Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным
табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам
санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту
мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді. Дін объективтік шындықты адам басында бұрмалап,
фантастикалық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда дүниеде қандай бір
құбылыс болмасын оның тікелей тірегі, қозғаушысы өмірден тыс тұрған және оны
жаратушысы күш (құдірет) екені. Ең бірінші діндер политеистік болған, діндердің ең
жоғары сатысы таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік
сенім. Үш ірі дүниежүзілік дін бар: буддизм, христиан, ислам діндері. Діннің пайда болуы
ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілеттерінің өте төмен болып, табиғат
құбылыстарының сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін рухани күш-
құдіретке
балағанын
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: