[Введите текст]


Филология ғылымдарының докторы Қанипаш



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата01.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#70769
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Қазақ әдебиеттануы 2

 Филология ғылымдарының докторы Қанипаш 
Мәдібайдың “ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” атты оқу 
құралы 2001 жылы 196 беттік көлемде “Қазақ 
университеті” баспасынан жарық көрді. Еңбекте ХІХ 
ғасырдағы әдебиет үлгілері:қисса өлең, тарихи өлең, 
айтыс өлең, ән өлең, зар заман өлеңінің зерттелу жайы, 
сондай-ақ оларды бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерттеу 
проблемалары жүйеленіп, жанрлық ерекшелік, көркемдік 
өзгешеліктері қарастырылады.Ол жөнінде зерттеу авторы 
Қанипаш Мәдібай “Алғы сөзінде” былай деп жазады: 
“...сол негіздерде,әріде айтылған пікір - тұжырымдарды 
бүгінге шейін сабақтастыра қарастырғанда,ХІХ ғасыр 
әдебиеті жайлы айтылуға тиіс мәселенің барлығы 
түгесіліп болмағанын, әсіресе соңғы уақыттарда көп 
әңгімені, көркемдік жағын қайтара қарау, өткеннің 
құрсауларын босатудың мұқтажы айқын байқалуда. Ол, ең 
әуелі, ХІХ ғасыр әдебиетін бағалаудағы бір кездегі 
көркемдік-теориялық тұжырымдардың жайы”. Зерттеуші 
ХІХ ғасыр әдебиеті “кертартпа романтикалық,сыншыл 
реалистік деген атаулармен аталып, бұл кезеңдегі 
әдебиеттің көркемдік негізі мазмұндық, саяси мәнге ие 
болып келгендігі,оның себеп-салдары жөнінде айта келіп, 
сөз өнеріндегі сапалық өзгерістердің болғандығын, 
көркемдік, түрлік, стильдік ізденістерде көптеген 
жетістіктерге қол жеткізілгендігі жайлы жан-жақты жаңа 
мәліметтерді мәлім етеді.”Бұл құбылыстардың барлығы 
әдеби өмірдегі ауыс-түйіс өткен сырт уақиғалар фактілер 
болса,әдебиеттің ішкі ісінде,көркемдік шеберлерінде де 
өзгеріс ,жаңару, даму тенденциялары аса күшті байқалды. 
Қазақ өлеңі жаңа түрлер жасады. Оның басында 


[Введите текст] 
154 
Махамбет, Дулат тұр. Бұл құбылыс Абаймен жалғасты. 
Жаңа жанрлар туды. Европалық мәндегі жаңа жазба 
әдебиет қалыптасты. Мысал, сықақ, сатира жанры 
жаңғырып, жанданды поэма туды. Сырлы да нұрлы 
лирика толысты. Сал-серілер өнері шарықтады.Айтыстың 
мәні, мазмұны тереңдеді.Поэманың алғашқы нысандары 
көрінді.Тарихи жырлар туды”,-деп сол кезеңдегі 
көркемдік құбылыстарды нақты тарихи фактілер негізінде 
дәлелдеп береді. Одан әрмен автор өз еңбегін бес тарауға 
бөліп,сол 
кезең 
әдебиетінде 
өзіндік 
өрнегімен 
танылып,жаңа жанрлық түр болып қалыптасқан “Қисса 
өлең”,”Тарихи өлең”,”Ән өлең”,”Айтыс өлең”,”Зар заман 
өлең” деген тақырыптар төңірегінде ой толғайды. 
“Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі” атты 
көмекші құралында (Алматы.”Қазақ университеті.2007 
жыл.99 бет) зерттеуші өзінің ғылыми мақсатын “ХІХ 
ғасырдағы өлең құрылымы”,”ХІХ ғасыр өлеңіндегі сөз 
ұнасымы” және “ХІХ ғасырдағы ауызша әдебиет пен 
жазба әдебиеттің айырым белгілері мәселесі ” деген 
тараулар төңірегіне топтастырып, сол кезеңдегі ұлы ақын 
шығармашылығындағы көркемдік құбылыстарды бүгінгі 
талап тұрғысынан талдап,таразылайды. Әдебиеттанушы
ф.ғ.д. профессор, А.Ісімақованың «Казахская художествен- 
ная проза. Поэтика, жанр, стиль ( начало ХХ века и совре -
менность)» (А, Ғылым, 1998) монографиясында қазақтың 
көркем прозасы қалай туды, қандай жанрлық бастаулар
әсер етті деген мәселе зерттелген. 
Ауыз әдебиеті дәстүрін саралай келе зерттеуші толғау 
жанрының бұл процеске ерекше әсер еткенін қарастырған. 
Прозаның дамуына Абайдың классикалық стилінің әсер 
етуі теориялық талдаулар арқылы дәлелденген. Сонымен 
қатар, зерттеуші осы тұста классикалық стиль ұғымын 
теориялық тұрғыдан арнайы сөз еткен. Кітап 4 тараудан 
тұрады:
1) Жанровые предыстоки казахской художественной 
прозы. 
2) Классический стиль Абая Кунанбаева и его роль в 
зарождении казахской художественной прозы. Открытие 
эстетического треугольника «Автор – герой – читатель» в 
«Ғақлия». Художественное открытие новой концепции 
человека и его места в вечно меняющемся мире 
3) Экзистенциальная проблематика возвращенной 
литературы (Ш.Кудайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, 
М.Жумабаев, М.Ауэзов) 
4) Культурные архетипы современной казахской 
прозы. Соотношение литературного и лиро-эпического 
кодов в структуре художественного текста (Т.Ахтанов, 
А.Кекильбаев, О.Бокеев, С.Санбаев) 
«Жанровые предыстоки казахской художественной 
прозы» атты бірінші тарауда поэтика мәселесі қойылып, 
әдеби жанрдың жадында сақталатын сөз өнері тарихының 
поэтикалық жетістіктері айқындалған. Осы ретте 
«Әдебиет 
танытқыштағы» 
дарынды 
сөз 
жүйесі 
қарастырылып, оның айтылу түріне қарай негізделген – 


[Введите текст] 
155 
әуезе, толғау, айтыс түрлері зерттелген. Бұл айтылу түріне 
бөлінген сөйлеу жанрларын (речевые жанры – М.Бахтин) 
зерттеуші 
романның 
алғы 
бастаулары 
ретінде 
қарастырады. Сөздің екіұшты, көп мағыналы болуын, сөз 
өнерінің әлеуметтік, саяси, қоғамдық өмірге тікелей әсер 
еткенін зерттеуші ертегі – толғау – айтыс жанрлық 
түрлерін саралай отырып ,дәлелдеген. Романның тууына 
эпикалық дәстүр – лиро – эпикалық поэмалар. «Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз – Жібек» әсер еткені де 
айқындалған. Осыған байланысты малазиялық хикаяттар, 
көне 
ағылшын 
тіліндегі 
рыцарлық 
романдар 
типологиялық салыстыру арқылы келтірілген. Лиро – 
эпикалық поэмаларда –«халық романдарында» ашылған 
қарапайым адам өмірінің бейнеленуінен жазба әдеби 
романға дейінгі ара – қазақ сөз өнерінің көркем 
жетістіктері ретінде зерттелген. Осы тұста толғау 
жанрының романға әсер еткені арнайы қарастырылған. А. 
Байтұрсынұлы көрсеткендей, толғаудың адамның ішкі 
әлемі, жан тебіренісінің күйін көрсете білу қасиеті қазақ 
романына ерекше психологизм әкелгені дәлелденген.
Зерттеушінің пайымдауынша толғау қазақ романына 
ерекше мазмұнды мағына, кейіпкердің ішкі әлемінің 
бостандығымен қоса, өмір шындығына тікелей араласу 
қабілетін әкелді. Лиро – эпикалық стильдің дамыған түрін 
зерттеуші ХХ ғасыр басындағы проза мен ХХ ғасыр 
соңындағы әдебиеттен табады. Сондықтан, қазақ романы 
о баста бай ортағасырлық баяндау тәсілі бар құнарлы 
жергілікті – төл дәстүрдің арқасында жылдам дами алды. 
Қазақ әдебиетіндегі көркемдік процестердің логикасы 
осылай зерделене түскен.
«Классический стиль Абая Кунанбаева и его роль в 
зарождении казахской художественной прозы. Открытие 
эстетического треугольника «Автор – герой – читатель» в 
«Ғақлия». Художественное открытие новой концепции 
человека и его места в вечно меняющемся мире» атты 
екінші тарауда Абайдың классикалық стилі деген ұғым 
теориялық тұрғыдан дүниежүзілік әдебиет контексінде 
айқындала түскен.
Зерттеуші Абай мұрасындағы адам – пенде туралы 
жаңа концепцияның тұңғыш рет ашылғанын, оның бұл 
мәңгі өзгеріп жатқан өмірдегі орны қандай деген сауалға 
жауап береді. Абай стилі дүниежүзілік әдебиет 
контексінде зерттелген. Абай стилінде қалыптасқан 
“автор – кейіпкер – оқырман” үштігінің “Ғаклиядағы” 
ақын өлеңдеріндегі жүйесі қазақ романына тікелей әсер 
еткені нақты талдаулар арқылы дәлелденген. 
Классикалық 
стиль 
ұғымы 
осы 
контексте 
айқындалып, оның бұған дейінгі кезеңнен айырмашылығы 
қарастырылған. Бұл бөлімнің тараушалары “Открытие 
эстетического треугольника “автор–герой–читатель” в 
“Ғақлия”, “Художественное открытие новой концепции 
человека и его места в вечно меняющемся мире”, “К 
понятию классического стиля в казахской литературе”, 
“Как шло становление классического стиля в казахской 


[Введите текст] 
156 
литературе”, “Художественный синтез в стиле Абая”, 
«Система «автор – герой – слушатель» т.б атты 
тараушаларда аталған теориялық мәселелер нақты 
талдаулармен 
дәлелденген. 
«Экзистенциальная 
проблематика 
возвращенной 
литературы 
(Ш. 
Кудайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жумабаев, 
М. Ауэзов)» атты зерттеу еңбек келесі тараушалардан 
тұрады:
1. Роман – финальный жанр реалистической 
литературы; 
2. Стиль первого казахского романа. (М. Дулатов 
«Бақытсыз Жамал») 
3. 
Зачатки 
психологической 
прозы 
Ш. 
Кудайбердиева. (Әділ – Мария) 
4. Историческая продуктивность художественного 
открытия и стиль;
(проза М. Жумабаева) 
5. Роман и стиль. (Ж. Аймауытов «Ақбілек», 
«Қартқожа») 
6. Слово в языке и слово в стиле М. Ауэзова (ранние 
рассказы и повести) 
«Роман – реалистік әдебиеттің соңғы жанры» атты 
бірінші 
тарауда 
А. 
Байтұрсынұлының 
«Әдебиет 
танытқышындағы» теориялық ойлар М.М. Бахтиннің 
теориясымен ұқсас екені анықталып, осы тұрғыдан ХХ ғ 
басындағы қазақ әдебиеттануы мен көркем проза 
сараланып, талдауға түскен. Дүниежүзілік роман 
жанрының дамуы негізінде қазақтың тұңғыш романы 
қарастырылған. А. Байтұрсынұлының Ділмар дәуірі 
түсінігі негізінде бұл қағида нақты талдаулар арқылы 
айқындалған. Европа романы қашан пайда болған? 
Ортағасырлық прозаға қандай жанрлар жатады? Япондық 
(ХІ ғ) роман, қытай романы (ХІV), корей романдарының 
қандай ерекшеліктері бар? Шығыс әдебиеттеріне роман – 
аударма арқылы қалай келді? Шығыстағы 18–20 ғ 
басындағы романдық түр қалай пайда болды? Антикалық 
роман, ортағасырлық рыцарлық роман, араб, япон, грузин 
әдебиеттеріндегі рыцарлық эпос типологиялық тұрғыда 
қарастырылған. 
Ескендір 
туралы 
роман 
басқа 
әдебиеттерге қалай енген? Қытай ортағасырлық тарихи 
романы (ХІV) басқалардан несімен ерекшеленеді? Араб 
романы қай кезде пайда болған? Хикаяттарды неге роман 
деп атаған? Қазақ романының ХХ ғ басында дүниеге 
келуіт.б күрделі мәселелер осы контексте қарастырылған.
Монографияның 4тарауы «Казахская художественная
проза. Поэтика, жанр, стиль. (начало ХХ века и 
современность)» деп аталады. 1960–80 жылдардағы қазақ 
прозасына әдеби теориялық талдау жасалған. Бұл кезде 
пайда болған қазіргі прозаның жанр мен стильдік 
ерекшеліктері айқындалған. Т. Ахтанов, Ә. Кекілбаев, О. 
Бөкеев, С. Санбаев шығармаларындағы қазіргі прозаның 
жаңа жетістіктері қарастырылған. Басты қағида – қазіргі 
прозадағы ұлттың төл жанрлық ерекшеліктерінің 
сақталуы. Ұлттық сөз өнерінің төл дәстүрінің жаңа 


[Введите текст] 
157 
контексте – романда қайта жаңғыруы бүгінгі әдебиеттің 
басты ерекшелігі: психологизмнің төл түрін жаңғырту 
болып табылады.
А.Исмакованың 
«Возвращение 
плеяды 
экзистенцияльная проблематика в творчестве Ш. 
Кудайбердиева, А. Байтурсынова, Ж. Аймауытова, М. 
Жумабаева, М. Дулатова и М. Ауэзова» атты 
монографиясында (А.» Ғылым», 2002) 1990 жылдардағы 
қазақ прозасына қайтып оралған ақтаңдақтар қалай әсер 
етті? Шынайы көркемдіктің деңгейі қандай өлшемдермен 
сипатталады деген мәселелер көтерілді. ХХ ғ басындағы 
қазақ әдебиеті адамды көркемдік тану тұрғысынан 
жаңаша бейнелеген туындылар болып табылады. 
Әдебиеттанулық талдаулар арқылы бұл шығармалардағы 
көркемдік дүниежүзі әдебиеттердің үлгілі болып 
саналатындарымен салыстырыла зерттеуге негізделген.
Тұңғыш рет аталған шығармалар – көркем мәтіндердің 
орыс тіліне дәлме–дәл, жолма - жол аудармалары 
ұсынылған. 
Ш.Құдайбердіұлы, 
М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов туындыларын 
біріктіріп 
тұрған 
экзистенциалды 
проблемалар 
қарастырылған. Өмір мен өлім, дұрыс пен бұрыс, ақ пен 
қара, оң мен сол, шынайы мен жалған ұғымдары қалай 
бейнеленген? Шынайы көркемділіктің басты шарттары 
қандай?
Аталған шығармалар ХХ ғ басындағы әдебиеттану 
контексінде де зерттелген. Және бұл әдебиеттанудың 
деңгейінің кәсіби биік екені осы тұста айқындала түскен. 
Сондықтан бұл мәселе VІ тарауда арнайы қарастырылады. 
ХХ ғ басындағы тұңғыш әдеби-теориялық зерттеу ретінде 
А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» (1926) 
зерттелген. Х. Досмұхамедұлының «Казахская народная 
литература», М. Әуезовтың «Қазақ әдебиеті тарихымен» 
қатар бұл іргелі зерттеу өз кезінің және кейінгі қазақ 
әдебиетіне тікелей кәсіби ықпал еткені айтылған.
Осы ретте «Әдебиет танытқыштың» басты теориялық 
қағидалары М. Бахтиннің теориялық зерттеулері негізінде 
анықталған. ХХ ғ басындағы қазақ әдебиеттануы 
Абайтану негізін қалағаны осы тұста қарастырылған.
Ә. Бөкейхан, К. Ысқақұлы, А. Байтұрсынұлы,
Ж. Аймауытов, М. Әуезов, М. Жұмабаев, Н. Рамазанов, 
Н.Төреқұлов. Б. Көлеев, І. Жансүгіров, Г. Сағди,
С. Торайғыровтардың Абайтануға қосқан нақты еңбектері 
зерттелген. 
«Әдебиет танытқыш» М. Бахтиннің «Эстетика 
словесного творчества» зерттеуімен салыстырылып басты 
теориялық ортақ тұжырымдар анықталған.
Бүгінгі тәуелсіз кездегі әдебиеттануда 1990 жылдары 
осы теорияның қажеттілігі нақты талдаулар негізінде 
тұжырымдалған. 
«Әдебиет 
танытқыштың» 
іргелі 
теориялық негіздері З. Қабдолов, З. Ахметов, С. 
Қирабаевтар мойындағаны ескеріліп, бүгінгі қазақ 
әдебиеттануына қажет зерттеу екені дәлелденген. М. 


[Введите текст] 
158 
Әуезов мұрасы ақталғандар контексінде жаңаша 
зерттелген. 
Казахский 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет