. Олардың қастарынан кәрі, жүндері
түскен мысық өтіп бара жатты.
- Ой, қандай сүйкімсіз мысық,- деді Айжан.
- Таспен соғып қуалайық па?- деді Самал.
Сөйтіп олар таспен атқылай бастады. Балалар әрекетін қалай бағалайсың?
Зұлымдық деген не?
3-жағдаят.
Арман мен Ерасыл дос. Олар бір үйде тұрады, бір аулада ойнайды.
Арман сабаққа зерек. Ерасыл жалқаулау бала. Арман досына достық ретінде
үй тапсырмасын көшіруге береді. Қалай ойлайсыңдар бұл достыққа жата ма?
Нағыз достар қалай әрекет етеді?
4-жағдаят.
Сауле мен Гүлназ дос қыздар. Олар асхана тамақтануға бірге барады.
Кейде Сауленің тоқашқа ақшасы жетпей қалады. Мұны көріп досы Гүлназ
былай деді: «Менің артық ақшам бар, бірақ анам ешкімге ақша берме дейді»,-
деп жауап берді.
- Қалай ойлайсыңдар мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?
Нағыз достар қалай әрекет етеді?
В қосымша.
2.2 Мектепке қабылдау тестілері
Тестілеу туралы педагогтар мен ата-аналарға нені білу қажет
Қазіргі уақытта көптеген мектептерде 1 сыныпқа қабылдау алдында
балаларды психологиялық тексеру жүргізіледі. Бір жағдайларда бұл белгілі
бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа салу (математикалық,
эстетикалық, тілдік, т.б.) критерийлері бойынша сай келетін дайындығы
жоғары балаларды іріктеп алу үшін жасалады.
Басқа жағдайда -балаларды оқыту қарқыны әртүрлі деңгейлі сыныптарға
бөлу үшін жасалады. Мұнда "теңестіру сыныбынан" бастап жеделдетілген
бағдарлама бойынша оқитын сыныпқа дейін кездеседі.Балалардың мектепке
даярлық деңгейін анықтауда психологтар арнайы тестілерді қолданады.
Тестілер-бұл
стандартталған,жекелей-психологиялық
айырмашылықтарды анықтауға арналған,көбінесе уақыт жағынан шектелген
сынақ түрі.
Тестілердің көмегімен қайсы бір қабілеттердің, дағдылардың, біліктердің,
тұлғалық сапалардың деңгейін анықтауға тырысады.
Егер тестілеу нәтижесінде шын мәнінде әр баланың жеке даму
ерекшеліктері ескерілетін болса, мектепке іріктеп алуда тестілеу дұрыс
болып табылады және балалар нәтижелі оқыту мен дамытуға ең қолайлы
мүмкіндіктер жасайтын сыныптарда немесе мектепте оқи алады.
158
Жалпымектептік бағдарламаны меңгеру шапшаңдығына үлгере
алмайтын балалар кәдімгі сыныптарда табыссыздыққа душар болады, ал
"теңестіру сыныбында" көтерілуге мүмкіндік туады, өйткені олар
созылыңқы(ор. растянутая) бағдарламамен оқиды.
Тестілер балада маңызды танымдық процестердің даму деңгейін
анықтауға мүмкіндік береді: көру және есту арқылы қабылдау, ес және
зейіннің, бейнелі ойлаудың, психикалық шапшаңдықтың әртүрлі түрлері.
Тестілер тек мектепке дейінгілерді оқыту немесе интеллектуалды дамыту
мәселелерін диагностикалау үшін ғана емес, тәрбиешілер мен ата-аналарға
балаларды мектепке даярлау үшін де қолданылады. Әрбір тест тапсырмасы -
бұл бала үшін әрі қызықты есеп әрі тартымды ойын, әрі ес, зейін, қол
моторикасы, ойлау үшін дамыту жаттығулары. Осылайша, тестілер жақсы
оқуға дайындық негізі болып табылатын балалардың танымдық процессін
дамыту үшін де қолдануға болады: ақпаратты қабылдау, жадында ұстау,
сақтау және өңдеу (қабылдау және ес), түсіну, талдау,салыстыру, жүйелеу
қорытынды жасау (ойлау), жинақтау, тарату, зейінді ауыстыра алу, өз білімін
іс-әрекетте, таңбада, сөзде, іс-әрекет өнімдерінде (көру-қозғалысты
координация, сурет,сөз) қолдану.
Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын қарқынды дамыту
бағдарламасын жасауға, оларды мектепте оқуға дайындауға, және де
психикалық даму деңгейі сәйкес болмаған жағдайда түзету бағдарламаларын
жасауға негіз бола алады.
Тестілеу түрлері.
Мектепке қабылдауда бала топтық немесе жеке тестілеуден өтуі мүмкін.
Топтық тестілеу нәтижелері әрқашанда шамамен алынған, болжамды
сипатта болады, өйткені бұл жағдайда зерттеуші барлық балалардың дұрыс
нәтиже көрсете алмауының субъективті себебін немесе мүмкін болатын
кедергілерді ескере алмайды. Сондықтан мұндай нәтижелерді кейін жеке
тексеру барысында анықтау ұсынылады.
Бұдан басқа баланың мектептік жетілуін бағалау материалының бірі-
оның тестілеу және әңгімелесу кезіндегі тәртібі болып табылады, мұнда
әсіресе баланың әлеуметтік жетілуі өте анық көрінеді: жалпы қоғамдық
ережені орындауы, жаңа жағдайға үйрене білуі, үлкендермен қатынаста өзін
дұрыс ұстай білуі, т.б.
Ата-аналар балаларды алдын-ала дайындауы қажет: тестілеу кезінде
тәртіпке қойылатын талаптар туралы, ойын түрінде немесе сөзбен
психологпен (немесе мұғаліммен) әңгімелесуге (собеседование) кіруді және
шығуды дайындау, мүмкін болатын қиын ситуацияларды талдау, т.б
Ең бастысы- баланың көңілін аудару, оны қызық сынақтар және
қызықты есептер күтіп тұрғанын түсіндіру. Белсенді қызығушылық,
қуанышты көңіл-күй және жақсылыққа үміттену жағдайындя балаға өз
қабілетін толық көрсету жеңіл болады, қиындықты жеңуге барлық күш-
жігерін салады.
159
2.3 Мекпеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық
жұмыстардың негізгі принциптері
Баланы диагностикалық тексеруге арналған иүмкіндігінше қысқа
әдістемелік тәсілдер- экспресс әдістеме түрінде, бала тұлғасының белгілі бір
сферасын тез зерттеуге ыңғайлы болғаны дұрыс.
Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты
орнату үшін, кез келген тақырыпқа диагностикалық интервью жүргізу
ұсынылады. Психолог оны жүргізу әдісін жақсы білуі қажет.
Әдетте, мұндай интервьюлер төмендегідей құрылыммен ерекшеленеді:
кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, "көңілін келтіру";
баланың еркін сөйлеуі;
жалпы сұрақтар беру: " Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба?
Біз екеуіміз аздап таныс болдық. Енді мен мынаны білгім келеді. Сен балалар
мен қалай ойнайсың?" т.б
толық зерттеу;
бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре
отырып, қорытынды жасау;
Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады:
Зерттелетін пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: "Сен сурет
салуды жақсы көресің бе?"
Мазасыздану, үрейлену қауіпін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы:
"Егер үстел үстінде фломастерлер жатса сен неістер едің?"
Баланы топпен немесе басқа адаммен теңестірумен сәйкестендірілген
негізсіз прожективті сұрақтар, мысалы: " Балалар сурет салуды жақсы көре
ме?"
Диагностикалық интервью ұзаққа созылмауы және жалықтырмауы керек.
Баланың жасына және диагностика міндеттеріне сай әртүрлі модификациялар
қолдану қажет. Осы мақсатпен ойыншықтар, қағаздар, қарындаштар,
фломастерлер қолданған дұрыс, өйткені балалар өз сезімін сөзбен сипаттай
алмайды,оларға оны суретте көрсету оңай.
Баламен алғашқы танысуды өткізген соң, психодиагностикалық
тексеруді бастауға болады.
Қандай да бір шеберге жұмыс істеу үшін құралдар қажет.
Психологиялық зерттеулер әдісін де, епті шебердің қолында бала жанын
түсінуге көмектесетін құрал ретінде қарастыруға болады.
Психологиялық зерттеулер әдісін практикада қолданғанда негізгі
принциптерді, идеяларды басшылыққа алу қажет.
Алдымен бұл- бала жанын, психикасын зерттеудің генетикалық
тұрғыдан қарастыру принципі. Бала психологиясы үшін бұл принциптің
маңыздылығы сондай, өйткені осы ғылым басқаша генетикалық психология
деп аталады. Бұл принцип бойынша бала психикасының құбылыстарын
зерттеуде,баланың үлкендермен өзара қарым-қатынас,өз іс-әрекеті және
құрбы-құрдастарымен
қатынас
барысында
қалай
дамитындығын,
өзгеретіндігін анықтауға тырысамыз. Бұл принцип баланың психикасының
160
дамуына,
оның
тұлғасының
қалыптасуына
нақты
мәдени-тарихи
жағдайлардың әсерін талдауға бағытталған.
Бала психикасының дамуын диалектикалық тұрғыдан зерттеу
детерминизм принципін, ішкі және сыртқы факторлармен анықталған қандай
да бір өзгерістердің байланыстылық себептерін жүзеге асыруды қарастырады.
Зерттеу барысында алынған әрбір жеке фактіні сапалық жағынан
қарастыру , яғни баланың барлық ішкі әлемін, оның мінез-құлқының
қатыстылығын ескеру қажет. Осыдан баланың тұлғасын айналасындағы
адамдармен барлық алуан түрлі байланыстарда зерттеу қажкттігі
туындайды.
Айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын талдамай, баланың
тұлғасы және оның мінез-құлқы туралы мүлде ештеңе түсінуге болмайды
( тұлғаны және қарым-қатынасты зерттеу бірлігі принципі).
Кейде, тестілер және басқа да психологиялық әдістер, дамудың белгілі
бір жағдайын және деңгейін тек қана белгілейді деп есептейді. Бірақ та, тіпті
медициналық диагностикада әртүрлі анализдер қандай да бір физиологиялық,
дене жағдайларын өлшеп қана қоймайды, аурудың психологиялық көңіл-
күйіне белгілі бір түрде ықпал да етеді. Бұл жағдайды психологиялық
зерттеуде жоғары дәрежеде ескеру қажет. Кез келген тест немесе сұрақнама
(опросник) тек қана белгілі бір психологиялық құбылысты өлшемейді,
баланың тұлғасына әсер етуді де қамтиды. Сондықтан да бұл жерде
Гиппократтың өзі айтқан: " Зиян келтірме!" деген ежелгі қағиданы ескеру
қажет. Сыналушыға зиян келтірмеу принципі баланы (топты) зерттеуде, не
оны (зерттеуді) жүргізу процесі болсын, не оның нәтижелері болсын,
сыналушыға ешқандай да зиян келтірмеуін талап етеді (денсаулығына,
жағдайына, әлеуметтік статусына және т.б.).
Сонымен қатар,баланың дамуына көмектесетін әдістерді де қолдану
жағын қарастыру қажет. Сондықтан психика дамуының диагностикасы және
коррекциясының бірлігі принципін жүзеге асыру өте маңызды. Негізгі мақсат
та осында.
Сондай-ақ, баланы, бала қоғамын зерттеуде алалық жасамау
(бөлектемеу) принципі өте маңызды. Ол жеке балаға болмасын,не балалар
тобына болмасын алдын -ала келісілген пікірдің болдырмауын қамтамасыз
етеді.
Бала бақшасындағы диагностикалық психокоррекциялық жұмыс
психологтың, тәрбиешінің тек баламен және топпен ғана емес, ата-аналармен,
балалармен жұмыс істейтін мамандармен де тығыз ынтымақтастықта болуын
қарастырады. Ынтымақтастық принципін және тағы басқа да аталған
принциптерді жүзеге асыруға педагог-зерттеушінің қарым-қатынасқа
бейімділігі,эмпатия,
психиканың
көріністерін
байқағыштығы,
айналасындағылардың сенімін және әуестігін қолдау қабілеті сияқты
қасиеттері мүмкіндік туғызады:
Достарыңызбен бөлісу: |