Бекітемін: Келісемін: «u-study» аймақтық «Білім педагогикалық тестілеу орталығының шығармашылық орталығының»



Pdf көрінісі
Дата27.02.2023
өлшемі452,7 Kb.
#70377
Байланысты:
Sapsan олимпиада ереже



Бекітемін: Келісемін: 
«U-STUDY» аймақтық «Білім педагогикалық
тестілеу орталығының
шығармашылық орталығының» 
директоры: директоры:
Мейірбек Балтабекұлы Рафиков М.А.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Sapsan» республикалық 
олимпиадасының ережесі 
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: бiлiмдi насихаттау 
және оқушылардың шапшаң ойлануға қабілеттерін дамыту, қызығушылығын 
дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажеттi жағдай тудыру, 
республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды 
iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн 
көтеру. 
2. Олимпиада кезеңдері
2. Олимпиаданы оқу жылы бойы тиісті білім бөлімі 3 кезеңде өткізеді: 
аудандық (қалалық), облыстық, республикалық. 
1) Бірінші кезең. Өтетін уақыты – қараша-желтоқсан-қаңтар айлары.
2) Екiншi кезең. Өтетін уақыты –желтоқсан-қаңтар-ақпан айлары.
3) Үшінші кезең - республикалық олимпиадаға дайындық деңгейi ең 
жоғары оқушыларды іріктеп алу мақсатында өткiзiлетiн iрiктеу кезеңі 
(үшінші кезеңнiң қорытындылары бойынша өткiзiледi). Өтетін уақыты –
наурыз айы.
3. Олимпиадаға қатысушылар
3. Олимпиаданың бiрiншi және екiншi кезеңдерiне жалпы орта білім беру 
ұйымдарының 1-11 сынып білім алушылары қатысады.
4. Олимпиадаға А, В, С деңгейлі оқушылар қатыса алады.Яғни, 
олимпидаға жоғары, орташа, төмен оқытын оқушыларға қатысу мүмкіндігі 
ұарастырылған (А – жоғары деңгейлі оқушы, В – орта деңгейлі оқушы, С – 
төмен деңгейлі оқушы). Әр оқушыға өз деңгейі бойынша тапсырма беріледі. 
Олимпиаданың үшiншi кезеңiнде 1-11 сынып оқушылары (екiншi 
кезеңнен iрiктелiп алынған ең үздiк қатысушылар) қатыса алады.
Олимпиада тек қазақ тілінде өтеді! 
4. Олимпиаданың қазылар алқасы  


5. Республикалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы төраға, хатшы 
және қазылар алқасының мүшелерiнен тұрады. Қазылар алқасының саны 
пәнге байланысты 5-6 адамнан құралады. Аппеляция қарастырылмаған!
5. Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
6. 1,2 кезеңнің дипломдары мектеп әдіскеріне жіберіліп отырады. 
15 қатысушы қамтыған жетекшіге «Алғыс хат» беріледі. 
7. Республикалық олимпиаданың ашылуы, қорытындысын шығару және 
қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелiк жағдайда 
өтедi(карантин болмаған жағдайда). Республикалық кезеңнен 1,2,3 орын 
алған оқушыларға дәрежелі «Диплом» беріледі. 
«Бас жүлде» алған оқушыларға «Диплом» + 10 000 мың теңге көлемінде 
«СЕРТИФИКАТ» табысталады. (сыйақы (стипендия) төленеді) 
Республикалық олимпиадаға оқушысы қатысқан жетекшіге «Диплом» 
немесе «Құрмет грамотасы» табысталады. 
 
6. Олимпиада жарнасы 
1 кезең қалалық/аудандық – 990 теңге 
2 кезең облыстық – 990 теңге 
3 кезең Республикалық – 1990 теңге 
Аз қамтылған , тұрмыс жағдайы нашар отбасы оқушыларына олимпиадаға 
қатысу ТЕГІН 
 
7.Олимпиадаға қатысу үшін: 
Мектептен жауапты маман сұранысын ustudy@internet.ru поштасына 
жіберу! 
Ұсынылған анкетаны толтырып, анкета мен қатысу 
Жарнасы төленгендігі туралы түбіртекті жауапты әдіскерге жолдау 
Маңғыстау облысы бойынша : +7 771 687 64 92 Турсынай Акбергеновна 
Ақтөбе облысы бойынша : + 7 747 361 39 38 Томирис Аскаровна 
Қалған аймақтар бойынша : + 7 747 159 88 77 Сауле Сериковна 
8. Сұраныс беру үлгісі 
Облысы : 
Мектеп атауы (толық) : 
Жауапты әдіскердің аты-жөні : 
Байланыс нөмері : 
 
№ 
Аты-жөні 
Сыныбы 
Пәні 
Үлгерім 
деңгейі 
Жетекшісі 

Ұлан Асқар 

математика 
В 
Нурсалова Р 
 


9. Төлем жасау үшін 
Біздің реквизит (төлем жасау үшін) : 
Банк атауы: АО «KASPI BANK»  
Төлем аударылатын мекеме атауы: Портал «Білім педагогикалық 
шығармашылық орталығы» 
БИН/ИИН: 920501351951 
KZ57722S000010716152KZT 
Кбе 19 
КНП 920 
KASPI қосымшасы арқылы төлем жасау: 
Білім
- Портал «Білім педагогикалық шығармашылық орталығы»
- қатысушының аты-жөні
– ЖСН
– сомасы. 
Немесе ұжым болып бір төлем жасаған жағдайда KASPI QR – арқылы төлем 
жасауға болады 
Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша
республикалық олимпиадаларды
өткiзу ережесi 
1-қосымша
Республикалық олимпиадалар өтетін жалпы
білім беретін пәндер 
1. Қазақ тілі және әдебиеті (екеуі бір пән) 1-11 сынып 
2. Орыс тілі және әдебиеті (екеуі бір пән) 1-11 сынып 
3. Қазақстан тарихы 5-11 сынып 
4. Ағылшын тілі 2-11 сынып 
5. Математика 1-11 сынып 
6. География 5 – 11 сынып 
7. Физика 7-11 сынып 
8. Химия 7- 11 сынып 
9. Биология 6-11 сынып 
Ескерту: бір оқушы тек 1 пәнге қатыса алады! 



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет