Зияткерлік меншік негіздері: Оқушыларға арналған сұрақтар мен жауаптар


Барлық өнертабыстар патентке қабілетті ме?



Pdf көрінісі
бет17/72
Дата01.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#70608
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Байланысты:
ПАТЕНТ туралы

27.Барлық өнертабыстар патентке қабілетті ме?
Өнертабыстарды қорғауға арналған патенттік жүйе, бірақ барлық 
өнертабыстар патенттік қорғауға жатпайды. Елдер практикалық жүзеге 
асыру, қоғамдық тәртіп және өнеркәсіптік саясат ұғымдарын ескере 
отырып, патенттік қорғау саласынан алынған объектілердің және 
(немесе) тақырыптық бағыттардың тізбесін құрауы мүмкін. Әр түрлі 
елдердің қоғамдық мүдделерге сай келетініне қатысты ұстанымдары 
әрдайым сәйкес келмейді және уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Мысалы, 
құмар ойындарға арналған құрылғылар Қытайда немесе Жапонияда 
емес, Францияда патенттермен қорғалуы мүмкін. Патент беру әрдайым 
патентпен қорғалатын бұйым нарықта еркін айнала алады дегенді 
білдірмейді. Реактивті жойғыштардың, танк және артиллерияның жаңа 
модельдері патенттік қорғауды пайдаланады, бірақ оларды нарыққа 
шығаруға тыйым салынады. Дәрі-дәрмек патентпен қорғалса да, 
ауруларды емдеу үшін пайдалануға рұқсат бермес бұрын сату үшін 
мақұлдануы тиіс. 


28.Пайдалы модель дегеніміз не?
Пайдалы модельдер патенттер сияқты кең таралмағандықтан, ЗМҚСАК 
бойынша келісімде Париж конвенцияларының күші қолданылатынына 
қарамастан, пайдалы модельдер туралы ережелер жоқ. Статистика толық 
болмаса да, пайдалы модельдер жүйесін Қытай, Франция, Германия, 
Жапония және Корея Республикасын қоса алғанда, 57-ге жуық ел 
қолдайтынын көрсетеді.Бұл ретте Германия, Жапония және Корея 
Республикасы мамандандырылған заңнама шеңберінде пайдалы модельдерді 
қорғайды,ал Қытай өзінің "Патенттер туралы" Заңында пайдалы модельдер 
патенттердің бір түрі болып табылатынын белгілейді. Пайдалы модельдер 
белгілі бір утилитарлық мақсаттарға қызмет ететін, бірақ өнертабыс ретінде 
қорғау алу үшін жеткілікті өнертабыстық деңгейге ие емес шағын 
әзірлемелерді қорғау үшін жасалды. Өнертабысқа патенттер мен пайдалы 
модельдер техникалық шешімдерді қорғайды, алайда өнертабысқа патенттер 
бұйымды да, бұйымдарды дайындау әдістерін де қорғайды, ал пайдалы 
модельдер тек бұйымдарды ғана және кейбір елдерде ғана қорғайды. 
Мәселен, барлық шыныаяқтар тұтқасыз жасалады, сондықтан олардан ішу
ыңғайлы емес. Біреу шыныаяқты тұтқасымен ойлап табады және бұл 
шыныаяқтың жаңа түрінің жаңашыл шешім болып табылады. Алайда, 
жаңашылдық дәрежесі үлкен ықтималдықпен оны өнертабыстарға есептеу 
үшін жеткіліксіз болады. Бұл жағдайда ол пайдалы модель ретінде қорғалуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет