Бақытжан Майтановтың “Сөз сыны (ХХ ғасыр
әдебиетінің
көріністері).
Зерттеулер,
мақалалар,
портреттер.”-атты еңбегінде ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиетінің поэзия, проза, сын салаларының тарихи даму
жолдары қазақ әдебиетінің сол кезеңдері жарық көрген
шығармалары арқылы сараланады.Поэзиядағы өмірлік
құндылықтар, ішкі диалогизм, жанр мен стильдер тоғысы,
символизм эстетикасы,жаңашыл бағдар, прозадағы кие
[Введите текст]
150
мен тыйым, фрейдшілдік тұғырнама, экзистенционализм
сарыны, психологизм мен этнографизм, деректілік пен
автобиографизм, көркем сынның әдіснамасы мен оның ірі
өкілдерінің туындылары дәйектілікпен сараланады. Бұл
жөнінде зерттеуші “Заман және қалам” атты алғы сөзінде
былай дейді: ”Бұл кітапта негізінен өткен ғасырдың
(байқаңызшы,осылай деуге тура кеп тұр!) 70-жылдарынан
бергі
дәуірдегі
қазақ
әдебиетінің
әр
саладағы
құбылыстарына өз көзқарасымыз бар деп ойлаймыз. Ал
ұлы Абай, Мағжан, Сәкен, бұрын белгісіз Әзімбай
Бижанұлының поэзиясы туралы М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов
прозасы туралы пікірлер еңбектің уақыт пен кеңістік
аясындағы
ауқымын
ұлғайтып,өнердегі
дәстүр
жалғастығын біршама айқын сезінуге,ұлттық көркемдік
ойдың
дамуындағы
үзілмес
рухани
арқауды
танып,түсінуге үлес қосар деп ұқтық. Қайсыбір
жазушы,қайсыбір туындылар төңірегінде сол кезеңнің өз
әсер,лебі басым аңғарылуын құнттадық.””Еркеленіп
шығар сөз” деген бірінші бөлімінде “Абайдың мұңы”,
”Мағжанның арманы”, ”Сәкеннің рухы”, ”Әзімбайдың
сарыны” т.б деген тараушаларда өлеңнің сырлы өрнегі,
поэзияның жеткен жетістіктері мен сол кезеңдегі өлең
өлшемдері мен әр ақын әкелген өлең өрнектері жайлы сөз
қозғалса, қазақтың көркем прозасының көшбасындағы сөз
өнерінің ірі өкілдері М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің
шығармалары “Ыстық жүрек,нұрлы ақыл” деген екінші
тарауда талданады. ”Батырдың дана қаламы”деген
тараушада
қаламгер,
қаһарман,
қайраткер,
қазақ
халқының даңқты батыры Бауыржан Момышұлының
шығармашылықтары өмір деректерімен өзектесе алынып,
жан-жақты зерделенген. Мысалы зерттеушінің ойын мына
сөздері дәлелдері хақ: ”...Аталған шығармаларының
бәрінде жазушы өлең - жыр, мақал - мәтелге, халық
творчествосының өнегелік мұратына тәнті көңілін нақты
оқиғалар үстінде кестелейді, үзінділер келтіріп,ел
жүрегінің лебімен өзі де толғанып, рухани тулеу
мезеттерін бастан өткізеді... Жазушы әскери шындықта
кездесетін әдебиеттегі құбылыстарға ерекше мән беріп,
үлкен моральдық - эстетикалық қорытындылар жасап
отырады” .
“Қуатты ойдан бас құрап” атты үшінші бөлім
академик
сыншы,
көрнекті
ғалым
Мұхаметжан
Қаратаевтың шығармашылығы жайлы, ал “Эстетикалық
ойға биіктік керек” атты портреттен, қазақтың аяулы
ғалым қыздарының бірі Ләйлә Мұхтарқызы Әуезованың
адами,
ғылыми
қасиеттеріне
кеңінен
тоқталған,
“Қыранның қияғы” атты мақаласы, академик Серік
Қирабаев, әдебиетші ғалым Шериаздан Елеукенов, сыншы
Сағат Әшімбаев т.б шығаршашылықтары туралы
толғанған тараушалар да оқырмандарына көп ой салады.
Б.Майтанов әдебиеттің тарихи мәні, қазақ әдебиеттану
ғылымының қазіргі бағыттары, әсіресе әдебиет тарихын
теориялық тұрғыдан зерделейтін бұдан басқа да бірнеше
зерттеу еңбектер жазған ғалым.
[Введите текст]
151
Тәкентанушы ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлының тәуелсіздік
жылдары жарияланған еңбектері де қазақтың көркем
сөзінің шын шебері Тәкен Әлімқұловтың даралық
қолтаңбасы, қаламгерлік ізденістері мен жетістіктері
жайлы жүйелі түрде ізденіп, табанды да адал зерттеушісі
болып жүргендігін айқындайды. Және жазушының жеке
шығармашылығы
өткен
ғасырдың
60-80-ші
жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша
пайымдауға
мүмкіндік
береді.
Сөз
зергерінің
шығармаларындағы кейіпкерлердің ұлттық болмысы, ішкі
жан
әлемі,
көркемдік
ерекшеліктері
Қансейіт
Әбдезұлының “Кейіпкер және тартыс”(1995), “Ел мен жер
тағдыры” (2000),”Т.Әлімқұлов шығармашылығы және 60-
80–жылдардағы қазақ прозасы”(2001), “Әдебиет және
өнер”(2002),
“Жазушы
және
заман
шындығы”
(2003),”Тарих және тағдыр”(2004), “Қазақ прозасы және
ұлттық идея” (2005) атты зерттеулерінің ең өзекті
мәселелері болып табылады. Мысалы, ”Әдебиет және
өнер” атты зерттеуінде ғалым Тәкен Әлімқұловтың
шығармашылығын әр түрлі қырынан алып қарастырады.
“Дәстүр және әдеби процесс” және “Дәстүрлі күй өнері
және суреткерлік тұрғы”деген тарауларда екі роман, жеті
повесть, алпысқа жуық әңгіме жазған Т.Әлімқұловтың
туындыларына ортақ тақырып болған күй мен күйшілік
өнер, олардың қандай дәстүрден тамыр алып жатқандығы
жөнінде ой толғаса, “Ақындық өмір және жазушының
эстетикалық нысанасы”, “Дәстүрлі мәдениет және
жазушы шеберлігі”,”Заман шындығы және көркемдік
шешім” атты тараушаларда суреткердің өмір мен өнер
жолындағы өзіндік қолтаңбалары мен шынайы кәсіби
шеберлікке жету жолындағы ізденістері нақты көркем
мәтінді талдау арқылы зерттеледі. “Т.Әлімқұлов қаламгер,
жазушы ретінде ең алдымен М.Әуезов дәстүріне, оның
ұлттық мәдениеттің алтын қорына қосылған, қайталанбас
құнарлы
көркемдік
мұрасына
табан
тіреді.Осы
суреткерлік дәстүрден,көркемдік тәжірибеден нәр алды.”,-
дей келе: “Күйшілік өнер мен ақындық өнер,тұлпарлар
тағдыры
тақырыбын
арқау
еткен
шығармаларда
Т.Әлімқұловтың тілдік-стильдік ізденістері айрықша көзге
түседі” деп қаламгердің суреткерлік шеберлігіне жоғары
баға береді.
Жазушының идеялық - концептуалдық, баяндау
жүйесіндегі өзіндік өрнекті өзгеше өре мен биік
талғаммен
таныта
білген
зерттеушінің
Тәкен
туындыларын табанды түрде зерделеуі сөз өнерінің
құпияларын “қойма ақтарғандай” зерттеп, етене және
егжей-тегжейлі детальды түрде талдауынан танылады.
Қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы күреске толы
күрделі тарихының елеулі белестеріне көркем әдебиеттегі
тарихи тұлғалардың өмірлік және шығармашылық
тағдыры арқылы ой жүгірткен зерттеуші “Тарих және
тағдыр”атты еңбегінде І.Есенберлиннің “Көшпенділер”
трилогиясы, Д.Әбілевтің “Ақын арманы”, “Арман
[Введите текст]
152
асуында”,”Баянауыл
баурайында”,
Ә.Әлімжановтың
“Махамбеттің
жебесі”,
”Ұстаздың
оралуы
“,Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры”, Ш.Мұртазаның
“Жұлдызды көпір”,”Тамыұқ”, ”Қылкөпір”, С.Жүнісовтің
“Ақан
сері”,
Т.Әлімқұловтың
“Сейтек
сарыны”,
”Көк қаршыға”,”С.Бақбергеновтің“ Қайран шешем”
,,І.Жақановтың “Ықылас”, М. Мәжитовтің “Барлыбай
түбіндегі
ән”,
Ж.Тұрлыбаевтың
“Тамыз
таңы”,
”Райымбек” т.б сынды шығармалардағы тарихи тұлғалар
тарихы мен көркемдік шындық арасындағы сабақтастық
жайлы сыр тартады. Зерттеушінің өз сөзімен айтсақ,
”Түйіндей айтқанда, оқырман назарына ұсынылып
отырған еңбекте қазақ прозасының соңғы жарты ғасыр
аумағында жарық көрген туындыларындағы тарихи кезең
шындығы мен осы кезеңде өмір кешкен тарихи тұлғалар
тағдырының әдебиетімізде көріну деңгейі,осы мақсатты
жүзеге асыруда қазақ қаламгерлерінің қол жеткізе алған
көркемдік жетістіктері жан-жақты,талдау арнасында
қарастырылады”.
Зар заман тақырыбы рухани тәуелсіздікке зәру
елдердің қай кездегі де тақырыбы. Ұлттық әдебиеттану
ғылымында “зар заман “деген терминді енгізіп,сол
жайында алғаш ғылыми ой толғаған Мұхтар Әуезовтің
теориялық тұжырымдары зерттеуші Бауыржан Омардың
Достарыңызбен бөлісу: |