методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны
мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да
тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай
қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен
тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі
құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге
де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі
ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген
еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
1. өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
2. материалдық молшылықтарға жету;
3. ұлттық
өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл
шаруашылығының үлесінің кемуі;
4. баюдың көзі ретінде соғысты жою;
5. “индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш
маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен
таратты.
Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам
психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді
қалыптастырады.
[2]
Достарыңызбен бөлісу: