Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет4/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Әдебиеттер тізімі: 
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997. 
2. Әбсоттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007. 
3. Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003. 
4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006. 
5. 
Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. 
Соловьева/- Алматы., 2000. 
6. 
Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000. 
7. 
Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994. 
8. 
К.Ж. Рахметов, А.Н. Болатова, З.Н. Исмағанбетова. Саясаттану. А.,2005 
9. 
Қ.Е. Сәлімғазыұлы. Саясаттану негіздері. А.,2005 
Дәріс 2Саясаттану ғылымының қалыптасу кезеңдері.
Жоспар: 
1. Антикалық саяси ойлар
2. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
3. Орта ғасырдағы саяси ойлар
4. Қайта өрлеу мен жаңа замандағы саяси ой-пікірлер
5. XX ғасырдағы саяси ойлар 
6. Қазақ халқының саяси ойларының бастауы 
Антикалық саяси ойлар. Адамзат қоғамы сынды ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет 
біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырайтын да кезеңдері болады. 
Тарихтан белгілі ең алғашқы өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі 
Шығыс – Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне тән келеді. 
XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, 
өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, 
медицина сияқты нақты ғылымдар басымдылықпен дамыды. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар 
ежелгі гректерде ерекше қарқынмен дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп 
жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Грекия ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым 
түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтін орнына 
аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және 
жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді.
Б.з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына 
философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, 
Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны 
этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, 
адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Сондықтан олардың саяси өресі мифтік санадан 
теорияға ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз 
солардың ішінде ең көрнекті өкілдері Платон мен Аристотельге тоқталамыз. Платон б.з.б. 427-347 


жылдарда өмір сүрді. Шын аты - Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары 
көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап 
кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік калды. Бұл кезеңде әр ірі ғалымның мектебі 
болатын. Платон атақты фәлсапашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. 
Ұстазы қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейіннен Афинаға келіп өз 
мектебін - академияны ашты. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің 
ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», 
«Парменид» және т.б.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, 
демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті 
жатқызды. Платон аристократиялық басқару формасына тирания, олигархия, демократиялық 
басқару формаларын қарсы қойды. Платон демократияға демократия қысқа мерзімге арналан 
халық билігі. Биліктен шаршаған халық қайтадан бір тиранды таққа отырғызады деп анықтама 
береді. Платон заңды сыйламаған елдің болашағы жоқ деген пікір айтты. Ол идеалист болды. Онда 
ақылдылық, парасаттылық билейді, оның қағидалары – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп 
санамады. Платонның қанатты сөздеріне тоқтала кетсек «Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ», 
«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» және т.б. Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін 
одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.д.384-322 ж.ж.) 
болды. 
Ол 17 жасында әйгілі Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 
жыл бойы сонда ұстаздық жасайды. Платон дүниеден озған соң біраз елдерді аралады. Б.з.д. 342-
340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император 
Ескендірді (Александр Македонский) оқытып, тәрбиелейді. Кейін Афинаға оралып, өз мектебін 
(лицей) ашты. Осы мектепте ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өз заманында 
лицей ашып сабақ берді. Сондықтанда, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым 
Аристотельді атайды.
Саяси–құқықтарына арналған Аристотельдің «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», 
«Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этика мен 
экономиканы енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды, 
мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол 
құлиеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бермеді. Аристотельдің 
ойынша, мемлекет - қауымның дамыған түрі, ал қауым - отбасының дамыған түрі. 
«Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет 
болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі 
біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық 
табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның 
соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның 
адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол 
саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Аристотель жеке 
меншікке көңіл бөлген. Аристотель де Платон сияқты демократиялық басқару формасына қарсы 
болды.
Саяси ойдың дамуына римнің ойшылдарына септігін тигізді, сондай –ақ Марк Тулий Цицерон. 
Атақты заңгер, мемлекет қайраткері, ойшыл. 1. Цицерон: «Халық – адамдардың бей–берекетсіз, 
мақсатсыз жиынтығы емес, керісінше қоғамда өз ынтымағы бар, ортақ мақсаты мен құқығы үшін 
топтасқан адамдар» жиынтығы – деп баға береді. 2. «Мемлекеттің пайда болуын адамдар 
арасындағы өзара келісімдік» – деп түсінді. 3. Цицерон мемлекетті басқару формасының үш түрін 
көрсетеді: Патша билігі; Оптиматтар (ористократия); халық билігі (демократия). 4. «Жағымсыз» 
басқару деп демократияны көрсетеді, өйткені ол «тобырдың ақылсыздығы мен озбырлығына алып 
келеді» деп ескертеді. Көне дәуірдегі саяси ойлардың біршамасы қазіргі күнге дейін өзекті, әрі 
құнды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет