жетілуіне
қарай ол өскен, сондықтан төмен тиімділік өнертабыстың
пайдалылығын кемітпейді. Өнертапқыштық деңгей және пайдалылық
жаңалығы-патентке қабілеттіліктің үш міндетті шарттары. Патенттік
сараптама жүргізу
кезінде сарапшы, әдетте, бірінші кезекте, пайдалылықты
бағалайды. Патенттерге байланысты, патенттік
өтініштер және техникалық
әдебиеттерді іздеу, жаңалықты және өнертабыстық деңгейді анықтау үшін
қажет, алайда бұл өнертабыстың пайдалы екенін анықтауға көмектеспейді.
Мысалы, сарапшылар ұсынылған өнімнің мәні бойынша өтінім
материалдарын мұқият зерттеп, мәңгілік қозғалтқыш екенін анықтай алады.
Егер олар мәлімделген өнертабыстың пайдасыз екеніне көз жеткізсе, олар
іздеуге уақыт жұмсайды.
38. Патенттелетін өнертабыстың бірлік өлшемі дегеніміз не?
Патенттік өтінім бір өнертабысқа жатады дегенді білдіреді,
алайда
кейде өтініш беруші бір идея негізінде жаңа өнімнен, өнімді дайындау
процесінен, арнайы құрал-жабдықтан және өнімді пайдалану мақсаттарынан
тұратын өнертабыстар тобын құрайды. Топтың өнертабыстары бір идеяны
немесе бірдей техникалық белгілері өзінде болғандықтан, оларды бір өтініш
шеңберінде баяндауға болады. Бір өтінімде
бірнеше өнертабыстар
мәлімделген жағдайда олардың шын мәнінде жалпы техникалық белгілері
болуы тиіс. Мысалы, асүй пышағы мен автомобильді алсақ, біріншісі де
екіншісі де басқа металдан жасалған. Әлбетте, осы жалпы белгі (дайындау
материалы)
негізінде
оларды
бір
өтінімге
енгізудің
мағынасы
жоқ.Өнертабыс бірлігінің өлшемі сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілерге арналған
патенттік өтінімдерге қолданылады. Сонымен қатар, мысалы, бір нысандағы,
бірақ түрлі түсті шыныаяқ жиынтығы бір өтінімде сипатталуы мүмкін,
өйткені олар өнертабыс бірлігінің талаптарына жауап береді. Бұл өлшемнің
мақсаты өтініш берушінің бір өтінімге
өзара байланысты емес
формулалардың көбісін енгізбеуі болып табылады. Ол сарапшының
жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ жұртшылық өкілдеріне патенттік
құжаттаманы тиімді пайдалануға көмектеседі. Бұдан басқа, өтінім беру үшін
баж олардың
санына байланысты болады, сондықтан өнертабыс бірлігінің
өлшемі өтінім берушіге төлем енгізу жөніндегі міндеттемелерден жалтаруға
мүмкіндік бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: