Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасызайн и технология


келтiру мақсатында мынадай iс-шаралар



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата05.03.2023
өлшемі1,42 Mb.
#71742
1   2   3   4
Байланысты:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасызайн и технология

келтiру мақсатында мынадай iс-шаралар:
1) бұдан бұрын бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
2) су айдындарының қолайлы режимiн сақтау;
3) эрозиялық процестердiң алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту
мақсатында ормандарды молықтыру және орман өсiру;
4) өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар
түрлерiн табиғи ортада көбейту, өсiру және қалпына келтiру жүргізілуі мүмкін.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қалпына келтiру iс-шаралары күзету
режимiнiң түрлерiн ескере отырып, тиiстi ғылыми ұйымдардың ұсыныстары
негiзiнде уәкілетті органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi.


31-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк
табиғи-қорық орының табиғи кешендерi мен
объектiлерiн қорғау.
1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен
объектiлерiн қорғауды олардың штатына кiретiн күзет қызметiнiң мемлекеттiк инспекторлары
жүзеге асырады.
2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымы бойынша
бiр мезгiлде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк
инспекторлар және бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.
Табиғат қорғау мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша аға
мемлекеттiк инспекторлар болып табылады, осы бөлiмшелердiң мамандары, ғылыми
қызметкерлердi қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк
инспекторлары болып табылады.
Осы бапта көрсетiлген лауазымды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленедi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет