Международный гуманитарный технический


Дүниетанымның тарихи типтері: миф, дін



Pdf көрінісі
бет3/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Философия

2.Дүниетанымның тарихи типтері: миф, дін. 
Философиялық ғылымының тарихы — философияның тарихи типтерін зерттейтін 
философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен 
философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік 
жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. 
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф 
Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия 
мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-
аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік 
мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын 
тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді: 

Философиялық немесе түсіндірмелік; 

Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; 

Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер; 

Фантастикалық және метафоралық мифтер; 

Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер. 
Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру 
талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық 
жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. 
Миф – адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір 
құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның 
қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде 
адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен 
бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғат пен сырлас болуды 
талап етті. Скиф – сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь, ян бастамалары, Египет 
пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар табиғат пен үйлесімдікке 
шақыратын рәміздер. 
Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті 
қабат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. 
Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі 
бейненің бірі – алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемдік қозғалысты, Жер мен 
Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бәйтеректен эпос батырлары аспан 
денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі 
оның жоғары және орта дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, 
аруақтармен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-
желек 
өмірлік 
ағаш 
күш-қуат 
пен 
нәрді 
төменгі 
дүниеден 
алады. 
Дін 
Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы – Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді 
билеген қағандар «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендіріліген» деп аталған. Түрік 
жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. 
Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық 
халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, «Оғызнаме» эпосында Оғыз 
қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім. 
Мұның бәрі ертедегі адамдардың жерге, суға, тауға, ағашқа, жануарларға және ата-
бабалар рухына сыйынатын көзқарастары. Кейін Құдай адамдарға кітап (Құран, Библия) 
«сыйлаған» соң, мифологиялық дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. 


Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным 
табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам 
санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту 
мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді. Дін объективтік шындықты адам басында бұрмалап, 
фантастикалық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда дүниеде қандай бір 
құбылыс болмасын оның тікелей тірегі, қозғаушысы өмірден тыс тұрған және оны 
жаратушысы күш (құдірет) екені. Ең бірінші діндер политеистік болған, діндердің ең 
жоғары сатысы таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік 
сенім. Үш ірі дүниежүзілік дін бар: буддизм, христиан, ислам діндері. Діннің пайда болуы 
ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілеттерінің өте төмен болып, табиғат 
құбылыстарының сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін рухани күш-
құдіретке 
балағанын 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет