Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§3,4 Этнографиялық зерттеуде жадығаттарды тіркеу, жинақтау



Pdf көрінісі
бет16/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§3,4 Этнографиялық зерттеуде жадығаттарды тіркеу, жинақтау, 
тәжірибенің жұмыс бағдарламасы. 
Жадығаттарды зерттеу барысында қойылатын сұрақтардың алдын-ала 
болуы шарт. Заттар мен құбылыстарды тіркеп жазу қатаң тәртіппен 
орындалады. Еңбек үрдісін бақылау, басқа да іс-әрекеттердің маңызы мен 
мазмұнын тексерудің негізгі түрі ретінде сақталыну қажет. 
Әрбір экспедицияда жергілікті халықтың киімі, тұрғын үйі, материалдық 
мәдениеттің өзге де заттарын жинақтау және тіркеу үшін үлкен жұмыс 
атқарылады. Бұл үшін суреттер, сызбалар, жоспарлар, JPS-те анықталатын 
координаттар, барлығы қамтылу қажет. 
Елді мекендердің орналасу жоспарларын түсіру топография негіздерін 
білуді талап етеді. Қазіргі этнографиялық экспедицияны фотоаппаратсыз 
немесе бейне камерасыз елестету қиын. Жалпы алғанда әрбір этнограф 
объектілер мен заттарды суретке түсірудің әрбір қырларын білуі маңызды. 
Экспедицияның негізгі құжаттарына: күнделік, дәптер, анкета, графикалық 
суреттер, бейне-дыбыс және фотожадығаттар кіреді. Бұл құжаттар экспедиция 
аяқталған соң мұрағатқа тапсырылады. 
Беттері дұрыс нөмірленген таза және түсінікті жазбалар, жадығаттың 
құндылығын көтеріп оның келесі кезектегі пайдалануын көп жеңілдетеді. 
Қазіргі кезде ертеден сақталынып келе жатқан көптеген жергілікті 
халықтың мәдениет ерекшеліктері, аз уақыт ішінде жоғалып бара жатыр. 
Этнографтар ескерткіштерді зерттеуге қатысып қана қоймай оларды қорғау 
жолдарын да қарастыру орынды. Бұл үшін коллекцияларды жинау және 
ескерткіштерді тіркеп отыру қажет. 
Этнографиялық коллекцияларға алғашқы қойылатын талап – жиналатын 
экспонаттардың типтілігі болуы шарт (бір тарихи дәуір типіне немесе сол 
жергілікті жердің типіне жатуы). 
Екінші талап – жеке экспонаттар жинақтау емес, заттар кешенін жинақтау. 
Мұндай жинау барысында халықтық мәдениеттің белгілі бір бөлігі немесе 
этностың анықталған бір жағы нақты көріне түседі. Мәселен, ертедегі жер 
өңдеу тәсілін зерттеу үшін, еңбек құралдарына, өсімдік үлгілеріне назар 
аударылады. Мұның барлығы осы саладағы барлық жұмыс түрлерін, өндірістік 
үрдістің барлық кезеңдерін қамтуы қажет. 


47 
Тәжірибенің 
жұмыс 
бағдарламасы. 
Жұмыс 
бағдарламасы 
– 
этнографиялық жадығаттарды жинақтау бойынша тәжірибешілердің негізгі 
бағыттарын анықтау керек. Сонымен қатар бағдарламадағы тақырыптардың 
орналасуы, кафедрада жүргізілетін этнографиялық жадығаттарды жинау мен 
өңдеуге қатысты арнайы курстардың мазмұнымен сәйкес келіп отыруы керек. 
Ереже бойынша, арнайы кәсіби археология мен этнография топтарының 
студенттері этнографиялық экспедиция ішінде негізгі құрамды құрайды. Соңғы 
кездері бірқатар университеттерде «Археология және этнографияға» қатысты 
кафедралар мен бөлімшелер ашылуда. 
Белгілі мақсаттағы далалық жұмыстар этнографиялық зерттеулер 
жүргізуге көп көмегін тигізеді. 
Этнограф далалық экспедиция барысында әртүрлі оқиғаларға кез болып, 
бағдарламадан тыс жұмыстарды қамтуға тура келеді. Мұндай жағдайда 
этнографтың тек өзінің шығармашылық қабілеті көмектесе алады. Ал этнограф 
үшін өзінің жұмыс барысында небір жаңалықтарға кез болу немесе ашып 
көрсету әрине қуантарлық жағдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет