Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#6733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Түйін.  Осы  мақалада  автор  көшіп-қонушылардың  әлеуметтік-экономикалық  бейімделу  өзекті  мәселелеріне 

талдау  береп,  осы  үлкен  бөлігіне  оралмандар  жатады.  Көрсетілген  мәселелер  көшіп-қонушылардың  білімін  негіз 

ретінде оралмандардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуі. Мемлекеттік көші-қон саясатындағы этникалық қазақ-

тардың  бейімделу  үдерісін  қамтамасыздандыру  бөлігі  талданды.  Көшіп-қонушыларды  біліммен  қамсыздандыру 

бойынша ұсыныстар ұсынылды. 

Кілтті сөздер: Көшіп-қонушылар, білім, бейімделу, оралмандар 

 

Summary. In this article the author gives an analysis of the problematic issues of socio-economic adaptation repatriates. 

Shows the issues of education of migrants, as a basis for socio-economic adaptation repatriates. Analyzed the state migration 

policy  in  the  part  of  the  adaptation  process  of  ethnic  Kazakhs.  Offered  recommendations  for  improving  the  process  of 

education of migrants. 



Key words: migrants, education, adaptation, repatriates 

 

ОӘЖ 930: 394 



 

ФАЗЛАЛЛАХ ИБН РУЗБИХАН ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕ 

 

Н.Түзелбаев – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс магистранты 

 

Мақалада 1509 жылы жазылған «Бұқара қонағының жазбалары» атты еңбек авторының өмірі, шығармашылығы 



және ол туралы зерттеулердің тарихнамасы талдауға алынады. Аталған еңбек авторы өзбек ханы Шайбанидің қазақ 

хандары Мұрындық пен Қасым хандарына қарсы жасалған жорықтары жөнінде жазады. Сонымен қатар ол өзі осы 

жорықта бірге жүріп, қазақтардың шаруашылығы, экономикалық жағдайы, Сыр бойындағы қалалардың география-

лық  орналасуы  туралы  мәліметтер  берген.  Сондықтан  аталған  еңбек  қазақ  тарихы  және  күнделіктілігі  жөнінде 

маңызды еңбек болып табылады.  

Кілт сөздер: дерек, өзбектер мемлекеті, жорықтар, күнделіктілік, қазақтар 

 

Фазлаллах  Ибн  Рузбихан  өмірі  мен  қызметі  жөнінде  бізге  дейін  жеткен  мәліметтер  көп  емес.  Оның 



өмірбаяны ғалымдарды ертеден қызықтырды. Бұл тұрғыда кеңес ғалымдарынан А.А. Семенов [1] сосын 

М.А.  Салье  [2]  есімдерін  атауға  болады.  Олар  өз  еңбектерінде  «Бұқара  қонағының  жазбалары»  авторы 

туралы өте қысқа биографиялық мәліметтер келтіріледі. 

«Бұқара қонағының жазбаларының» авторы 1457 жылы Ханжа қаласында Ларистанда Фарс облысы-

ның бір ауданында дүниеге келген. Ибн Рузбиханның әкесі Жамаладдин Рузбихан белгілі бек болған. Ақ-

Коюнлу  династиясының  билігі  тұсында  ол  Исфаханның  садр  және  сардар  әлеуметтік  тобына  кірген. 

Йа’куб  сұлтан  билік  басына  келген  кезде  (1487-1490)  бұл  әлеуметтік  топтың  өкілдері,  оның  ішінде 

Жамаладдин Рузбихан да бар болатын, ол Тебризге шақырылады. Йа’куб сұлтан сарайында үлкен беделге 

ие  болып,  «Плоды  древес»  деген  еңбегін  жазып  шықты.  Анасы  жағынан  Сайид  Исфахани  отбасымен 

туыстас болып келеді. 

Бұл аталмыш автордың балалық шағы мен жастық шағы Шираз бен Исфаханда өтті. Отанында оқуын 

тамамдаған соң он жеті жасында ол ең алғашқы саяхатын Хижазға, Меккеге бағыттап сонда білім алды. 

Ширазға оралған соң түрлі ғылымды меңгерді. Жиырма бес жасында Ибн Рузбихан Меккеге екінші рет 

сапарға  аттанды.  Сөйтіп,  ол  сонда  құран  мен  араб  әдебиетін  оқыды.  Бұл  жолы  ол  Хижазда  Газалидің 

«Путь поклонников» шығармасымен және «Воскрешения наук», сондай-ақ шейх Сухраварди шығармала-

рымен танысады. Мысырда болған ол Мединеге оралып, онда мысырлық, хиджаздық шейхтардың және 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

34 


көптеген  ғалымдардың  дәрістерін  тыңдады.  Ибн  Рузбиханның  әлемдік  көзқарасының  қалыптасуына 

мысырлық белгілі тарихшы және филолог Шамсаддин Мұхаммед ас-Сахавидің (1427-1497) ықпалы өте 

зор болды. Ас-Сахавидің жазғанына қарағанда Ибн Рузбихан Алададдин Ширази тобына кіреді, Жамал 

Ардистаниден  білім  алған,  содан  араб  филологиясынан  үлкен  табысқа  қол  жеткізген,  ас-Сахави  сөзі 

бойынша өте үлгілі тәртібімен көзге түскен.  Анасының қайтыс болуына байланысты ол  Каирге барып, 

Иерусалим  мен  Хевронда  болған.  Содан  соң  Мединеде  болып,  онда  жылы  бірнеше  ай  өмір  сүрген. 

«Мединеде, - деп ас-Сахави айтады, - менімен кездесіп қалып, өте қатты қуанып қалды. Ол менен Сахих 

әл-Бухариді танып, содан түйген ойын жазып шықты. Ол сонымен қатар Сахих Муслимге касыда жазып, 

оны Әли б. Әбу ’Абдаллах Мұхаммед б. Абу-л-фараж марагиге оқып береді. Оның бұл екі еңбегі де менің 

ат-Та’рих  әл-Кариб  атты  кітабыма  енгізілді»,  -  дейді  Сахих.  Ол  сондай-ақ  оған  өз  шейхы  Ардистанға 

берген мәліметтерін де келтірді [3]. 

Ас-Сахави  автор  еңбектеріне  сүйене  отырып  оның  туылған  жылын  анықтауға  тырысады.       

В.Ф. Минорский пікірі бойынша Фазлаллах Ибн Рузбихан 1449 немесе 1455 жылы дүниеге келген.  

Ибн Рузбихан екінші сапарынан оралған соң өзінің әдеби шығармашылығымен айналысып, «Разреше-

ние  вопросов  абстракции»,  «Комментарий  на  невероятное»  және  шариғат  бойынша  комментарилер 

жазады. Ширазда ол «Чудо времени и разъяснение повести о Хайие, сыне Йакзина» деп аталатын еңбек-

терін жазып шығады [3, 65]. 

Дж.  Стори  және  Э.Блоше  каталогтарында  ол  1487  жылы  жазылған  делінген.  Дәл  осы  дата  Хажи-

Халифта да көрсетіледі. М.А. Салье ойынша Ибн Рузбиханның «Чудо времени» еңбегі атақты Ибн Сина 

және ХІІ ғасырдың араб-испандық философы Ибн Туфайля еңбектеріне еліктеуден туған делінеді. Бұл екі 

шығарма  да,  трактат  емес,  ертегі  немесе  психологиялық  повесть  болып  табылады.  И.Ю.  Крачковский 

Хаий Ибн Йакзана Ибн Туфайля шығармасына берген бағасында ол Ибн Сина еңбегінен айырмашылығы 

көп делінген [3,78]. Ибн Рузбихан шығармасы бізге дейін жеткен жоқ, бірақ «Украшающий мир истории 

Амини» сақталған.  

Ол онда былай деп жазады:  «Оқу оқып, сабақ біткен соң мен біршама  уақытымды  «Чуда  времени» 

кітабыма арнадым. Онда адамның ойлау, сана сезім қабілеті өз заманындағы қалыптасқан тәртіп пен іс-

әрекетке  қалай  байланысты  екендігі  баяндалады.  Ол  парсы  тілінде  жазылған,  және  ондағы  фраза  мен 

метафора  оңай  оқылады.  Мұндай  зерттеулер  нақтылы  ғылымдарда  өте  аз  кездеседі».  Бұл  сөздерден 

мынадай қорытынды жасауға болады: «Чудо времени» автордың Хайи Ибн Йакзан жыры туралы филосо-

фиялық ойларды бекітетінін байқаймыз. 

1487 жылы Ибн Рузбихан Таяу Шығыс елдеріне үшінші рет сапарға аттанады. Жолда Тебризге кірді, 

ол Ша’бан айында (осы жылдың) “Чудо времени” кітабын сұлтан Йа’кубқа әкелді. Сұлтанның сұранысы 

бойынша ол сол сұлтанның билік еткен тарихы жөнінде алғысөз жазады. Шамамен Ибн Рузбихан Хижаз-

ға бару жоспары өзгерген болу керек, ол Тебризде сұлтан Иа’кубтың хатшысы қызметін атқаруға қалып 

қояды. Сұлтан Йа’куб «Чудо времени» еңбектің алғысөзімен танысқан соң, ол Фазлаллах Ибн Рузбихан-

ның  өзінің  өмірі  мен  тарихын  тамаша  жазып  шығатынына  сенімді  болды.  Біздің  қарастырып  отырған 

авторымыз  Йа’кубпен  бірге  әрдайым  сапарға  шығып,  мемлекеттік  мұрағат  пен  сарайларға  оңай  кіріп-

шығып  тұрды.  Сондықтан  ол  өз  еңбегінде  болған  оқиғалардың  шынайлылықпен  жазылуына  кең  жол 

ашылды.  Ол  оны,  Та’рих-и  ’алама-йи  Амйнй,  яғни  «Украшающая  мир  история  Аминй»  деп  атады.      

В.Ф.  Минорский  дәл  атап  көрсеткендей  Ибн  Рузбихан  бұл  кітаптың  бір  бөлімінде  келтірілгендей 

Сефевидтер  әулеті  және  Жунаид  және  Хайдар  шейхтармен  байланысын  баяндайды.  Кітапта  Йа’куб 

сұлтан билігі кеңінен жазылған. Облыстар жағдайы, соның ішінде Грузия, Әзірбайжан, сондай-ақ мемле-

кеттің әскери ұйымдары келтіріледі [3, 57].  

1487  жылы  басталған  Ибн  Рузбиханның  бірінші  томы  1491  жылы  аяқталады.  Бұл  уақытта  сұлтан 

Йа’куб қайтыс болған, сөйтіп бұл кітапты оның баласы мұрагері Йа’кубтың Абу-л-фатл-Мира Байсұнқар 

сұлтанға табыс етеді. 

Ибн  Рузбихан  «Украшающая  мир  история  Амини»  кітабының  екінші  томын  жазбақшы  болады.  Ол 

мұнда  жас  билеушінің  билік  еткен  тарихын  айтпақшы  болады.  «Бұл  оқиғалар  осы  тарихтың  екінші 

бөлімінде баяндалады»  -  дейді ол. Әйтсе де, автор бұл арманына көріп отырғанымыздай жете алмаған. 

Бүгінде  ол  кітапты  (2  томын)  ешкім  ауызға  алмайды,  және  түпнұсқасы  табылған  жоқ.  Мынаны  есте 

сақтау керек 1492 жылы мамырда Байсұңқар тақтан түскен еді. 

Қазіргі  уақытта  «Украшающий  мир  историй  Аминидің»  тек  екі  тізімі  берілген.  Оның  біреуі  Фатих 

кітапханасының 4431 нөмірімен Стамбулда сақтаулы. Стамбул кітапханасының қолжазба «Каталогында» 

Рузбихан әл-Бакли деп автор есімі дұрыс жазылмаған. Екінші данасы бұл шығарманың Париждің ұлттық 

кітапханасында  473  нөмірімен  көрсетіліп  сақталған.  1957  жылы  Лондонда  жоғарыда  аталған  шығарма 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

35 


ағылшын тілінде (В.Ф. Минорскийдің аударуымен) қойылған. 

Мұхаммед  ’Әли  Табризи  Ибн  Рузбиханды  Нази-йи  расми-йа  Макка  ва  Мадина,  яғни  Мекке  және 

Мединенің  ресми  соты  деп  атаған.  Бұдан  басқа  ешқандай  еңбектерде  оның  қызметі  көрсетілмеген  бұл 

фактінің шынайылығы белгісіз болып қалды. 

Сұлтан Йа’кубтың өлімінен кейін Ибн Рузбихан және оның баласының тақтан түсуінен кейін Тебризді 

тастап Иранға кетуге мәжбүр болған. Бұл тұжырымды оның «отказ от неверного пути и пренебрежение 

негодным открытием» деп аталатын еңбектің Кашанда жазылуымен бекітуге болады. Са’ид Нафиси Ибн 

Рузбиханның орналасқаны жөнінде баяндағанда нақ осы қаланы атайды. Ибн Рузбихан Кашанда шах І 

Исма’ил әскерінің келуіне дейін өмір сүрді. Ша’бан айында 1503 жылы, Исма’ил әскері Кашанға жақын-

дады, бұл Ибн Рузбиханның Хорасанға қашуына мәжбүр етті. 

«Отказ  от  неверного  пути»  кітабын  автор  араб  тілінде  екі  ай  ішінде  жазып  909  жылы  23  қарашада, 

яғни І Исма’илдың әскерінің Кашанға келуіне екі ай уақыт қалғанда аяқтаған. 

Ол шииттік теолог Хасан б. әл-Мухайотсу б. Иусуф б. әл-Матаххира әл-Хилми (1250-1325) шығарма-

сына  қарама-қайшы  бағытталған.  «Дорога  правды  и  открытие  истины»  полемикалық  сипат  елды.  1605 

жылы  Нұраллах  Шуштари  Ибн  Рузбихан  кітабына  жауап  ретінде  «Установления  истины»  трактатын 

жазды.  Онда  ол  әл-хиллиді  Рузбихан  полемикасынан  қорғап  жазады.  Ибн  Рузбихан  Э.Блоште  де  6723 

нөмірмен айтылады.  

1504 жыл Ибн Рузбиханның Иранда болуының соңғы жылы еді. І Исмаил шах әскерінің Кашанға баса 

көктеп кіруі Рузбиханның Хорасанға қашуына әкеліп тіреді. 

Сұлтан Хусайн-мырза тұсында Гератта, көпшілікке белгілі болғандай, әдебиет пен өнер даму үстінде 

болды. Оның тұсында қала ірі мәдени және әдеби орталыққа айналды. Бұл жерге ғылым, өнер, әдебиет 

ғылымдарының өкілдері Мауереннахр, Ираннан ағылып келіп жатты. Мұхаммед Хайдар Ибн Рузбиханды 

бұл сұлтан билігінде сөзсіз қасиетті ғалым қатарында тұрды делінді. Әйтсе де Рузбихан мұнда ұзақ тұра 

алмады.  ХҮІ  ғасырдың  алғашқы  жылдарында  бұл  автор  өмірінде  өзгерістер  пайда  болды.  Мұхаммед 

Шайбани-хан  Темір  ұрпағы  иелігінің  солтүстік  облыстарын  жаулап  алып,  сұлтан  Хусаин  мырзаның 

жеріне көз тіккен еді. Хусаин мырзаның көптеген ақындары мен оқымыстылары біртіндеп Гератты тастап 

Шайбани-хан жағына өте бастайды. Осылайша Гераттан ақын Камаладдин Бинал, (кезінде ол Шайбани-

ханның «Патша ақыны» атағын алған) Ибн Рузбихан өтті. 

Мауереннахрда Ибн Рузбихан Шайбани ханның тарихнамашысы болады. Өзбек хандарының сарайын-

да ол біршама тарихы және заңдылық сипаттағы шығармалар жазып шығады. 1509 жылы Ибн Рузбихан 

Өзбекстан  жеріне  өте  құнды  –  «Записки  бухарского  гостя»  (Михман-наме  ий-Бухара)  еңбегін  жазып 

қалдырды. 

Ибн  Рузбихан  Шайбани  хан  сарайында  сол  қызметін,  яғни  Йа’куб  сұлтан  сарайындағы  қызметін 

атқарады. Ол өзбек ханымен барлық жорықтарда, сапарларында бірге болып, ақыл-кеңес айтып, бұйрық-

ты орындады. Бұл ортада оған үлкен құрмет көрсетілді. Шайбани хан Рузбиханның қатысуынсыз бірде-

бір  жиналыс  өткізген  жоқ.  Хан  оған  өте  маңызды  шаруалар  тапсырып  тұрды.  Тіпті  Рузбихан  қатты 

ауырып тұрғанда, оған Самарқант облысында вакфтық ревизия жүргізуді тапсырады. Ол өз жазбаларында 

бұл туралы былайша жазады: «Было давно высочайшее указание, чтобы (я), бедняк, совместно с самар-

кандским казием проверил имущества, обращенные в вакф, и степени мударршов и студентов этой облас-

ти и истинное положение дела доложил августейшему собранию». 

1510 жылы Мухаммад Шайбани хан қайтыс болғаннан кейін Ибн Рузбихан Самарқантда өмір сүрді. 

Кейіннен оны оны Шайбани ханның немере інісі ’Убайдуллах-хан өзіне шақырады. Ибн Рузбихан жетек-

шілігімен ’Убайдуллах Бұхарда «Неприступная крепость» жинағын оқып шықты.  

1512 жылы Кул-и Маликаға жақын маңда ’Убайдуллах-хан мен Захираддин Мұхаммед Бабыр арасын-

да  шайқас  болып,  Бабыр  жеңіліс  тапты.  Ибн  Рузбихан  «Правила  поведения  государей»  кітабында 

оқырмандарды самарқандық өмірмен, сол уақыттағы тарихи оқиғалармен таныстырады.  

’Убайдуллах-ханның  Бабырды  жеңгенін  естіген  Рузбихан  оқиғалар  шежіресіне  лирикалық  өлең 

шумақтарын  келтіріп  жазып  жібереді.  Хан  оны  өзіне  Бұқараға  шақырады.  Ибн  Рузбихан  былай  деп 

жазады: «После того как (’Убайдуллах-хан) утвердился в Бухаре, пришло августейшее повеления, чтобы 

(я), ничтожнейший бедняк, приехал из Самарканда в Бухару, и я вместе с семьей немедленно выехал в 

Бухару» [1,48]. Осы уақыттан бастап Ибн Рузбихан үнемі хан сарайында өмір сүрді. Тағы да хан жанында 

жүрді.  Отанына  оралуға  мүмкіндік  бермеген  Исма’ил  шахты  жек  көрді.  Сөйтіп  оны  шахпен  соғысуға 

үгіттейді. Салим атты түрік сұлтанының құрметіне 1514 жылы ол екі каскасыда арнайды. 

’Убайдуллах-хан тұсында ол «Правила поведения государей», «Комментарий к «Поэме о плаще» әл 

Бусири»  еңбегін  жазды.  «Правила  поведения  государей»  еңбегі  этикалық  заңдық  трактаттан  тұрады. 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

36 


Еңбек шариғат заңдылықтарына сүйеніп жазылған. Шығарма 15 бөлімге бөлінген. 

1514-15 жылдары Ибн Рузбихан жоғарыда айтылғандай осман сұлтаны І Салимнің жеңсіне мадақтау 

өлеңдер арнап, оны  Стамбулға жөнелтті. Сол жылы ол,  «Комментарий к  «Поэме  о плаще» әл-Бусири» 

еңбегін жазды. М.А. Салье ойынша, Ибн Рузбиханның бұл қолжазбалары «өте сирек», Өзбекстан Респуб-

ликасында  сақталған  данасынан  басқа  әдеби  шығармаларда  Эднбургтен  табылған  данасына  сілтеме 

келтіріледі [2, 65]. Бұл шығарманың Санкт-Петербургте екі данасы, Өзбекстанда М.А. Салье айтқаннан 

басқа тағы екі данасы бар. Ибн Рузбиханның әрі қарайғы өмірі белгісіз. 

Ибн  Рузбиханның  рухани  дүниесі  туралы  өз  шығармаларынан  байқауымызға  болады.  Ол  исламның 

сунниттік бағытын ұстаған. Ол үлкен ғылыми пікірталастарда өз қарсыластарын керемет білімдарлығы-

мен төтеп беріп отырған. Мәселен кейбір философиялық тақырыптарда, қазақтарға қарсы қасиетті соғыс 

туралы, мұрагерлік мәселесі туралы. 

Ибн Рузбихан Мауереннахрдың қалаларына үнемі жиі-жиі барып тұрған. «Бұқара қонағының жазба-

сында»  Самарқан  облысында  хауис  оқығандығы  жиі  айтылады.  Ол  Сайрамда,  Түркістанда,  Сығанақта 

Шайбани ханның ауырып қалуына байланысты діни жолмен үгіт-насихат, сөз таластар жүргізіп отырған. 

Ибн  Рузбихан  суннизмге  қарсыларды  жек  көрген.  Антишеидтік  сипатта  тіпті,  «отказ  от  неверного 

пути и пренебрежение негодным открытием» [3, 125] деген еңбегі де бар. Ол өзінің мұндай антишийттік 

көзқарасын  өмірінің  соңына  дейін  ұстаған.  Діни  сенімнен  тіпті  ол  өз  Отанын  өзге  жерліктерге  беруге 

дайын болды.  

Біздің автор өзінің білімін, өзін өте жоғары ұстаған. Өзін мақтағанды өте жақсы көрген. Ол былай деп 

жазды:  «Жер  жыртушы  туралы  хадисті  мен  оқығанымда  жиналғандар  менің  сөз  шеберлігімді  бірден 

мойындады. Барлығы менің ғылыми білімімнің жоғары екендігін, сөйлем құрау мәнерлігін таң-тамаша, 

қайран қалып тыңдады. Жоғарғы мәртебелі есімнің өзінің жүзінде нұр ойнап маған өте риза болды». 

Ибн Рузбихан Шайбани хан үкіметінде саясатқа араласудан «кет әрі» болған емес. Бірақ та саясаткер 

ретінде  біз  ол  туралы  мәлімет  кездестірген  жоқпыз.  ХVІ  ғасырдың  барлық  тарихнамашылары  оны  ірі 

теолог ретінде таниды. Ол араб тілін тамаша меңгерген. Аударма жасап, сол тілде жазған. Ибн Рузбихан 

Орта Азияның түрлі медреселерінде шәкірттерге дәріс оқыған. 

Шығыс  билеушілерінің  сарайларынан  оралған  уақытта  Ибн  Рузбихан  тарих  ғылымында  екі  үлкен 

құнды  шығарма  жазған:  «Украшающая  мир  история  Амини»  және  «Записки  бухарского  гостя».  Оның 

шиизмге деген өшпенділігі, суннизмге деген сүйіспеншілігі өз отанына оралуға мәңгілік жол жапты. Сөй-

тіп, Шайбани хан және ’Убайдуллах-хан көмегімен оралу арманы орындалмай өзге жерде дүние салды.  

Сонымен  қорытар  болсақ,  біз  Фазлаллах  Ибн  Рузбиханның  білімді  игеру  жолында  талмай-қажымай 

еңбек еткенін көреміз. Алдымен ол, Хижазда, Меккеде білім алып, Ширазда түрлі ғылыммен шұғылдан-

ғанын  жүйлі  түрде  баяндадық.  Бұл  тармақшада  сонымен  қатар  біз  Фазлаллах  Ибн  Рузбиханның  білім 

жолындағы  сапарын  баяндаумен  шектелген  жоқпыз,  оның  ел  билеушілерінің  жанында  жүріп,  өзінің 

көптеген еңбектерінің жазылу тарихына да тоқталдық. Сөйтіп, оның өмір жолын баяндай келе ірі теолог 

ретінде де өз ғұмырын құрбан ете білгендігін атап айтқымыз келеді.  



 

1

 

К вопросу о происхождении и составе узбеков  Шейбани-хана. Труды Академии  Наук  Таджикской ССР. Том 

XII. 1953. – С. 3-37. 

2

 

Салье М.А. Малоизвестный источник по истории Узбекистана-Михман-наме. // Труды Ин-та востоковедения 

АН УзССР. Вып 3. 1954. 

3

 

Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфахани. “Михман наме ий-Бухара”-/ Под ред. Арендса А.К. - М., 1976. - 31 б. 

 

Резюме. В данной статье рассматривается жизнь и творчесва автора книги «Записки бухарского гостя» который 

был написан в 1509 году. Автор данной книги пишет о походах Шайбани-хана в казахские степи против Бурундук-

хана и Касым-хана. Наряду с этим он участвуя в походах дал много ценных сведений о казахском хозяйстве, эконо-

мическом состоянии и географическом положении городов вдоль реки Сырдарьи. Поэтому данная работа о казах-

ской истории и повсевдневности является важным. 

Ключевые слова: источник, государство узбеков, поведневность, поход, казахи 

 

Summary. This article is devoted to the life and oeuvre of an author of "Notes of Bukhara guest" which was written in 

1509. The author of this book writes about the marches Muhammed Shaibani’s to the steppes of kazakh against Burunduk 

khan and Kasim khan. In addition, he participating in marches gave a lot of valuable information about the kazakh household, 

economic status and geographical location of cities along the Syr Darya river. Therefore, this work about kazakh history and 

history of everyday life is very important. 



Keywords: source, state of Uzbeks, hike, everyday life history, kazakhs 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

37 


 

 

 

 

УДК 94(574.22)  



 

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ І-ШИРЕГІНДЕГІ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР 

 

Г.Коккозова – Абай атындағы ҚазҰПУ 6М 011400 – «Тарих» мамандығының 2-курс магистранты 

 

Мақалада, деректік материалдардың негізімен қазақ даласындағы дәстүрлі билік жүйесінің әлсіреу, ХІХ ғасыр-

дың  20-жылдарындағы  орталық  Қазастандағы  саяси  өзгерістер  туралы  жағдайды  баян  етеді.  Тұтас  қазақ  жерінің 

ресейлік  реформалардың  негізімен  бөлшектеліп,  оның  орнына  империяның  қазақ  жерінен  құрылған  сыртқы 

округтерін құру барысы сөз етіледі. Автор қазақ жеріндегі әкімшілік-территориялық бөлініске негізделген реформаға 

қысқаша талдау жасайды. Саяси өзгерістерге ықпал еткен реформаның жергілікті қазақ өміріне тигізген салдарын да 

сөз етеді. 

Кілт сөздер: хандық, реформа, округ, отаршылдық, билік 

 

Биыл «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мемлекеттік деңгейде ерекше аталынып отыр. Қазақ мемле-

кеті өз алдына шаңырақ құрғаннан бастап, жерді жаудан азат ету, оны сақтау күресі басталып кетті. ХІХ 

20 жылдарында мемлекеттілігіміздің іргесін ыдыратуға бағытталған империялық реформалар бірінен соң 

бірі  дүниеге  келді.  Нәтижесінде  хан  билігі  тарих  сахнасынан  ығыстырылып,  елдің  бұрынғы  еркіндігі 

әлсірей  түсті.  Хандықты  сақтау  жолында  оның  мирасқоры  болып  табылатын  Ғұбайдолла  Уәлиханұлы 

империялық  билікке  ашықтан-ашық  қарсылық  көрсеткен,  мемлекетшіл  күрескер  ретінде  алға  шықты. 

Сонымен қатар жерді жаудан қорғауда жаппай халықтық наразылықтың болғанын тарихи шындық ретін-

де атап көрсеткен орынды болар еді. Сондықтан аталған уақытта дәстүрлі бірегейлік сана әлдеқайда берік 

орын алған еді, яғни халық ортақ жауға бірауыздан қарсылық көрсетті.  

Мақалада хандықтың іргесін шайқалтқан империялық саяси биліктің орнығу тарихы қарастырылады.  

Орыстардың ежелгі дәстүрін жалғастыра беруі үшін, дәстүрлі хандық билік жүйесі үлкен бөгет болды. 

ХІХ ғасыр басында хан билігін жоюдың қажеттілігі, әсіресе, Ресей қазынасын толықтырып тұратын сауда 

жолын,  мейлінше  бағынышты  ету  еді.  Қазақ  жерінің  транзиттік  маңызын  ерекше  орынға  қоя  отырып, 

өлкеден отарлық тірек пункттерін орнату патшалық тонаушылардың басты арманы болды. 

Арқа  халқының  тәуелсіздігін  жою  жолында  орыс  әкімшілігі  әсіресе,  керуенді  «қорғаудың»  амал-

шараларын  қарастыра  бастады.  Бұл  бағыттағы  алғашқы  отарлық  бұғаулаудың  бір  түрі,  керуендерді 

талқандауда ешқандай қатысы жоқ адамдарды бейбіт халықты, жазықсыздан жазықсыз тұтқындау болды. 

Оларды босатудың туыстары үшін бір-ақ жолы: төлем төлеу, не керуен заттарын толықтай қайтарып беру 

арқылы мүмкін еді. Мұндай, саясатымен олар көздеген мақсатына жете алмады. Керісінше, қазақтардың 

ашу-ызасына тиіп, олардың қарсылығын күшейтті. 

1819 жылы Уәлидің өліміне байланысты Батыс Сібір бас басқармасының жазба журналында:  «Орта 

жүзде жаңа хан сайлау ісі кейінге қалдырылсын. Сұлтандар мен старшындарға өз еріктерімен хан тағай-

ындауға қатаң түрде рұқсат берілмесін» [1, 54 б.], - делініп, хандықтың іргетасын шайқалту ісіне кірісті. 

Уәлиден  соң  Орта  жүзде  хан  сайланған  жоқ.  Әйтсе  де,  тарих  сахнасынан  хандықты  ысырып  тастау 

Ресей әкімшілігі үшін оңайға соққан жоқ. Ханның заңды мирасқорлары, ұлттық еркіндік жолында ұзақ 

жылдар бойы шайқасты.  

Патша  өкіметі  Қазақстанда  хан  билігін  жою  процесін  бастаған  кезден  ханды  өзі  бекітіп,  оны  ресми 

түрде  грамоталармен  белгілеп,  қазақтардың  империяға  тәуелді  екендігін  «ескертіп»  отырды.  Ресей 

әкімшілігі ол кезде, қазақтарды қанша өзінің боданы деп есептегенімен, шын мәнінде олар тәуелсіз өмір 

сүрді. Ал, ХҮІІІ ғасырдың аяғында, Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасының күрделене түсуі-

не байланысты, шекара шебінің маңындағы қазақтардың казак содырларының қыспағына жауап ретінде, 

бекіністерге  күшті  соққы  берулеріне  байланысты  Орта  жүз  еліндегі  саяси  тәуелсіздікті  мүлдем  жоюға 

кіріскен-тін. 

Патшалықтың  Орта  жүз  жерінде  өз  үстемдігін  түпкілікті  бекітіп,  агрессиялық  саясатын  одан  әрі 

Орталық  Азия  хандықтарына  бағыттауы,  1822  ж.  «Сібір  қырғыздары  жарғысының»  іске  асырылуымен 

тікелей байланысты еді. 

Нақ осы кезде барлық әскери күшпен хандық билік жүйесін жойып, Арқа даласына бекінуге, Ресей 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г. 

38 


әкімшілігі  ерекше  ұмтылыс  жасады.  Бұл,  1822  жылғы  «Жарғының»  соңғы  параграфында  көзделген 

мақсат  ашықтан-ашық  айтылды.  Онда:  «Сібір  шептері  күзет  мағынасында  алғанда  әрдайымғы  уақытқа 

арналған мекемелер емес, бірақ өзіміз иеленген қырғыз жерлеріне орнатылған тәртіптің таралуына орай 

бұл күзет ілгері жылжи береді де, ең ақырында, нақты мемлекеттік шекараға жеткен соң, тұрақты орын 

тебетін болады, - делінді [2, 12 б.]. Сөйтіп, патшалық өкіметті ежелден бергі, қазақ даласына ентелей түсуі 

бұл жылдары да жалғасып жатты. 

Петербургтың жаһандық саяси жоспарларымен бірге, Ресей империясының Орта Азияға жылжуы өсіп 

келе жатқан империяның экономикасының қызығушылығына да байланысты болатын. Оның негізінде екі 

фактор болды: Біріншіден, Ресей өндірісінің өсуі, ал Қазақстан негізгі шикізат көзі болып қарастырылды. 

Екіншіден,  Азия  аймағында  Англияның  экономикалық  және  саяси  жаулаушылығы  Ресейдің  негізгі 

бәсекелесі ретінде болды. 

Қарастырылып  отырған  кезеңде  Ресейдің  экономикасы  дамып  келе  жатқан  өндіріске  шикізаттың 

жетіспеушілігін көрсетті, ал Қазақстан өзінің табиғи байлықтарымен қызықтырды. Орыс билігі тарапы-

нан пайдалы қазбаларды табу жолдары қарастырылды. 

1821 жылы 28 шілдеде «Сібір комитеті» бекітіліп, М.М. Сперанскийдің Сібірді басқару үшін жасалған 

жобасын  қарастыру  мақсатында  құрылды.  Комитет  жұмысында  граф  Кочубей,  граф  Гурьев,  Аракчеев, 

князь Голицын, барон Кампенгаузен және граф Сперанский қатысты. Комитеттің қызметінен кейін ресей-

лік билік жағынан бүкіл Сібірді қайта қараумен қатар «Сібір қырғыздарының жарғысы» қабылданды [3, 

56  б.].  «Сібір  қырғыздары»  деп  Орта  жүз  қазақтары  аталған.  Әрине  патшалық  биліктің  берген  бұндай 

атауы қазақтардың бұрынғы атауына сәйкес келмек түгелі, қазақ өлкесіндегі халықтың, оның тарихына 

және мәдениетіне деген патшалық шенеуніктердің кемсітушіліктермен бірдей болды. Сібір реформасы-

ның  жобасы  Сібір  комитетінде  бірнеше  рет  қаралған  болатын.  1822  жылы  26  қаңтарда  реформаның 

жобасын І Александр қарап, 1822 жылы 22 шілдеде олар құқықтық актілер ретінде бекітілді. «Жарғы» І 

Александрдың  арнайы  жарғысымен  енгізіліп,  одан  кейін  Ресей  өкіметінің  толық  заңдар  жинағының 

№29126  нөмірімен  38-ші  томына  енгізілді  [2,  91-92  бб.].  Жарғыда  құпия  кеңесші  М.Сперанскийға  «ол 

губерниялар туралы мәлімет жинақтап, олардың қолайлы тұстарын қарастыруға» тапсырма берілгендігі 

айтылады [2, 91 б.]. 

М.М.  Сперанский  дайындаған  «Сібір  қырғыздарының  Жарғысы»,  кіріспе,  он  тарау,  319  баптан 

тұрады. Құжаттың мақсат-мұраты кіріспесінде-ақ айқындала бастайды. Онда «Сібір қазақтары көшпенді 

бұратаналар  тобына  жатады,  және  олармен  тең  құқылы»  –  делінген.  Әрі  қарай,  «Сібір  бұратаналары 

туралы Жарғының» мына баптарымен ортақ деп жазылды: Көшпенді бұратаналардың құқығы туралы (І 

бөлім, 5 тарау) (Мұндағы қырдағы басқарудың міндеті мен мазмұны шығарылып тасталды); Қадірменді 

бұратаналар туралы (І бөлім, 7 тарау); Заңдар мен әдет-ғұрыптары туралы (І бөлім, 7 тарау); Бұратаналар-

ды басқару туралы міндеттің жалпы негіздері (ІІІ бөлім, І тарау) [4, 48 б.]. 

Арқа даласындағы сыртқы округтар құрылысы «Жарғыдағы» «Бөліну» атты бірінші бөлімде айтылды. 

Округтар 15-20, болыстар 10-12 ауылдан, ауыл 50-ден 70-ке дейінгі үйлерден тұрды. Патша өкіметі біртұ-

тас хандықты осылайша бөлшектеп қазақ мемлекетіне сатылы, басшылығы мол бюрократиялық орыстық 

басқару  жүйесін  зорлықпен  енгізді.  Әрбір  құрылған  округтер  территориясы  шектеулі  болғандықтан 

халық еркін көшіп-қонып тұра алмады. Мұндай шектеу біріншіден, халықтың жұтқа жиі-жиі ұшырауына 

әкелетін  болса,  екіншіден,  олардың  құнарлы  жерлерінен  мәңгілік  айырылуына  әкеліп  соғатын  болды. 

Округтегі халық округ бастығының рұқсатынсыз өзге округ территориясына өте алмайтын етілді. Сөйтіп, 

округтердің  құрылған  аймағына  байланысты  шекаралық  немесе  желіге  жақын  жатқан  округтер  деп 

аталып,  олардың  әрқайсысы  сол  жердің  атымен  аталуға  тиіс  еді.  Болыстықты  сұлтандар  басқарды. 

Жарғының  келесі  бөлімі  «Басқарма»  деп  аталады.  Ол  үш  бөлімшеге  бөлінген  1)  Басқарма  құрамы,  2) 

Сайлау тәртібі, 3) Шен салыстыру. 

Округтық бұйрықтың төрағасы – аға сұлтан тек ақсүйектерден тағайындалуы керек деп айтылды. 

Оның  қарамағына  заседательдер  ретінде  екі  құрметті  қазақ  пен  екі  орыс  тағайындалуы  тиіс  деп 

көрсетілді. 

Мұнда, атап өтетін жағдай, Сперанский округ басындағы аға сұлтандық лауазымды орынды қазақтың 

беделді тобына бөлгенімен шын мәнінде мұндағы бүкіл саяси билікті орыстардың қолына қарастырды. 

Аға  сұлтан  басқаратын  округтік  приказдың  басқарма  құрамы  төмендегідей  болды;  Ауылды  басқару  – 

старшынның қолына берілетін болды, ал болысты – сұлтан басқарып, бұл ауыл мен болыстардағы барлық 

сот  істерінде  төрелік  айту  билердің  билігіне  қалдыратын  болып  шешілді.  Қазақ  даласында  болашақта 

құрылатын  барлық  округте,  округтық  приказ  міндетті  түрде  құрылып,  оны  басқарушы  аға  сұлтанды 

сайлауды  тек  болыстардың  құқығына  бөлді.  Приказды  тек  аға  сұлтан  ғана  емес,  онымен  бірге  облыс 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(5), 2015 ж. 

39 


бастығы арнайы бекітетін екі Ресей заседателі және екі құрметті қырғыз (қазақ автор) сайланады делінді 

«Жарғыда». Сондай-ақ, округ әмірлігінің штат бойынша өз кеңесі, тілмашы болады, және полиция, сот 

билігі болады делінсе, ішкі күзетті арнайы жіберілетін желі казактарының жасағы атқарады деп жазылды. 

Ал, керек болған жағдайда бұл жасақтардан қажетті деңгейде болыстарға да жіберу көзделінді. 

1822  жылы  бекітілген  «Сібір  қазақтары  туралы  Жарғы»  Орта  жүз  хандығының  саяси  тәуелділігін 

күшейтіп, қазақ халқына бұрын-соңды болып көрмеген қайғы-қасірет әкелді. Патшалық әкімшіліктің бұл 

заңдық құжаты бойынша Арқа жұртын орыс-казак атамандары мен империалистік шенеуніктер басқара-

тын болды. Ал дәстүрлі хан билігі тарих сахнасынан мүлдем жойылды. Беделді би-сұлтандар түрлі әдіс-

тәсілдермен мемлекеттік биліктен ығыстырыла бастады. Сөйтіп, қазақ жерінде патшалық Ресейдің қатал 

әскери-оккупациялық  режимі  орнады.  ХІХ  ғасырдың  20-40  жылдарында  бүкіл  Орта  жүз  жерлерінде 

отарлық тірек пункт ретінде сегіз сыртқы округтер ұйымдастырылды. Олардың басына «округтік приказ-

дар»  қойылды.  Әрбір  дуан,  «Жарғыда»  бекітілген  заңдылықтар  бойынша  «салтанатты»  жиындармен 

ашылды. Дуандардың ашылу салтанаты, патшалық әкімшілік үшін мереке-той болса, қазақ үшін «қайғы-

лы  жиын»  еді.  Патша  әкімшілігі,  халық  дегбірін  қашырған  «қаралы  жиындарынан»  соң,  Сарыарқаның 

жайсаң жайлауы мен мөлдір өзен-көлдерін иемденіп, бұл жерлерге орыс-казак содырларын орналастыра 

бастады.  Ақ  шағала  киіз  үйлерден  тұратын  қазақ  ауылдары  суы  жоқ  шөлейт  жерлерге  ығыстырылып, 

оның  орнына  ат  қоралар  мен  бекініс,  горнизондар  салынды.  Әсіресе,  казак  содырларын  Арқаның  ең 

шұрайлы  жерлеріне  орналастыру  –  мемлекеттік  маңызы  зор  іс  есебінде  қарастырылды.  Тіпті  оларға 

арнайы заң шығарылды. Бұл, барып тұрған бассыздық еді. Сондай-ақ, қазақтар үшін бір дуаннан екінші 

дуанға өтуі үшін арнайы билет шығарылды. 

«1822 жылғы «Жарғыны» іске асыруда бұл казактардың көмегі аса қажет. Олардың қазақ жеріне өз 

еріктерімен көшіп келу ынталарын арттыру керек делінді бір құжатта - әрі қарай, онда: ол үшін тұрмыс 

жағдайларына  қолайлы  деген  30  десятин,  тағы  қосымша  15  десятин  жер  бөлінсін,  және  өз  еріктерімен 

келіп  қоныстанушы  казак  семьяларына  қазынадан  бір  мезгіле  50  сомнан  қаржы,  ал  семьясы  бар  әскер 

қызметшілері үшін жеңілдік ретінде әскери азық-түлік бөлінсін» [5, 15]  - делініп, басқыншылық саясат 

ашықтан-ашық айтылған еді. Ресей, әкімшілігі тарапынан мұншама құрметке ие болған казак содырлары 

қазақ  жерінде  емін-еркін  сайран  салды.  Қолдарындағы  қарулы  күшке  сеніп,  бейбіт  халықтың  жерін, 

малын зорлықпен тартып алып, өздеріне дөрекі түрде қысым көрсетті. Мұндай заманда орыс әкімшілігіне 

арыз  айтып,  әділет  табу  -  қазақ  үшін  қиынның  қиыны  болды.  Үстерінен  әрдайым  қадағалау,  тексеру 

жұмыстары  дұрыс  жолға  қойылмағандықтан  приказ  заседательдері  де,  өкімет  атынан  бөлінген  билік 

пұрсатын теріс пайдаланды. Облыстық әскери губернатордың Батыс-Сібір генерал-губернаторына жазған 

құпия мәлімдемесінде:  «кейбір заседательдердің қол астындағы қазақтарды күшпен басқарып, орынсыз 

зорлық-зомбылық көрсетіп отырғанында күмән жоқ» [5, 2] – деуі, жоғарыдағы ойды дәлелдей түскендей.  

 

1



 

Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ в.в: Сборник документов и материалов, - А-А., 1961, - 182 с. 

2

 

Материалы по истории политического строя Казахстана. – А-А., 1960 г. - 109 с. 

3

 

Абдархманова  Б.  История  Казахстана.  Власть.  Система  управления,  территориальное  устройство  в  ХІХ 

веке. – Астана, 1998. – 132 с. 

4

 

Учреждение для управления Сибирских губерний Санктпетербург, в  Сенатской типографии. 1822  г. (титул 

востановлен по Смирдину. 

5

 

Казахстан 20-40 годы XIX века: 20-40 годы XIX века / Под ред. Жиенгалиев Н.Б. - Алма-Ата, 1992. - 400 с. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет