М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан


Академиялық саясаттың негізгі ережелері



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
16177884819340ae5b

Академиялық саясаттың негізгі ережелері
«Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» және «Қазақстан 
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы» Ұлт жоспарының 78 қадамын орындау, экономиканың қазіргі 
заманғы салаларының даму деңгейіне және қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап 
беретін кадрларды даярлау сапасын жетілдіру мақсатында Назарбаев Университетінің 
тәжірибесі ескеріле отырып, ҚР ЖОО-ларына 2018 жылы академиялық, басқарушылық және 
қаржылық дербестік берілді. 
Академиялық еркіндік М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға студенттерді қабылдау, профессор-
оқытушылар құрамы мен білім алушылар контингенті арасындағы ара қатынасты белгілеу, 
ПОҚ кадрлық құрамын қалыптастыру, білім беру бағдарламаларының, пәндердің құрылымы 
мен мазмұнын анықтау, білім беру бағдарламалары мен дайындық бағыттары бойынша 
студенттер контингентін қалыптастыру мәселелерін шешуде еркіндік беріп қана қоймай, 
сонымен қатар ЖОО-лардың өз қызметінің нәтижелері үшін, мамандарды даярлау сапасы 
үшін қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін, жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен 
еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен оқу 
процесін үнемі жетілдіруге, интернационализацияны кеңейту, білім беру бағдарламаларын 
ілгерілетіп білім берудегі қызмет көрсетулерді экспорттау арқылы университеттің бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, Болон 
декларациясына және білім саласындағы басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес, 
М.Қозыбаев атындағы СҚУ 2004 жылдан бастап бакалавриаттың, магистратураның, 
докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлаудың үш деңгейлі 
жүйесімен оқытудың кредиттік технологиясын енгізіп, жүзеге асыруда. 
ЖОО-ның академиялық дербестігін жүзеге асырудағы негізгі құжаттар: Сапаны ішкі 
қамтамасыз ету саясаты мен стандарттары, Академиялық саясат және Академиялық адалдық 
саясаты. 


3
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың нақты Академиялық саясаты студенттерге бағытталған 
оқытуды жүзеге асыруға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған білім беру 
қызметін жоспарлау мен басқару және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар 
мен ережелер жүйесін білдіреді. 
Ұсынылған Академиялық саясат білім беру бағдарламаларын таңдау саясатын; қабылдау 
саясатын; университеттің академиялық қауымдастығының өзара қарым-қатынас саясатын; 
білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу саясатын; оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру 
және іске асыру саясатын; кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу және практика 
базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) анықтау саясатын; білім алушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау саясатын; қайта оқуға қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және 
академиялық 
демалыстар 
беру 
саясатын; 
академиялық 
ұтқырлық 
саясатын, 
интернационалдандыру саясатын; кәсіптік бағдарлау саясатын, түлектердің жұмысқа 
орналасуы және олардың мансаптық өсуін қамтамасыз ету саясатын; дуальді оқыту 
элементтерін іске асыру саясаты қамтиды. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Академиялық саясаты – академиялық адалдық, ішкі сапа 
кепілдігі, инновация және интернационализация принциптеріне негізделген. 
Академиялық саясат университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің, ПОҚ, 
қызметкерлер мен білім алушылардың орындауы үшін міндетті. Академиялық саясат 
талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және жоғары оқу 
орнының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес университеттің лауазымды тұлғаларына, 
ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларына тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға негіз 
болып табылады. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың академиялық саясаты университеттегі басымдықтар мен 
міндеттерді ескере отырып, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнаманың негізінде 
әзірленген:
1) 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы; 
2) 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен 
бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму 
жоспары; 
3) 
2015 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен 
«5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлттық 
жоспары; 
4) 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 Жарлығымен 
бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білімді және 
ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; 
5) 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен 
бекітілген маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, 
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысты өтеу 
жөніндегі міндеттен босату немесе міндеттерді тоқтату ережелері; 
6) 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы 
№ 595 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік 
ережелері; 
7) 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы 
№ 600 бұйрығымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік 
ережелері; 


4
8) 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 
391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және 
оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі; 
9) 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 
бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін 
ұйымдастыру ережесі; 
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы 
№ 604 бұйрығымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты; 
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы 
№ 604 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпыға 
міндетті стандарты; 
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы 

127 бұйрығымен бекітілген ғылыми дәрежелер беру ережесі;
13) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы 
№ 583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты 
ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі;
14) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы 
№ 137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу 
үдерісін ұйымдастыру ережелері;
15) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы 
№ 613 бұйрығымен бекітілген шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық 
шеңберінде оқуға жіберу ережесі;
16) М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Байқау кеңесінің 
отырысында бекітілген (№2 хаттама, 2016 жылғы 25 қазан) 2016-2019 жылдарға 
арналған стратегиялық даму жоспары. 
17) «Білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға арналған ұйымдарда пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық 
инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы "Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 наурыздағы №108 
бұйрығы». 
Академиялық саясат аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ дамуының басым бағыттары: 
студентке бағытталған тәсілді жүзеге асыру; студенттерді, магистранттарды, докторанттарды 
даярлау сапасын арттыру; салалық шеңберлер мен кәсіби стандарттар негізінде әзірленген 
білім беру бағдарламаларының үлесін кеңейту; экономиканың нақты секторлары мен 
ғылымның қазіргі жетістіктерін дамыту деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім 
беру бағдарламаларын басқару; білім беру процесінде инновацияларды дамыту; білім беруді 
ғылыммен және бизнеспен интеграциялауды жүзеге асыру; білім беру бағдарламаларын іске 
асыру; білім беруді интернационалдандыру және әлеуметтік серіктестікті жүзеге асыру; 
кафедралар бөлімшелерінің желісін кеңейту; үш тілді білім беруді дамыту; ПОҚ пен білім 
алушылардың академиялық (кредиттік) ұтқырлығын іске асыру; Назарбаев университетінің 
жетістіктері мен тәжірибесін енгізу және іске асыру; өз қызметінің нәтижелері үшін 
әлеуметтік жауапкершілікті арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет