Социал-демократия идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын алға тартты. Оның
басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ьнтымақтастық. Бұл құндылықтарды,
олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға
болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу рөлін, саяси өмірді
демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пікір,
баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену бостандығы, өзін-өзі басқару және т.с.с. Сонымен
бірге мұнда халықтың өз еркімен көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметгі бейбіт жолмен
алмастыру мүмкіндігі де кіреді.
Қазір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға,
жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түлеген
индустриалды өркениеттілік орнатпақ.
Социал-демократияның Социалистік интернационал деп аталатын халықаралық ұйымы бар.
Оған барлық континенттен 70-ке жуық партиялар кіреді. “Социалистік интернационалдың
принциптер Декларациясында” (1989) әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға
кіретін басым бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою,
жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.
«Демократиялық социализм» тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария, Норвегия және
т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Социал-демократиялык партиялар Латын
Америкасында, Азияда, Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.
Фашизм (Италияның фашизмо – бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен
Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше (1844-1900), Дж. Джентилле (1875-
1944), О. Шпенглер (1880-1936). Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарыска ұшыраған.
Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылыктар адамзат іс-әрекетіне дем беріп,
ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа
ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айрылған,
азғынданған қаңғыбастар таптарының пайда болуы либералдық еркін тұлға идеяларын
құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу
идеялары болды. Ол 1914-1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған
Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты.
Бұл идеологияның басты ерекшеліктері – еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың
шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-
монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін
толық бақылау, т.т. Соғысқа дайындалу, көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік
идеологияның негізгі қағидалары А. Гитлердің “Менің күресім” (1925) деген кітабында
баяндалады. Онда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы,
оның басқа халықтан “артықшылығы” дәріптеледі.
Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жаратпайды. Дегенмен, бірқатар елдерде
жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды,
шиеленістерді, саяси дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді.
Сонымен біз қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырдық. Енді олардың біздің елдегі
жағдайға ыкцалына тоқталайық. Біздің республиканың өміріне елеулі ықпал етуші – жаңарған
либерализм. Оған айғақ – экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу
бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік принциптерін жоққа шығару,
дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс және т.т. Дегенмен, мұның бәрін абайлап, жақсы
ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық, әлеуметтік және
мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы – қазақ халқында либералдық идеяның
тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халық ықылым заманнан бірлесіп,
ұжымдасып тіршілік еткен. Соны ескерген жөн сияқты.
Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформаның бастапқы кезеңі біз үшін
онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп,
күйзеліске ұшырауда. Сондықтан халықтың жалпы алғанда, либералдық құндылықтарға
ұмтылысы бәсеңдеп, жаңа жағдайда өмір сүруге көндікпей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен
ығыр болған біраз жұрт баяғы әлеуметтік қорғалуды, теңгермешілікті дұрыс көргендей.
Коммунистік, ұлтшылдық және т.с.с. идеологиялардың әсері өсіңкіреуде. Әрине, баяғы кеңестік
жолға қайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі. Ал нарықтық экономиканың біздің
жағдайымызға лайықты, тиімді жолын ғылыми тұрғыдан тексеріп, тауып, байсалды жүргізген
абзал.
Кейбіреулер кеңес өкіметі күйрегеннен кейін коммунистік идеологияға тойдық кой, енді
идеологиясыздану керек дегенді айтады. Ол дұрыстыққа жатпайды. Себебі, идеологиялық
құндылықтарды басшылыққа алмаған, оған сүйенбеген тарихта ешбір саяси жүйе болмаған.
Сондықтан да болар, белгілі Америка саясаттанушысы Д. Истон “идеологияның акыры” деген
тезисті іс жүзінде консервативтік-демократиялық идеологияның бүтіндей билеуін
бүркемелейтін аңыз деп санады. Ал немістің осы мәселелер жөніндегі ірі маманы К. Мангейм
құлатылған идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса, ол жерде сөз жок утопия пайда
болады деген.
Өтпелі қоғамды басынан кешіріп отырған біздің еліміз үшін саяси процесті ғылыми тұрғыдан
дұрыс түсініп, ұғынудың қажеттілігі зор. Біздің мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан
оқиғаларға шынайы баға беріп, қазіргі тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан
шығарудың неғұрлым ұтымды жолдарын белгілеп, таяудағы және неғұрлым алдағы болатын
болашаққа болжам жасап, бағыт беру, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-сана әлеуетін
(потенциалын) көтеріп, оның рухани мәдениетін сақтау және дамыту сияқты өзекті, өмірлік
маңызы бар мәселелерді жиі көтеріп, түсіндіруін халык асыға күтуде. Біздің идеологиямыз
адамгершілік, мейірімділік, адалдық, парасаттылық, шыншылдық, еңбекқорлық, кәсіпкерлік,
табандылық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға
қызмет етуге тиіс.
Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа
тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларынын бірі – оны топтастыруға
қол жеткізу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |