жылдарда өмір сүрді. Шын аты - Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары
көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап
кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік калды. Бұл кезеңде әр ірі ғалымның мектебі
болатын. Платон атақты фәлсапашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды.
Ұстазы қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейіннен Афинаға келіп өз
мектебін - академияны ашты. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің
ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист»,
«Парменид» және т.б.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия,
демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті
жатқызды. Платон аристократиялық басқару формасына тирания, олигархия, демократиялық
басқару формаларын қарсы қойды. Платон демократияға демократия қысқа мерзімге арналан
халық билігі. Биліктен шаршаған халық қайтадан бір тиранды таққа отырғызады деп анықтама
береді. Платон заңды сыйламаған елдің болашағы жоқ деген пікір айтты. Ол идеалист болды. Онда
ақылдылық, парасаттылық билейді, оның қағидалары – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп
санамады. Платонның қанатты сөздеріне тоқтала кетсек «Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ»,
«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» және т.б. Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін
одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.д.384-322 ж.ж.)
болды.
Ол 17 жасында әйгілі Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20
жыл бойы сонда ұстаздық жасайды. Платон дүниеден озған соң біраз елдерді аралады. Б.з.д. 342-
340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император
Ескендірді (Александр Македонский) оқытып, тәрбиелейді. Кейін Афинаға оралып, өз мектебін
(лицей) ашты. Осы мектепте ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өз заманында
лицей ашып сабақ берді. Сондықтанда, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым
Аристотельді атайды.
Саяси–құқықтарына арналған Аристотельдің «Саясат», «Афиналық полития», «Этика»,
«Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этика мен
экономиканы енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды,
мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол
құлиеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бермеді. Аристотельдің
ойынша, мемлекет - қауымның дамыған түрі, ал қауым - отбасының дамыған түрі.
«Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет
болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі
біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық
табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның
соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның
адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол
саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Аристотель жеке
меншікке көңіл бөлген. Аристотель де Платон сияқты демократиялық басқару формасына қарсы
болды.
Саяси ойдың дамуына римнің ойшылдарына септігін тигізді, сондай –ақ Марк Тулий Цицерон.
Атақты заңгер, мемлекет қайраткері, ойшыл. 1. Цицерон: «Халық – адамдардың бей–берекетсіз,
мақсатсыз жиынтығы емес, керісінше қоғамда өз ынтымағы бар, ортақ мақсаты мен құқығы үшін
топтасқан адамдар» жиынтығы – деп баға береді. 2. «Мемлекеттің пайда болуын адамдар
арасындағы өзара келісімдік» – деп түсінді. 3. Цицерон мемлекетті басқару формасының үш түрін
көрсетеді: Патша билігі; Оптиматтар (ористократия); халық билігі (демократия). 4. «Жағымсыз»
басқару деп демократияны көрсетеді, өйткені ол «тобырдың ақылсыздығы мен озбырлығына алып
келеді» деп ескертеді. Көне дәуірдегі саяси ойлардың біршамасы қазіргі күнге дейін өзекті, әрі
құнды.
Достарыңызбен бөлісу: