Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы


- Сахнаға алып шығу үшін дайындығына қанша



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#6680
1   2   3   4   5

Сахнаға алып шығу үшін дайындығына қанша 

уақыт кетті?

-  Арнайы  сахна  үшін  жазылмағандықтан, 

қойылымды шығару қиын болды. Бұл спектакльге 

қарағанда  кино  ретінде  түсіруге  көбірек  келеді. 

Бірақ шамамыз келгенше тырысып, екі айдың ішінде 

дайындап шықтық.

-  Алдағы  уақыттағы  шығармашылық 

жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

-  Жүзеге  асырғым  келетін  біршама  жоспарла-

рым  бар.  «Айна  ғұмыр»  спектаклін  ойлап  жүрмін, 

Талаптан  Ахметжан  ағамыздың  «Сынық  қанат 

көбелек» повесті  бойынша да қойылым шығарғым 

келеді. Оралхан Бөкей еңбектерін де қарап жүрмін. 

Болашаққа деген біраз мақсат, армандарым бар.

- Сұхббатыңызға рахмет! Шығармашылығыңыз 

шыңдала берсін. Ойлаған арман, мақсаттарыңызға 

ерең еңбектеріңіздің арқасында жете беріңіз!

- Рахмет! Айтқаныңыз келсін. 

Бабасанова Тұмарым, 

ГӘФ журналистика мамандығының 

2-курс студенті.

23


C

M

Y



K

- Гүлнар Сейтжанқызы, сұхбатымызды еңбек 

жолыңыздан бастасақ. 

- Мен университет қабырғасында 1988 жылдан 

бері жұмыс істеп келемін. Педагогикалық пәндерден 

магистранттарға  сабақ  беремін.  2001  жылдан 

бастап халықаралық «RWCT» жобасының тренері 

болдым. Стамбулда өткен Еуразиялық халықаралық 

оқу қауымдастығы комитетінің қатысушысы және 

осы  жоба  бойынша  Ұлттық  конференцияның 

модераторы  болғанымды  мақтанышпен  айта 

аламын.  Ұстаздық  еткенді  жақсы  көремін  және 

аудиториядағы  тыңдаушылардың  бәрін  мұқият 

тыңдаймын,  пікірлесемін.  Өкінішке  қарай,  қазіргі 

таңда дәріс беретін пәндерім азайды. Сондықтан, 

студенттермен жиі кездесіп, әңгімелесе алмаймын.



-  Отбасыңыз  туралы  бірер  ауыз  айта 

кетсеңіз.

-Тату-тәтті  отбасында  өстім.  Мен  үйдің 



Біз де студент болғанбыз

Гүлнар Беркенова: 

«Жас кезіңде жалында»

Бұл өмірде біз үлгі тұтатын адамдар жетерлік. Біріміз сабақ берген 

ұстазымызға,  енді  біріміз  ата-анамызға  қарап  бой  түзейміз.  «Олар 

жетістікке қалай жетті, үлкен тәжірибені кімнен алды?»-деген сын-

ды түрлі сұрақтардың мазалауы да заңдылық. Студенттер де білім 

берген оқытушыларына қызыға да қызғана қарайды. Көпке үлгі болып 

жүрген еңбекқор жандардың бірі – педагогика ғылымдарының кандида-

ты, Қостанай мемлекеттік университетіндегі тәрбие ісі жұмыстары 

жөніндегі басқарманың басшысы Беркенова Гүлнар Сейтжанқызы. 

24


C

M

Y



K

кенжесі болдым. Сондықтан бәрі еркелетті. Бірақ, 

мен  қырсық  қыз  болған  жоқпын.  Әкем  Ішкі  істер  

саласында  жұмыс  істегендіктен  бәріміз  үйдегі 

тәртіпті  қатаң  сақтайтынбыз.  Кішкентайымнан 

ұқыпты болып өстім. Сабақты да өзім оқып, дай-

ындалатынмын. Бір сөзбен айтқанда, ата-анама 

салмақ салғаным жоқ. 



- Мектептегі ең тәртіпті оқушы болдыңыз 

ғой?

-  Мүмкін.  Мен  сабақты  қызығушылықпен 

оқитынмын. Мұғалімді зейін қойып тыңдауға тыры-

стым. Үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалуға 

машықтандым.  Біздің  сыныптың  балалары  өте 

тату болды. Қақаған қыстың үскірік аязына қарамай 

мектепке  баратынбыз.  Оқушы  кезімде  хордың 

құрамында ән айттым, би биледім, түрлі мерекелік 

іс-шараларға қатысып жүрдім. Кейін институт-

ты аяқтап, мектепте жұмыс істеп жүргенімде би 

үйірмесін ашуға бірден шешім қабылдадым. Бала-

лар биге құлшыныспен келетін.  Жаңа бастамаға 

ата-аналары  да  қуанды.  Олар  маған  сахналық 

костюмдерді дайындауға көмектесті. Бәріміз дүкен 

шарлап, әдемі көйлек іздейтінбіз. Көйлекке түрлі 

әшекейлер  жабыстырып,  сәндедік.  Сол  кездегі 

қарбалас тірлік бүгінде тәтті естелікке айналған. 

Өмірімдегі  ұмытылмас шақтар болып қала бермек. 



- Студент кезіңіз есіңізде ме? 

-  Студенттік  шақтар  мектептегі  кезеңнің 

жалғасы  болғандай.  Бұрынғыдай  ән  айттым, 

биледім, бірақ, бірінші орынға үнемі оқуды қойдым. 

Мені  бірінші  курста  комсомолдық  комитетке 

таңдап алды. 

Әрине,  ол  кездегі  талап,  ереже  басқа. 

Біздің  студенттік  өміріміз  ауыл  шаруашылық 

жұмыстары, құрылыс бөлімі, пионерлік лагерлер-

мен ерекшеленеді. Біз кітапханаға барғанды жақсы 

көретінбіз. Өйткені, ондағы атмосфера басқаша 

болатын. Студенттер түрлі кітаптарды ақтарып 

мәлімет іздеп, қағазға жазып алады. Қазіргі сту-

денттер сияқты бірден көшіріп немесе телефонға 

суретке  түсіру  деген  жоқ.  Кітапхана  басқа  оқу 

орнының,  өзге  факультеттің  студенттерімен 

танысу орталығына да айналып кететін. Жаңадан 

танысқан достарымызды өзіміздің оқу орнымыз-

да  өтетін  мерекелік  шараларға  шақыратынбыз. 

Сондай  кездесулердің  арқасында  барлық  оқу 

орындарының  студенттерін  жақсы  танитынбыз. 

Студенттік тойлар, оқу практикалары болатын. 

Ең  қызығы,  31  желтоқсанда  емтихан  тапсырған 

күндер де өтті. 

Ол  кезде  оқуға  деген  талап  қатаң.  Үйге  31 

желтоқсаннан  кейін  баратынбыз.  Сіздерге  қазір 

жақсы ғой. 31 желтоқсан күні ауылдарыңызға жетіп, 

ата-аналарыңызға барасыздар. 



-  Сол кездегі студенттер қандай еді? Бүгінгі 

жастармен салыстыра аласыз ба?

-  Студенттер  өзара  тату-тәтті,  әр  іске 

жауапкершілікпен қарайтын. «Бәріміз біріміз үшін, 

біріміз бәріміз үшін» деген ұстаныммен есейдік. Мен 

бұның бәрін зор сеніммен және мақтанышпен айта 

аламын. Себебі менің студенттік өмірімде осыған 

дәлел боларлық оқиға жетерлік. 

Кез  келген  адам  бірінші  курстың  естеліктерін 

көкейінде  мықтап  сақтап  алады.  Ең  қызықты 

сәттер оқудың алғашқы жылында болатын секілді. 

Менің де бірінші курста оқып жүрген кезім. Қысқы 

сессия  уақыты.  Соңғы  емтиханға  санаулы  күндер 

қалды. Үйге ертерек кету үшін емтиханға бірінші 

кіруге асығатынбыз. Кезегім келген соң билет алып, 

сұраққа жауап бердім. Мұғалім «жақсы» деген баға 

қойды. Өз міндетімді орындаған соң аудиториядан 

шығып үйге кетіп қалдым. 

Ол кезде ұялы телефон жоқ. Демалыстан кел-

сем, курстастарым у-шу болып жүр.  Құрбыларыма 

мұғалімнің  маған  қойған  бағасы  ұнамапты.  Олар 

менің  жауабымды  тыңдаған.  Оқытушының  қойған 

бағасына көңілдері толмаса керек. Бұны әділетсіздік 

деп тауып, емтиханнан кейін бәрі жиналып деканға 

барыпты. Болған оқиғаны факультеттің деканына 

айтқан. Ол кісі де группаластарымды жақтамасы 

бар  ма.  Демалыстан  келгенімде  мені  деканатқа 

шақырып алып, «Сұраққа толыққанды жауап бере 

тұра  мұғалім  қойған  бағасына  келісе  салғаның 

қалай? Неге өзіңді қорғап  шықпадың?» деп сұрады. 

Мен, «Баға білімнің көрсеткіші емес. Мен шағымданып 

баға  сұрамаймын»  деп  жауап  бердім.  Декан  менің 

жауабыма  риза  болған  жоқ.  «Намыс  адамға  үнемі 

пайда  әкеле  бермейді»-  деді.  Мүмкін  солай  да 

шығар.  Бірақ  менің  табиғатыма  арызқойлық  тән 

емес. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген 

бар емес пе. Адамның болмысын өзгерте алмайсың. 

Мен  үшін  жанұшырған  курстастарыма  алғысым 

шексіз. Осыдан кейін біз бір-бірімізді үнемі қолдап 

жүрдік. Міне, біз осындай студент болдық. 

Бұрынғы  мен  бүгінгіні  салыстыруға  келмейді. 

Салыстырудың  қажеті  де  шамалы.  Қазіргі 

студенттердің де өздеріне тән артықшылықтары 

бар. 

-  Тәуелсіз  еліміздің  студенттеріне  айтар 

кеңесіңіз немесе тілегіңіз болса.

Біздің студенттерге белсенді және өмірге ғашық 

болыңдар  дегім  келеді.  Уақыт  жоқ  деп  ешқашан 

шағымданбаңдар. Өйткені, уақыт – жүйрік. Ешкімнің 

ырқына бағынбайды, көнбейді. Уақытты дұрыс пай-

далана білген жөн.

Бәріне  үлгеруге  болады.  Сабаққа  жан-

жақты  дайындалып,  мерекелік  іс-шараларға 

да  қатысыңыздар.  Өең  айтып,  би  билеңіздер. 

Конференцияларға да қатысыңыздар.

Бірқалыпты тіршілік адамды тез жалықтырады 

немесе жалқаулыққа баулиды. Сондықтан, әрқашан 

ізденісте жүріңіздер. 

Жастық шақ – студенттің ең басты 

байлығы.  Жас  кезіңде  жалында.  Бұл 

дегеніңіз  –  белсенділік,  мықты  денса-

улы,  рухани  күш.  Өзіңізді  әр  қырынан 

таныңыз. Ештеңеден қорықпай, тек қана 

алға  жүріңіз.  Сонда  ғана,  жетістікке 

жетіп, өмірлік ұстанымыңызды анықтап, 

болашаққа нық қадам баса аласыз.     

Сұхбаттасқан Арайлым 

Қабимолдақызы,

ГӘФ журналистика мамандығының 

3-курс студенті.      

25


C

M

Y



K

   « Ыбырайдың өсиеті» сахнада

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 

студенттері үлкен игі істі абыроймен атқарып шықты. 

Олай дейтінім, институт ішінен құрылған студенттер 

театрының болашақ әртістері, Ұлы ағартушы Ыбы-

рай  Алтынсарин  туралы  ақын,  драматург  Ақылбек 

Шаяхметтің "Ыбырай өсиеті" атты пьесасын сахна-

лады.  Пьесса  барысын  студенттер  сомдағанымен, 

кәсіби әртістерден кем емес екендігін байқатты. Қай-

қайсысы өзіне жүктелген рөлді асқан сезімталдықпен 

ойнап  шықты.  Пьесаны  тамашалауға  институт 

басшылығы мен студенттері келді.

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тари-

хында және ұлттық мектептің қалыптасуында өшпес 

із қалдырды. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді 

адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып 

жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен 

жақын  танысып  алды.  Ол  өзінің  бай  кітапханасын 

Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат 

етті.  Білімге  құштар  жас  бос  уақытының  бәрін  сол 

кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген 

құмарлық  пен  өз  халқыма  неғұрлым  көбірек  пай-

да  келтірсем  деген  абзал  арманға  ұмтылыс  жас 

Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-

құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп 

оқыды,  өзге  халықтардың  қол  жеткен  табыстарын 

неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған 

білімін  өз  халқының  пайдасына  асыруға  талпын-

ды. Туған жерге перзенттік өтеу ретінде бар жиған 

тергенін жас ұрпақтың білімі жолына жұмсауға бекінді. 

Сол себепті Торғайдан екі сыныптық мектеп ашты. 

Бірақ сол жолда аз тер төгілген жоқ. Жолын кесіп, 

игі  ойынын  жүзеге  асырылуына  кей  ора  шолақтар 

бөгет жасады. Ұлы ұстаз: "Мен ешқашан да сабақты 

бұзуға молдаларға жол бермеймін, ал миссионерлер-

ге қазақ балаларын шоқындыруға жол бермеймін. 

Орысқа    бодан  болған  қазақтардың  жағдайы  да 

оңып кете қойған жоқ. Ендігі амал орыспен соғысу, 

босқа қырылу емес, сол орысқа бағынышты болсақ 

та, қазақтың жастарын орыс оқуына үйрету, түрлі 

ғылымды, әскери өнерді меңгеру", – дейді. Ал басты 

рөлді сомдаушы өзі рухани байлық алғанын айтады.



- «Бұл рөлде ойнау өте қиын болды. Себебі Ыбы-

рай  Алтынсаринді  ең  бірінші  ойнауға  ниеттеніп 

дайындық барысында, Ислам дінін нақты ұстанған 

адам,  өзінің  дініне  берік  екендігін  білетінмін. 

Құраннан  күш  қуат  алатындығын  сездім.  Мен  де 

осы рөлді сомдау барысында өзімді сол бетке бұрып 

Құран  қадірін  жіті  түсінуге  тырыстым.  Жүріс 

тұрысымды  дұрыстап,  ел  сыйлаған  киелі  адам 

болғаннан  соң,  ол  кісінің  кейпін  сомдау  еріккеннің 

ермегі емес екенін ұқтым. Осы қойылым барысын-

да  Ыбырай  бабамыздың  текті  тұлға  екенін  біліп 

өзімді мықтай түстім. Пенде Аллаға сенім артып, 

тәуекел  етпесе  барлық  ісі  ада  екенін  түсіндім. 

Екінші жағынан қойлымға қадірлі қонақтар келетін 

болғандықтан,сол кісілердің және жетекшіміздің ал-

дында абырой керектігін ойладым. Әрине, қойылым 

барысында  қобалжу  болды,  шамалы  сөзімізді 

ұмытып қалған кездерде мұқалмастан орнын тол-

тырып жіберетіндей өн бойымда күш-қуат барын 

сездім. Сөйтіп өз қорқынышымды женіп жақсы сом-

дадым деп ойлаймын. Дайындықты екі ай көлемінде 

жүргіздік.  Құдайға  шүкір,  халыққа  ұнап  жатқанын 

ыстық  ықыласы  мен    қошеметтерінен  сезілді»,-

дейді Ыбырай бамамыздың рөлін сомдаушы, жара-

тылыстану математика факультетінің Кәсіптік оқыту 

мамандығының 3-курс студенті  Думан Сайын.

Ұлы  тұлғаны  сомдау  үшін  мол  күш,  қажымас 

қайрат,  мұқалмас  жігер,  талмас  талап  керектігі 

ақиқат. Ақылбек ағай Шаяхмет ұлт ұстазының жан 

серігі  ақын  Нұржан  Наушабайдың  Ыбарайға  деген 

кіршіксіз адал достығын бейнелеген. Мектеп ашу ба-

рысында қаржылық жағынан да демеушілер табуға 

мол  септігі  тигендігін  аңғаруға  болады.  Осы  баға 

жетпес  сыйластықты  сахнада  көрерменге  жеткізе 

білген жас артистердің жетекшісі Ақбидаш апайдың 

еңбегі зор.



-«Екі  жыл  бұрын  Қостанай  мемлекеттік 

педагогикалық институнда талантты жастардың 

бастамасымен, ниетімен «Жас сахна» студенттер 

26

Театр - мәдениет ошағы



C

M

Y



K

театрын құрған болатынбыз. Осы уақытқа дейін 

біраз  сахналық көріністеріміз, қойылымдарымыз бар. 

Биылғы жылы Ақылбек Шаяхметтің «Ыбырайдың 

өсиеті»  пьесасын  сахналаған  себебіміз,  халық 

ағартушысы  Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы, 

Тәуелсіздіктің  25  жылдығымен  тұспа  тұс  келіп 

отыр. Сонымен қатар педагогика және психология 

факультетінің ұйымдастырумен өткізіліп отырған 

халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға 

сәйкестендіріп  отырмыз.  Бұл  пьесада  біраз 

құнды жағдайлар айтылған. Біз Ақылбек ағайдың 

келісімімен  қысқартып,  ықшамдап  ел  назарына 

ұсындық. Жан-жағын жаңа танып, өсіп келе жатқан 

студенттерге күш түсірмеу жағын ойладық. Осы 

пьесаны  ұсынғанда  студенттер  қуана  келісе 

кетті.  Өйткені,  білімнің  бастауы  Ыбырай  ата 

екендігін олар біліп, бәрі бір ауыздан қолдады. Тағы 

да  №11  мектеп  оқушылары  ат  салысты.  Пьеса 

қаншалықты  ықшамдалғанымен  көптеген  ойлы 

орамды дүниелер қозғалды деп білемін. «Біткен іске 

сыншы көп» дегендей, ойнау барысында кемшіліктер 

болған шығар. Рольдерді сомдаған артистер кісіби 

маман емес. Сондықтан, кешіріммен қарған жөн деп 

білемін. Менің ойымша, қойылым жақсы және жоғары 

денгейде болды. Жиылғандардың көңілінен шыққаны 

жүздерінен көрініп тұрды. 

Талапшыл  жастарға  институтымыз  қолдау 

білдірді. Балалардың ұйымдастыруымен сахналық 

жабдықтарды орналастыру барысында озаттылық 

көрсеткендері менің де көңілімен шықты. Жараты-

лыстану,  математика,  тарих,  өнер  педагогика 

мен  психология    факультеттерінің  студенттері 

белсенді  қатысты»,  -  дейді  ұйымдастырушы,  пе-

дагогика  факультетінің  аға  оқытушысы  Ақбидаш 

Әбдіркенова.

Зор  жауапкершілікті  мойынына  алу  да  оңай  ша-

руа  емес.  Тамашалауға  келген  студенттер  де  дән 

риза. Пьесаны көру барысында өзіндік ерекше  жан 

тебіреністе отырғандарын жасырып қалған жоқ. 

- «Мен бұл пьесадан ерекше рухани байып қалдым. 

Ыбырай  бабамыздың  білімділігіне,  Алла  тағалаға 

адалдығына  қанық  болдым.  Сонымен  қатар  ин-

ститут студенттері зор жауапкершілікті сезініп, 

шебер сомдап шыққандығына ерекше риза болдым. 

Ақылбек Қожаұлына алғысым шексіз. Болашақта да 

тарихымызды  жаңғыртып,  біз  сияқты  жастарға 

тәлім боларлықтай, рихани дүниемізді байытардай 

дүниелерді өмірге әкеле берсін», - дейді ҚМПИ-дың 

студенті Ерхан Егінбаев.

Бұл пьесаның жас буын өкілдеріне берер пайдасы 

мол. Тәрбиелік, тағылымдық жағы басымырақ. Жас 

ұрпақ Ыбырай ата бойындағы адалдық, өзіне деген 

сенімділік,  жан  тазалығы  деген  құндылықтарды  өн 

бойын  сіңірсе  пьесаны  жазған  автордың  еңбегі  еш 

кетпегені деп білеміз.

Сералы РАМАНҰЛЫ,

ГӘФ журналистика мамандығының 

студенті.

27


C

M

Y



K

А х м е т   Б а й т ұ р с ы н о в 

а т ы н д а ғ ы   Қ о с т а н а й 

м е м л е к е т т і к 

университетінің агрономия 

кафедрасының  профессо-

ры,  ауыл  шаруашылығы 

ғылымдарының  кандидаты 

Аманжол  Ахмет  редакция-

мыз  Қазақстанның  халық 

жазушысы,  көрнекті  ақын 

Мәриям Хакімжанованың бір 

топ суреттері мен өлеңдерін 

жолдаған  еді.    Қолымызға 

т ү с к ен     с у р е т т е р д е 

ақынның әр жылдары туған-

туыстарының және елімізге 

белгілі ақын-жазушылардың 

ортасында  болған  сәттері 

бейнеленген. 

Биыл  Мәриям  апамыздың 

туғанына 110 жыл, арғы ата-

сы – ұлы ағартушы Ыбырай 

Алтынсариннің  туғанына 

175 жыл толып отыр. Осы-

нау  ерекше  датаға  орай 

ақын апа туралы деректерді 

оқырман  назарына  ұсынып 

отырмыз. 

Ө м і р б а я н д ы қ 

м а т е р и а л д а р -

да  халық  жазу-

ш ы с ы   М ә р и я м 

Хакімжанованың 

1 9 0 6   ж ы л ы   1 5 

қарашада Қостанай 

облысының  қазіргі 

Алтынсарин  ауда-

нында  туғаны 

жазылған. Мәриям апа атақты Балғожа бидің шөбересі. 

Белгілі Балғожа биден Алтынсары және Қошан туады. 

Алтынсарыдан  Ыбырай,  Қошаннан  Нұғыман,  одан 

Хакімжан тарайды. Мәриям Хакімжанова мен Ыбырай 

Алтынсарин арасындағы туыстық қарым-қатынасты 

сан салалы шежіре деректері осылайша түсіндіреді. 

Мәриям  Хакімжанова  1931-1935  жылдары  раб-

факта дәріс алған. Бұрынғы

 «Әйел теңдігі», қазіргі 

«Қазақстан әйелдері» журналында алдымен әдеби 

қызметкер, кейін жауапты хатшы, қызметін атқарған. 

Әр жылдары  Қазақстан  халық ақындары бөлімінің 

меңгерушісі, көркем әдебиет баспасында редактор, 

аға редактор болып жемісті жұмыс істеген. Ол 1936 

жылы  Алматы  қаласына  барып,  қоғамдық  өмірге 

араласады. 1934 жылы КСРО Жазушылар одағына 

мүшелікке  қабылданып,  оның  мүшелік  билетіне 

орыстың  жазушысы  Максим  Горький  қол  қойған. 

Оның 1935 жылы баспадан шыққан тұңғыш жинағы 

«Жеңешем жыры» деп аталыпты. 

Ананың адамгершілік қасиеті, қадірі, жан сезімі, ой 

толғаныстары Мәриям апаның бүкіл творчествосының 

өзегі деуге болады. Оның өлеңдер жинағы «Ана ма-

хаббаты», «Ана жүрегі», «Ана жаны» деп бекер атал-

маса керек. Ана туралы өлең жазып, ән шығармаған 

шығармашылық иесі жоқ шығар, сірә. Біз әңгімелеп 

отырған Мәриям ақынның кейіпкерлері  – жасампаз, 

еңбекқор, ержүрек ана, аялап ұл-

қыз өсірген қамқор әйел. 

Ақынның бас кітабы – «Мәншүк» 

поэмасы. Бұл – оның бүкіл ақындық 

қуатын,  дарынын,  шеберлігін 

жұмсаған  шығармасы.    Поэма-

ны  зер  сала  оқи  отырып  қазақ 

халқының қаһарман қыздарының 

бірі,  ержүрек  пулеметші,  Со-

вет  Одағының  Батыры  Мәншүк 

Мәметованың өр тұлғасын көресіз, 

ерлігіне  сүйсінесіз,  қазасына 

қайғырасыз.  Осындай  батыл 

қыздың  болғанына  мақтанып 

та  аласыз.  Аталған  шығарма 

1945  жылы  жеке  көлемді  кітап 

болып  басылған.  Отанға  деген 

сүйіспеншілікті  арттырып,  туған 

жерге деген ынтық сезімді өршіте 

түсетін туынды 1947 жылы орыс 

тіліне  аударылыпты.  Кейін  осы 

поэма  желісінде  «Ана  махабба-

ты» деп аталатын деректі фильм 

әзірленген.  

Мәриям  Хакімжанованың 

есімі  қазақ  поэзиясындағы  қыз-

к е л і н ш е к т е р 

керуенінің  көш 

б а с ы н д а   т ұ р . 

Ақын  өз  халқын 

жанындай сүйді, 

ұлттың  тілі  мен 

дінін,  мәдениеті 

мен  дәстүрін 

сыйлап  өтті.  Туған  жерін 

жырлаудан  бір  сәтке  жалықпады.  Туған  халқын, 

сол елдің перзенттерін кез келген қыспақтан шырыл-

дап  арашалай  білді.  Сонау  аласапыран  жылдары 

солақай  саясаттың  құрығына  ілігіп,  «халық  жаула-

ры» атанған Сәкен Сейфуллин, Бейімбек Майлиннің 

үйіне отын (сексеуіл) тасыған әрекетінің өзі ерлікпен 

пара пар.

Ақынның  туған  жері  Қостанайына  деген  ыстық 

ықыласы жауһар жырларынан көрініс табады. Мына 

бір өлеңінің үзіндісінде ата мекенге деген сағыныш 

сазы төгіліп тұр.



«Қос орденді, қос қанатты Қостанай,

Ата мекен саған келсек көңілім жай.

Сенде тудым, сенде өстім, сен маған,

Көрінесің ақ сүт берген анадай.

Көрем сені ыстық құшақ ұямдай,

Жыр төгілед көкірегіме сыя алмай.

Келгенімде жас баладай қуанам,

Кетерімде қиналамын қия алмай». 

Мәриям  Хакімжанованың  Қостанайға  келген  әр 

сапары  үлкен  мейрамға  айналған.  Жерлестерімен 

кездесіп, болашақ шығармаларына арқау боларлық 

тың  ойлар  алған.  Туған  топырағынан  қуат  алып, 

Алматыға қайта аттанған. 

Көзкөргендер апайды көпшіл кісі деп еске алады. 

Оның  кішкене  аласа  үйінен  дәм  татпаған,  шабыт 

алмаған қазақ ақындары кем де кем. Сөзіміз жалаң 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет