Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§5.2 Тарихи, археологиялық карталарды қолдану тәсілдері



Pdf көрінісі
бет22/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§5.2 Тарихи, археологиялық карталарды қолдану тәсілдері. 
Оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру, картамен жұмыс 
істеудің алғашқы дағдыларын оқушылар бастауыш сыныптарда меңгереді. 
Олар көлбеу жазықтықта шартты түрде және масштабпен елді-мекендер 
картаға түсірілгенін біледі. Жер жағдайының рельефі, тау, өзен, көлдің шартты 
белгілерін және олармен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын игереді. Елді-


55 
мекендерді көрсетіп, мемлекеттердің шекарасын ажырата алған оқушылардың 
тарихи және географиялық карталардың айырмашылығы туралы түсініктері 
қалыптаса бастайды. Сонымен бірге, олар картамен бағдарлау (оңтүстік, 
солтүстік, батыс, шығыс) дағдыларын да меңгеріп шығады.
Негізгі мектептің алғашқы сабақтарында оқушылардың картографиялық 
ептілігі мен дағдылары, ең алдымен картаның шартты белгілерін пайдалана 
алу, нысандарды бағдарлай алу анықталады. 
Мұғалім картадан шартты белгіні көрсетіп, оның мазмұнын анықтауды 
сұрайды. Немесе сабақты түсіндіру барысында картадағы шартты белгілер 
жиынына оқушылардың назарын аудартады. Тарихи картаны оқу барысында 
қабырғалық карта және үлестірмелі жадығат түріндегі оның кішірейген 
көшірмесі бір мезгілде қолданылады. 
Картографиялық білім тарихи біліммен тығыз байланыста болады. 
Сондықтан тарихи картаны пайдалануды меңгеру аясы тар мақсат емес, ол 
тарихи оқиғалар мен құбылыстарды барынша терең ұғынудың құралы болу 
керек. Ол үшін тарих кабинетінде, сонымен бірге дәлізде де тарихи, 
археологиялық картаның үнемі болуы шарт. Сабақтан тыс уақытта да картаны 
пайдалана алу мүмкіндігі оқушылардың ондағы белгілерді игеруіне 
көмектеседі. Сабақ үстіндегі мұғалімнің әңгімесі немесе тарихи оқиғаны 
суреттеуі әркез картадан көрсетуімен бірге жүруі тиіс. 
Оқушыларға жаңа тарихи картаны таныстырғанда карта құрлықтың қай 
бөлігін қамтығандығын, онда тарихтың қандай хронологиялық кезеңі көрініс 
тапқандығын, ауа-райының географиялық ендікке тәуелділігін түсіндіру керек. 
Картаның шартты белгілерін түсіндіреді. 
Бір картадан екінші картаға ауысқанда сабақтастық сақталуы тиіс. Егер 
картада түрлі аймақтар белгіленсе, олардың кеңістіктегі өзара байланысы 
анықталуы тиіс. Сонан соң, карталардағы тарихи оқиғалардың синхрондығы 
немесе әртүрлі уақытта болғандығы айқындалады.
Тарихи, археологиялық картамен жұмыс істеген оқушы мынадай білімдер 
мен дағдыларды игеруі тиіс: 
а) Білуі керек: картаның түрін, оның тақырыбын және негізгі мазмұнын 
(онда әр түрлі кезеңдердегі оқиғалар бейнеленуі мүмкін екендігін, өзара 
ауысып тұратын оқиғалар уақыт бойынша бірізділікпен, кеңістік бойынша 
көршілестікпен бір картада берілуі мүмкін екендігін, картаның масштабы 
болатындығын, археологиялық ескерткіштердің шартты белгілерінің түрлі 
болып келетіндігін); 
б) Жасай алуы тиіс: картада бейнеленген географиялық кеңістікті танып 
және атай алуы; картада бейнеленген оқиғаның уақытын және бірізділігін 
анықтай алуы; картада бейнеленген ақиқатты дұрыс оқып, сөзбен айтып бере 
алуы; картадағы құбылыстарды, аумақтардың көлемін салыстыра алуы; шағын 
картада бейнеленген аумақты үлкен кеңістікті қамтыған картадан таба білуі; 
бірнеше карталардың мәліметтерін салыстырып, жүйелей алу; әртүрлі 
масштабтағы бірнеше карталар мен жоспарларды салыстыра алу, 
археологиялық кезеңдердің ескерткіштерін бір-біріне ажырата алу. 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет