49
мәліметтер уақ объектілер: өзендерге, жылғаларға, бұлақтарға, жыраларға,
шағын тоғайларға қатысты атаулар туралы мәлімет жинауға септігін тигізеді.
Өткен замандарға жататын елді-мекендер жөнінде топонимикалық
жадығаттарды жинақтаушылар үшін олар жөнінде мұрағатта сақталған
құжаттық жоспарлар, жазба кітаптар, мекен орындарының тізімі маңызды рөл
атқарады. Бұлар бойынша ежелгі атаулардың барысын, кейде жоғалып кету
себептерін анықтауға болады.
Жалпы, өлкетанушылар өлкенің топонимикасын зерттеуді жергілікті
сөздік құрастыруға жадығаттар жинақтаудан бастайды. Ол үшін ең алдымен,
географиялық атаулар туралы жадығаттарды жинақтап алып, ондағы
географиялық атауларды әліппелік ретпен жазады, содан соң, географиялық
атаулардың тарихи даму барысын сипаттайтын күрделі сөздік құрастырады.
Топонимикалық сөздік – бұл, негізінен, географиялық атаулардың шығу
тегін анықтайтын этимологиялық сөздік. Оны құрастыруға географтар,
тарихшылар, лингвистер, этнографтар және басқа да мамандар қатысады.
Сөздікке жадығаттар жинақтау көп жағдайда жергілікті тұрғын халықпен
әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Оның барысында бұл өлкеде қандай атаулар
қолданылатыны және олардың шығу себептері дәл анықталады. Сондай-ақ,
объекті атауларының жергілікті табиғи ортамен байланысы анықталады.
Топонимикалық сөздік географиялық сөздікке қарағанда объектілерді
емес, атауларды сипаттайды. Атаулардың мәні тек шығу-тегін анықтаумен
ашылмайды, атаулардың ортасын, өзгерісін және өзгеру түрлерін анықтау
арқылы ашылады. Топонимикалық сөздік этимологиялық сөздіктен тарихи-
географиялық ортаны зерттеумен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: