Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер


ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата27.02.2023
өлшемі260,51 Kb.
#70299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қашықтықтан оқытудың қағидалары

3. ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын 
талаптар 
 
3.1. ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыру ҚазҰУ-дың ЖББТИ мен 
бітіруші кафедра бірлесіп, келесі платформалардың бірінде орналасқан 
қажетті сандық білім беру ресурстарының бар болу жағдайында жүзеге 
асырады: 
1) MOODLE қашықтықтан оқыту жүйесі (бұдан әрі –MOODLE ҚОЖ – 
dl.kaznu.kz) – білім беру порталында;
2) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖАОК онлайн-платформасында 
(open.kaznu.kz), 
Қазақстанның 
ашық 
білім 
беру 
Ұлттық 
платформасында (moocs.kz).
3.2. Университетте Академиялық Комитет мақұлдаған өзіндік немесе басқа 
онлайн-платформаларында ЖАОК жүзеге асырылады. Онлайн-
платформаға 
жүктемес 
бұрын 
ЖАОК, 
ҚазҰУ-дың 
ЖББТИ 
ұйымдастырған оқу-әдістемелік сараптамадан және апробациядан өтуі 
керек. 
3.3. ЖББТИ әзірленген ЖАОК-ның онлайн-платформаға жүктелуін, білім 
алушыларды тіркеуді, оқытуды және ағымдық

қорытынды бақылауды 
жүзеге асырады, университеттің атауын, тыңдаушының аты-жөнін, 
курстың атауы мен кредит көлемін анықтайтын сертификат береді. 
3.4. ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыру үшін ҚазҰУ-дың 
ЖББТИ-мен бірге шығарушы кафедра:
1) 
телекоммуникация 
желісіне 
(Интернет, 
спутниктік 
теледидар) қол жеткізуге болатын жабдықдың; 
2) 
сандық білім беру ресурстардың — СБР (ПОӘК мен СБР-ын 
дайындауды білім беру бағдарламасына сәйкес жасаушылары жүзеге 


асырады. СББР құрылымы мен мазмұнын шығарушы кафедра өз 
бетінше анықтайды); 
3) 
ҚОТ бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға жауапты 
факультеттің ҚОТ қолданатын білім беру бағдарламаларының 
үйлестірушісінің бар болуын қамтамасыз етеді.
3.5. ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыру үшін ҚазҰУ-дың 
ЖББТИ: 
1) ҚОТ 
қолданатын 
білім 
беру 
бағдарламаларының 
үйлестірушілерін, оқытушыларды, тьюторларды қашықтықтан оқыту 
технологияларын қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыруды оқытады; 
2) СБР әзірлеу мен жаңартуда оқытушы-профессорлық құрамға 
көмек көрсетеді;
3) ҚОТ қолдана отырып оқытуды арнайы желелік жүйелер арқылы 
басқаруды қамтамасыз етеді;
4) аутентификация жүйесі (егер қолжетімді болса) арқылы білім 
алушылар мен тыңдаушылардың тұлғаларының растауын қамтамасыз 
етеді;
5) ҚОТ бойынша оқу үрдісінің қатысушыларының өзара 
әрекеттесуін қамтамасыз етеді (форум, чат, видео және аудио 
конференция); 
6) білім 
алушылар мен тыңдаушылардың Университеттің 
электронды кітапханаларына және ҚОТ қолдана отырып білім беру 
бағдарламаларын іске асыру бойынша серіктестерге қол жетімділікті 
қамтамасыз етеді; 
7) ҚОТ қолдана отырып, оқу процесін жүзеге асыруға әдістемелік, 
техникалық және ақпараттық қолдау көрсетеді, оның ішінде ҚОТ 
қолдану бойынша call-орталығының жұмысын ұйымдастырады. 
3.6. Коммерциялық негізде (MBA, EMBA, DBA бағдарламалары, сыртқы 
тыңдаушылар және т.б.) ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісін жүзеге асыру 
үшін оқытудың осы түрін жүзеге асыратын факультет оқу үрдісіне бір 
күнтізбелік ай қалғанда ЖББТИ-ға ұсыну керек:
1) 
коммерциялық білім беру бағдарламасының басталуы 
уақыты туралы және білім алушылардың құрамы туралы оқу ісі 
жөніндегі проректордың бұйрығы (Директум ЭҚАЖ арқылы);
2) 
академиялық күнтізбе; 
3) 
оқу жұмыс жоспары; 
4) 
әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор 
бекіткен білім беру қызметін көрсетуге арналған шарттар негізінде 
жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасының оқу процесін 
техникалық қамтамасыз ету үшін ЖББТИ қызметкерлеріне төленетін 
ақыны белгілейтін смета; 
5) 
білім беру бағдарламасының паспорты,
6) 
қашықтықтан оқыту бөлімі көрсетілген әрбір пәннің 
силлабусы;
7) 
оқу кестесі. 


3.7. ҚОТ қолданып оқытылатын пәндердің оқытушылары білім беру 
бағдарламаларының талаптарына сәйкес MOODLE ҚОЖ-не ПОӘК мен 
СБР-ын толық көлемде жүктеуге міндетті. 
3.8. ҚОТ қолдана отырып жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары 
бойынша қорытынды аттестаттау онлайн-прокторинг жүйесі болған 
жағдайда ғана қашықтықтан жүзеге асырылады. Онлайн-прокторинг 
жүйесі болмаған жағдайда, ҚОТ қолданатын білім алушылар пәндер 
бойынша қорытынды емтихандарды Университетте тапсырады. 
3.9. Теориялық оқу кезеңінде білім алушылар қашықтықтан оқытудың 
электронды жүйесі арқылы пәндерді оқиды, онда оларға барлық оқу 
материалдары ұсынылады (дәрістер конспектілері, видео дәрістер, 
презентациялар), тапсырмалар (тесттер, жазбаша тапсырмалар, 
ұжымдық талқылау) беріледі, сондай-ақ online (чат, аудио-видео 
конференциялар) және offline (хат алмасу, пікірсайыс форумы) 
режимінде оқытушылардан кеңес алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі). 
3.10. Қорытынды бақылаудан өтуге (емтихан сессиясына) мүмкіндік алу үшін 
академиялық кезең ішінде ҚОТ қолданатын білім алушылар 
қашықтықтан оқыту жүйесіндегі тапсырмаларды орындап, әр пән 
бойынша жалпы баллдың кем дегенде 50% жинауы керек (АБ1 + MT + 
АБ2 = 300 балл).
3.11. Іссапарға байланысты ҚОТ қолданатын білім алушылар оралғанда оқу 
үшін қайта қабылданғаннан кейін қорытынды емтихандарды 
Университетте тапсырады. 
3.12. Шетелдік іссапардан оралған білім алушылардың емтихандарын 
қабылдау, білім алушының жеке өтініші негізінде рәсімделетін қайта 
келу туралы бұйрық шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Білім алушы 
факультет деканының өкіміне сәйкес қашықтықтан оқыған пәндері 
бойынша емтихан тапсырады. Жалпы семестрлік балдың 50% -дан аз 
алған білім алушы емтихан сессиясына жіберілмейді. 
3.13. Шетелдік тағылымдамаға кеткен ҚОТ қолданатын білім алушылардың 
теориялық 
оқуларының 
ұзақтығы, 
әр 
білім 
алушының 
тағылымдамасының кезеңіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет