51
қарастыру.
№12 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдеби үдеріс. Дәстүр
және жаңашылдық.
Сұрақтар:
-
әдеби үдеріске
теориялық сипаттама
- қазіргі әдеби үдеріс және ақпараттық технологиялар
- Қазақ поэзиясындағы Абай дәстүрі
- Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі.
Тапсырмалар: Дәстүр және жаңашылдық - күрделі
философиялық-эстетикалық категория. «Эпикалық проза және
М.Әуезов дәстүрі» тақырыбында
әдеби-теориялық талқылау
жасаңыз. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарын.
Т.Медетбектің «Көк түріктер сарыны» кітабындағы дәстүр және
жаңашылдық.
Әдебиеттер: 1
,3,4,7,9, 10, 12,17,20,35,36.
Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырма бойынша дәріс
тезістерімен танысу. Оқулықтағы тақырып бойынша қажетті
ғылыми еңбектерді оқу, қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу.
Мерзімді әдеби басылымдар және интернет
сайтттарындағы дерек
көздерін қолдану.
№13 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдеби бағыттар,
ағымдар, мектептер. Стиль теориясы
Сұрақтар:
-
Қазіргі
әдебиеттану ғылымындағы әдеби бағыттар
теориясы
- Қазақ әдебиетіндегі модернистік ағымдар көрінісі
- Дәуір стилі,
қаламгер стилі ұғымдары
Тапсырмалар: Әдебиеттегі әдеби бағыт пен ағым
ұғымдарына қатысты жаңа концепциялар. М.Жұмабаев поэзиясы
және символизм. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі сюрреализмге талдау
жасаңыз. М.Мағауиннің «Қыпшақ аруы» повесіндегі стиль
мәселесін талдаңыз.
Әдебиеттер: 5,7,8,9,10,12,14,17,32,35.
Әдістемелік нұсқаулар: Әдеби үдеріс
және әдеби ағымдар
деген тақырыпта конспект жасаңыз. Ұлттық әдебиеттанудағы
әдеби ағымдардың табиғатын зерттеген Ж.Жарылғаповтың
«Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» монографиясымен
танысыңыз.