Төмендегi он нəрсе соңғы демде имансыз
кетуге себеп болады:
1. Аллаһу та’аланың қойған əмірі мен тыйымдарын үйренбеу.
2. Иманын Əһли сүннетке сай дұрыстамау.
3. Дүние-мүлкіне, атағына құмар болу.
4. Адамдарға, жануарларға, өзiне зұлымдық қылу.
5. Аллаһу та’алаға жəне жақсылықтың келуіне себепші
болғандарға шүкір/рахмет етпеу.
6. Имансыз болудан қорықпау.
7. Бес уақыт намазды уақытылы оқымау.
8. Пайызға ақша берiп, ақша алу.
9. Дiндар мұсылмандарды төмен көру, менсiнбеу. Оларды дүние
ағысынан керi қалғандар деп айту.
10. Ұятсыз сөздер айту, жазулар жазу жəне суреттер салу.
Əһли сүннет ақидасында болу үшін мына жайттарға
мəн беру керек:
1. Аллаһу та’аланың сипаттары бар, олар затынан бөлек.
2. Иман артып-кемiмейдi.
3. Үлкен күнə iстеумен иман кетпейдi.
4. Ғайыпқа иман шарт.
5. Иман тақырыбында қияс болмайды.
6. Аллаһу та’ала жəннатта көрiнедi.
7. Тəуеккел ету иманның шарты.
8. Ғибадаттар иманның бiр бөлiгi емес.
9. Тағдырға иман, иманның шарты.
10. Амалда төрт мазһабтың бiрiнде болу шарт.
11. Сахабаларды, əһли бəйттi (пайғамбар ұрпағын) жəне хазреті
Пайғамбарымыздың əйелдерiнің барлығын құрмет тұту шарт.
12. Төрт халифаның дəрежелерi, халифалық кезегiне байланы-
сты.
13. Намаз, ораза, садақа сияқты нəпіл ғибадаттардың сауабын
басқаларға бағыштау жаиз.
14. Миғраждың - рух жəне денемен болғанына сену.
15. Əулиелердiң көрсеткен кереметтерi хақ.
16. Шапағат хақ.
17. Мəсiнiң үстiне мəсһ ету жаиз.
18. Қабiрде сұрақ сұралады.
19. Қабiр азабы рухқа жəне денеге бірдей болады.
20. Адамдарды жəне олардың iс-əрекеттерiн Аллаһу та’ала жа-
ратады. Адамда ирадаи жүзийа деген қалау сипатының азғана бір
мөлшері бар.
21. Ризық халалдан да, харамнан да болады.
22. Əулие кiсiлердiң рухтарымен тавассул етiледi жəне олардың
құрметіне деп дұға етiледi.
Жаман мiнездер:
1. Күпiр.
2. Надандық.
3. Айыпталудан қорқып ақиқатты жасыру.
4. Мақтағанды жақсы көру.
5. Ақидасы бұрыс болу. (Қате иман)
6. Хава-и нафс, яғни нəпсiнiң қалауларына еріп жүру.
7. Басқаларға еліктеген иман. (Танымайтындарға еліктеу)
8. Рия, ахырет iстерiн мақтаныш жəне абыройы үшiн iстеу.
9. Тул-и амал. (Өмiрдiң қызығын көру үшiн ұзақ өмiр сүруді ар-
мандау)
10. Тама’. (Дүние ляззаттарын харам жолдардан iздеу)
11. Кібірлік. (Өзiн жоғары санау, тəкəппарлық)
12. Тəзəллүл. (аса қарапайымдылық)
13. Ужб. (Iстеген жақсылық пен ғибадаттарына менменсу)
- 172 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 173 -
НАМАЗ КІТАБЫ
14. Хасед. (Қызғаныш, көре алмаушылық, нығметтердің
басқалардан кетуін қалау. Абуллайс Самарқанди: «Үш кiсiнiң
дұғасы қабыл болмайды, олар - харам жеген, ғайбат айтқан, ха-
сед еткендер» деген.)
15. Хықд. (Басқаларды төмен санау)
16. Шаматат. (Өзгенің басына келген қиыншылықа, пəлекетке
қуанып, шаттану)
17. Хиджр. (Достық қарым-қатынасты үзу)
18. Жүбн. (Қорқақтық)
19. Тахаввүр. (Ашулы мiнездiң көп жəне зиянды болуы.)
20. Ғадр. (Берген сөзiнде тұрмау.)
21. Қиянат. (Мүнафиқтықтың белгісі; сенімділікті бұзатын сөз
не іс.)
22. Уəдесін бұзу. (Хадис шəрифте: «Мүнафиқтың белгісі
үшеу: өтірік айту, берген сөзін бұзу, аманатқа қиянат жасау»
делінен.)
23. Су’и зан.
(Су’и зан /жаман ойда болу/ ету харам.
Күнəларының кешірілмейтіндігін ойлау Алла та’алаға суи’ зан ету
болады. Мұсылмандарды пасық деп ойлау да суи’ зан болады.)
24. Дүние мүлкіне деген махаббат.
25. Тасвиф. (қайырлы iстердi iстеудi кешiктiру, кейінге қалдыру.)
Бiр хадисте: «Бес нəрсе келмей тұрып бес
нəрсенiң қадiрiн бiлiңдер:
өлместен бұрын өмiрдiң қадiрiн, ауырмай тұрып денсаулықтың
қадiрiн, дүниеде ахыретті жақсартудың қадiрiн, қартаймай
тұрып жастықтың қадiрiн, кедейліктен бұрын байлықтың
қадiрiн» - деп айтылған.
26. Пасықтарды, яғни харам істейтін адамдарды жақсы көру.
(Пасықтықтың ең жаманы зұлым ету.)
27. Ғалымдарға дұшпан болу. (Ислам ілімдері жəне
ғалымдарымен əзілдеу күпір болады.)
28. Фитна шығару. (Адамдарды қиын жағдайға түсіретін бүлік
шығару.) Хадис шəрифте: «Фитна ұйқыда, оны оятқан кiсiге
лағнет (қарғыс) болсын» - делiнген.
29. Мүдахане жəне мүдаара. (Күшi жете тұра харам істегенге
кедергі болмау жəне дүниесі үшiн дінін беруге мүдахане делінеді.
Діні үшін дүниесін беру мүдаара болады.)
30. Инад жəне мүқабара. (Ақиқатты, дұрыс нəрсенi естiп, қабыл
етпеу, қырсығу.)
31. Нифақ. (Екi жүздiлік.)
32. Тəфаккур етпеу. (Күнəларын, жаратылғандарды жəне өзін
ойламау.)
33. Мұсылманға беддуға ету (қарғау).
34. Мұсылманға жаман лақап ат тағу.
35. Кешірім сұрағанды кешірмеу. Кешірімді болмау.
36. Құран Кəрiмдi қате тəфсир ету.
37. Харам нəрсе iстеуден қайтпау.
38. Ғайбат айту
39. Тəубе етпеу.
40. Абырой-атаққұмарлық.
Жаман мінездерден алыс болып, жақсы мінезді болуға ұмтылу
керек. Хазреті Пайғамбарымыздың алейһиссалам хадистерінде:
«Ғибадаттары аз болған кісі, жақсы мiнезiмен қиямет күнi биiк
дəрежелерге жетедi.»
«Ғибадаттардың ең оңайы жəне ең пайдалысы, аз сөйлеу
жəне жақсы мiнездi болу.»
«Сенен ұзақ жүргендерге жақын болу, зұлымдық еткендерді
кешіру, сені мақрұм еткендерге жақсылық жасау – жақсы мінезді
болудың белгілері.»

- 174 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 175 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Тоғызыншы бөлiм
НАМАЗ СҮРЕЛЕРI ЖƏНЕ ДҰҒАЛАРЫ
Сүре жəне дұғаларды кирилл əріптерімен жазуға бола ма?
Сүрелер мен дұғаларды кирилл əрiптерiмен жазуға
тырысқанымызбен дұрыс жазылмайды. Кирилл əріптеріне қанша
белгi қойсақ та сүрелер мен дұғаларды дұрыс оқу мүмкін емес.
Бұларды Құран Кəрімдегі əріптер сияқты оқи білетін адамның
оқытуы жəне үйретуі қажет. Бұл нəрсе үйретушінің Құран кəрімді
таныту, үйрету мүмкіндігі мен нығметіне қол жеткізуіне себепші бо-
лады. Бұл нығметтің үлкендігі дүниеде жəне ахыреттегі пайдалары
хадис шəриф пен фиқһ кітаптарында көп түсіндірілген, сауабының
өте көп екендігі білдірілген.
Сондықтан əрбiр мұсылман өзiнiң балаларын мешiттерге,
Құран курстарына жіберуі немесе өзі Құран Кəрім əріптерін жəне
бұлардың қалай оқылатындығын жақсылап үйрету арқылы көп
сауапқа ие болуға ұмтылуы керек. Бiр хадис шəрифте: «Балалары-
на Құран кəрiм үйреткен немесе Құран ұстазына жiберген кiсiге
үйретілген Құранның əрбiр əрпi үшiн, Қағбаға он рет барып кел-
гендей сауап берiледi жəне қиямет күнi басына дəулет тəжi
кигiзiледi. Көрген адамдар қызыға қарайды.» делiнген. Басқа бiр
хадис шəрифте: «Балаларына дiнiн үйретпегендер тозаққа бара-
ды.» деп бұйырылған.
Намаз сүрелерiнiң мағыналары
Фатиха суресі
Рахман жəне Рахим (Аса қамқор ерекше мейірімді) болған
Аллаһтың атымен.
Барлық мақтау бүкіл əлемнің Раббы, Рахман, Рахим жəне қиямет
күнінің иесі болған Аллаһқа тəн. Тек Саған ғана ғибадат етеміз, тек
Сенен ғана жəрдем тілейміз. Бізді тура жолға, нығмет бергендеріңнің
жолына сала гөр. Азапқа ұшырағандардың, адасқандардың жолына
емес.
Фил суресі

(Ей, расулым!) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің
бе? Ол олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? Ол бұлардың
үстіне топ-топ құстарды жіберді. Олар оларға (піл иелеріне) күйген
кірпіштен (жасалған) тас (-тар) атып жатты. Сонда (Аллаһ) оларды
желінген топан тəрізді қылды.
Фил оқиғасы. Хабашстанның патшасы Нəжашидiң Йемен əкiмi
болған Абраха деген адамы бар едi. Абраха адамдардың Меккеге ба-
рып, Қағбаны зиярат етуден қайтару үшiн Сана қаласында үлкен əрi
əдемi бiр шiркеу салдырады. Бiрақ ол өзiнiң мақсатына жете алмай-
ды. Қағбаға баратындар ол шіркеуге бармайды. Тіпті, Фуқайм тайпа-
сынан болған Нуфейл атты жас жігіт Абраханың салдырған шiркеуiн
ластап кетедi. Абраха, осы оқиғаны сылтау етiп, көп əскер жинап,
Меккеге қарай жүреді. Əскерiнiң алдында Нəжашиден алған үлкен
бiр пiл болған. Ол пiлі жəне əскерi арқылы жеңiске жететiндiгiне
сенiмдi едi.
Мекке қаласына кірер кезде əлгi пiл жерге жатып алып, орны-
нан қозғалмайды. Қанша тырысса да оны Меккеге қарай беттете ал-
майды. Ал басқа жаққа қарай бұрса, орнынан тұрып, жүгірiп кетуге
дайын едi. Дəл осы кезде Аллаһу та’ала Абраханың əскерiне Əбабил
атты құстарды жiбередi. Құстар тұмсықтарында жəне аяқтарындағы
тастарды Абраханың əскерлерінің үстіне тастайды. Аят кəримада
айтылғандай
(“Сонда оларды желінген топан тəрізді қылды”)
жағдайға душар болады.
Осы оқиға болған жылға араптар «Фил жылы» деп ат қойған.
Осы оқиғадан 50-55 күннен кейiн хазреті Пайғамбар алейһиссалам
дүниеге келедi.
Қурайш суресі
Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған
Аллаһтың атымен.
Қурайшты амандық пен сау-саламатқа, олардың қыстық
жəне жаздық сапарларындағы рахатқа қауыштырғандықтан (ең
болмағанда) осы үйдің (Қағбаның) Раббысына ғибадат етсін. Раб-

- 176 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 177 -
НАМАЗ КІТАБЫ
былары оларды ашаршылықта (құтқарып) тамақтандырды, қауіп-
қатерден сақтады.
Маун суресі

Дінді (Мұсылмандықты) өтірікке шығарғанды көрдің бе?
Ол сондай: жетімді жəбірлейді, жоқ-жітікті тамақтандыруға
қызықтырмайды. Сондай намаз оқитындарға (мунафиқтарға) нендей
өкініш! Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. Көрер көзге, атақ үшін
оқиды. Ұсақ-түйек (түкке тұрмайтын) заттарын бір-біріне бермейді.
Кəусəр суресі

(Хабибим!) Шынында да біз саған Кəусəрді бердік. Сондықтан
Раббың үшін намаз оқы, құрбандық шал. Расында саған (нəсілі жоқ)
деп тіл тигізгендердің өзі ұрпақсыз қалады.
Түсіндірмесі: Бұл сүре Хазреті Пайғамбарымыз алейһиссаламға
берiлген нығметтерi мен оның екi мiндетiн ашықтауда. Аяттағы
«Кəусəр» сөзiне Ислам ғалымдары бiрнеше мағына берген. Бiрақ
көпшiлiгiнiң айтуы бойынша:
1. Жəннатта бiр өзен немесе көл бар. Оның суы балдан тəттi,
сүттен де ақ, қардан да мұздай.
2. Құран Кəрім, өйткені ол дүниелiк жəне ахыреттiк
жақсылықтарды жинақтаған кiтап.
3. Хазреті Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы.
4. Жер мен көкте хазреті Пайғамбарымыз үшiн көп зiкiр мен
мақтау.
5. Аллаһ елшiсiнiң балалары жəне артынан ерушiлерi.
6. Хазреті Пайғамбардың сахабасы жəне үмбетiнiң iшiндегi
ғалымдары.
Хазреті Пайғамбарымыздың ұлы Қасым дүниеден өткен кезде
Ас бин Ваил: «Мұхаммедтiң нəсiлi кесiлдi, оның артында ұрпағы
қалмады»- дедi. Мұны басқа мүшріктер де айтқан болатын. Олар
мұсылмандардың басына келген қиыншылыққа қуанатын едi.
Бұл сүре кəпірлердің қате ойларын жоққа шығарды. Қысқа сүре
болғанымен де өте терең мағыналы.
Кафирун суресі

Ей, Хабибім! Оларға айт: Əй, кəпірлер, мен сендердің
табынғандарыңа (пұттарға) табынбаймын. Сендер де менің ғибадат
ететініме (Аллаһу та’алаға) ғибадат етпейсіңдер. Мен сендердің
ғибадат еткендеріңе (ешқашан) ғибадат етпегенмін. Сендер де
менің құлшылық қылып жатқаныма (ешқашан), құлшылық қылушы
емессіңдер. Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме.
Насыр суресі
Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған
Аллаһтың атымен.
Аллаһтың жəрдемі жəне жеңіс күні келген кезде, адамдардың
Аллаһтың дініне (мұсылмандыққа) топ-тобымен кіргенін көргенде
Раббыңды мақтай дəріпте. Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ
тəубені көп қабыл етуші.
Тəббəт суресі
Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған
Аллаһтың атымен.
Əбу Лəһəбтің екі қолы құрысын. (Өзі де) құрыды (быт-шыт бол-
ды). Оның малы да (Əкесінен қалған мирасы), тапқан малы да өзіне
пайда бермеді. Ол, жалындаған отқа кіреді, əйелі де отын көтеруші
болып, мойнындағы есілген арқанмен кіреді.
Түсіндірмесі: Бұл сүре Хазреті пайғамбарымызға көптеген
зұлымдық қылған Абу Лəһəб пен əйелiнiң бытшыт болып, қатты
азапталатындары жайлы хабар берген. Хазреті пайғамбарымыз
алейһиссалам Аллаһу та’аладан «туыстарыңды қорқыт» деген
əмiр келген соң, Сафа төбесiне шығып, туыстарын жинап оларды
Ислам дiнiне шақырды. Осы жерде Абу Лəһəб пайғамбарымыздың
айтқанына қарсы шығып, сол жердегiлердiң тарап кетуiне себепшi
болған. Абу Лəһəбтың əйелi хазреті пайғамбарымыздың жүретiн жо-
лына тiкенек, тікенекті ағаштар əкелiп тастайтын.
Абу Лəһəб хижреттiң екiншi жылында болған Бəдiр соғысында
мұсылмандардың жеңісіне шыдай алмай жетi күн қиналып жа-
- 176 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 177 -
НАМАЗ КІТАБЫ
былары оларды ашаршылықта (құтқарып) тамақтандырды, қауіп-
қатерден сақтады.
Маун суресі
Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған
Аллаһтың атымен.
Дінді (Мұсылмандықты) өтірікке шығарғанды көрдің бе?
Ол сондай: жетімді жəбірлейді, жоқ-жітікті тамақтандыруға
қызықтырмайды. Сондай намаз оқитындарға (мунафиқтарға) нендей
өкініш! Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. Көрер көзге, атақ үшін
оқиды. Ұсақ-түйек (түкке тұрмайтын) заттарын бір-біріне бермейді.
Кəусəр суресі
Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған
Аллаһтың атымен.
(Хабибим!) Шынында да біз саған Кəусəрді бердік. Сондықтан
Раббың үшін намаз оқы, құрбандық шал. Расында саған (нəсілі жоқ)
деп тіл тигізгендердің өзі ұрпақсыз қалады.
Түсіндірмесі: Бұл сүре Хазреті Пайғамбарымыз алейһиссаламға
берiлген нығметтерi мен оның екi мiндетiн ашықтауда. Аяттағы
«Кəусəр» сөзiне Ислам ғалымдары бiрнеше мағына берген. Бiрақ
көпшiлiгiнiң айтуы бойынша:
1. Жəннатта бiр өзен немесе көл бар. Оның суы балдан тəттi,
сүттен де ақ, қардан да мұздай.
2. Құран Кəрім, өйткені ол дүниелiк жəне ахыреттiк
жақсылықтарды жинақтаған кiтап.
3. Хазреті Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы.
4. Жер мен көкте хазреті Пайғамбарымыз үшiн көп зiкiр мен
мақтау.
5. Аллаһ елшiсiнiң балалары жəне артынан ерушiлерi.
6. Хазреті Пайғамбардың сахабасы жəне үмбетiнiң iшiндегi
ғалымдары.
Хазреті Пайғамбарымыздың ұлы Қасым дүниеден өткен кезде
Ас бин Ваил: «Мұхаммедтiң нəсiлi кесiлдi, оның артында ұрпағы
қалмады»- дедi. Мұны басқа мүшріктер де айтқан болатын. Олар
мұсылмандардың басына келген қиыншылыққа қуанатын едi.
Бұл сүре кəпірлердің қате ойларын жоққа шығарды. Қысқа сүре
болғанымен де өте терең мағыналы.
Кафирун суресі
Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған
Аллаһтың атымен.
Ей, Хабибім! Оларға айт: Əй, кəпірлер, мен сендердің
табынғандарыңа (пұттарға) табынбаймын. Сендер де менің ғибадат
ететініме (Аллаһу та’алаға) ғибадат етпейсіңдер. Мен сендердің
ғибадат еткендеріңе (ешқашан) ғибадат етпегенмін. Сендер де
менің құлшылық қылып жатқаныма (ешқашан), құлшылық қылушы
емессіңдер. Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме.
Достарыңызбен бөлісу: |