Оқу жетістіктерін балдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағалау халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық
эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың
рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу
жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі.
ЖОО компоненті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны
дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық
кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі.
Жоғары арнайы білім (мамандану) тиісті білім беру бағдарламасы бойынша маман біліктілігін бере
отырып, кемінде 300 академиялық кредитті міндетті түрде игере
отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі.
Екі дипломды білім беру екі дипломды білім беру–қос тең бағалы диплом немесе бір негізгі
және екінші қосымша диплом алу мақсатында, екі білім беру
бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу мүмкіндігі.
Дескрипторлар (descriptors) студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын
аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды және құзыретінің
деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту
нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің
жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді.
Дипломдық жұмыс студенттің
таңдалған
мамандық
саласындағы
өзекті
проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерінің жинақталуы
болып табылатын бітіру жұмысы.
Дипломдық жоба студенттің жобалау тәсілдерін қолдана отырып және (немесе)
бизнес-жобаларды, модельдерді, сондай-ақ шығармашылық
сипаттағы және басқа да жобаларды дайындау түрінде
орындалғанбілім беру бағдарламасының бейініне сәйкес
келетін қолданбалы міндеттерді өз бетінше шешуі болып
табылатын бітіру жұмысы.