Международный гуманитарный технический


а) тарихты формациялық тұрғыдан талдау



Pdf көрінісі
бет35/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
Философия

а) тарихты формациялық тұрғыдан талдау 
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс қоғамдық-экономикалық 
формация теориясын жасайды. Оның ойынша, ол - нақтылы-тарихи сатыдағы белгілі бір 
өндіріс тәсіліне негізделген қоғам. Формациялық тұрғыдан бүкіл адамзат тарихын талдай 
келе, К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодалдық, 
капиталистік формациялар. Алайда адамзат тарихы болашақта коммунистік формацияны 
заңды түрде тудырады. Өйткені, оның ойынша, капиталистік қоғамның негізгі мақсаты - 
заттық байлықты жинау, капиталды өсіру, ал тарихи сахнада өмір сүріп жатқан тірі адам - 
сол мақсаттың құралы ғана. Осы себепті К.Маркс капиталистік қоғамды қатты сынға 
алады. «Капитал ең тәтті шырынның өзін адамдардың бас сүйегіне құйып ішеді», 
...«адамдардың бір-біріне деген нәзік те жылы қатынастарын капитал мұзды суға 
батырады»,...«бұл коғамда қартайып қайраты кеткен шал гүлденген жас әйелге үйленеді, 
өйткені бұл қоғамда бәрі де сатылады», -- деп корытады К.Маркс. Әрине, мұндай 
ахуалдың мәңгілік сақталуы мүмкін емес. И.Канттың «Адамды әркашанда мақсат тұт» 
деген талабын жақсы білген К.Маркс, болашақта адамды негізгі максатқа айналдыратын 
коғам дүниеге келеді, ол коммунизм (communitas- латын сөзі, қауымдык) деген тұжырым 
жасайды. К.Маркстің ойынша, бұл коғамда жекеменшік толығынан жойылып, өндіргіш 
күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар арасында толык теңдік орнап, 
олардың барлық қажеттіліктері толығынан өтеліп, адамдар жан-жақты дамып гүлденеді, 
адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған бақытты өмірге қолдары жетеді. Алайда ондай 
қоғамға жету жолында ең алдымен социалистік сатыдан өту кажет. «Күйреген 
капитализмді терістеп дүниеге келген бұл қоғамда әлі де болса таптар мен әлеуметтік 
әртүрлі топтар сақталады. Бұл қоғамда әр адамнан өз қабілетіне қарай, қайырымына 
еңбегіне қарай игіліктер бөлінеді», - деп қорытады К.Маркс. 
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушылар өздерінше оны «сілейте 
сынап», оған қарсы теріске ешқашанда шығарылмайтын деректер таптық деп 
масаттанады. Ондай «ғұламалар» әсіресе бүгінгі «либералдардың» араларында жиі 
кездеседі. Ол қандай деректер екен? 
Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіліктерін толығынан өтеу үшін шексіз байлық 
өндірілуі қажет, ал оның ешқашанда болуы мүмкін емес, бұл дүниедегінің бәрі шектелген 
деген «даналықты» олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай ой келеді: бүкіл 


дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі кейбір майда 
қоғамтанушылардан да таяз болғаны ма? Әрине, жоқ. Дүниедегінің бәрі де шектелген, ол - 
рас. Сонымен қатар бұл қағида адамға да қатысты. Мысалы, жеке адамға шаққанда 
жылына қанша ет, көкөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз бе? Әрине, 
шектелген. Басқа да адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді қарастыруға 
болады. Бірақ бұл дүниеде шектелмейтін бір ғана нәрсе бар: ол - адамның рухани-
шығармашылық жетілуі. К.Маркстің ойынша, жаңа қоғамды орнату барысындағы 
қалыптасатын қоғамдық қатынастар адамның белсенді жасампаздық іс-әрекетін тудырып, 
соның нәтижесінде тек қоршаған орта ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірге адамдардың 
өздері де өзгеріп, жан-жақты дамып, ішкі табиғи дарындарын гүлдетіп, сыртқа шығарады. 
Мұндай әлеуметтік болашақ ахуалды ол кісі коммунизм деген ұғыммен береді. Ал мұндай 
жолмен дамудың расында да шегі жоқ, ол тоқталмайтын үрдіс. 
Екіншіден, марксизмді сынаушылар: «Егер адамның барлық қажеттіліктерін өтей алатын 
ахуал дүниеге келсе, онда дереу қоғам іріп-шіри бастар еді», - деген пікір айтады. Өйткені 
адамға еш нәрсе қажет емес, ондай жағдайда адамның саусағы да қимылдамайды емес пе 
деген сауал қояды. Әрине, біз адамды тек қана дене ретінде қарасақ, бұл пікірді терістеу 
қиын. Онда бақыт, өмірдің мәні тек қана ішіп-жеп, дүниеден тәндік-сезімдік ләззат алуда 
болса керек. Мұндай көзқарас, мәселеге тереңірек үңілсек, адамды жануарға теңеп, оның 
қадір-қасиетін аяққа басады, оның «жиырылған ғарыштық» Дүниедегі ерекше рөлін түбі 
жоқ тұңғиыққа батырады Сондықтан да болар, кейбір билікке ұмтылғандар, шындыққа 
айналмайтын уәделер беріп, қалың бұқараны алдап-арбап, оны жеңіл түрде оңға-солға, 
керек жаққа бұрылатын тобыр ретінде карайды. Мұндай ахуалды бүгінгі таңда біз кейбір 
материалдық жағынан дамыған елдерден байқаймыз. Өкінішке қарай, сонау Қайта өрлеу 
заманынан басталған Батыс елдеріндегі өмірдегі материалдық-сезімдік бағыт бүгінгі күнге 
шейін созылып, терең рухани-адамгершілік дағдарысқа әкелгенін дүниежүзілік зайырлы 
қауым көріп отыр. Алайда бұл өмірлік жолдың адамзатты тұйықтыкқа, я болмаса ядролық 
соғыс арқылы өзін-өзі өлтіруіне әкелетінін болжау қиын емес. Расында да, материалдық 
игіліктер әрқашанда шектелген. Егер адамзаттың дамыған елдердегі «алтын миллиард» 
аталған бөлігі өлшемнен жоғары тұтынуды өмірлік мақсат-мұратқа айналдырып, ал келесі 
артта қалған елдердегі миллиардқа жуығы күнбе-күн аштықтың зардабын көріп, жыл 
сайын 70 миллионға жуығы өліп жатса, жер бетіндегі шиеленіс, экстремизм мен 
терроризмнің өршімесіне кім кепілдік бере алады? 
Бірақ адамзаттың әртүрлі заманда өмір сүрген барлық кемеңгерлері - Сократ пен 
Анарыстан бастап, Абай мен К.Ясперске дейін - адамның рух екенін шаршамай айтып 
келген болатын. Өкінішке карай, бүгінгі таңға шейін рухани-адамгершілік жолында 
адамзат өте кабілетті окушы болып отырған жоқ. Алайда болашақта тек осы жолда ғана 
адамзат өзін-өзі сактап қалуы мүмкін. 
К.Маркстің коммунистік теориясына бүгінгі таңда қандай баға беруге болады? Бұрынғы 
Кеңес Одағындағы социалистік қоғамды орнатудағы орасан зор жасампаздықпен қатар 
қайғыға толы іс-әрекеттер тарихи тұйыктыққа әкелгенін жақсы білеміз. Алайда оның 
кінәсін К.Маркстің теориясынан іздеу дұрыс болар ма екен? Мүмкін, оған кінәлі 
«марксизмді жаңа дәуірде шығармашылық жолмен ары қарай дамытқан» 
большевиктердің көсемі Ленин болар? Расында да, капиталистік қатынастар әлі күшіне 
кірмеген, тіпті кейбір жерлерде тағылықтың іздері әлі өшпеген феодалдық елде социализм 
орнатамыз деп лепірген революцияшыл топтардың тарихи кінәлілігін айтпай кетпеуге 
болмайтын сияқты. Екінші жағынан, қоғамдағы терең де жүйелі дағдарыстың өршіп, 
халықтың шыдамының таусылғаны да оған себеп болса керек. Алайда бүгінгі таңдағы 
әлеуметтік мемлекет орнаткан кейбір елдерге көз жіберсек (Швеция, Финляндия; 
Голландия т.с.с.), ол елдерді К.Маркстің заманындағы капиталистік коғаммен толығынан 
салыстыруға болмайды. Мемлекет тарапынан жасалған келемді әлеуметтік бағдарламалар 
әлсіз топтарға біршама көмек көрсетіп, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. 
Сонымен дамыған капиталистік елдер ешқандай революция, қантөгіс төңкерістері-ақ 


бірте-бірте әлеуметтілікке қарай жылжып бара жатыр. Ал социализм дегеніміздің өзі 
әлеуметтілік деген мағына бермей ме? Олай болса, К.Маркстің социалистік қоғам 
жөніндегі тарихи болжамы бірте-бірте іске асып келе жатқанға ұқсайды. Енді маркстік 
коммунизм идеясына келер болсақ, оны «бітпейтін ағыл-тегіл материалдық байлыққа» 
теңесек (осындайғып оны түрпайыландырған бұрьшгы Кеңес көсемдерінің бірі 
Н.С.Хрущев болған-ды), онда ол ешқашанда болмайтын қиял ғана деп есептеуге болады. 
Өйткені бұл дүниеде бәрі де шектелген. Ал, бірақ ол болашақтағы әр адамның гүлденуі, 
жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуі десек, — оның іске асуы мүмкін. 
Бұл теорияның тағы бір осал жері — тек қоғамдық меншіктің ғана болашағын мойындау, 
басқа меншік формаларына қарсы шығу. Диалектикалық дүниетануды қаншалықты 
меңгергенмен, К.Маркс саясатқа келгенде қиялға бой берген болса керек. Өткен Кеңес 
қоғамындағы мемлекеттік меншік шаруашылықты монополизациялап, акырында іріп-
шіріп кеткен жоқ па? 
Сонымен қатар К.Маркстің теориясындағы тарихи үрдістегі революцияның, зорлық-
зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі сол кезде болған әлеуметтік-саяси ахуалдан, содан 
ашынудан шықса керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да өз заманының 
перзенті болғанын айтып кету қажет. Олай болса, ол да қателескен. Бүгінгі заманның 
шыңынан тарихқа көз жіберсек, бірде-бір тарихтағы болған революцияның алдына қойған 
мақсат-мұраттарына жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, 
адам шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үрдістен шығатын бүгінгі 
адамзаттың көзі жеткен тұжырымы -коғамды күнбе-күнгі қажымас еңбек, өзара келісімге 
келу, қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу арқылы өзгерту, даму болмақ. 
в) мәдениет және цивилизация. Тарихты цивилизациялық-мәдени жолмен талдау 
мәселелері 
Тарих философиясының іргелі категорияларына мәдениет және цивилизация ұғымдарын 
жатқызуға болатын сияқты. Көп жағдайларда олар бір мағыналық дәрежеде 
пайдаланылатыны да рас. Мәдениет деген түбі араб сөзі «калалық», ал цивилизация деген 
латын сөзі де алғашқы уакытты «қалалық», «азаматтық» деген мағынамен сөздіктерге 
кірген. Ал Орта ғасырларда «кала» деген ұғымды «қоғам» ретінде түсінсе, онда олардың 
бір-бірімен уласып кететіні де рас. Сонымен, кең түрде алғанда, мәдениет деп тағы 
алғашкы табиғатқа қарсы тұрған, адамдардың іс-әрекеттері арқылы өзгертілген дүниені 
айтамыз. «Культура» деген сөздің өзінің түп мағынасы «өңдеу», «өзгерту», ал «культ» 
деген сөз белгілі бір нәрселерге табыну, көну деген мағына береді. Ал өзгертілген 
дүниенін. (оны кейбір кезде «екінші табиғат» дейді) ерекшелігі неде? Өзгертілген заттарда 
адамның ақыл-ойы, шығармашылык іс-әрекеттері заттанады. Сол заттарды игеріп, 
пайдаланған кезде ондағы заттанған рух тағы да «жалт етіп жанып» адамның санасының 
құрамдас бөлігіне, яғни оның ішкі дүниесіне айналады. 
Бұл арада оқырманның назарын мына нәрсеге аударғымыз келеді. Сол айнала коршаған 
ортаны өзгертудің өзі - табиғатқа бейімделудің бір түрі ғана. Мысалы, көне Қытайда 
табиғаттың стихиялық күштеріне қарсы түру әрекеттері жүздеген мың адамдардың басын 
қосып, оларды мәжбүрлеп, алып каналдарды ғасырлар бойы салуға ұмтылдырды. 
Нәтижесінде бұл елде қауымдастық принципке негізделген мәдениет пайда болып, оның 
кағи-далары, әлеуметтік нормалары осы уақытқа дейін ұсталынуда. Еуропа топырағында 
жұмсақ климат, айнала қоршаған жылы теңіздер жеке адамның іс-әрекеттерінің дамуына 
өз септігін тигізіп, жекешелілікке негізделген мәдениеттің қалыптасуына әкелді. Олай 
болса, жер бетінің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан халықтардың сол қоршаған ортаға 
байланысты қалыптасқан өз төл мәдениеті бар деп айтуымызға болады. 
Әр халықтың төл мәдениетінің негізінде оның тудырған тілі жатыр. Оны қазақ «ана тілі» 
дейді, өйткені ол ананың ақ сүтімен бірге беріледі. Тіл арқылы біз дүниені түйсіну, 
сезінуге мүмкіндік аламыз. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған тәжірибесі, 
даналық кағидалары берілген. Сондықтан ол - бағасы жоқ құндылық. Сондықтан да қазақ 
тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналмай, халқымыздың көсегесі көгермейді. 


Кең түрде мәдениетті екі салаға бөлуге болады. Олар -материалдық және рухани 
мәдениет. Оларды бір-бірінен айыру анықтамасы — адамға керек кажеттіліктерді өтеуде. 
Егерде белгілі бір зат адамның физиологиялық, материалдық мұктаждықтарын 
қанағаттандырса, оны материалдық, ал - рухани сұраныстарын өтесе - рухани мәдениет 
құндылықтарына жатқызамыз 
Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәдениетке ғылым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, 
саяси-құқтық, моральдық эстетикалык т.с.с. құндылықтарды жатқызуға болады. Ал енді 
бұл ұғымның өрісін мейлінше тарылтсак, онда мәдениетке адамның ішкі жан дүниесін, 
оның білім деңгейін, дүниеге деген көзқарасын, басшылыққа алатын әлеуметтік 
нормаларын т.с.с. атаймыз 
Енді цивилизация ұғымына келер болсақ, біріншіден айтып кететін жайт - бұл ұғымның 
көпмағыналығы. «Civilitas», деген латын сөзі «қалалық», «азаматтық» деген мағына 
береді. Енді бұл ұғымға берілетін бірнеше негізгі түсініктерді атап өтейік. Біріншіден, 
цивилизация алғашқы қауымдық коғамнан кейін дүниеге келетін адамзат тарихының 
сатысы (Л.Морган, Ф.Энгельс). Екіншіден, цивилизация дегеніміз қоғамның алып заттық 
денесінің пайда болып, адамдардың материалдық-сезімдік өмірлік бағытына көшуі, 
руханияттың азғындауы (О.Шпенглер, Ж.Ж.Руссо). Үшіншіден, цивилизация дегеніміз, 
белгілі бір географиялық ойкуменада (аймақта) қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір 
салты, мәдени құндылықтар, шаруашылық формалары (А.Тойнби, В.Данилевский). 
Төртіншіден, өндіргіш күштер дамуы биік дәрежеге көтеріліп, негізгі қоғамдық 
қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам құқтарының бұлжымай орындалуы, «тұтыну 
қоғамының» орнауы (Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып 
келгенде, дін арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың негізінде ұйымдасқан 
қоғам (В.Мак-Нил, С.Хантингтон). Әрине, мұндай көпмағыналық ұғым тарихи үрдісті 
әртүрлі тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді. Қалай дегенде де, әрине, алғашқы қауымдық 
қоғам белгілі бір дәрежедегі мәдениетті тудырғанмен, цивилизация емес. XX ғ. өмір 
сүрген көрнекті неміс ойшылы К.Ясперс цивилизация «кіндікті заманда» - б.з.д. ҮІІІ-ІІ ғғ. 
дүниеге келеді деген пікір айтады. «Бұл кезде Шығыста да, Батыста да бүкіл адамзат пір 
тұтатын ойшылдар дүниеге келіп, өз халықтарын адамгершілік жолға түсіреді. Олар: Лао-
Цзы мен Кон-фу-цзы (Қытай), Махавира мен Гаутама Сидхарт-ха, соңынан Будда аталған 
(Үндістан), Заратустра (Парсы), Сократ, Платон, Аристотель (Греция), Палестина 
топырағында дүниеге келген Библияда көрсетілген кейіпкерлер», деп қорытады 
К.Ясперс. Алайда кіндікті заманды материалистік тұрғыдан түсінуге болар ма екен? 
Аталған уақыт адамзаттың кола дәуірден өтіп, темір дәуіріне келген кезін көрсетеді. 
Соқаның басына байлаған темірден жасалған жер жыртқыш жердің өңделуін анағұрлым 
жақсартып, көп өнім алуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қажеттіліктен артық байлықтың 
дүниеге келуіне, соның нәтижесінде ең алдымен заттарды айырбастау, соңынан олардың 
бәрін теңейтін алтын, кейін акшаның пайда болуы әлеуметтік айырмашылықты тудырады. 
Жекеменшік дүниеге келіп, мемлекеттік дәрежеде ұйымдасқан коғамның формасы келеді. 
Енді коғамда дене еңбегімен тікелей айналыспай, өз өмірін толығынан ой еңбегіне 
арнаған адамдар - жазушылар, философтар, діни қызметкерлер, мемлекет шениелері т.с.с. 
дүниеге келіп, олармен бірге жазба тарих пайда болып, мектептер ашылады т.с.с. Міне, 
енді дүниеге осы уақытта цивилизация келді деп айтуға болады. 
Енді тарихи үрдісті цивилизациялық-мәдени жолмен талдау әдістемелеріне келер болсақ, 
осы ұғымдардың көпмағыналығына сай әртүрлі тұжырымнамаларды көруге болады. 
Алғашқы рет адамзат тарихына көз жіберіп «циклдік», яғни белгілі бір шеңберде дамып, 
соңында 
бастапқы 
сатысына 
қайта 
оралу 
идеясын 
философияға 
енгізген Джанбатисто Вико (1668-1774 жж.) болатын. Осы шеңберде белгілі бір мәдени 
қауымдастық, ұлт үш дәуірден өтеді екен. Бірінші - діни, екінші - батырлық, үшінші - 
азаматтық, содан кейін бастапқы діни сатыға қайта оралады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің 
халықтың тарихи батырлық сатысы, шамасы, Алтын Орда мемлекетінің заманында болса 
керек. Қазір біз азаматтық қоғам орнату үрдісіндеміз. Жүре келе, мұндай «циклдік» идея 


біршама тарихи-сопылық көзқарастардың негізіне алынды. Тарихи бірінші болып 
«мәдени-тарихи типтер» ұғымын енгізіп, соның арқасында тарихты сопылап көрген орыс 
ғалымы Н.Я.Данилевский (1822-1885 жж.) болғанды. Ол Батыс Еуропа елдерінің 
«германо-романдық» тарихи даму жолын жан-жақтың деп есептемей, керісінше, оның 
рухани-адамгершілік дағдарыста, болашағының жоқ екенін көрсетеді. Оның ойынша, 
адамзат тарихының дамуы «мәдени-тарихи типтердің» өзара бір-бірімен күресі жолында 
дамиды. Бірақ бұл күресте алға шыққан негізі мен құрылымы жағынан мықты тип тарихи 
үрдістің негізін құрайды. «Мәдени-тарихи типтер» сол қауымдастыққа кіретін 
халықтардың ортақ тілін талап етеді. Екіншіден, ол халықтардың саяси дербестігі болуы 
қажет, үшіншіден, ол толықканды болуы үшін әртүрлі халықтар мен ұлыстардан тұруы 
қажет. Қарап отырсақ, аз-мұз жетілген бұрынғы Ресей империясы көз алдымызға келеді. 
Оның ойынша, егер славяндардың тарихи болашағы мол болып, олар көштің басында 
болса, ғұндар мен түріктер тек қана қиратуға жаратылған халықтар екен. Қытай, Үндістан, 
Иран т.с.с. көне автохтондық цивилизациялардың да болашағына Н.Я.Данилевский күмән 
келтіреді. Сонымен славян тілдері мен мәдениеті шарықтап дамып, ал қалған кішігірім 
халықтар осы «мәдени-тарихи типті» безендіріп, сонымен катар мәресіне жетпей құрып 
кетеді екен. 
Алайда Н.Я.Данилевскийдің бұл жасанды империялық-үлтшылдық тұрғыдан жасаған 
конструкциясын тарих ақтамады. Бүгінгі таңда көне түріктердің тарихын жалғастырып 
келе жаткан казақ халкы неоренессанс үрдісінде. Оны бүкіл дүниежүзілік кауым 
мойындады. Бүкіл жер бетіндегі түрік дүниесі өз-өзін адамзатка көрсетіп, орнын анықтау 
барысында бірте-бірте жақындасуда. Ал Қытай мен Үндістан цивилизацияларына келер 
болсақ, олар бүгін тұйықтықтан шығып, нағыз өрлеу үстінде. 
Тарихи сопылықка өз үлесін қосып, уақытында үлкен қызығушылық тудырған Освальд 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет