Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#6680
1   2   3   4   5

Қазақ эстрадасы

-  Сәлеметсіз  бе,  Ернар  Айдар!  Қостанайға 

қош келдіңіз!

Рахмет!



-  Қостанайға  осымен  төртінші  рет  келіп 

тұрсыз,  осы  жолы  қандай  жаңа  әндеріңізбен 

бөлісуге келдіңіз?

- Ия, енді « Әншінің қаруы – ән» дейді ғой, ең ба-

стысы  жаңа  әндер.  Алты-жеті  жаңа  әнмен  келіп 

отырмын.  Енді  ән  кешіме  келіп,  Ернар  Айдардың 

ән кеші ерекше болмады деп кетсе немесе ерекше 

болды  деп  кетсе,  сол  кезде  өзімнің  ерекшелігімді 

білемін. Енді мынандай ерекше ән алып келдім деп, 

менің еркшелігім мынау деп айта алмаймын.

- Бір қалаға бірнеше рет барасыз, халықты 

жалықтырып жіберемін деп ойламайсыз ба?

-  Жалықтырып  жіберемін  деп  ойлаймын  ғой.

Жалыққан да шығар деп те қаламын. Жалықтырып 

жібермеу үшін барынша жасандылығың жоқ болуы 

керек. Өзіңнің табиғи болмысыңды сақтау керек. 

Халық жасандылықтан  жалығады. Жасанды қимыл, 

жасанды күлкінің өзі  шаршатып жібереді ғой, өтірік 

күле берсең. Жасанды болмауға тырысамын. Енді 

осы  төрт  жыл  көлемі  болды  Қостанайға  келіп 

жүргенімізге, халық жақсы қарсы алады. 

- Сіздің орындауыңыздағы әндердің көбі той 

әндері, сіз алдымен әннің әуеніне мән бересіз бе 

әлде әннің стиліне, сөзіне мән бересіз бе?

-  Әннің  барлық  жағына  мән  береміз.Себебі, 

әннің сәтті шығуы, жақсы шығуы барлық нәрсеге 

байланысты. Сөзі, әуені, өңдеуі,  орындалуы - осы 

төрт  нәрсе  әннің  сәтті  шығуына  мықты  себеп-

кер.  Сондықтан  әннің  сөзін  жақсы  жаздырсаңыз, 

әуенін жақсы таңдасаңыз, жақсылап өңдесеңіз, сол 

кезде жақсы дүние шығады. Біреуі ақсаңдап қалса 

сәтті  дүние  шығады  деп  айта  алмаймын.  Сол 

себепті  барлығына мән береміз. Қазақ болғаннан 

кейін  сөз  қадірін  білеміз,  оның  ішінде  өнер  адамы 

болғаннан кейін сөздің қадірін түсінуге, астарында 

не  жатқанын  түсінуге  міндеттіміз.  Өнерге  тәй-

тәйлап келе жатқаннан кейін,осы жағына көбірек 

мән беріп, сабақ алып,үйренуге міндеттіміз.

-  Қазіргі  таңда  қазақ  сахнасында  арзан 

әншілер көбейіп кетті, мысалы сіз қазақи әнші 

қатарына жатасыз, ал қазақи емес, түсініксіз 

әншілерге, мысалы  91 тобы секілді әншілерге 

көзқарасыңыз қандай?

- Менің көзқарасым өзіңіз айтып тұрғандай. Өзім 

солар жайлы сөз қозғағым келмейді. Шыны керек, 

ешқандай  жерде  олар  жайлы  сұхбат  бермегенмін 

және олар жайлы сұхбат бергім де келмейді.

Ернар Айдар:

 «Өнер адамы 

тәрбие береді»

16


C

M

Y



K

-  Сіздер  жастарға  үлгі  болып  жүрсіздер, 

өскелең ұрпақтан не күтесіз?

-  Маған  еліктемей-ақ  қойсын,  басқаға  да 

еліктемей-ақ  қойсын,  өзінің  болмысы  мен  өзінің 

ерекшелігін сақтасын. Өскелең ұрпақ ең бастысы 

ата-анасын  ойласа  екен.  Қазақи  болмыс,  қазақи 

дәстүр, дініміз бар, тіліміз бар, соларды ұмытпаса 

екен  деймін.  Бір  жастарымыз  бар  ата-анасының 

тәрбиесін  алып,  бірақ  оқуға  түсіп,  басқа  ортаға 

түсіп  кетеді,  рахатқа,  ләззатқа  малынып,  керек 

десе ата-анасынан безіп кетіп жатқандар бар. 

Қазір  көп  қыздарды  да  көреміз  клубқа  барып, 

теріс  жолға  түсіп  жатқан.  Бізге  де  байланы-

сты шығар,бірақ,бізден емес, 

ата-анасынан тәрбие алсын. 

Мысалы жақсы адам деп кімді 

айтады? Өзінің жаманын жа-

сырып,  жақсылығын  асыра 

білген адам, ол мықты адам. 

Әр  адамның  кемшілігі  бар, 

ешкім бұл өмірде пәк емес. Сол 

себепті менің айтарым біздің 

кей тұста кемшілігіміз көрініп 

жатады, сол кемшіліктерімізді 

алмай,  керекті  нәрселерім-

ізді,артықшылықтарымызды 

алса ғана өздеріне пайда деп 

ойлаймын. Ең бастысы иман-

ды болса екен.

- Жас әншілерді сынға көп 

алады.Сынға,  жағымсыз 

сөздерге  қалай  қарайсыз? 

Эмоцияға көп берілесіз бе? 

Жалпы  стрессті  бақылай 

аласыз ба?

- Ия, мен стрессті бақылай 

аламын.  Жалпы  сынға  көп 

ұшырағандардың  бірі  мен. 

Ең  алғаш  шыққанда  қатты 

сөздер айтылды, қатты сын-

дар  айтылды.  Менің  Қуаныш 

Құрманбай  деген  ұстазым 

бар,  сол  кісі  «сынға  қатты 

ұшыраған  кезде  сөйлемей 

қоя  сал,  болмаса  ұйықтап 

ал,  содан  кейін  бәрі  жақсы 

болады»  дейтін.  Қазіргі  за-

м а н д а   к і ш і п ей і л д і л і к т і 

қорқақтыққа  санайтын-

дар  бар,  сыйластықты 

қорқақтыққа, әлсіздікке санайтындар бар. Сондай 

кезде үндемеуге тырысамын. Себебі мен өзім барын-

ша қызуқандымын. Егер қатты ашуыма тиіп кетсе, 

ұрып жіберуім де, боқ ауыз сөздер айтып жіберуім де 

мүмкін. Оны мойындаймын. Сол үшін қазір үндемей 

қалу жағын көбіне пайдаланамын. 

- Өнердің биік шыңына жету сіздің өнердегі 

мақсатыңыз. Ал өмірдегі мақсатыңыз қандай?

-  Жалпы  өмірдегі  мақсатым  адам  болып  өмір 

сүру.    Болашақта  бала-шағам  болады,  соларға 

менің істеген қателіктерімді қайталатпай, дұрыс 

бағдар беру, дұрыс білім, тәрбие беріп , тәрбиелі 

ұрпақ қалдыру.  Ең бастысы ата-анамды қуанту, 

бауырларымның  амандығы,  жақсы  достарымның 

көп болуы, иманды болып өту - өмірдің мәні.

- Әнші болмасаңыз кім болар едіңіз?

-  Мен  әнші  болмасам  кез  келген  жұмысты 

істер  едім.  Негізі  қолымнан  барлық  нәрсе  келеді.

Жігіт  болғаннан  кейін  маған 

мына  жұмыс 

жараспайды,  мы-

наны  істей 

алмай-

мын  деген 

жігіттерге 

т

а

ң 

қ а л а м ы н. 

Егер  керек  болса 

істейсің,  істедім  де. 

Жұмыс таңдамаймын.

-   Ө не р   а д а м ы 

халыққа не бере ала-

ды?

  Ө не р   а д а м ы 



халыққа  көп  нәрсе 

береді.  Еліктейтін 

а д а м д а р д ы ң 

барлығы  өнер  ада-

мына  еліктейді  ғой. 

Өнер  адамы  тәрбие 

береді,  өнер  ада-

мы  бағыт-бағдар 

береді.  Мысалы  жер 

мәселесінің  өзінде, 

қаншама  ұлттық 

мәселелерінің  өзінде 

жүрген  өнер  адамда-

ры.  Халық  осы  өнер 

адамдарына  қарап 

тұр.  Мысалы  бізде 

өнер  адамы  болып 

жүрсек  те,  өнердегі 

а ғ а л а р ы м ы з ғ а 

қараймыз. 

-   Ө з і ң і з г е   ж и і 

қоятын сұрақ?

-  Неге  ұйықтай 

бересің?  Ұйықтай 

берме  деп  жиі  ай-

т а м ы н   ө з і м е . 

Жалқаулықтан  ба? 

Бірақ  аса  жалқаумын 

деп  айта  алмаймын, 

Тұрсынбек  ағамыз 

айтпақшы,  әйтеуір 

бірдеңе істеу керек – бірдеңе істеу керек деп жүре 

беремін.

-  Сұхбатыңызға  көп  рахмет.  Алдағы 

концертіңізге сәттілік!

- Сіздерге де көп рахмет!

 Сұхбаттасқан Айым Абдрашит,

 ГӘФ журналистика   

мамандығының 

1-ші курс студенті. 

17

- Атаққа құмарсыз ба?



- Атаққа 

құмар емеспін

, атақ маған 

құмар!

C

M

Y



K

Тұрмыс

Адам өмірінің қызықты шағы студенттік өмір бол-

са,  студенттік  өмірдің  қызығы  –  жатақхана.  Үлкен 

кісілердің  әрдайым  айтып  отыратын  қайталанбас, 

ерекше, адам нанғысыз хикаялары да осы жатақхана 

қабырғасында өткен еді. Ал, қазір ет ұрланып жатпаса 

да, жатақханымыз қызықтан құр алақан емес. Мұны 

жатақхана өмірінің дәмін татқан кез-келген студент 

растайды.

2012 жылдың 22 қазан күні пайдалануға берілген 

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 

университетінің  №2  жатақханасы  қаланың  оң 

жақ  бөлігіндегі  Абай  даңғылы  28  мекенжайында 

орналасқан.  Ауылшаруашылық  институты  кезінде 

жатақхана болып, кейіннен бесқабатты оқу ғимараты 

болған  қазіргі  студенттер  үйін    ИТФ,ЭФ,  АБФ 

факульттерінің  шәкірттері  мекендейді.  320  орынға 

лайықталған  5  қабатты  студенттер  үйі  жұлдызды 

қонақүйлерден кем емес. Жайлы жатақханада барлық 

жағдай қарастырылған. Студенттер үшін ас үй үлкен 

рөл  атқаратыны  белгілі.  Ғимарат  ішінде  барлығы 

9  ас  үйі  бар.  Қажетті  жиһазбен  жабдықталған.  Екі 

және төрт адамдық жарық та жайлы бөлмелер бір-

біріне  қарама-қарсы  орналасқан.    Студенттердің 

жайлы тұрмысына кір жуатын, үтіктейтін, бос уақытын 

өткізетін орындар, үстел теннисін ойнауға арналған 

зал, плазмалық теледидары бар бөлме дәлел. 

Жатақханада  денсаулық  сақтау  мүмкіндіктері 

жоғары екендігін душқа арналған бөлме, медициналық 

пункт, тіпті аэробика залының орналасқандығынан 

білуге болады.  Тұруға өте қолайлы. Ғимараттың іші 

жазда салқын, қыста жылы.  Жылдық төлемақысы 

да  қымбат  емес.  Жастардың  қалтасына  салмақ 

салмайды. 

Университетке сымдай  тартылып кіріп, аудитори-

яларда ыздиып жүретін студенттер жатақханаға келіп 

жағасы жайлауда, еркін көсіледі. Кейде «Өз үйім, кең 

сарайдай боз үйім» деп шіреніп аламыз. Әрине, мұнда 

да тұрғындарды жіті қадағалауға  негізделген белгілі 

бір тәртіптер бар. Бірақ, бәрібір жатақхана – өз үйің. 

Алмас БАЙДРАХМАН.

Жатақхана – өз үйің

18


C

M

Y



K

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» 

дейді халқымыз. Университетімізде қатарының алды 

болып  жүрген  студенттер  де  бар.  Білім  бәйгесінде 

үздік атанғандардың бірі – психология мамандығының 

1-курс  студенті  Жазира  Манатова.  Жазира  біздің 

ортамызға  келгелі  бері  өзін  жауапты,  белсенді 

екенін  көрсетіп  үлгерді.  Кафедраның  «Психикалық 

денсаулық күні», «Мұғалімдер күні» іс-шараларына 

қатысып, ерекше қабілетімен көзге түсті. ҚР Рәміздер 

күніне арналған флешмобқа қатысып, 2-орын алды. 

Факультетте өткен денсаулық күнінде стол теннисінен 

3-орынға,  волейболдан  жалпы  командалық  есепте 

3-орынға ие болды. 

Психология  мамандығының  1-курс  студенті 

Көркем Молдахметова да университеттің қоғамдық 

жұмыстарына  белсенді  қатысады.  Көркем  өзіне 

берілген тапсырманы дер кезінде орындау қасиетімен 

ерекшеленеді.  ОЛ  «Психикалық  денсаулық  күні», 

«Мұғалімдер күні» және ҚР Рәміздер күніне арналған 

флешмобқа  қатысып,  2  орын  алды.  Басқа  да  сту-

денттер ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 

іс-шараларға ат салысып жүр. 

Гүлзат ИБРАЕВА,

Педагогика жане психология кафе-

драсынын 1-курс кураторы.

Студенттер белсенді

19


Серпіліс пе әлде құлдырау ма?

 

  Q-pop (ағылшын тіліндегі «Qazaq pop» (қазақ 



поп) сөзінен шыққан аббреватура)  - 1990 жылда-

ры батыстық электроника, электропоп, хип-хоп 

Оңтүстік Кореяда кұрылған К-рор жанрынан ба-

стау алған жаңа музыкалық жанр, субмәдениет. 

Бұл  субмәдениет  Қазақстанда  алғаш  рет  2014 

жылы пайда болған, ал осы жанрды алғаш рет 

сахнаға алып шыққан топ «Ninety One» деп ата-

лады.

«Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан дәл 

осы  субмәдениетті  қалыптастырушы  топтың  бас 

продюсері.  «Ninety  One»  немесе  «91  тобының» 

бұлай  аталу  себебін  топ  мүшелері  Қазақстан 

Республикасының 1991 жылы алған тәуелсіздігімен 

байланыстырады.  Топ  осылайша  өздерінің  де,  өз 

музыкасының,  стилінің  тәуелсіз  екенін  көрсеткісі 

келеді.  Топтың  құрамында  5  жігіт  өнер  көрсетеді. 

Олар  A.Z.  (шын  есімі  Азамат),  ALEM  (Мәлік),  ACE 

(Азамат),  ZaQ  (Дулат)  және  BALA  (Данияр)  деген 

лақап атпен өздерін таныстырады. 

«Ninety Onе» тобы құрылған кезден бастап сыртқы 

келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың 

алғашқы  бейнебаянына  әлемнің  120  мемлекеті 

назар  аударып,  50-ден  астамы  видео  арқылы 

өздерінің  пікірлерін  айтып,  қолдау  білдірген.  Бірақ, 

Қазақстанның  орта  буын өкілдері  шаштарын  бояп, 

құлағына сырға таққан қазақ жігіттерінің өнерін мой-

ындамады. Ел эстрадасындағы «Жігіттер» тобының 

мүшесі Бағлан Әбдіраймов, әншілер Заттыбек Копбо-

сынов, Асхат Тарғынов, айтыскер ақын Ринат Зайтов 

сынды қазақ сахнасының майталмандары қарсылық 

білдірсе,  ал  Роза  Рымбаева,  Алтынбек  Қоразбаев 

сияқты  халық  әртістері  және  өнер  жолындағы  жас 

буын ерекше топты қолдап шықты.

Топтың  «EagleZ»  деп  аталатын  фан-клубы  бар. 

«EagleZ» ағылшын тілінен аударғанда  «қырандар» 

деген мағынаны білдіреді. Бұл атау топтың атымен 

тығыз  байланысты.  Топ  мүшелері  жанкүйерлерін 

еркін,  биіктегі  қыранға  теңейді.  Жігіттер  өздерінің 

талантымен  тек  Қазақстанда  ғана  емес,  сонымен 

қатар Ресей,Украина,Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік 

Корея,  Америка  Құрама  Штаттарында  және  басқа 

мемлекеттерде  әйгілі  болып,  тыңдармандарының 

санын көбейтуде. Аталған топ туралы қостанайлық 

жастардың пікірін білген едік.

Нұрислам ЖҰМАКЕНОВ,

Г Ә Ф   ж у р н а л и с т и -

ка  мамандығының  2-курс 

студенті:

-Бұл  топты  жақтау  қиын. 

Біріншіден, бұл жаңашылдық 

емес.  Ұлттық  санаға  кері 

әсерін  тигізуші  топтардың 

бірі.  Екіншіден,  «ұлтпын» 

деп  мақтану  үшін  әр  елдің 

өзіне  тән  мәдениеті  болу 

керек.  Мәдениет  дегеніміз  –  әр  ұлттың  өзіндік 

бір  сипаты.  Сол  мәдениет  тұрғысынан  біздің 

санамыздың,  құндылығымыздың  азғындалуына 

үлкен  себепкер  болатын  топ.  Егер  толыққанды 

оларды тыңдайтын болсақ, тәрбиелік мәні зор жыр-

дастан, термелеріміздің орнын осындай мағынасыз 

әуендер басатын болады. Соның салдарынан қазақ 

жастарының санасы жеңіл ойлайтын деңгейге түспек. 

Жарты әлемге әмірін жүргізбек болған Гитлер былай 

деген  екен:  «Егер  бір  ұлтты  жойғың  келсе,  оларға 

арзан музыка тыңдат». 



 Айзат ҚАСЫМХАН,

Г Ә Ф   ф и л о л о г и я 

м а м а н д ы ғ ы н ы ң   2 - к у р с 

студенті: 

Бұл топты ұната қоймаймын. 

« Қ а й т а д а н »   д е г ен   ә н і н 

тыңдап  көрдім.  Өлеңдерінің 

мән-мағынасы  жоқ.  Киінген 

киімдерінің  өзі  де  қазақтың 

дүниетанымына жат көрінеді. 

Өсіп  келе  жатқан  болашақ 

жас  ұрпақ  осыларға  қарап 

үлгі  алады.  Ұрпағымыздың    мағынасыз  әндер 

тыңдап,  келбеттері  мен  шаштарын  қыздардан  бе-

тер  бояп  өскенін  қаламаймын.  Осындай  істерімен 

қазағымыздың  қара  домалақ  жігіттері  мен  қаракөз 

қыздарының ой-санасын улап жатқандығы шындық.

Ұлпан ЖҰМАБЕК,

ФВиТЖ мал шаруашылығы 

өнімдерін  өндіру  технолги-

ясы  мамандығының  3-курс 

студенті:

-Олар  қоғамға  ешқандай 

кері әсерін тигізбейді. Бұл топ-

ты тыңдайтын жанкүйерлерінің 

басым  көпшілігі  мектепте 

оқитын  қыздар,  студенттер. 

Себебі, әуендері заманға сай. 

Шаш  үлгілері  бөлек,ерекше 

стильдегі  әнші  жігіттерді 

көбінесе «қызтеке» деп сынап жатады. Ол дұрыс емес 

деп ойлаймын. Өз өнерлерімен халықтың көңілінен 

шығып жүрген топ. Әндері де, рэптері де бір-бірімен 

үйлесімді. Топтағы жігіттерден біздің жерлесіміз Ба-

тырхан (ALEM) ұнайды.  Сондай-ақ, оларда еркекке 

тән қасиет жоқ деген сөзбен келіспеймін. Өйткені, сол 

топтағы Азамат Зинкаев (A.Z.) бокстан спорт шебері, 

бокспен 7 жыл айналысқан.

 

Бұл топтың беделі күннен күнге өсіп келеді. 



Осындай дау туатынын білген «Ninety one» тобы 

қарсы пікірлерге төтеп беру мақсатында екі жыл 

бойы психологиялық тұрғыдан дайындалған. Бұл 

топқа қарсы болған адамдардың пікерлерінің өзі 

«Ninety  one»  тобының  танымалдылығын  арт-

тыра  түсуде.  «91  тобына»  сын  айтушылар  мен 

жақтаушылардың  саны  бірдей.  Біреулер  қазақ 

сахнасына  жаңа  бір  серпіліс  әкелді  десе,  енді 

біреулер сол жаңашыл дүниеге қарсы.

Гүлім САҒЫДАТҚЫЗЫ,

ГӘФ журналистика мамандығының 

2-курс студенті.

20

Көзқарас


Мәңгілік ел жастары жырлайды

Қостанай қаласындағы Е.Өмірзақов атындағы 

облыстық  филармонияда  "Тәуелсіздікке 

арнау:  Мәңгілік  ел  жастары  жырлайды" 

атты  аймақтық  жас  ақындар  айтысы  өтті. 

Дүбірлі  додаға  Қостанай  облысынан  басқа 

Қарағанды, Семей, Павлодар, Орал және Аста-

на  қалаларынан,  барлығы  10  ақын  қатысты. 

Есімдері елге енді таныла бастаған жастардың 

өлең сайысын тамашалауға жиылған жұрттың 

қатары  қалың.Осыдан-ақ  бекзат  өнер  айтыс 

ты  Қостанай  жұртшылығы  сағына,  сарыла 

күткендігі  байқалады.  Алдыңғы  қатарға  ата-

әжелеріміз жайғасып төбе көрсетті. Сонымен 

қатар мектеп оқушылары мен студенттер қиқу 

қосып отырды. 

Ақындар  да  орамды  ой,  есті  сөз,  тұшымды 

түйіндерімен  елді  өздеріне  баурап  отырды.  "Мың 

сөзден мығым бірін айта білген" арқалықтық Батыр-

лан Сағынтаевты, Семейден келген Серік Қуанғанды, 

павлодарлық  Нұрқанат  Қайратты  ерекше  атай 

өткен  жөн.  Қарағандыдан  арнайы  ат  терлетіп  кел-

ген  Нұрмұхаммед  Байсүгіров  әр  сөзін  қаумалаған 

халыққа өтімді жеткізіп, жүйелі жырын, әдемі әзілмен 

әрлеп, тапқырлық танытып, көрермендердің ерекше 

қошеметіне  бөленді.  Арқалықтың  атынан  келген 

Қайролла  Хафиздің  әуені  мен  әуезі  жарасып,  ел 

есінде  қалар  есті  сөздер  айта  білді.  Қыз  болса 

да  қайраттылық,  жүректілік  танытып,  топ  жігітпен 

тайталасуға Қостанайдың намысын қорғай шыққан 

Нәрия  Ақбабаны    да  әлеуметті  айырықша  тәнті 

еткендердің  қатарынан  көре  алдық.  Ақындардың 

айбынды, жалынды, адуынды сөздерін бағамдаған 

Әсия  Беркенова,  Ғұмар  Ахметчин,  Нағашыбай 

Мұқатов, Әлпия Орманшина және Абылай Мауданов 

сынды қарасөздің, қара өлеңнің қазанында қайнаған 

аға-апалар қазылық жасады. Кешті белгілі айтыскер 

Марғұлан Оспанов жүргізіп отырды. 

А й т ы с т ы ң 

қорытындысында  бас 

жүлдеге қостанайлық Нәрия 

Ақбаба лайық деп танылып, 

500  мың  теңге  иеленді. 

1-орын – Павлодардан кел-

ген  Нұрқанат  Қайратта. 

Оның  қоржынында  –  250 

мың  теңге.  2-орын  алған 

семейлік  Серік  Қуанған 

200 мың теңгені қанжығаға 

майлады. 3-орын мен құны 

100 мың теңгелік ақшалай 

сыйлық  арқалықтық  Ба-

тырлан  Сағынтайға  табыс 

етілді.  Ыбырай  Алтынса-

рин  атындағы  арнайы  жүлде,  яғни  80  мың  теңге 

Қарағандыдан  келген  Нұрмұхаммед  Байсүгіровке 

бұйырды. Дәл осындай Ахмет Байтұрсынов атындағы 

арнайы сыйлыққа арқалықтық Қайролла Хафиз ие 

болды. Нұрсұлтан Қасым, Айбар Рағатов, Бекболат 

Қаленов, Ернұр Әуезхан есімді айтыскерлер 30 мың 

теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығымен марапат-

талды. Осынау ауқымы кең, жүлде қоры қомақты жас 

ақындар айтысының биік деңгейде өтуіне мұрындық 

болған  облыстық  мәдениет  басқармасын  ерекше 

атап өту керек.

Сералы МЫРЗАБАЙ,

ГӘФ журналистика мамандығының 

3-курс студенті.

Суреттердеаймақтық айтыстан көріністер.

21

Тәуелсіздік – тұғырым



C

M

Y

K

Руханият

Торғайдың бойы тарих қой тұнған,

Шертемін десең шежіре.

Сыр ашар тегіс тау-тасы тұрған,

Сала біл құлақ сөзіме.

Дана да кетсе, дара да өтсе,

Артында ұрпақ қалмай ма.

Жырлаймыз десек,тіліміз жетсе,

Асыл да жетер Торғайда.

Солардың бірі кешегі Кейкім,

Айтылмай кеткен «ақтаңдақ».

Бейтаныс бізге киелі кейпің,

Жадында елдің сақталған. 

Көргендер  сені қорымда жатыр,

Ергендер саған бүгін жоқ.

Есіл ер Кейкі елеусіз Батыр,

Тұяғы соңғы тектінің.

Ұлан боп туып,құлан боп өріп,

Ұлытау бойын жайладың.

Ұлы шайқаста сардарға еріп,

Күреске белді байладың. 

Небір жаужүрек,жалаңтөс батыр,

Құрметтеп саған жол берген.

Ұсынғаныңды көздемей атып,

Аңыз боп кеткен «Қол мерген»,

Үрпекті басып,Құмкешу асып,

Шайқастың Татыр,Күйекте.

Кәпірлер «Қара шайтан»деп қашып,

Батыр деп кеткен сүйікті ел.

Тайсалмай мылтық,зеңбіректерден,

Арыстан жүрек Бабалар.

Егескен жауын еңіреткен Ер,

Ерлігің қалай жоғалар.

Қазақ боп туып,азат боп өлдің,

Мәңгілік қырды мекендеп,

Хан Жошы қуған құландай желдің,

Сағымға сіңіп кетем деп.

Патшаны  қойшы заты кәпір ед,

Жау болды-ау неге белсенді?

Сауалын қойып жаңа өкімет,

Жауабын таппай теңселдің.

Қолды бір сілтеп қияға кеттің,

Құлан боп жеттің далаңа.

Туған жер бірақ сен үшін тіктім,

Жарамай қалды-ау  панаға.

Кешегі досың , кейінгі  қасың,

Қуғынсыз таңың атпады.

Барлық қорлықтан түсті ме басым,

Ауылдың иті қапқаны.

Сыртыңнан туыс «банды» деп соқты,

Қашқын боп жанды қинадың.

Каззапқа атқан қорғасын оқты,

Қазаққа бірақ қимадың.

Жамалған тарих,жұлынған парақ,

Сендейлер аз ба жерімде.

Ерлігің кетті алашқа тарап,

Қабірің қалды- ау көрінбей.       

Серік ЖҰМАБЕКОВ,

Үрпек ауылы.

Аманкелді ауданы.

Кейкі туралы баллада

22


C

M

Y



K

Махаббат, қызық, мол 

жылдар...

Қарашаның  17  күні 

қостанайлық өнер сүйер 

қауым  Ілияс  Омаров 

атындағы  қазақ  дра-

ма  театрына  жинал-

ды.  Жаппай  театрға 

а с ы қ қ а н д а р ы н ы ң 

себебі  жас  режиссер 

Дос Құбаштың «Махаб-

бат  қызық  мол  жыл-

дар»  қойылымының 

тұсау  кесері.  Қойылым 

Қазақстанның  халық 

ж а з у ш ы с ы   Ә з і л х а н 

Нұршайықовтың  «Ма-

хаббат қызық мол жыл-

дар»  романының  желісі 

бойынша  қойылды.  Зал 

көрермендерге  толы 

болды. 

Бұл  өнер  туындысын  тамашалауға  ешнәрсе  де 

кедергі  бола  алмады.  Кей  жандардың  пыш-пыш 

сөйлескендері, жанымда отырған апайдың телефон 

қоңырауы, алдыңғы қатардағы қыздың сол телефон-

мен сыбырласып сөйлесіп жатқаны. Тек тыныштықты 

қадағалап  жүретін  апайлардың  жандарына  келіп 

«телефоныңызды өшіріп қойыңыз», «сөйлеспеңіздер» 

деп  сыбырлағандарынан  ғана  байқап  жаттым. 

Өйткені  ол  кезде  жұдырығымды  қысып  Ербол 

мен  Меңтай  үшін  алаңдаумен  отырғам.  Бар  ойым 

сахнаның  үстінде  болды.  Жиналғандардың  дені  – 

жастар, студенттер.

Қойылым  1945  жылы  соғыстан  оралған  ескі 

достардың  сағына  қауышуларымен  басталады. 

Солардың  бірі  Ербол  -  басты  рөлдегі  кейіпкер. 

Аяқтай  алмай  қалған  оқуын  жалғастырмақ  болып 

университетке  түседі.  Тобындағы  Меңтай  есімді 

сұлу әрі ақылды қызға бірден ғашық болады. Меңтай 

да Ерболды сүйеді. Екі жастың махаббатын тағдыр 

қанша  сынағанымен  ғашықтар  біріне-бірі  адал 

екендерін дәлелдей түседі. Қуаныштары ұзаққа со-

зылмай  Меңтай  өмірі  қыршынынан  үзілсе  де,  қос 

ғашықтың пәк сезімдері үзілмейді. Қойылым қайғылы 

аяқталғанымен жастардың кіршіксіз сезімдері жанға 

ерекше жылулық ұялатады.

Қойылым бітісімен көрермен, ішінде өзім де бар-

мын,  орындарынан  тұрып  ерекше  шапалақ  ұрды. 

Режиссерге  ырзалықтарын  осылай  көрсетті.  Жас 

таланттың қуанышы мөлтілдеген көздерінен білініп, 

көрерменге  қайта-қайта  иіліп  алғысын  білдіреді. 

Әрине толқиды. Бұл театр өнеріне алғашқы қадамы, 

тұңғыш қойылымы.

Жас  режиссер  Дос  Айжарықұлы  Құбаш  1993 

жылы  шілденің  9  жұлдызында  дүниеге  келген.  Се-

мей  қаласының  тума-

сы.  Биыл  Алматыдағы 

Темірбек  Жүргенов 

атындағы  өнер  акаде-

миясын  драма  театр 

режиссері  мамандығы 

бойынша  тәмамдаған. 

Енді,  міне,  өнер  жолын 

«Махаббат  қызық  мол 

жылдар» қойылымымен 

бастады.  Елімізге  тағы 

бір талант иесі қосылды.

«Өнер»  деген  теңізге 

жаңадан  қосылған  да-

рынды  режиссер  Дос 

Құбашпен  әңгімелескен 

болатынмын. 



С і з д і   ө н е р г е 

қадам  басуыңызбен 

қ ұ т т ы қ т а й м ы н ! 

Спектакльді дәл осы Әзілхан ағамыздың «ма-

хаббат қызық мол жылдар» романы бойынша 

қоюға не себеп болды?

- Оқуымды аяқтағаннан соң жұмысқа орналасай-

ын, бірақ қандай спектакль апарамын деп ойланып 

жүргенімде  осы  романды  көріп  бірден  қызықтым. 

Ербол мен Меңтайды халық көрсе екен дедім. Қазіргі 

кез  жастар  заманы  ғой.  Оларға  біздің  өнеріміз 

арқылы беретініміз тәрбие, өнеге болғандықтан, 

осы қойылым арқылы өлмес махаббатты үлгі етіп 

көрсеткім келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет